Главная страница
Навигация по странице:

  • Пайдаланылған әдебиеттер

  • Костанай облысы су ресурстарыdocx. Таырыбы останай облысыны су ресурстарыны жадайы. Зерттеу жмысты масаты


    Скачать 454.22 Kb.
    НазваниеТаырыбы останай облысыны су ресурстарыны жадайы. Зерттеу жмысты масаты
    Дата15.01.2019
    Размер454.22 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаКостанай облысы су ресурстарыdocx.docx
    ТипДокументы
    #63850

    Тақырыбы: Қостанай облысының су ресурстарының жағдайы.

    Зерттеу жұмыстың мақсаты: Қостанай облысының су ресурстарына жалпы сипаттама бере отырып, қазіргі экологиялық жағдайын қарастыру.
    Мазмұны
    Кіріспе


    1. Тобыл – Торғай су алабы

    2. Су ресурстарының экологиялық жағдайы



    Қорытынды

    Толығырақ: https://massaget.kz/mangilik_el/48470/
    Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

    Кіріспе
    Қостанай облысы  солтүстік - батысы  мен солтүстігінде Ресейдің  ОрынборЧелябі, Қорған облыстарымен, шығысында және оңтүстік - шығысында  Қазақстанның  Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарымен, оңтүстік - батысында Ақтөбе облысымен шектеседі.

    Қостанай облысы өзендер мен көлдерге бай. Өзендер Тобыл мен Торғай және Ұлы Жыланшық өзендерінің алабына жатады. Тобыл өзенінің алабына жататын өзендер (Үй, ТоғызақӘйет, ЖелқуарШортанды) бастауларын Орал маңы үстіртінен, ал Обаған өзені Торғай қолатының орталық тұсынан алады. Торғай алабындағы өзендер, негізінен, Торғай және оның салалары бастауларын Торғай үстіртінен (Өлкейек, Қабырға, Теке) және Сарыарқаның батыс беткейінен (Сарыөзен, МойылдыжәнеҮлкен Дәмді,Жалдама,Қарынсалды, Тасты,Ащытасты, Қараторғай, СарыторғайҮлкен Сабасалды, Сабасалды, т.б.) алады. Облыстың қиыр оңтүстігінде Торғай өзені алабынан бастау алатын Ұлы Жыланшық өзені Жақсы Ақкөлге құяды. Қостанай облысында 7 мыңнан астам көл бар. Олар көбіне тұщы келеді. Тұзды көлдер Солтүстік Торғай жазығында, Сыпсыңағаш пен Торғай қолаттарының орталық тұстарында шоғырланған. Көлдердің ең ірілері Торғай қолатында (Сарықопа,КүйікАқсуатСарымойын,Құсмұрын,Алакөл,Теңіз,т.б.), облыстың солтүстік - шығысында (Қойбағар, Алабота,Тімтәуір,Жаншора,Биесойған,Сарыкөл,Сарыоба, ЖасылбағарҚарақамыс, Тоқта, т.б.), солтүстік - батысында (ШұбаркөлСасықкөл, Үлкен Бөрілі, Тоқтас, Жолжарған, т.б.), Солтүстік Торғай жазығында (Шыбындысор, Айқамыс, Қарасор мен Тентексор көлдер топтары, т.б.), Сыпсыңағаш қолатында (Қулыкөл, Кіндікті,Орқаш, Жақсыбай,Шоғыркөл, Мамыркөл, т.б.) және оңтүстігінде (Жалтырсор, Барақсор, Тентексор, Жаман Ақкөл, Жақсы Ақкөл, Ащы Ақкөл, т.б.) орналасқан. Кейбір тұзды көлдердің (Әулиесор,Сабынды,Қарабасты,Қарақалпақ,Жылысор, Балықты,Ақсуатсор,т.б.) емдік және курорттық маңызы бар. Тобыл мен Торғай өзендеріне және олардың салаларында көптеген бөгендер мен суғару жүйелері салынған. Олар Тобыл өзені мен оның салаларында Жайылма, Жоғары Тобыл, Қаратомар, Қостанай, Желқуар, Шортанды бөгендері, Торғай өзенінде Албарбөгет суғару жүйесі мен Үлкен Дәмді өзеніндегі көлдетіп суғару жүйесі, т.б. жер асты сулары облыстың барлық жерінде бар. Олар мезо - кайназойдың құмды – сазды шөгінділері мен палеозой жыныстарында шоғырланған.


    Тобыл – Торғай су алабы
    Тобыл – Оңтүстік Оралдың шығыс сілемдерінің бірі – Қараадырдан басталып, Ертіске құяды. Кең жазық болып келген өзен жайылмасында шоқ қарағайлы орман өседі. Өзенде балық бар. Қостанай облысының су объектілері Тобыл- Торғай су алабына жатады. Тобыл және Торғай өзендерінің ұзындығы 500 км астам, оның ішінде ұзындығы 100 км асатын өзендер саны - 21, ұзындығы 10 километрден асатын су ағыстары 310–ға жуық, оның ішінде жартысынан астамы уақытша су ағыстары.

    Тобыл өзені ірі су ағыстарына жатады және 2 мемлекет Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы аумағымен ағып тұратындықтан, трансшекаралық болып келеді. Ресей – Қазақстан трансшекаралық аумағы болып Тобыл өзені алабынын Қостанай, Челябі, Қорған облыстарында орналасқан бөлігі саналады. Тобыл өзенінің ірі салалары: Сынтасты - Желқуар, Әйет, Үй, Обаған. Осы өзендердің Қостанай облысы аумағындағы су жинау алабы 167 520 шқ2 құрайды.
    Қостанай облысының картасы

    http://kzbydocs.com/tw_files2/urls_13/1/d-46/7z-docs/1_html_m49d5ad3e.png
    Шаруашылық іс әрекеттерінің нәтижесінде, Тобыл өзені және оның салалары көптеген тоғандармен және су қоймалармен реттеледі.

    Тобыл – Торғай су алабы аумағындағы өнеркәсіпорындарының негізгі бөлігі Жетіқара, Лисаков, Қостанай, Рудный қалаларында, аз бөлігі аудандарда және кенттерде шоғырланған. Тобыл – Торғай су алабы аумағындағы Соколов- Сарбай тау-кен байыту комбинаты, Қашар ТБК, Қоржынкөл кен ошағы, Лисаков қоңыр теміртастар кен орны, Приозерский қоңыр көмірлер ошағын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

    Тобыл суын тиімді пайдалану үшін Жоғарғы Тобыл бөгеніҚаратомар бөгені, Амангелді, Желқуар, Қызылжар бөгендері салынған. Өзен бойында Жітіқара, ЛисаковскРудный және Қостанай қалалары орналасқан.

    Тобыл және Торғай өзендер бассейндердің жер үсті су ресурстары, млн. м3 


    Өзен бассейні 


    Ағынның орташа көп жылдық көлемі 


    Ағынның есептік көлемі әр түрлі қамтамасыздығымен 


    50% 


    75% 


    95% 


    Тобол 


    746 


    463 


    220 


    95 


    Торгай 


    1194 


    894 


    463 


    162 


    Барлығы 


    1940 


    1357 


    683 


    257 



    Қалалар мен шаруа қожалықтарын, бау-бақша қоғамдарын қамтамасыз ету және суды өндірістік мақсатқа пайдалану үшін Қостанай облысында жеті су қоймасы жұмыс істейді.


    Су қоймасы

    Көлемі

    Желқуар

    34,0 млн. м3

    Жоғарғы Шортанды

    3,6 млн. м3

    Жоғарғы Тобыл

    816,6 млн. м3

    Қызыл-Жар

    9,73 млн. м3

    Қаратомар

    586,0 млн. м3

    Сергеевск

    5,0 млн. м3

    Аманкелді

    6,75 млн.м3

    Осы 7 су қоймасының ішіндегі су мөлшері жағынан ең көлемдісі Жоғарғы Тобыл мен Қаратомар су қоймалары облыс тұрғындарының тең жартысынан астамын қамтамасыз етіп отыр.
    Қаратомар су қоймасы

    http://emer.gov.kz/images/2017/april/13/17_oblet_qostanai_2.jpg


    Су ресурстарының экологиялық жағдайы
    Каратомар су қоймасында қар суының аздығынан және күннің ыстығынан су мөлшері күрт азайып жатқаны байқалады, дәл осы су қоймасының суын Рудный мен Костанай қалалары және 82 елді-мекен пайдаланып отыр.

    Су сапасы келесі түрде бағаланады:

    • Су «шамалы лас» - Аят өзені, Амангельді су қоймасы;

    • Су «лас» - Тобыл, Тоғызақ, Ұй өзендері, Қаратомар, Вернетобольск су қоймалары,

    • Су «өте лас» - Обаған өзені.

    2017 жылмен салыстырғанда су сапасы, Аят, Ұй өзендері, Амангельді су қоймасында айтарлықтай өзгермеді; Тобыл, Тоғызақ, Обаған өзендерінде, Қаратомар, Вернетобольск су қоймаларында – нашарлады.

    Төтенше ластанудың биік деңгейі Тобыл, Аят, Ұй, Обаған өзендерінде және Амангельді су қоймасында байқалады.

    Қазақстан Республикасының минералдық ресурстар Академиясының инженер-гидрогеологтардың зерттеуінше облыста қолайсыз геохимиялық жағдай қалыптасып отыр. Көп жерде, әсіресе, Тобыл және Әйет өзендері бойында кейбір микроэлементтердің концентрациясы белгіленген норма шегіне тақау, кейде одан да асып кетеді.

    • Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының қалдықтары әртүрлі жолдармен өзен суына қосылып, суды ластап отыр, оның құрамында металдардың көптігі белгілі.

    • Лисаковта боксит өндіріледі, оның қалдықтары да өзенге ағызылады.

    • Тобыл өзені жағасында орналасқан қалаларда жауын суына арналған арналар жоқтықтан тұрмыстық қалдықтар да өзенге құйылады. Ал өзен жағалаулары өте лас. Сүйтіп, өздері ішетін суын адамдар өздері былғап отыр.

    Мамандардың пікіріне қарағанда, қазіргі уақытта қолданылып отырған суды тазарту технологиясы бүгінгі күн талабына сай емес. Тобыл өзенінің маңайы қоқысқа толы. Ауылдық жерлерде пайдаланылатын ауыз судың сапасы көбінесе белгіленген талаптарға сәйкес келмейді.

    Қостанай облысының Ұзынкөл, Сарыкөл және Қарасу аудандары Есіл су құбыры және Преснов су құбыры арқылы келетін суды пайдаланады (суды пайдалану мөлшері 236,2 т.м3), құбырдың ұзындығы 1000 шақырымнан асып кеткеннен кейін және отыз жыл бойы пайдаланылып келгендіктен, оның алпыс пайызға жуығы шығын болады.

    Тобыл өзенінің 50%-ы ауыз су ретінде пайдаланылады. Ол бүйрек, бауыр асқазан тағы да басқа аурулардың жиілеуіне әкеліп соқтырады.

    «Қостанай облысы бойынша экология департаменті» РММ республикалық бюджет қаражаты есебінен, АСТҚ-ны қайта құру және жаңғырту қажеттілігін Қазақстан Республикасы Экологиялық мәселелерінің тізіліміне енгізу туралы ұсыныс жасады.

    Мәселелердің бірі Қостанай қаласындағы биологиялық тазарту станциясының жетіспеушілігі болып табылады, ЖКБ жоқ, іс жүзінде елдегі жалғыз аймақтық орталық болып табылады.

    «Қостанай Су» МКК тазарту қондырғылары жерасты шөгінділерін тұндыру түрінде ұсынылған, оның ішінде алты параллельді карталар, олар бөгеттермен қоршалған, кезекпен жұмыс жасайды. 1966 жылдан бері жұмыс істей бастады.

    Ағынды суларды тазартуда қолданылатын технология заманауи талаптарға сәйкес келмейді және ішнара тек механикалық қоспалармен тазартуға мүмкіндік береді, оның тиімділігі тоқтатылған заттарда 20% - дан аспайды. Өңделмеген сарқынды судың жылдық көлемі 13 млн. текше метрді құрайды. Бұл мәселе ЖКБ құрылысының қымбатшылығына байланысты шешілмейді.

    Осыған байланысты «Қостанай Су» ПКҚ ресейлік компаниялармен араласып, ағынды суларды тазартудың балама әдістерін енгізу мүмкіндігін қарастыруда. Мәселе – Қостанайда биологиялық тазарту құрылыстарының болмауы, сондай – ақ Республиканың Экологиялық мәселелерінің тізіміне енгізілген.

    2018-2019жж. облыстың Қостанай, Арқалық, Рудный, Лисаковск қалаларында су тазарту құрылыстарын салу және жөндеу жоспарланып отыр.

    Қорытынды

    Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогрестің қарыштап алға басуы адамзат омірін жақсартуға тікелей игі ықпал етумен қатар, қоршаған орта-табиғатқа орны толмас орасан зор зиян да тигізіп келеді. Бэкон: «Адам табиғатты бағындырумен бірге оған бағыну керек»,- деген сөзін еске салған жөн. Біздер осы қағиданы есмте сақтамағандықтан қазіргі таңда табиғатты қорғау мен экология-экономикалық мәселелер ұлттық дәрежеден көтеріліп, бүкіл дүниеәлемдік аса маңызды проблемаға айналып отыр. Әлі де болса адамзаттың экология-экономикалық зияны ескерілмей, бірыңғай қоршаған ортаны қорғау шаралары оң бағытта дамымай отыр. Жалпы санамызда табиғат байлығын ешқашан таусылмайтын, шексіз жатқан мол дүние деп бағалаудың басым болғандығынан оны экстенсивті түрде игерумен келе жатқанымыз әлімсақтан белгілі.Адамзат баласының айналасын қоршаған табиғи сыртқы ортасымен қарым-қатынасы ерекше мағынаға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел түрде өсуі және көптеген мемлекеттердің экономика жағынан дамуы биосфераның табиғи ресурстарын тиімді түрде пайдаланбай, аса үлкен ысыраппен, пайдалану салдарынан адамның биосфераға тигізетін әсері, сағат, күн, ай және жыл сайын арта түсуде.

    Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. https://www.azattyq.org/a/Kazakhstan_kostanai_water_quality_ecology/1788057.html

    2. https://kk.wikipedia.org/wiki

    3. https://prezi.com/zvafdhut8mj9/presentation/

    4. Қостанай облысының экологиялық жағдайы ,-Әдістемелік құралы-«Экоlinesport» ЖШС,2018ж.


    написать администратору сайта