ертеги. Таырыбы
Скачать 25.77 Kb.
|
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат Мақсаты: Балаларға ертегі туралы мағлұмат бере отырып, мән-мағынасын ашу. Бала бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту Көрнекілігі: «Ертегілер еліне саяхат» плакаты, шарлар, гүлдер, ертегі кейіпкерлерінің суреті. Сабақтың барысы: Сіздерден өскен балалар, Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті біздің ата-аналар, балалар, ұстаздар! І. Кіріспе сөз Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылатын оқиғалар баяндалады. Ол ауызша айтылып, ел есіне ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен. Ертегілер көбінесе қара сөз түрінде айтылады. Кейде өлең түрінде де кездеседі. Ертегілердің әдетте басталулары ұқсас: «Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпірдің ……. болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөлтеде» деп те басталады. Ертегі соңы олар «сөйтіп мұратына жетіпті» үнемі жақсылықпен аяқталады. Ертегілер мынандай жанрларға бөлінеді: Қиял-ғажайып; Хайуанаттар туралы; Шыншыл ертегі; Тұрмыс-салт ертегілері. Қиял-ғажайып ертегілерде жүрек, батыр адамдардың басынан кешкен сан-алуан ерлік оқиғалар баяндалады. Олар жеті басты жыланмен, жалғыз көзді дәумен, жалмауыз кемпір, мыстан кемпір, небір құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл қасиеттерімен көрінеді. Олар көкке ұшады, жер астына түседі, теңіздерден өтеді, азабы мол қиын-қыстау оқиғаларда ақыл, айла-тәсілін асырып, жеңіп шығады. Бұл ертегілерді оқи отырып жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тырысады. Мысалы: «Алтын сақа», «Ер Төстік», «Алтын балық» т. б. Ата-бабамыз төрт түлік малды қадірлеп, пір тұтқан. Балаларға ең жақын ертегілер хайуанаттар туралы ертегілер. Хайуанаттар туралы ертегілердің кейіпкерлері аң, құс, үй жануарлары болады. Алайда олар адамға тән қасиеттер, әрекеттер иесі болып суреттеледі де сол арқылы сұм-қиянатшыл, арамза, қу мінез қылықтар әшкереленеді, еңбексүйгіштігі, батылдығы, адалдығы суреттеледі. Шыншыл ертегілерде халық өмірін, тұрмысын шындық тұрғыдан бейнелейді. Атқамінерлердің іс-әрекеттерін әшкерелейді. Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл келеді. Сендер құрметті жас достар, ертегінің осылай тілі арқылы халықтың өз өмірлерін жақсарту жолындағы арман-тілектерін, тамаша қиялдарын біліммен қоса өздерінде солай қиялдауға, армандауға үйренесіңдер. Ертегінің көркем де, жеңіл тіл сендердің қиялдарыңа қанат бітіріп, арманды ақиқататады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге, өз ойларыңда әдемі баяндауға үйретеді. Тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады. Халық ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін, мазмұнын аңғар! Жақсы қасиеттерін бойға сіңір! Ертегі саған өмір бойы адал серік бола алады. Қатысушы топтар: а) «Мақта қыз бен мысық» тобы (Ы. Алтынсарин) «Алтын балық» тобы (А. С. Пушкин) Олай болса «Ертегілер еліне саяхат» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Осы мерекенің ашуы Дәуреннің орындауында «Ертегілер әлемі» әнін қабыл алыңыздар. ә) Енді осы сайыскерлерге әділ бағасын беретін әділқазылар мүшесімен таныс болыңыздар: б) Бүгінгі сайысымыз алты кезеңнен тұрады: І бөлім – Таныстыру. ІІ бөлім – «Сөзжұмбақ». ІІІ бөлім – «Кім ойшыл?» IV бөлім – «Ертегілер еліне саяхат» (Сахналау). V бөлім – «Кім шапшаң?» VI бөлім – «Кім білгір?» І бөлім – Таныстыру. ІІ бөлім – «Сөзжұмбақ». 1.Төрт аяғы бар, Басында екі таяғы бар, Иегінде екі сақалы бар. (Ешкі) 2.Аң патшасы (Арыстан) 3.Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. Мойны ұзын, көзі үлкен, Бұл не,өзің тауып ал? (Түйе) 4.Өзі сұр, бөрі емес, Ұзын құлақты, қоян емес, Жұмыр тұяқты, жылқы емес. (Есек) 5.Қалтасында баласы, ол қандай аң? (Кенгуру) 6.Ыржаяды, күледі, Басқан ізді біледі. Таусылмайтын шабысы, Жұртқа мәлім жүрісі. (Түлкі)
ІІІ бөлім – «Кім ойшыл?» (ата-аналар) Шарты: Кез-келген ертегіден үзінді көрсетіледі сол ертегіні атау. IV бөлім – «Ертегілер еліне саяхат» (Сахналау). Шарты: Әр топқа бір-бір ертегіден беріледі. Оқушылар берілген ертегінің кейіпкерлерін өз араларында бөліп алдып. Ертегіден үзіндіні сомдап шығу керек. Үздік орындап шыққан топ женіске жетеді. V бөлім – «Кім шапшаң?» Шарты: Ертегіден үзінді оқылады. Ертегінің атын табу және жалғастырып айту. Түлкі, түлкі сен неге мына семіз аққуларды жемейсің? – дейді. (Күңшіл үйрек) Қыз итті шақырады. Ит мысықты шақырады. Мысық тышқанды шақырады. (Шалқан) Төгілмесе, ешкім ішпесе бір қазан сүт қайда кетеді. (Бір қазан сүт) Көлге қарқырдың құйрығы мұз болып қатып қалыпты. (Түлкі мен қасқыр) VI бөлім – «Кім білгір?» Шарты: Сурет бойынша ертегілердің атын табу керек. Маша мен аю Түлкі мен т ырна Бауырсақ Жеті лақ пен қасқыр Шалқан Атай көктемде шалқан егеді. Шалқан үлкен дәу болып өседі. Күзде атасы шалқанды жапырағынан ұстап тартып көрді. Бірақ шалқан жұлынбады. Көмекке әжені шақырады. Әже - атадан, атай – шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады. Әжесі немере қызын шақырады. Немересі - әжесінен, әжесі – атасынан, атасы – шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады. Немересі итті көмекке шақырады. Ит –немересінен, немересі - әжесінен, әжесі – атасынан, атасы – шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады. Ит мысықты көмекке шақырады. Мысық – иттен, ит –немересінен, немересі - әжесінен, әжесі – атасынан, атасы – шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады. Мысық тышқанды көмекке шақырады. Тышқан –мысықтан, мысық – иттен, ит –немересінен, немересі - әжесінен, әжесі – атасынан, атасы – шалқанның жапырағынан ұстап тартып - тартып. Осылай бәрі қосылып шалқанды жұлып алды. Шұбар тауық Ертеде бір шал мен кемпір өмір сүріпті, олардың Шұбар тауығы болыпты. Бір күні тауық жай емес, алтын жұмыртқа тауыпты. Шал мен кемпір қуаныпты. Шал: Кемпір, жұмыртқаны жарып көрсек қайтеді, мүмкін ішінде гауһар тас бар шығар? Шал жұмыртқаны қасықпен ұрып-ұрып сындыра алмапты. Кемпір: Әкелші мен жарып көрейін деді. Кемпір де жұмыртқаны ұрып-ұрып сындыра алмапты. Тарсылды естіген тышқан інінен шығып, үстелдің үстімен жүгіріп бара жатып, жұмыртқаны құйрығымен қағып кетеді. Жұмыртқа еденге түсіп жарылып қалады. Шал мен кемпір жылайды. Шұбар тауық: Ата,әже жыламаңыздар!Мен сендерге алтын емес жай жұмыртқа тауып беремін. Көп кешікпей тауық бір себет ірі де тәтті жұмыртқа тауып береді. Осылайша олар бақытты өмір сүре береді. |