Главная страница
Навигация по странице:

  • Архаикалық мәдениет қашан және қай жерде пайда болды

  • Ғұн тайпалары

  • Үйсіндердің этникалық тарихы

  • Соңғы демі үзілерде ол

  • Әдебиеттер

  • Архикалық мәдениет СӨЖ-3. Таырыбы


    Скачать 173.29 Kb.
    НазваниеТаырыбы
    Дата27.10.2021
    Размер173.29 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАрхикалық мәдениет СӨЖ-3.docx
    ТипДокументы
    #257578

    Alikhan Bokeikhan University

    СӨЖ №3

    Тақырыбы: Ежелгі Қазақстан аумағындағы архаикалық мәдениет.

    Орындаған:ФК-105

    тобының 1-курс студенті

    Қалибекқызы Анель

    Тексерген:Анара Битсимировна

    Семей қаласы, 2021 жыл

    Жоспар:

    1. Архикалық мәдениет

    2. Қола дәуіріндегі тайпалар

    3. Сақтар

    4. Ғұн тайпалары

    5. Үйсіндердің этникалық тарихы

    6. Әдебиеттер

    Архаикалық мәдениет — адамзат мәдениетінің бастамасы.

    Архаика (грек. ARCHAiKyS - ескі, көне) - өнер дамуының көне замандағы арнайы түрі. Өнертану ғылымында Архаика атауымен ежелгі грек және мысыр өнерін атайды. Архаика монументті бейнелеу өнері мен сәулеттік пішіндердің қалыптасқан кезеңі. Ол кезеңде бағандармен қоршалған периптер типтегі ғимараттар мен ордерлер жүйесі (дори және ионика) құрылды. Б.з.б. 6 ғасырдың З- ширегінде құмыра жасау өнерінің қара фигуралы, яғни балшықтан жасалған құмыраны тұтас қарамен бояп, соның үстінен өткір пышақпен бедер салу мәнері гүлденді. Бұл өнер Африка елдерінің кейбірінде осы күнге дейін бар.

    Алғашқы қауымдық мәдениетке синкретизм тән. Алғашқы қауымдық мәдениеттің синкреттігінің(бөлінбеушілік) мәні сол - табиғат олармен біртұтас жаратылған, жаны бар нәрседей қабылданады. Адам өзін жануарлармен және өсімдіктермен бөлінбес бірлікте қарастырды. Алғашқы даму кезеңіндегі қоғамда матриархат (грекшеден аударғанда-"ананың билігі") үстемдік етті. Еңбектің күрделіленуі, металлургияның дамуы, қару жарақтың жетілуі біртіндеп патриархатқа ("әкенің билігі"), яғни еркектің үстемдігіне алып келді. Еркектің үстемдігімен мықты отбасы қалыптасты. Келе- келе экзогамия үстемдік алып, эндогамия жоғалды.

    Архаикалық мәдениет қашан және қай жерде пайда болды?

    Ақиқатқа жүгінсек, қазіргі антропология ғылымының өзі де адамзат баласының қалыптасып, дамуына байланысты туындайтын көкейтесті мәселелерге егжей-тегжейлі жауап бере алмайды. Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғашқы еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 миллион жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті.

    Дүние жүзінде жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстардың нәтижесінде алғашқы адамдардың қоныстары ашылып, олардың тастан жасалған құрал-саймандары көптеп табылуда. Олай болса, археология ғылымының ғылыми зерттеулерінің дәл осы тас құралдардан басталуы да тегіннен-тегін емес сияқты. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді. Олар: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Тас дәуірінің өзі дүниежүзілік ғылымда бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Көне тас дәуірі (палеолит) «Палеолит» термині гректің «палайос» — көне, «литое» — тас деген сөздерінен алынған, орта тас дәуірі (мезолит), жаңа тас дәуірі (неолит). Археология ғылымы саласындағы мұндай ғылыми тұжырым XIX ғасырда қалыптасқан. Тас дәуірі бұдан 2,5—2,6 миллион жылдай бұрын басталып, біздің заманымаздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықтың басына дейін созылған.

    Уақыт өте келе сіз архаикалық мәдениеттің маңызын түсінесіз, түсінгеніңіз сонша ол кәзіргі замандағы іс әрекетіңіздің барлығы сол мәдениеттің айнасы екенін ұғасыз.

    Қазақ халқының шығу тегін зерттеу, оны оқыту мәселесін қарастырғанда, біз көне дәуірлерде жерімізде өмір сүрген тайпалар тарихына соқпай өте алмаймыз. Әрине, бұдан 3—4 мың жыл бұрын қазақ жерінде өмір сүріп, көне мәдениеттің ескерткіштерін қалдырған тайпаларды қазақ халқының тікелей ата-бабасы деу шындықтан алысырақ болар. Сонымен қатар бұл тайпалардың қазақ мәдениетінің, дәстүрлі шаруашылығының, т.б. этностық қасиеттерінің қалыптасуына қатынасы болған-болмағандығын саралау — ғылыми қажеттілік деп есептейміз.

    Қандай болмасын халықтың шығу тегі — этногенезі оның мәдениетінің шығу тегімен (культурогенез), тілінің шығу тегімен (глоттогенез), түр-сипатының қалыптасуымен (расогенез) байланысты.

    Қазақстан жерін көне заманда мекендеген тайпалар бізге қола дәуірінен бастап белгілі. Дегенмен олардың этностық атауы жөнінде нақты деректер жоқ.

    Қазақстан аумағын және көрші аймақтарды б.з.д. 2-мыңжылдық мен 1-мыңжылдықтың арасында мекендеген тайпаларды біз олардың мәдениетінің атымен андрондықтардеп атаймыз.

    Андрондықтардың этностық тегі жөнінде әлі дәлелденген пікір жоқ. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, андрондықтар фин-угор этностық тобына жатқан. Фин-угорлардегеніміз — кейінгі финдер, марийлер, мордвалар, т.б. осы тілдес халықтардың ата тегі. Бір топ ғалымдар андрондықтар унді-иран немесе арийтектес халык деп есептейді. Үнді-иран, арий тілінде сөйлегендер қазіргі үнді, иран, пуштун, тәжік, т.б. халықтардың ата тегі. Андрондықтар — үнді-иран тектес деуші ғалымдар сан жағынан басым. Кейінгі кезде жекелеген ғалымдар: "Андрондықтар — түркі тілдес халық болған" деген пікір айтуда.

    Андронов тарихи-мәдени бірлестігінің іздері Батыс Сібірден, Енисейден, оңтүстікте Орталық Тянь-Шаньнан, Оңтүстік Тәжікстаннан, Ауғанстаннан, тіпті Солтүстік Пәкстанжерінен де табылуда. Андронов мәдениетін қалдырушы қола дәуірі тайпаларының негізгі орталығы Қазақстан жері болды. Бұдан біз, негізінен, Қазақстан жерін мекендеген андрон тайпаларының сол көне заманның өзінде-ақ көп жұрттармен мәдени-этностық байланыста болғандығын байқаймыз.

    Андрондықтар Қазақстан жерін 1 мың жылдай мекендеді, Қазақстан жерінде өздерінің ең көрнекті мөдени ескерткіштерін қалдырды, олар — қоныстар мен жерлеу орындары. Бұлардың жақсы зерттелгендері Орталық, Шығыс және Солтүстік Қазақстан жерінде.

    Қазақ жерімен көршілес далалы аймақтардағы кемінде 3 мың жылдық тарихы бар көшпелі шаруашылық, тұрмыс, мәдениетінің негізін осы андрондықтар салды. Андрондықтар Еуразия даласындағы алғашқы металл өндірушілер болды. Оған — қола құрал-сайман, қару-жарақ жасауға қажетті шикізаттар — мыс пен қалайыкеніштерінің көп табылуы бірден-бір дәлел.

    Андрондықтардың қыш ыдыстарындағы "балдақ", "үшкіл", т.б. өрнектерін кейінгі қазақтардың бау, басқұр, алашаларынан көруге болады.

    Қола дәуіріндегі тайпалардың отқа, күнге табынуы, ата-баба аруағына сиыну, құрбандық шалу, туыстас адамдарды ортақ қорымға қою салты, жылқы мен қой малын көп өсіріп, солардың еті мен сүтін көп пайдалануы олардың қазақтармен мәдени тектестігін көрсетеді.

    Сақтар



    Сақтар мекендеген жерлер.

    Б. з. д. 1-мыңжылдықта Қазақстан жерінде, Орталық Азияда, Ауғанстан мен Солтүстік Үндістанда сақ деген жалпы атауы бар тайпалар мекендеген.

    Дәл осы заманда Солтүстік Қара теңіз, Днепр өзені бойын скиф деп аталатын тайпалар жайлаған. Олар мөдениеті жағынан сақтарға туыстас болған. Осы кезде Еділ жағалауында, Орал тауының оңтүстік-шығыс бетінде савромат тайпалары өмір сүрген.

    Геродот сақ және скиф тайпаларының туыстығын көрсете келіп, олардың ортақ сколот деген атпен де белгілі екендігін айтады. Геродоттың айтуы бойынша, бұл тайпаларды скиф деп гректер атаған. Олардың тегі Азиядан шыққан, кейіннен массагет тайпаларының қысымымен Әмударияның арғы жағына өтіп, Киммер жеріне қоныстанған.

    Көне парсы жазба ескерткіштеріне жататын "Персополь", "Бехистун" жазуларында тур тайпаларының ортақ атауын сака деп береді. Біраз кейінірек табылған жазбаларда сақтарды ендігі жерде үш топқа бөледі. Олар —

    1. парадарайя сақтары,

    2. тиграхауда сақтары,

    3. хаомаварга сақтары.

    Парадарайя сақтары дегеніміз — теңіздің арғы жағындағы сақтар. Бүгінгі күні көп зерттеушілер парадарайя сақтарының мекендеген жерін Қара теңіз жағалауы деп керсетеді. Тиграхауда сақтарының негізгі орналасқан жері Каспий теңізінің шығысынан Жетісуға дейінгі аймақ деп көрсетеді. Ал массагеттер осы тиграхауда сақтарының грек жазбаларындағы атауы деген пікірлер де бар.



    Тиграхауда сақтардың патшасы - Скунха. I-шi Дарияның Бехистун жазуындағы бедер, б.з.б. IV ғасыр

    Тиграхауда сақтары жөніндегі деректерді Ахеменид патшалары II Кир мен Дарийдің оларға қарсы жасаған жорықтары жөніндегі жазба мәліметтерден де аңғарамыз. Сондай-ақ тиграхауда сақтары осы күнгі Ташкенттің маңайын, Тянь-Шаньды мекендеген.

    Хаомаварга сақтардың ең ірі, саны жағынан көп тайпасы болған. Грек жазба деректерінде оларды кейде амюргия сақтары деп те атайды. Олар ежелгі Бактрия мен Маргиана аймақтарында, яғни Әмудария мен Мургаб өзендерінің жағалауларында орналасқан. Сонымен қатар хаомаварга сақтарының біраз топтары қазіргі Ташкент облысын, Ферғана маңын жайлаған.

    Көне грек тарихшысы- географы Страбонның хабарлауынша, массагеттердің солтүстігінде дах (дай) тайпалары өмір сүрген. Бұл, шамамен, Аралдың оңтүстігі мен Каспий теңізінің шығысы болса керек. Б.з.д. III ғасырдан бастап массагеттердің аты көп аталмайды, олардан гөрі дайлар (дах) тарихи мәліметтерде көбірек аталып, Каспийдің оңтүстік-шығысынан Парфия шекарасына дейінгі жерді алып жатты.

    "Авестада" сайрим деген тайпалар жөнінде айтылады. Осы сайрим тайпаларын кей ғалымдар грек деректеріндегі савромат, сарматтар деп есептейді. Олар Каспийдің солтүстік-батысынан Азов теңізіне дейінгі аралықты жайлаған. Бұлардан солтүстікке қарай Жайық өзені бойына аргиппейлер тайпалары орналасқан. Аргиппейлерден шығысқа қарай исседондар жайлаған. Олардан солтүстік-шығысқа қарай аримаспылар мен алтын қорыған самұрық тайпалары орналасқан.

    Сонымен, ғалымдардың тұспалдауы бойынша, аргиппейлер қазіргі Солтүстік, исседондар — Орталық, ал аримаспылар Шығыс Қазақстан жерін мекендеген. Бұл аталған тайпалар Қазақстан жерінде б.з.д. VIII—IV ғасырлар аралығында өмір сүрген. Бұлар өзара мәдени-этностық жақын, туыстас тайпалар болған.

    Ғұн тайпалары



    Батыс Ғұн Империясының территориясы Орталық Азия даласынан бастап қазіргі кездегі Германия жерлеріне дейін, және Қара теңіз бен Балтика теңізіне дейін созылған.

    Б. з. д. V ғасырда Оңтүстік Моңғолия мен Ордоста түркі тілдес, түр-әлпеті монғолоид типтес ғұн атты тайпа өмір сүрді.

    Ғұндардың санын қытай деректері әркалай көрсетеді. Бір деректер бойынша,

    • ғұндардың саны — 300 мың,

    • ал әскері — 30 мың.

    Енді бір деректер бойынша, тек

    • әскерінің саны — 300 мың да,

    • ал халқының саны — 1 млн 500 мың.

    Соңғы деректерге б.з.д. II ғасырдың басындағы Ғұн империясына қараған бүкіл көшпелі тайпалар кірген болуы керек.

    Б.з.д. II—I ғасырлар аралығында ғұндар қытайлармен жиі қақтығысқа түсіп отырды. Бұл текетіресте көбінесе ғұндар жеңіске жетіп, қытайлар оларға әр мезгіл сыйақы төлеп отыруға мәжбүр болады.

    I ғасырдың соңы мен II ғасырдың ортасында ғұндар сәнби тайпаларының ығыстыруымен батысқа жылжиды. Алдымен олар Шығыс Қазақстан және Жетісу жеріне еніп, осындағы жергілікті тайпалармен араласты. Осы жерлерде Юэбан атты мемлекет құрды. Бұл мемлекет б.з. V ғасырына дейін өмір сүрді. Ғұндар біртіндеп Еділ, Жайықтан батысқа қарайғы жерлерді де жаулап алды.

    Ғұндар Қазақстан жерін бұрыннан мекендеген сақтармен, үйсіндермен араласты. Олар бір-бірімен тұрмыс-тіршілігі, тілі жағынан жақындасты. Ғұндар өздерінен бұрын Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың түркіленуіне, бет-әлпетінің монғолдануына біршама әсер етті.

    Ғүндармен бір мезгілде өмір сүрген және Қазақстан мен көрші аймақтағы этностық саяси жағынан үлкен әсер еткен тайпа юэчжилер болды. Олар өте күрделі этностық құрылымнан тұрған.

    Үйсіндердің этникалық тарихы



    Үйсіндер турған жер

    Дәл осы замандарда Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың арасында ерекше аталатыны — үйсіндер. Үйсін тайпасының баста қалыптасқан аймағы — Солтүстік-батыс Қытай жері, осы күнгі Баркөл көлінің маңайы деп есептеледі. Осы аймақтан үйсіндер Жоңғар Алатауы, Тарбағатай баурайына б. з. д. II ғасырларда ауып келген. Олар бұл жерге бұдан аз бұрын қоныс аударып келген юэчжилерді оңтүстікке қарай ығыстырып қоныстанған. Үйсіндердің батыс шекарасы Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатқан.

    Үйсіндердің атауы, оның мөні, бұл көне атаудың кейінгі қазақ ұлысындағы үйсіндер атауымен байланысы әлі толық шешілмеген. Бірқатар тарихшылар қытай транскрипциясы бойынша "усун" аталатын тайпаны "аспан" этнонимі деп білуге бейім. Енді бір пікір бойынша, қазір у-сунлеи аталатын екі иероглиф ертедегі қытай тілінде "а-сман", "аспан" деп оқылатын. Үйсін атауы кейінірек (орта ғасыр) жазба ескерткіштерінде "уіиин", "уйіиин", "хуши" түрінде кездеседі. Мысалы, ушиндер туралы дерек "Монғолдың құпия шежіресінде" (XIII ғасыр), Рашид ад-Диннің еңбегінде (XIV ғасыр) кездеседі. Бұдан қандай түйін жасауға болады? Біздіңше, көне қытай жазбаларындағы усун тайпасы мен кейінгі қазақтың Ұлы жүзіне ортақ атау болған үйсін тайпалық одағының арасында байланыс бар. Бұл атаудың орта ғасырлар заманында да үзілмей аталуы көне үйсіндер мен кейінгі үйсіндер арасында этногенетикалық та байланыс бар екендігін көрсетеді. Бұл пікірді көне үйсіндердің де Жетісу мен оған көрші аймақтарда жасауы, көне үйсіндердің де қазақтар сияқты киіз үйде тұрып, негізгі асы ет пен сүт, қымыз болуы бекіте түседі.

    Көне усундар сонымен қатар кейінгі қырғыз халкының да құрамына кірген болуы керек. Бұған қырғыз халқының ішіндегі үйшун тайпасы дәлел бола алады.

    Үйсіндер ғұндармен, юэчжилермен бірде жер, мал үшін соғысып, бірде бейбіт шаруашылық-мәдени қарым-қатынаста болды. Олардың шаруашылығында, ел басқару жүйесінде көп ұқсастықтар болды. Мысалы, үйсіндер де ғұндар сияқты үш бөлікке:

    1. сол қанат,

    2. орталық қанат,

    3. оң қанатқа бөлінді.

    Бұл дәстүрдің кейінгі қазақтардағы үш жүздік жүйеде жалғасын тапқандығын біз білеміз. Ғұн, үйсіндер өзара мәдени-этностық жағынан жақын да болған сияқты. Сондықтан да грек-рим авторлары оларды кейде қосарлап, "ғұн-үйсін" деп те атайды.

    Анақарыс немесе Анахарсис ( скиф. «Αναχαρσις «жарақаттанбайтын» ana(жоқ)+hvar (жара)»; б.з.б. 605—545 ж.ш.) — скиф, Гнур патшасының ұлы, Савлий және Кадуита патшаларының інісі. Афиныға Солонның кезінде келіп, Солонмен және Токсармен (ұлы дәрігер, ғұлама) кездесіп жүрген. Басқа да көптеген Ежелгі Грекияның қалаларында болып, атағы шыққан.,

    Анахарсис біздің заманымыздан бұрынғы VII-IV ғасырларда өмір сүрген. Тарихта "Скиф Анахарсис" деген атпен әлемге танылған. Анарыстың анасы эллиндік болған.



    Өмірдерек


    Анахарсис: шамамен жыл қайыруымыздан бұрынғы 620–555 жылдары өмір сүрген. Аты аңызға айналған дала данышпанының нақты өмірбаяны туралы деректер сақталмаған. Тек Диогеннің мәліметі бойынша, ол шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 594-жылы, «Архонт Эвкраттың тұсындағы қырық жетінші Олимпиада өтіп жатқан сәтте Афиныға келген». Бұл скифтердің Алдыңғы Азиядан бетін бұрып, отанына орала бастаған кезі. Ал Анақарыстың Афиныға барғаны анық. Сол кезде шамамен жиырма бес жаста деп шамаланғанның өзінде, ол мөлшермен б. д. д. 625–620-жылдары дүниеге келген. Ал нақты қай жерде туды, ол жағы белгісіз. Тек әке-шешесінің кім болғанына қарап барып әлдебір болжам жасауға болады. Геродоттың айтуы бойынша, «Анақарыс – скиф патшасы Спаргапиптің шөбересі, Ликтің немересі, Гнурдың баласы». Сонда Анақарыс Спаргапип Ишпақайдың, Лик Партатуаның, Гнур Мәдидің заманында өмір сүрген болып шығады. Анақарыстың өзі айтқандай, олардың өмірі – Истра-Дунай жағасында өткен. Қоржын-Херсон бұғазында, Керіш кемерінде хан ордасы құрылған. Анақарыс Қоңырдың грек әйелінен туған. Анақарыс скифтерді ата-бабасынан билеп келе жатқан хан тұқымы. Нағыз қаракөк үзілмеген тектен тараған. Шешесі грек қызы. Сондықтан да элладаның тілін үйреніп өскен. Өнерге, әсіресе сөз өнеріне ерекше құмартып, билердің шешендік келесіне қатысып, тыңдап, өзі де билік айтып ер жеткен. Әскери тағылым алған. Скифтердің әдет-ғұрпын өте жетік білген. Ел іші бейбіт өмірге көшкен соң, немерелес бауыры Сабыл-Савлий хандық құрған кезде жан-жағына үңіліп, дүниенің сырын білмекке ұмтылған. Элладаның шежіреші тарихшыларының, философтарының, мемлекет қайраткерлерінің еңбектерін өз бетінше оқып, танысқан. Ақыры, ұшы-қиырсыз скиф даласынан аттанған ханзада әрі ділмар шешен Анақарыс Қоңырұлы «әлемнің жеті ғұламасының бірі» — Солонды іздеп, жыл қайыруымыздан бұрынғы 594-жылы не 568-жылы Эллада еліне бет алды. Геродоттың жазуы бойынша, «Элладалықтардың өнер-білімін үйреніп келу үшін Анақарысты Элладаға жіберген адам скифтің патшасы» көрінеді. Ділмарлық толғауларында кемемен жүзгендерін жиі еске алып отыруына қарағанда, Анақарыс боспорға дейін салт атпен келіп, одан әрі қарай Афиныға кемемен сапар шеккен тәрізді. Қасына жолсерік те, күтуші де ертпеген. Өз күшіне сеніп шыққан. Себебі, ол заманда көшпелілер көсемінің мұрагері жігіт шағында қол бастап, елінің іргесін бекітіп, жауынгерлік өнерін шайқаста сынамай, алыс сапарға шықпаған. Сондықтан Анақарыс та әскери өнердің қыр-сырын жетік білген. Оған әйгілі философ Диогеннің: Скиф Анақарыс Гнурдың ұлы және скиф патшасы Кадиудтың бауыры еді; оның шешесі грек қызы, сондықтан да ол екі тілді де білетін. Ол скифтер мен эллиндықтардың дәстүрі, өмірді жеңілдетудің жолдары туралы жазды және әскери айла-тәсіл жөнінде сегіз жүз өлең шығарды. Ерекше шешендігімен көзге түсті, «скифтік сөйлеу мәнері» деген мәтел оның осы қасиетіне байланысты қалыптасқан" деген сөзіндегі әскери өнер қақындағы пікірі дәлел болады.

    Анақарыстың туған анасының төркініне деген құрметі бала кезінен қалыптасып, оның да жүрегін қытықтап, сол елді көрсем-ау деген арманмен ер жетті. Кім нағашы жұртын жек көрсін. Анақарыстың нағашы жұрты оны сынаудай-ақ сынап бағыпты. Себебі, дәл осы біз айтып отырған кезде Эллада мен Скифтердің өзара қарым-қатынасы онша ықыласты болмапты. Сондықтан да Анақарысты нағашы жұрты іш тартып, бауырына басты деп біз айта алмаймыз. Дегенмен де, көшпелілер көсемінің ер ұланын Афины қаласында бір адам қуана қабылдап, ақыл-кеңес беріп, жөн сілтеп жібереді. Ол – Эллада еліне аты әйгілі емші-балгер, қазіргі тілмен айтқанда, дәрігер, ата-тегі скиф Тоқсары (Тоқсарид) болатын. Тоқсары мен Анақарыстың достығын хаттап қалдырған адам жыл қайыруымызға дейінгі 180–125 жылдары өмір сүрген гректің ұлы қаламгері Лукиан. Ол осынау оқиғаны өзінің «Скиф немесе қонақ» атты әңгімесінде сондай бір жылы сезіммен баяндап берген.

    Анақарыс айтты дейтін қанатты сөздер өте көп. Соның көпшілігі сұрақ-жауап үлгісінде кездеседі. Зады, Диогеннің, Лукианның, Плутархтың, Платонның, Геродоттың пайдаланған шешендік сөздерінің дені Солон мен Анақарыстың екеуара пікірсайысынан алынуы мүмкін. Өйткені кейбір қанатты тіркестер олардың өзара әңгімесінің ішінен ұшырасып қалады. Анақарыс – қаракөктің тұқымы. Ханзада. Ал тақ мұрагерінің әрқайсысына жеке тәрбиеші бөліп, әскери өнерге, ділмарлыққа, тапқырлыққа жасынан баулыған.

    Анақарыстың қаза табуының себебін Геродот былай түсіндіреді: «Анақарыс көп елді аралады және соның бәрінде ол өзінің даналығымен танылып отырды. Скифияға қайтар сапарында Геллеспонттан жүзіп өтіп, жолай Кизикке аялдайды. Кизиктіктер осы кезде Құдай-Анаға бағышталған мінәжатты салтанатпен өткізіп жатыр екен. Анақарыс та құрбандық шалып: „егер де еліме аман-есен жетіп, денім сау болса, онда осы кизиктерден көрген мінәжат дәстүрінің барлығын сақтай отырып, құрбандық шалып, түн ішінде салтанатты той жасаймын-ау“, — деп ант береді. Скифияға жеткен соң Анақарыс Гилея деген жынысты шатқалға барып жасырынды. Сөйтіп, қалың орманның ішіне ендей кірген соң, өзі Кизикте көрген Құдай-Анаға табыну рәсімін толықтай орындауға кіріседі. Мойнына Құдай-Ана бейнесі бейнеленген тұмарды тағып, даңғыраны дүмбірлетіп қаға жөнеледі. Скифтердің біреуі мұны көріп қалып, оны Савлий патшаға жеткізе қояды. Патшаның өзі мінәжат рәсімін орындап жатқан жерге келіп, Анақарыстың не істеп жатқанын көзімен көрген соң, қорамсаққа қол салып, садақпен атып өлтіреді. Мұнысы оның Эллада елінде болып, жат жұрттың діни мінәжатын кешірмегеннің белгісі.». Міне, Анақарыс осылай қапыда өз бауырының қолынан қаза тауыпты.

    Соңғы демі үзілерде ол:



    Эллада жерінде ақылым мені қорғап еді, ал өз еліме кеп, мен қызғаныштың құрбаны болдым



    , — депті.

    Ол ханзада боп дүниеге келді, елін-жұртын сүйген және қорғай білген әскер басы боп өмір сүрді, данышпан философ, ділмар ғұлама ретінде қаза тапты.

    Анахарсис жөнінде Геродоттың «Тарих» еңбегінде айтылған.

    Әдебиеттер :

    1. ↑ Қ19 Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет, суретті. ISBN 9965-33-633-4

    2.  Анахарсис (Анарыс) (б.з.б.VI ғ., 605–545 ж.ш.)

    3.  «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

    4.  «Энциклопедия мудрости» – Москва «РООССА», 2007


    написать администратору сайта