воспитатель. Ашық сабақ Дөңгелектер. Таырыбы Трлі тсті дгелектер Масаты
Скачать 15.4 Kb.
|
Тақырыбы: «Түрлі – түсті дөңгелектер» Мақсаты: Балаларға негізгі төрт түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл. Балалардың қол – саусақ маторикасын, ой - түйсігін, ойлау қабілеттерін дамыту. Әдіс – тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, ойын Дидактикалық құралдар: пирамида, шарлар, себет, түрлі – түсті дөңгелектер, құм салынған контейнер, слайд Сөздік жұмыс: қызыл, сары, көк, жасыл Жүру барысы: Шаттық шеңбері: Табиғат – біздің анамыз, Табиғатқа баламыз. Иіліп сәлем береміз, Біз әдепті баламыз. Тәрбиеші: Балалар тақтаға қараңдаршы не көріп тұрсыңдар? (дөңгелектер) Дұрыс айтасыңдар, түрлі – түсті дөңгелектер (қызыл, сары, көк, жасыл) Міне, бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы да «Түрлі – түсті дөңгелектер» Балалар, біздер қазір түрлі – түстер әлеміне пойызбен саяхат жасаймыз. (жәймен музыка ойнап тұрады) І – аялдама: «Шарлар» аялдамасы Шарларды өз себетіне жинаймыз ІІ – аялдама: «Пирамида» аялдамасы Балалар пирамиданы ең үлкенінен кішісіне қарай жинаймыз. Ал балалар апаймен бірге жинаймыз. Сергіту сәті: Аяғымыз топ – топ Ал қолменен хлоп, хлоп, хлоп Бір оңға, бір солға Айналайық кел оңға ІІІ – аялдама: «Дөңгелектер» аялдамасы (құм терапиясы) Контейнердегі құмнын ішінде жасырынған дөңгелектерді табу Тәрбиеші: Балалар пойызға отырып тобымызға қайтайық. Бүгін біз сары, жасыл, қызыл, көк түстермен таныстық, енді сендер осы түстерді – өз тақталарына іліңдер. Жарайсыңдар балалар. Мадақтау. Қол ұстасып тұрайық Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау – саламат болайық! «Жауқазын» мектепке дейінгі бөбекжайы Сенсорика Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі Тақырыбы: «Түрлі – түсті дөңгелектер» І кіші «Балапан» тобы Тәрбиеші: Мырзалиева Ж.А 2018 – 2019 оқу жылы |