Главная страница
Навигация по странице:

  • Баяндама Мал шарушылық өнімдерін өндіру технология мамандығыТақырыбы

  • акерке биохим. Таырыбы Витаминдер Орындаан 2курс студенті Досмагулова А. С тексерген


    Скачать 14.89 Kb.
    НазваниеТаырыбы Витаминдер Орындаан 2курс студенті Досмагулова А. С тексерген
    Дата03.10.2019
    Размер14.89 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаакерке биохим.docx
    ТипДокументы
    #88427

    Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
    Аграрлық – техникалық институты
    Мал шарушылық өнімдерін өндіру технология кафедрасы

    Баяндама

    Мал шарушылық өнімдерін өндіру технология мамандығы

    Тақырыбы: Витаминдер

    Орындаған: 2-курс студенті Досмагулова А.С

    Тексерген: Исмаилова Ж.Б

    Қостанай 2019

    Витаминдер дегеніміз — биологиялық жоғары пәрменді органиқалық заттар. Витаминдер энергия көзі емес және пластикалық материалдар қатарына да жатпайды, дегенмен ағзаның қалыпты тіршілігі үшін маңызы зор, химиялық құрамы әр түрлі зат тобы. Қан айналу жолына түскен витаминдер ағзада жүретін барлық биохимиялық процестерге қатысады, олар қоректік зат алмасу процесіне қатысып, ағзаның жақсы өсіп-жетілуіне әсер етеді. Ағзада витаминдер өте аз болғанда, мал авитаминоз ауруына шалдығады, ал витаминдер жетіспеген жағдайда пайда болатын қоректік заттардың алмасу процесінің бұзылуын гиповитаминоз деп атайды. Витаминдердің ағзада жетіспеуі салдарынан жас малдың өсуі тежеледі, азықты өніммен өтеуі нашарлайды және бұл өзгерістердің көпшілігі қалпына келмейді. Көптеген витаминдердің химиялың құрамы қазіргі таңда белгілі. Медицина жөне микробиологиялық енер-көсіптер малды азықтандыруға қажет витамин топтарын шығарады. Витаминдер ерігіштік қасиеттеріне қарай майда және суда еритін витаминдер болып екі үлкен топқа бөлінеді: Майда еритін витаминдер тобына А, Д, Е, К, ал суда еритін витаминдер қатарына В комплексіндегі витаминдер және С витамині жатады.

    Қазіргі кезде 30-дан астам витаминдер түрлері ашылды. Суда еритін витаминдер ферменттердің простетикалық топтарының құрамына кіреді, сөйтіп, олар ферменттердің активтілігін жоғары-латады. Керісінше де әсер етеді. Суда жақсы еритін витаминдер түрі өте көп. Бұл витаминдердің адам организміне қабылдану мөлшері де түрлішс болады.

    Ал витаминдерді көп мөлшерде пайдалану гипервитаминоз құбылысының тууына әкеледі. Тамақ азықтарында, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен басқа да заттардың құрамында кездесетін вита-миндерді түрлі түсті сапалық реакциялар көмегімен ашуға болады.

    Суда еритін витаминдер

    Гиамин (В] витамині, аневрин). Тамақ құрамында тиамин немесе В1 витамині жоқ болса, бери-бери немесе полиневрит деген ауруға шалдығады. Полиневрит кезінде нерв жүйелері қабынады, жүректің қызметі бұзылады, асқазан-ішск трактасының қызметі бүлінеді, ас қорыту сөлінің секрециясы төмендсйді, судың алмасуы бұзылады, ісік пайда бола бастайды.

    Мал шаруашылығында қолданатын азықтардың көпшілігінің құрамында А витамині кездеспейді, ал өсімдік тектес азықтарда А витамині каротин түрінде кездеседі. Каротин ащы ішек қабыргаларында А витаминіне айналады да, лимфа түйіршіктері арқылы қанға өтеді. А витаминінің қайнар көзі — нәлім (треска) балығының бауырынан алынатын балық майы мен жұмыртқаның сары уызы. Ағзаға каротин шамадан тыс көп түскенде А витамині бауырда жиналады, оның қоры ағзаға азықпен каротин аз түскенде қолданылады. Ауаның өсерінен каротин тез бұзылады. Сондықтан ашық ауадағы жөне күн сәулесінің әсеріне көп уақыт бойы ұшыраған азықта каротин аз болады. Сол себептен каротинге бай азықтарды булауға, ұзақ уақыт қайнатуға болмайды. Каротин жас көк өсімдіктерде, әсіресе жоңышқа жапырағында, қызыл сәбізде, сары тарыда көп болады.

    А витамині (ретинол). А витамині майларда және май еріткіштер — бензин, эфир, ацетонда жақсы ериді. Ол ультракүлгін сәулелерінен тез бұзылады және ауа оттегінде тотығады. Жоғары температурада бұзылу процесі жылдам жүреді. Оттегі жоқ ортада олар 100° С температурада сақталады. Бүгінгі күнге дейін А витаминінің жеткіліксіздігінен пайда болатын 50-ден астам функционалдық ауытқулар белгілі: олардың бастысы мал тәбетінің төмендеуімен, жас төлдердің өсуінің тоқталуымен, жыныс бездері жұмысының бұзылуымен сипатталады. Осыған байланысты А витаминін өсу витамині деп атайды. А витаминінің жеткіліксіздігін дөлірек сипаттайтын басты белгі-кешкілік, ала көлеңкеде көру мүмкіндігінің күрт төмендеуі, оны «ақшам соқыр» деп атайды. А авитаминоздың одан әрі дамуы көздің мүйіз қабықшасының жұмсаруына әкеліп соғады. А витаминінің болмауы, не жетіспеуі тыныс жолдарының, ішек жолы қабықшаларының құрғақтанып, мүйізденуіне әкеліп соқтырады. А гиповитаминозды анықтайтын қосымша белгілер қатарына малдардың қысыр қалуы, іш тастауы, әлсіз, не соқыр төл тууы, жыныс ұрықтары сапасының төмендеуі, қанның, сүттің, уыздың құрамында А витамині мөлшерінің төмендеуі жатады.


    написать администратору сайта