Главная страница
Навигация по странице:

  • Негізгі ұғымдар: Дискіні форматтау

  • Дискіні дефрагментациялау

  • Архивтеу программалары

  • Жаттығу жұмыстары: 1 -жаттығу. Флешжад-ты форматтау.

  • Ескерту ! !!

  • 2-жаттығу. WinZip архивтеу прораммасын пайдалану

  • Өздік жұмыс тапсырмалары

  • Нұсқа№ 1 -тапсырма 2 -тапсырма 3 -тапсырма

  • Бақылау сұрақтары

  • Windows операциялық жүйесімен жұмыс жасау. Таырыбы Windows операциялы жйесімен жмыс жасау. Windows командаларымен жмыс


    Скачать 23.2 Kb.
    НазваниеТаырыбы Windows операциялы жйесімен жмыс жасау. Windows командаларымен жмыс
    Дата18.04.2021
    Размер23.2 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаWindows операциялық жүйесімен жұмыс жасау.docx
    ТипПрограмма
    #195927

    Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесімен жұмыс жасау. Windows командаларымен жұмыс».



    Мақсаты: Дискілермен жұмыс жасай білуге үйрету, дискіні форматтау, диск бетіндегі физикалық ақауларды тексеру, дискіні, бумалар мен файлдарды вирусқа тексеру, архивтеу программаларын пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру .

    Негізгі ұғымдар:

    Дискіні форматтау – операциялық жүйе және оның қосымшалары дискіге мәліметтер мен программаларды жазатындай, оқитындай және т.б. әрекеттерді орындайтындай жағдайға келтіру үшін оның бетін саны шектеулі секторларға , жолдарға бөлу, яғни дискінің бетін жұмысқа даярлау.

    Дискіні тексеру стандарт қызметші программа (Проверка диска) көмегімен дискінің файлдық жүйесіндегі қателерді, секторлардағы ақауларды табуды және оларды жөндеуді білдіреді.

    Дискіні дефрагментациялау стандарт қызметші программа (Дефрагментация диска) арқылы, компьютер жұмысының өнімділігін арттыру үшін, бір дискі көлемінде шашырай орналасқан файлдың бөліктерін бір-біріне жақын облыстарға жылжытып, дискідегі үзік-үзік орналасқан бос облыстарды жоюды қамтиды.

    Архивтеу программалары – көлемі үлкен файлдарды сығып, көлемін кішірейтіп архивке орналастыруды білдіреді. Бұл тәсілдің файлдарды сақтаушы құрылғыларға көшіруде, желі арқылы тасымалдауда өте маңызды практикалық мәні бар. Файлдарды архивтеу үшін және архивтелген файлды қайтадан қалпына келтіру үшін арнайы архивтеу программалары қолданылады. Кең тараған архивтеу программаларына WINZIP, ARJ, WINRAR және т.б. программалары жатады. Файлды архивтеуде қандай программа қолданылса, оны қалпына келтіруде де тап сол программа қолданылуы қажет.

    Компьютерлік вирустар – бұл дискідегі мәліметтердің бұзылуына, соның нәтижесінде компьютер жұмысында түрлі ақаулардың болуына себебін тигізетін, шағын көлемдегі файл түрінде болатын, арнайы жазылған компьютерлік программалар. Қазіргі ақпараттық технологиялар индустриясында вирустық программалардан қорғану маңызды мәселелердің бірі. Компьютерді вирустық программалардан қорғау үшін арнайы антивирустық программалар деп аталатын програмалар қолданылады. Олардың қызметі- компьютерлік вирустарды ұстап алу, іздеп тауып алу, жою, т.б. және олардың қызметі үнемі жетілдіріліп отырады. Кең тараған антивирустық программаларға Doctor Web, AVP, Norton Antivirus жатады.
    Жаттығу жұмыстары:

    1-жаттығу. Флешжад-ты форматтау.

    1. Флешжад-ты USB тетігіне салыңыз, әрі қарай

    • Проводник программасын немесе Мой компьютербумасын пайдаланып Съемный диск белгісін тауып, белгілеп алыңыз.

    • Жоғарғы мәзірдегі Файл -> Форматировать командасын немесе контекстік мәзірдегі (тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы шақырылатын мәзір) Форматировать командасын орындаңыз.

    • Пайда болған терезеде өзіңізге қажет шарттарды (мысалы, форматтаудың түрі Полное немесе Быстрое) қабылдаңыз да, орындауға жіберіңіз.

    Ескерту!!! Форматтау сол дискідегі барлық мәліметтерді жояды.

      1. Флешкаға бірнеше объектілерді (бумалар, файлдар) көшіріңіз.

      2. Флешкадағы бос орынды қараңыз, ол үшін

    • Тышқанның көрсеткішін Съемный диск белгісіне апарыңыз, сол кезде экранда дискінің көлемі және ондағы бос орынның көлемі туралы мәлімет шығады немесе

    • Съемный диск флешжадының контекстік мәзіріндегі Свойствакомандасын орындау керек.

    2-жаттығу. WinZip архивтеу прораммасын пайдалану

    1. Өз бумаңызда Архив1 деп аталатын бума құрыңыз.

    2. Құрылған Архив1 бумасына архивтеуге қажет файлдарыңызды, бумаларыңызды орналастырыңыз. Архив1 бумасының көлемін тексеріңіз, жазып алыңыз.

    3. Құрылған Архив1 бумасының белгісінде тышқанның оң жақ батырмасына шертіңіз және пайда болған контекстік мәзірден Добавить в архив командасын орындаңыз.

    4. Архивтеу параметрлерін көрсетіңіз (архивтің аты Doc.zip)

    5. Архивтелген буманың көлемін жазып алған бастапқы бума көлеміменсалыстырыңыз.

    6. Өз бумаңызда Архив2 деп аталатын жаңа бума құрыңыз.

    7. Doc.zip архивінен *.doc кеңеймелі файлдарды алып Архив2 бумасына орналастырыңыз, ол үшін

    • Архивтелген бума белгісіне екі рет шертіңіз де, пайда болған терезедегі (архиватор терезесі) саймандар панелінен Найти командасын орындаңыз.

    • Искать командасының терезесіне ізделінді файлдың аты немесе шаблоны (кеңеймесімен қоса) жазылады да орындауға жіберіледі.

    • Результаты поиска терезесіндегі шыққан файлдардың бәрін белгілеңіз және Извлечь в командасын орындаңыз.

    • Пайда болған терезеде қалпына келтірілген файлдар барып орналасатын Архив2 бумасының маршруты көрсетіледі және ОК орындалады.

    8. Архив2 бумасын дискетаға көшіріңіз.

    3-жаттығу. Дискіге қызмет көрсету.

      1. Флешжад-тың Съемный диск) жұмыстық бетін тексеру. Ол үшін :

    • Мой компьютер терезесінен Съемный диск белгілеп алынады.

    • Осы терезенің Файл мәзірінен немесе контекстік мәзірден Свойствакомандасы орындалады.

    • Пайда болған терезедегі Сервис жапсырмасының тобындағы Проверка диска бөліміндегі Выполнить проверку командасы орындалады.

    • Параметры проверки диска тобындағы Проверять и восстанавливать поврежденные сектора тұсына тышқанмен шертіп белгі қойыңыз., орындауға жіберіңіз.

    4- жаттығу: Флешжад-ты вирусқа тексеру.

    1. Флешжад-ты салыңыз.

    2. Съемный диск үшін ашылған контекстік мәзірден антивирустық программаны (Kaspersky AntiVir) іске қосыңыз.

    3. Келесі Флешжад-ты вирусқа тексеріп көріңіз.

    Өздік жұмыс тапсырмалары:

    (Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген

    2-кестедан алынады)


    1. Жұмыс үстелінде … бума құрыңыз /көп нүкте орнына сәйкес бума атын кестедан аласыз, 1-тапсырма/.

    2. Құрылған бумаға архивтелетін ... кеңеймелі файлдарды орналастырыңыз /2-тапсырма/.

    3. … ZIP архивін құрыңыз./3- тапсырма/

    4. Архивтік буманы дискетаңызға көшіріңіз.

    5. Зертханалық жұмыс тақырыбын, дискілермен , бумалармен, файлдармен жасалған жұмыстардың алгоритмін, жиі қолданылатын амалдарға сәйкес Windows жүйесіндегі жедел пернелер комбинацияларын дәптерге жазыңыз .

    2-кесте

    Нұсқа№

    1 -тапсырма

    2-тапсырма

    3-тапсырма

    1

    Текст

    *.txt

    Архив1

    2

    Документы

    *.doc

    Архив2

    3

    Рисунки

    *.bmp

    Архив3

    4

    Таблицы

    *.xls

    Архив4

    5

    Сайт

    *.html

    Архив5


    Бақылау сұрақтары:
    1)Дискіні форматтау не үшін қажет?

    2)Дискіні дефрагментациялау не үшін қолданылады?

    3)Компьютерлік вирус деген не?

    4)Архивтеу не үшін қажет?

    5)Жиі қолданылатын архивтеу программалары қандай?


    написать администратору сайта