упп 12апта д. Таырыбы Сота дейінгі тергептексеруді бастау себептері. Анытау органдырыны алдын алу тергеу істер бойынша ызметі.
Скачать 17.81 Kb.
|
ҚР Білім және ғылым министрлігі КЕАҚ Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті Тарих және құқық кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: «Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері. Анықтау органдырының алдын алу тергеу істер бойынша қызметі.» Орындаған: Солтанғазы.Б Тексерген: Сарбасова.А.К Семей 2021 1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабардың Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелуі не бірінші кезек күттірмейтін тергеу әрекеті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы болып табылады. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы бір тәулік ішінде прокурор хабардар етіледі. 180-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері 1. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар болмаған кезде, қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер, атап айтқанда: 1) қылмыстық құқық бұзушылық не адамның хабарсыз кеткені туралы жеке тұлғаның арызы не мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның хабары; 2) кiнәсiн мойындап келу; 3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар; 4) қылмыстық қудалау органының лауазымды адамының дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы рапорты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері болып табылады. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы жеке тұлғаның арыздары ауызша және жазбаша болуы мүмкiн. Жазбаша арызға оны берген адам осы баптың екінші бөлігінде айтылған, арыз иесі туралы мәліметтерді көрсете отырып қол қоюға тиiс. 2. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы ауызша арыз оны қабылдаудың жеке хаттамасына енгізіледі, онда арыз иесі, оның тұрғылықты жері немесе жұмыс орны, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. Хаттамаға арыз иесі және арызды қабылдаған лауазымды адам қол қояды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде немесе сот талқылауы барысында жасалған, қылмыстық құқық бұзушылық туралы ауызша арыз тиісінше тергеу әрекетінің хаттамасына немесе сот отырысының хаттамасына енгізіледі. 3. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы мемлекеттік органның лауазымды адамының хабары және заңды тұлғаның арызы растайтын құжаттар мен материалдарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда беріледі. 4. Мемлекеттік органның лауазымды адамын қоспағанда, арыз иесі көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертіледі, бұл туралы арызда не хаттамада белгі жасалып, ол арыз иесінің қолымен куәландырылады. 5. Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болмаған кезде қылмыстық құқық бұзушылық фактілерін анықтау үшін уәкілетті органдардың ревизиялар мен тексерулер жүргізуін талап ететін арыздар мен хабарлар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелместен, үш тәулік ішінде уәкілетті мемлекеттік органдарға қарау үшін жіберіледі. 6. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы анонимді хабар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себеп бола алмайды. 182-бап. Кiнәсiн мойындап келу 1. Кiнәсiн мойындап келу – адам әлі күдікті деп танылмаған не ол осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен ұстап алынбаған кезде, адамның қылмыстық қудалау органына өзi жасаған немесе дайындап жатқан қылмыстық құқық бұзушылық туралы жеке өзі, ерiктi түрде, жазбаша немесе ауызша хабарлауы. 2. Ауызша арыз осы Кодекстің 181-бабының екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен қабылданады және хаттамаға енгiзiледi. 3. Егер кiнәсiн мойындап келген кездегi арызда қылмыстық құқық бұзушылықтың сыбайлас қатысушылары көрсетілсе, арыз иесі көрінеу жалған сөз жеткізгені үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертiледi. 183-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар 1. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар газетте немесе журналда жарияланғанда не радио, теледидар немесе телекоммуникациялық желілер арқылы таратылғанда, ол сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп бола алады. 2. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды жариялаған немесе таратқан бұқаралық ақпарат құралында басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға құқығы бар органның талабы бойынша жасалған хабарды растайтын қолда бар құжаттар мен өзге де материалдарды беруге, сондай-ақ ол адамның мәлiметтердi ақпарат көзiн құпия ұстау талабымен беру жағдайларын қоспағанда, бұл мәлiметтердi берген адамды атауға мiндеттi. 184-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянат 1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтерді анықтау мына жағдайларда: 1) өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде анықтау органының қызметкерi, тергеушi, прокурор қылмыстық құқық бұзушылықтың куәсі болғанда не қылмыстық құқық бұзушылықтың iзiн немесе салдарын ол жасалған бойда анықтағанда; 2) қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы, прокурор өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезiнде қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтерді алғанда, олар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп болады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, көрсетілген адамдар қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтердің анықталғанын растайтын қолдарындағы құжаттарды және өзге де материалдарды қоса бере отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянат толтырады. 3. Қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянат тиісті мәліметтерді қамтитын соттың жекеше қаулысы келіп түскен жағдайда толтырылуы мүмкін Алдын-ала тергеу — қылмыстық процестің кезеңдік сатысы. Оның барысында істің дұрыс шешімін табу үшін маңызды барлық мән-жайлар бойынша тергеуші дәлелдемелер жинап, тексереді.[1] Алдын-ала тергеу қылмыстық іс қозғалғаннан соң басталады да, айыптау қорытындысын прокурорға жолдаған немесе қылмыстық істі доғарған кезде аяқталады. Анықтау жүргізілген істер бойынша Алдын-ала тергеу ол аяқталған соң басталады. Алдын-ала тергеуді ішкі істер органдарының, ҰХК-інің, салық полициясы органдарының тергеушілері жүргізеді және ол екі айлық мерзімнен ұзамай аяқталуға тиіс. Алайда осы мерзімді 6 айға және одан да көп уақытқа ұзарту тәртібі де арнаулы заңда көзделген. Алдын-ала тергеуді бір немесе бірнеше тергеуші жүргізеді. Оның заңға сәйкестігін прокурор қадағалайды. Алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерлеу және оларды қылмыстық жауаптылыққа тарту, соттың әділ талқылауы мен қылмыстық заңды дұрыс қолдану жөніндегі қылмыстық іс жүргізу заңнама міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуі, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіпті күшейтуге, қылмыстың алдын алуға, құқыққа құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыруға көмектесуі тиіс. Алдын ала тергеудің жүзеге асырылуы қажет қылмыс белгiлерi болған жағдайда, анықтау органы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға және қылмыс iздерiн анықтау және бекiту бойынша кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін: қарап-тексеруді, тiнтудi, алуды, куәландыруды, күдіктілерді ұстап алу мен олардан жауап алуды, жәбiрленушiлер мен куәлардан жауап алуды және басқа да тергеу әрекеттерін жүргізуге құқылы. Анықтау органы анықталған қылмыстық құқық бұзушылық және сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы прокурорды дереу хабардар етеді. 2. Кезек күттірмейтін тергеу әрекеттері орындалған соң, бiрақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған күннен бастап бес тәулiктен кешiктiрмей анықтау органы тергеулігі туралы мәселелер болмаған кезде бұл туралы жиырма төрт сағат iшiнде прокурорды жазбаша хабардар ете отырып, iстi дәл осы органның тергеушiсіне беруге мiндеттi. Іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар анықталған жағдайда, анықтау органы қылмыстық істі тоқтатуға құқылы. Қалған жағдайларда қылмыстық іс тергеулігін айқындау үшін прокурорға беріледі. 3. Iстi тергеушiге бергеннен кейiн анықтау органы ол бойынша тергеу әрекеттерін, жасырын тергеу әрекеттерін, сондай-ақ iздестiру шараларын тек тергеушiнiң тапсырмасы бойынша ғана жүргiзе алады. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды табу мүмкiн болмаған iстi тергеушiге берген жағдайда, анықтау органы тергеушiні нәтижелері туралы хабардар ете отырып, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды анықтау үшiн iздестiру шараларын қолдануға мiндеттi. Қолданылған әдебиеттер ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі https://www.wikipedia.org |