АББППР №1 СӨЖ Армвнқызы Гүлім Дф-202. Таырыбы СЖ1 Арнайы психология психология ылымыны олданбалы саласы ретінде Орындаан
Скачать 15.25 Kb.
|
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік Университеті Педагогика факультеті Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы Мәнжазба Тақырыбы:СӨЖ№1 Арнайы психология психология ғылымының қолданбалы саласы ретінде Орындаған:Арманқызы Гүлім Тексерген:Бозғұланова Н.Е Ақтөбе-202 Арнайы психология – психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы. Арнайы психологияның жеке бағыттары: кемақылдар психологиясы (олигофренопсихология), саңыраулар мен нашар еститіндер психологиясы (сурдопсихология), соқырлар мен нашар көретіндер психологиясы (тифлопсихология), психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар психологиясы, логопсихология, мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы, қимыл-тірек аппараты зақымданған (ТҚАЗ) балалар психологиясы, ерте жастағы балалар аутизмі бар (ЕЖБА) балалар психологиясы, күрделі даму бұзылуы бар балалар психологиясы. Арнайы психология пәні ерекше оқытуды қажет ететін балалардың психикалық дамуы болып табылады. Арнайы психология объектісі туа біткен және жүре пайда болған психикалық және дене бітімі дамуында ауытқуы бар балалар. Нормативтік-құқықтық құжаттамада арнайы білім беру жүйесіне жататын балалардың контигентін анықтайтын бірнеше ұғымдар бар: Дамуында бұзылуы бар балалар – бұл әр түрлі немесе бірнеше анализаторлардың (көру, есту, қимыл-қозғалыс, сөйлеу) қызметіндегі бұзылулар салдарынан, сондай-ақ, ОЖЖ органикалық зақымдануы салдарынан психикалық және дене бітімдік дамуында тежелуі (бұрмалануы) бар балалар.Термин психологиялық — педагогикалық әдебиетте арнайы білім беруді қажет ететін балалар категориясын ажырату үшін қолданылады. Денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалар – бұл дамуындағы кемістіктер әлеуметтік жеңілдіктер мен жәрдемақы алуға мүмкіндік беретін, яғни бинефицитарлық статусқа ие балалар. Дәстүрлі терминологияда бұл балаларды мүгедек балалар деп атайды. Білім алу қажеттілігі ерекше балалар — бұл білім беруде арнайы коррекциялық көмекті қажет ететін балалар. Арнайы білім беру жағдайы тек қана арнайы мекемелерде ғана емес, жалпы білім беретін мектептер мен балабақшаларда да болуы мүмкін. Арнайы психологияның негізгі міндеттері: 1. Даму кемістігі бар балалар мен қалыпты дамып келе жатқан баланың психикалық дамуындағы негізгі заңдылықтарды ашу. 2. Даму кемістігі бар баланың әртүрлі категорияларының психикалық даму ерекшеліктерін қарастыру. 3. Кеміс баланың даму механизмін анықтау. Бала дамуындағы механизмнің бұзылу тегін, уақытын, тереңділігін анықтау. 4. Дамудағы кемістіктерге байланысты өзіндік ерекшеліктерді анықтау. Кемістік және оның орнын толтыру (компенсация). Дамудың алғашқы және туынды кемістігі туралы ұғымды Л.С.Выготский енгізді. Алғашқы кемістіктер қандай да бір биологиялық жүйенің (анализаторлар, ми бөліктері) патогендік факторлардың әсерінен органикалық зақымдануы мен жетілмеуі нәтижесінде пайда болады. Туынды кемістіктер – бірінші кемістіктерден туындамайтын, бірақ солардың негізінде қалыптасатын (саңыраулардың сөйлеу тілінің бұзылуы, соқырлардың қабылдау және кеңістікті бағдарлау қабілетінің бұзылуы, т.б.) психикалық жетілмеу және әлеуметтік мінез-құлықтың бұзылуы тәрізді сипатқа ие. Кемістік биологиялық негізден қаншалықты алыс болса, соншалықты психологиялық – педагогикалық коррекцияға оңай көнеді. «Элементарлық функциялармен салыстырғанда жоғары функциялар анағұрлым тәрбиеге көнгіш болады». Даму процесінде бірінші және екінші кемістіктер арасындағы, биологиялық және әлеуметтік шартты бұзылулар арасындағы қатынастар өзгереді. Егер оқыту мен тәрбиелеудегі негізгі кедергі органикалық кемістік болса, яғни, туынды кемістік бағыты «төменнен жоғары» болған жағдайда дер кезінде коррекциялық – педагогикалық жұмыстар басталмаса, екінші кезекте пайда болған психикалық жетілмеулер мен жеке тұлғалық қалыптың бұзылуы баланың әлеуметтік ортаға деген, өзіне деген кері, жағымсыз көзқарасының қалыптасуында жетекші орын алады. Психологиялық қиын мәселелер шеңберін кеңейте отырып, туынды кемістік барлық элементарлық психикалық функцияларға өзінің кері ықпалын жасай бастайды, патогендік әсерлер «жоғарыдан төмен» қарай бағытталады. А.Адлердің компенсация теориясы. А.Адлер теориясының түйіні адамда қалыптасатын «толыққанды болмау кешені» болып табылады, ол А.Адлердің позициясынын алғанда, адамның өз дамуындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік беретін, басқалардан артық болуға деген үнемі ұмтылуы арқасында пайда болады. Л.С.Выготскийдің кемістік пен оның орнын толтыру туралы ілімі. А.Адлерден кейін Л.С.Выготский де функционалдық позициядан алғанда қандай да бір органикалық кемістік баланың кеміс екендігіне дәлел еместігіне назар аударады. Кемістіктің әсері ылғи да екі жақты: бір жағынан, ол ағзаның қалыпты әрекетін қиындатады, екінші жағынан — кемістіктің орнын толтыратын басқа функциялардың қарқынды жетілуіне жағдай жасайды. Л.С.Выготский былай деп жазады: «жалпыға бірдей бұл заң ағзаның биологиясына да, психологиясына да бірдей қатысты: кемістік минусы компенсация плюсіне айналады». Психикалық функциялардың кемшілігі мен зақымдануларын компенсациялау тек жанама жолмен жүзеге асырылады. Жанама жолға жататындар – жүйе ішілік қайта құрулар (жойылған функциялардың сау компоненттерін пайдалану) немесе жүйе аралық, мысалы, соқырлардың оптикалық заңдылықтарды меңгере алмауы сипап сезумен компенсацияланады (Брайль шрифті). Л.С.Выготский баланың мәдени дамуының жанама жолынан емдік педагогиканың негізін көреді: «Кеміс баланың өзіндік дұрыс келбеті оның қандай да бір функциясының жоғалуынан қалыптаспайды,сол жоғалған функцияның бала дамуында жаңа бір құрылымдарды туғызатындығынан, яғни, жеке тұлғаның өз кемістігіне деген реакциясы мен даму процесіндегі компенсациясы». |