|
ашык сабак. Таырыбы Реттік сандар туралы ткенді айталау. Затты саны мен цифры арасындаы сйкестікті табу. Шаршы, шебер, шбрыш, сопаша, тіктртбрыш туралы ткенді пысытау. Масаты
Тақырыбы: Реттік сандар туралы өткенді қайталау. Заттың саны мен цифры арасындағы сәйкестікті табу. Шаршы, шеңбер, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш туралы өткенді пысықтау. Мақсаты:
1)Білімдерін тиянақтау. Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуін жетілдіру, қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру, апта күндерін ажырата білуге үйрету.
2) Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.
3) Сандарды тура, кері санауға үйрету, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Қолданылған әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау,
ойын.
Билингвальды компонент: бір-один, екі-два, үш-три, төрт-четыре, бес-пять.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
| Шаттық шеңбер Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей бәріміз,
«Сәлем» дейік үлкенге,
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
| Ұйымдастырушылық-ізденістік
| -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Апта деген атайдың неше баласы бар еді?
-Қане, жеті күнді кім атап береді?
-Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі
-Сендер балабақшаға қанша күн келесіңдер?
-Қанша күн демаласыңдар?
Адасқан сандарды 1-ден 5-ке дейін тура және кері орналастыру.
Ал, балалар сендер сандардың құпиясын білуге асығып отырған сияқтысыңдар.
Сандардың басында, ең бірінші қай сан тұрады?
Жарайсыңдар балалар! Осы 1 деген ұғымға сәйкес келетін дүние жүзінде не бар? (аспан, жер, күн, ай, Отан т.б)
(Ортаға 1 санын орналастырып, санамақ айтады)
Ал, бірден кейін қандай сан? Екі деген ұғымға өздеріңнің дене мүшелеріңнен сәйкес табайықшы ( 2 қол, 2 аяқ, 2 көз, 2 құлақ) Олай болса 2 саны қай жерге жасырынды екен? Қане, орналастырайық.
Келесі адасқан сандарды санамақ бойынша тура және кері орналастырып шығайық.
Билингвизм: бір-один, екі-два, үш-три, төрт-четыре, бес-пять. Дидактикалық ойын:
«Құлыпты аш»
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.
Шарты: музыка ырғағымен, үстелдің үстінде тұрған геометриялық фигураларды алып құлыптарды айналып жүру керек. Музыка тоқтағанда геометриялық пішіні сәйкес келетін құлыптың жанына тұра қалу керек. Қызықты сәт. Экранда әр түрлі түспен көрсетілген ұяшықтарды таңдау арқылы тапсырмаларды орындау. 1-тапсырма
«Ұқсас қолғаптарды біріктір»
Балалар қоянның қолы жаурап қалыпты. Оның қолғаптары көп екен. Ол түс ажырата алмайды екен. Қоянның қолғаптарының сыңарын тауып берейік. 2-тапсырма
«Қай пішінге ұқсас?»
Берілген геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды табайық, үлгі бойынша сызықпен қосайық Сергіту сәті: 1 дегенде тұрайық,
2,3,4 алақанды соғайық.
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір жүгіріп алайық.
5 дегенде асықпай,
Орнымызды табайық. 4-тапсырма
Логикалық ойлау.
«Сыңарын тап»
(Балалар, 1-1, 2-2, 3-3, 4-4, 5-5 сандардың сыңарын табады.) 5-тапсырма
«Жұмбақ есептер»
Талда отыр 3 торғай,
Ұшып кетті 1 торғай.
Талда қалды неше торғай? Көлде жүзді 2 үйрек,
Ұшып келіп 3 үйрек қонды.
Көлде болды неше үйрек?
| Рефлексиялық - түзетушілік
| Міне, балалар, оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар. өздеріңнің ойларыңды, тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтыңдарыңды көрсеттіңдер. Жарайсыңдар, балалар! Балаларды мадақтау
|
Күтілетін нәтиже: Білді: реттік сандарын, дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, төртбұрыш,
тіктөртбұрыш сияқты фигураларды; Игерді: цифрларды санмен сәйкестендіруді, логикалық тапсырмаларды
шешуді; Меңгерді: тапсырмаларды түсініп, оны өз бетінше орындауды.
Бір дегенің бесік,
Содан шықтық өстік.
Екі дегенің елім,
Өзен тауым көлім
Үш дегенім үміт,
Үміт артар жігіт
Төрт дегенім төзім,
Төзе білім өзім
Бес дегенім бақыт, |
|
|