Главная страница
Навигация по странице:

  • Тақырыбы

  • Түзетушілік

  • Тәрбиелік

  • Іс -әрекет кезеңдері Логопедтің іс- әрекеті

  • Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу

  • Рефлексивті - түзетушілік

  • Логопедиялы ашық сабақ Байтерек. Таырыбы Ш дыбысын ойып, йрету Масаты


    Скачать 21.65 Kb.
    НазваниеТаырыбы Ш дыбысын ойып, йрету Масаты
    Дата22.12.2022
    Размер21.65 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЛогопедиялы ашық сабақ Байтерек.docx
    ТипДокументы
    #859581

    Логопедиялы ашық сабақ. Тақырыбы: «Ш» дыбысын қойып, үйрету.



















    Тақырыбы:  «Ш» дыбысын қойып, үйрету»

    Мақсаты:1)Білімділік: Балаларды «Ш» дыбысымен, әріп таңбасымен дыбыс артикуляциясымен таныстыру, балалардың «ш» дыбысы бар сөздерді ойлап табуына назар аудару.
    2) Түзетушілік: Балаларды «Ш» дыбысын буында, сөзде, сөйлемде дұрыс айтуға машықтандыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
    3) Тәрбиелік: Балаларды «Ш» дыбысын дұрыс айтуға, қуыршаққа көмектесе отырып, аяушылық, қамқорлық қасиеттеріне баулу.
    Көрнекілік құралдар: Плакаттар, ойынға арналған суреттер, Ш дыбысы бар суреттер.
    Түзетушілік: «Ш» дыбысын сөз ішінде анық айтуға,  артикуляциялық позициясын көрсетуге үйрету. 

    Дамытушылық: Есте сақтауын, танымдық қабілеттерін дамыту, фонематикалық есту қабілетін дамыту.

    Тәрбиелік:Тапсырмаларды тиянақты орындауға, жауапты толық беруге үйрету.

    Сабақтың түрі: Топпен

    Керекті құралдар:үлестірмелі кеспе суреттер,  тіл жаттығулары, айна.

     

    Іс -әрекет кезеңдері

     

    Логопедтің іс-  әрекеті

     

    Баланың іс-әрекеті

     

    Мотивациялық-қозғаушылық

     

    Ұйымдастыру кезеңі

    Сәлемдесу.

    - Сәлеметсіңдер ме, балалар!

    - Көңіл-күйлерің қалай?

    -Жарайсыңдар, балалар!

    -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

    - Қыста қандай өзгерістер болады?

    - Қыс мезгілінде неше ай бар?

     

    Шаттық шеңбері:
    Қане, қане, тұрайық,
    Үлкен шеңбер құрайық.
    Тұрсақ енді шеңберге,
    Алақанды ұрайық.
    Бишілердей  бұралып,
    Дөңгеленебилейік.

    Тосын сый.Бөлме есігін тоқылдатады. Бөлмеге мысық кіріп, балалармен амандасады. Мысық: Сәлеметсіздер ма балалар! Мен сендердің бүгінгі сабақтарыңа көмек сұрай келдім. Менің құйрығымды қайтарып алу үшін  маған бірнеше тапсырмалар берді, мен түк түсінбей тұрмын. Ал сендер болсаңдар мынадай әдемі-әсем балабақшада білім,тәрбие алып жатырсыңдар Сендердің ақылдарың көп. Көмектесіңдерші. Өтінемін. Келген қонаққа қызығушылық танытады.

     

     

    Балалардың жауаптары тыңдалады.

    -Қыс

    -Жердің бетіне қар жауады,күн суытады.

    -3 ай

     

    Балалар шеңберде тұрып, өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Салеметсизбе!

     

     

    Көмектесуге ниет білдіреді.

    Ұйымдастыру - іздестіру

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Балалар мысыққа көмек көрсетемізбе?

    Логопед тапсырмаларды бірдіндеп орындатады.

    1.Сиырдың тапсырмасы.Артикуляциялық жаттығуларды сурет арқылы орындау  Ш дыбысына арналған жаттығулар суреті.

    Слайд 1

    «Әткеншек»

     

    Слайд 2

    «Футбол»

     

    Слайд 4

    «Саңырауқұлақ»

     

    Слайд 4

    «Құймақ»

     

    Слайд 5

    «Тәтті тосап»

     

    2.Ағаш тапсырмасы:

    «Салыстырайық». Ш дыбысын А дыбысы сияқты еш кедергісіз айта аламыз ба?
    - Себебі тіл, тіс, бөгет жасайды осындай кедергімен айтылатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз, оларды көк түсті текшемен белгілейміз

    Тыныс алу жаттығуы: «Көбелектерді ұшырайық»

    Сонымен балалар бүгінгі ашық сабағымызда  Ш  дыбысы мен танысып, дұрыс айтып үйренеміз.

    3.Қыздардың тапсырмасы:

    «Сөз ұйқастарды қайталау»

    Ша-ша-ша – алаша

    Ша-ша-ша – шырша

    Ші-ші-ші – биші.

    Шы-шы-шы – құрылысшы

    4.Дүкеншінің тапсырмасы:«Бұл қалай өзгерді?» ойыны

    -Мен сендерге түбір сөздер айтамын.Ал сендер түбірге тиісті –шы,-ші жұрнағын жалғау арқылы жаңа сөздерді өзгертіп айтамыз!

    Ән

    Сауын

    Би

    Оқу

    Егін

    Қой

    Балалар сендер мысықтың тапсырмаларын орындаймыз –деп, шаршап қалған шығарсыңдар?

    Орынымыздан тұрып, сергіту сәтін істеп жіберейік.

    Сергіту сәті.

    Орнымыздан тұрайық,

    Дөңгеленіп тұрайық.

    Қолымызбен шапалақтап,

    Алақанды ұрайық.

    Бір отырып, бір тұрып.

    Сауық-сауран құрайық.

    Бас, иық, тізе, саусақ.

    Көз, мұрын, ерін, құлақ.

    Аяқ-аяқтар,

    Саусақ-саусақтар.

     

    5.Тауықтың тапсырмасы:

    Фонематикалық есту қабілетін жетілдіру.«Бағдаршам» ойыны

    -Мен Ш дыбысынан сөз айтамын. Сендер сол дыбыстардың сөздің басында ,ортасында, соңында кездесуін қолдарындағы белгі арқылы анықтайсындар:

    Ағаш,шана,қуыршақ,шопан,әже,сызғыш,машина,пышақ,ақша,шәйнек,шанышқы

    Ал балалар мынау енді соңғы тапсырма. Мысық саған біздің балалардың тапсырмаларды қалай орындап жатқаны түсінікті ме?

    6.Тышқанның тапсырмасы:

     Жұмбақ шешу:


    Шағала боп шалқарды
    Шарлаймын шарқ ұрамын
    Шанышқының басындай
    Үш тармақтан тұрамын.

    Қыста үйге кірмейді
    Көктем шықса жүрмейді
     


    Мысық: Балалар жарайсыңдар! Мен бұл тапсырмаларды қалай орындау керек екенін түсіндім. Мен енді осы тапсырмаларыд барлығын айтып құйрығымды өзіме қайтарып аламын деп қуанып. Балаларға рахметін айтып, қоштасып шығып кетеді.

     

     

    Балалар келеседі.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Карточкадағы тапсыраларды орындайды.

     

    Балалар тілге, ерінге арналған артикуляциялық жаттығуларды айнаға қарап орындайды

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Ш- Ш- Ш

     

    А- А -А

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Балалар қайталайды.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    -әнші

    -сауыншы

    -биші

    -оқушы

    -егінші

    -қойшы –деп балалар жауап береді.

     

    Балалар орынан тұрып іс-қимылдарды қайталайды.

     

     

     

     

     

     

     

    Балалар қолындағы қызыл,сары,жасыл түсті қағаздар арқылы көрестіп жауап беріп отырады

     

     

     

     

     

     

     

    иә деп жауап береді

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Ш әрпі

     

     

    Шана

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Рефлексивті - түзетушілік

     

    Қай ертегі кейіпкерлерінің тапсырмаларын орындадық?

    Қай тапсырманы орындаған ұнады?

    Жауаптарын тыңдап балаларды мадақтайды.

    Ал балар осын мен бүгінгі ашық сабағымыз соңы жетті. Сендерге көптен рахмет! Сау болыңдар!
     

    -Сиырдың, Ағаштың

    Қыздардың, Дүкенші,

    Тауық, Тышқанның.

    -Барлық  тапсырмалар  ұнады.

     Сау болыңыз!

    Күтілетін нәтиже:

    Білу керек: Ш дыбысының артикуляциясын.

    Болу керек: «Дыбыстар» дегенжалпыұғым.

    Үйренукерек:  Ш дыбысын сөз ішінде анықайтуға.

    Демалу гимнастика жаттығулары арқылы дем шығаруға.

    Ш мен А дыбыстарын ажыратуға.

     


    написать администратору сайта