Главная страница
Навигация по странице:

  • Аллергиялық дерматит

  • Экзема

  • Есекжемде

  • Терінің аллергиялық ауруларын этиологиясы Терінің аллергиялық ауруларын патогенезі

  • док. Таырыбы Теріні аллергиялы аурулары. Этиологиясы белгісіз тері аурулары Аллергия


    Скачать 22.98 Kb.
    НазваниеТаырыбы Теріні аллергиялы аурулары. Этиологиясы белгісіз тері аурулары Аллергия
    Дата23.10.2021
    Размер22.98 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла6c359214-1d46-43b5-82ad-9189ed56e809.docx
    ТипДокументы
    #254269

    Тақырыбы: «Терінің аллергиялық аурулары. Этиологиясы белгісіз тері аурулары»
    Аллергия — (көне грекше: ἄλλος— басқаша, ergon — әрекет, жауап) — организмнің қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне әдеттегіден тыс сезімталдығы. Аллергия терминін алғаш 1906 жылы Австрия педиаторлары К.Пирке мен Б.Шик енгізген.

    Аллергияны туындататын заттарды аллергендер дейді. Аллергендер организмге сырттан түсетін (экзогендік) және организмнің өзінде өндірілетін (эндогендік) болып ажыратылады. Экзогендік аллергендерге өсімдіктердің тозаңдары, жануарлардың түбіті, қайызғағы, үй шаңы, кір жуғыш ұнтақтар, кейбір тағамдық заттар, дәрі-дәрмектер (новокаин, пенициллин, витаминдер т.б.), микробтар мен вирустар, өндірістік өнімдер жатады. Эндогендік аллергендер көпшілік жағдайларда әртүрлі микробтардың, вирустардың, суық немесе ыстық температуралардың, улы химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерлерінен организімнің өзінде пайда болады. Аллерген организмге алғаш рет түскенде иммундық жүйелерге әсер етіп, оның сол аллергенге сезімталдығын көтереді. Кейін бұл аллергеннің қайталап түсуі салдарынан аллергиялық ауру пайда болады.

    Аллергиялық дерматит – аллергенмен тікелей түйіскеннен аллергиялық реакциясын қоздыратын тері ауруы. Аллергиялық дерматит диаметрі 2-5 см болып келетін қышымалы эритематозды дақты көрініспен сипатталады, жиі иық, тізе және денеде серозды, кейде геморрагиялық құрамды көпіршіктер де дамуы мүмкін. Везикулезды бөртумен қатар, кіші папуллезді бөртпелер де байқалады.

    Экзема (грек. eczema – теріге бөртпе шығу) – терінің созылмалы ауруы. Экзема көбінесе жүйке және эндокринді жүйелер қызметінің бұзылуынан, созылмалы жұқпалы аурулардың асқынуынан (тонзиллит, гайморит, т.б.), организмнің белгілі бір аллергенге аса сезімталдығынан, асқазан-ішек жолдарының ауруларынан, т.б. пайда болады.

    Есекжемде науқастың терісі өзгеріске ұшыраса,бұнда тері және тері асты майы мен қоса өзгерістерге еұшырайды. Себептеріне жататындар әр түрлі тітіркендіргіш заттар,көбінесе солардың қосарлана әсер етуінен болады.Оларға жататындар:тағамдық заттар,дәрі-дәрмектер,бактерииялар,кір жуатын ұлпалар,әртүрлі бояулар және т.б

    Тері аурулары көптеген себепкер ықпалдардан дамиды. Бұл себепкер ықпалдар экзогендік және эндогендік болып екі топқа ажыратылады. Экзогендік себепкер ықпалдарға:

    ● механикалық және физикалық (механикалық қажалу, үйкелу, тырнау, ыстық немесе суық температуралар, күн сәулелері, ультракүлгін және иондағыш сәулелер, электр қуаты) ықпалдар;

    ● химиялық (қышқылдар мен сілтілер, үй тұрмысында қолданылатын және өндірістік химиялық заттар, дәрі-дәрмектер, тағамдық өнімдер, тітір-кендіргіш шөптер т.б.) ықпалдар;

    ● биологиялық (бактериялар, майда саңырауқұлақтар, қышыма қотыр кенесі, жануарлар құрттары) ықпалдар - жатады.

    Эндогендік себепкер ықпалдарға:

    ● тұқым қуалаушылыққа бейімділік;

    ● иммундық бұзылыстар (аллергиялық серпілістер, аутоиммундық үрдістер, иммундық тапшылықтар);

    ● зат алмасуларының бұзылыстары;

    ● гипо- және авитаминоздар;

    ● теріде қан және лимфа айналымдарының бұзылыстары;

    ● жүйке жүйесінің бүліністері;

    ● эндокриндік бездердің бұзылыстары;

    ● ішкі ағзалардың (әсіресе ас қорыту жолдарының, бауырдың, бүй-ректің) аурулары;

    ● қан өндіру жүйесінің дерттері т.б. - жатады.

    Терінің жағдайы тұтас организмнің жағдайынан байланысты болады. Бүйрек бүліністерінде теріде азоттық өнімдердің ұнтақтары пайда болады; бадамша бездерде, тістерде орныққан жұқпалардан дерматоздар дамиды. Экзема, есекжем, нейродермит пайда болуы және дамуы, шаштың дөңгеленіп түсуі дербес жүйке жүйесінің бұзылыстарында жиі байқалады. Жоғары жүйке жүйесінің тозуынан психогендік дерматоздар дамиды. Эндокриндік жүйенің бұзылыстарына да тері жауап қайтарады. Қалқанша бездің қызметі жеткіліксіздігінен тері микседемасы, қатты терлегіштік, қышыну, есекжем, экзема дамуы байқалады. Анабездің қызметі бұзылуы нәтижесінде теріде сарғыш-қоңыр түсті гиперпигментация, Иценко-Кушинг ауруында (синдром-ында) әйелдерде сақал, мұрт өсуі пайда болады; ұйқыбез ауруларында фурункулез дамиды. Үлкен қанайналым шеңберінде қан іркілуі тері көктамырларының одырайып кеңуіне, варикоздық ойық жаралар пайда болуына ықпал етеді.


    1. Терінің аллергиялық ауруларын этиологиясы?


    2. Терінің аллергиялық ауруларын патогенезі?


    написать администратору сайта