Главная страница

ОБӨЖ. Реферат. Ғабиден А.. Таырыбы Зерттелуді осымша дістеріні маызы. Лабораториялы зерттеу дістерін жргізу жне науасты дайындау. Пациентті аспапты зерттеу дістеріне дайындау. Орындаан абиден А. М тобы Б 20 Б абылдаан Комекова Р. М шымкент 2021 ж. Жоспары


Скачать 0.77 Mb.
НазваниеТаырыбы Зерттелуді осымша дістеріні маызы. Лабораториялы зерттеу дістерін жргізу жне науасты дайындау. Пациентті аспапты зерттеу дістеріне дайындау. Орындаан абиден А. М тобы Б 20 Б абылдаан Комекова Р. М шымкент 2021 ж. Жоспары
Дата27.10.2021
Размер0.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаОБӨЖ. Реферат. Ғабиден А..docx
ТипДокументы
#256964

Шымкент қ. ДСБ ШЖҚ ”Жоғары медицина колледжі” МКК

Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавр біліктілігімен “Мейіргер ісі” бөлімі

ОБӨЖ

Тақырыбы: Зерттелудің қосымша әдістерінің маңызы. Лабораториялық зерттеу әдістерін жүргізу және науқасты дайындау. Пациентті аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау.

Орындаған: Ғабиден А. М

Тобы: ҚБ 20 «Б»

Қабылдаған: Комекова Р.М

Шымкент 2021 ж.

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

  1. Лабораториялық зерттеу әдістері.

  2. Лабораториялық зерттеу әдістері.

  3. Аспаптық зерттеулер .

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Лабораториялық зерттеу әдістері.

Лабораториялық зерттеу әдістері науқасты зерттеудің өте маңызы қосымша әдістерінің бірі болып саналады. Кейбір жағдайларда лабораториялық мәліметтер диагноз қоюда, науқастың жағдайын бағалауда шешуші роль атқарады.
Лабораториялық зерттеу әдістерінің нәтижелері биологиялық материалды дұрыс алу ережелеріне байланысты болып келеді. Зерттеуге қан, бөлінділер /зәр, нәжіс, қақырық/, асқазан 12 елі ішек сөлі, өт, жұлын сұйықтығы, экссудаттар, транссудаттар, пунктаттар, мұрын және жұтқыншақтан жағынды т.б. алынады. Кейбір зерттеулер барлық науқастарға жүргізіледі, ал кейбіреулері диагнозына қарай қатаң көрсетпелермен жүргізіледі


Лабораторлық зерттеу әдістері :

  • Клиникалық қан анализі

  • Биохимиялық қан анализі

  • Коагулограмма

  • Адамның хориондық гонадотропинге антидененің анықталуы •

  • Жалпы зәр анализі

  • Нечипоренко бойынша зәр анлизі

  • Зимницкий бойынша зәр анализі

  • Реберг сынамасы

  • Ақуызды анықтау үшін тәуліктік зәр анализі

  • Диурезді есептеу

  • Зәрді бактериологиялық зерттеу

Зертханалық зерттеулерге қанды алу.

Қанды зерттеудің бірнеше түрлері бар: жалпы клиникалық, биохимиялық және иммунологиялық.

Қанды жалпы клиникалық зерттеудің мақсаты – қандағы пішінді элементтердің (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) сапасын және мөлшерін анықтау, гемоглобин (Нв) мөлшерін, эритроциттердің тұну жылдамдығын (ЭТЖ) анықтау.

Дені сау адамның өзінде қанның құрамы тәулік ішінде тамақтың, физикалық жүктемелердің, ішке қабылдаған сұйықтықтың мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан жалпы клиникалық зерттеуге қан саусақтан (лаборант алады) таңертең ашқарынға алынады. Биохимиялық зерттеу кезінде қандағы кейбір заттар (қандағы глюкоза, билирубин, холестерин, белок т.б.) анықталады.

Қанды биохимиялық және иммунологиялық зерттеуге мейірбике егу бөлмесінде таңертең ашқарынға күре тамырдан 5-7 мл мөлшерде таза құрғақ пробиркаға алады, жолдамамен клиникалық лабораторияға жіберіледі. Қанның клиникалық анализі –мейірбике кешке қарай науқасқа жалпы қан анализін аш қарынға алатындығын түсіндіруі қажет.

Көк тамырдан биохимиялық зерттеуге қан алған кездегі мейірбикенің атқаратын іс- әрекеттері:

  1. Қолды сабындап жуу. Электроқұрғатқыш немесе орамалмен құрғату.

  2. Қолды спиртке батырылған мақта шариктерімен өңдеу (біреуі алақанды,

  3. Екіншісі алақанның сыртқы бетін). Қолды саусақтар ұшынан бастап Білезікке қарай бағытта өңдеу.Қолғапты киіп, емделушінің шынтақ сүйегінің астына жастықшаны Салыңыз.

  4. Иық сүйегінің 3/1 бөлігіне салфетка үстіне бұрау салыңыз; қолғапты Спиртпен өңдеңіз.

  5. Емделушінің жұдырығын “ашып-жауып” жұмыс істеуін сұраңыз.

  6. Теріні спиртке батырылған 2 мақта шаригімен өңдеңіз.

  7. Шынтақ бүкпесінің терісін сол қолмен тартып, көк тамырды бекіту Керек. /Бұл жағдайда емделушінің қолы жұдырыққа түюлі/

  8. Көк тамырға иньекция жасап керекті мөлшерде қанды алыңыз /5-10мл/.

  9. Бұрауды алып, емделуші жұдырығын ашуын сұрау керек.

  10. Спиртке батырылған мақта тампонымен тесілген жерді басып инені Шығарып алу керек.

  11. Емделушіден 5 минутқа шынтақ буынын бүгуін сұраңыз.

  12. Қанды пробиркаға салып жолдама жазып, зертханаға жіберіңіз.

Қанды бактериологиялық зерттеуге алу іс-әрекеттері жоғарғыдай, бірақ қан стерильді тығыны бар пробиркаға алынады.

Жолдама жазып, оны клиникалық зертханаға жіберу қажет.

Жабдықталуы :Стерильді астауша /мақта шариктері, салфеткалармен /, пинцет стерильді шыны пенициллин флакондары /консервантсыз/, резеңке тығынымен, контейнер, су моншасы 45С, парафин, контейнерді тасымалдау үшін мақта поролон салынған бикс, шыныға жазу үшін арнайы қалам, спирт 70% ; бұрау, жастықша, 30% хлорамин, астауша, 2 нұсқа жолдама және олар үшін целлофанды пакет.

Мейірбикенің іс-әрекеттері:

  1. Қолды жуу кептіру, арнайы киім киіп, венепункция үшін науқасты Ыңғайлы етіп отырғызу немесе жатқызу.

  2. Шприцті алып, венепункция жасаңыз. Күре тамырдан 3-5 мл қанды алып, Спиртке батырылған мақта тампонымен тесілген жерді басып инені Шығарып алу керек.

  3. Емделушіден 3-5 минутқа шынтақ буынын бүгуін сұраңыз.

  4. Қанды стерильді флаконға салып, стерилденген тығынмен жауып, Номерлеу қажет.

  5. Флакон тығынын ерітілген балауызбен /парафин – су моншасында /Өңдеңіз.

  6. Флаконды металл контейнерге орналастырыңыз, контейнерді, Герметикалық лейкопластырмен жабыңыз.

  7. Тампонды дез. Ерітіндіге тастаңыз.

Қақырықты бактериологиялық зерттеу

Қақырықты бактериологиялық зерттеу ауру қоздырғышын анықтау және антибиотиктерді эффективті таңдау үшін жүргізіледі.

Жабдықталуы: стерильді мойыны кең шыны ыдыс /бактериологиялық зертханадан алынған/, крафт-қағаздан қақпағымен, ыдыста қоректі орта болуы тиіс.

Мейірбике іс -әрекеті:

  1. Науқасқа қақырық таңертеңгілік, ашқарынға алатындығын түсіндіру

Қажет.

  1. Науқас қақырық жинаған кезде стерильді ыдыстың қабырғаларына

Қолы мен ауызын тигізбей қақырығын тастаған соң жылдам қақпағын

Жабу керек.

  1. Қақырық 1-1,5 сағатқа дейін бактериологиялық зертханаға контейнермен Жіберіледі.

Атипиялық жасушаларға қақырықты зерттеу

Көрсетпе: қатерлі ісікке күдіктенгенде.

Жабдықтау: құрғақ, таза шыны ыдыс.

Мейірбикенің іс-әрекеті

1. Зертханалық ыдысты дайындау.

2. Жолдама жазып оны ыдысқа дәріханалық резеңке арқылы бекіту.

3. Кешке емделушіге түсіндіріп, дайын ыдысты беру.

4. Науқас таңертең сағат 8.00-де аш қарынға, жөтел алдында, тісті жуып, ауызды сумен шайғаннан кейін бірнеше рет таза шыны ыдысқа қақырықты жинайды.

5. Мейірбике сағат 8.30-да зертханаға қақырық жиналған ыдысты жібереді.

Ескерту. Атипиялық жасушалар тез жойылады, сондықтан қақырықты жедел зертханаға жіберу керек.

Қақырықтың тәуліктік мөлшерін анықтау

Жабдықтау: құрғақ, таза мөлшерленген қалта түкіргіш.

Мейірбикенің іс-әрекеті:
1. Емделушіге қалта түкіргішін беріп түсіндіру.

2. Науқас түкіргішке таңғы сағат 8.00-ден ертеңгі күні сағат 8.00-ге дейін қақырықты жинайды.

Мейірбике түкіргішті босатар алдында қақырықтың мөлшерін жазып алады. Алынған қақырықтың тәуліктік өлшемін температуралық параққа белгілейді.

Ескерту. Егер қызу қағазында белгілейтін орын болмаса, ауру тарихына тіркеледі.

Ахметов А. А тәуліктік қақырық мөлшері:

Күні: мөлшері:

  • 17/3 100,0

  • 18/3 25,0

  • 19/3 25,0

Қ
ақырық пен қалта түкіргішті залалсыздандыру


Зертханалық зерттеу әдістері

  • Зертханалық зерттеу . әдістері пациенттерді зерттеудің өте маңызды қосымша әдістерінің бірі болып саналады . Кейбір жағдайларда лабораториялық мәліметтер диагноз қоюда , пациенттің жағдайын бағалауда шешуші рөл атқарады .














ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖӘНЕ АСПАПТЫҚ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ

Зертханалық тексеру әдістері

Зәрді зерттеу :

  • жалпы тексерісі – мөлшері , түсі , меншікті салмағы , құрамында – белок ; тұнбасында қан элементтері –Эр . , Л. , эпителийлер ( сопақша , цилиндрлік ) , тұздар , кілегейлер , ірің ;

  • бактериялогиялық және бактерияскопиялық зерттеу – қабынулық себебін , жұқпалар түрін ( таяқшалар , коккалар ) және антибиотиктарға сезімталдығын анықтау

  • құрамындағы қан элемен енттері мен эпителий санын анықтау :

  1. Нечипоренко ( эритроциттер , лейкоциттер , цилиндрлер )

  2. Аддиса – Каковский ( эритроциттер , лейкоциттер , цилиндрлер ) сынақтары

Зимницкий сынағы – зәр арқылы бүйректің концентрациялық қызметін анықтау

анықталатын көрсеткіш – зәрдің меншікті салмағының тәулік бойында

3 сағат аралықтағы өзгерісі ( 8 мөлшері алынады ) және тәуліктік зәр мөлшері , күндізгі мен түнгі дәрет тепе – теңдігі анықталады .

Реберг сынағы -шумақтық фильтрация көлемі мен судың кері сіңірілу деңгейі анықталады – бүйректің 1минутте тазартып шығаратын плазма көлемі креатинин мөлшері арқылы есептеледі .

Зертханалық тексеру әдістері

  • Қанды зерттеу – қанның жалпы анализі –ЭТЖ , Л – тоз , анемия белгілері ;

  • қанның биохимиялық анализі -азот алмасуының қалдық заттарры -креатине , қалдық азот , мочевина.

Аспаптық зерттеулер

Аспаптық зерттеулер- бүйрек және несеп шығару жолдарының анатомиялық пен морфологиялық құрылымы және қызмет деңгейін анықтайды :

  • -УДТ

  • КТ

  • MPT

  • радиоизотоптық сканерлеу және ренография

  • Р – логиялық тексеріс

Анықталатын көрсеткіштер :

  • көлемі , тостағанша –түтікше жүйесінің пішіні , ісіктер , тастар , қан тамырлар жағдайы , бүйрек қызметі.

Науқасты тексеру әдістері – белгілі бір ауруды танып білу үшін , аурудың әртүрлі белгілерін анықтау үшін және ағзадағы өзгерістерін анықттау үшін қолданылатын клиникалық зерттеу әдістері .

Науқасты зерттеу барысында табылатын симптомдарды объективті симптомдар деп айтады . Сондықтан науқасты клиникалық тексеру әдістері

  • субъективті ,

  • объективті ,

  • зертханалық ,

  • аспаптық болып бөлінеді .

Қосымша ( зертханалы – аспапты ) тексерулерді арнайы дайындалған мамандар жүргізеді . Қосымша әдістер ( биопсия , эндоскопия , рентген , цитодиагностика және т . б . ) негізгі тексеру әдістері сияқты маңыздылығы зор , кейде диагнозды дұрыс қоюға шешуші рөлді атқарады . Науқасты сұрастыру және объективті тексеру күнделікке жазылып отырады және тағайыдалған ем ауру тарихына енгізіледі.

  • Эндоскопиялық зерттеу әдістері

  • Эндоскопиялық зерттеу тәсілдері – ерекше оптико – механикалық құралдардың арқасында көз бен қуыс мүшелерінің шырышты қабатын тексеру тәсілдеріне негізделген . Тексеру кезінде биопсия ( тексерілетін ағзадан кішкене бір бөлімшесі ) алуға болады .

Жиі қолданылатын эндоскопиялық зерттеу тәсілдері :

  • 1. ФГДС ( фиброгастродуоденоскопия ) — фиброгастроскоп арқылы өңеш , • асқазан , 12 елі ішектің шырышты қабаттары зерттелінеді .

  • 2. Колоноскопия -колоноскоп арқылы жуан ішек зерттелінеді .

  • 3. Ректроманоскопия – ректоскоп арқылы сигма тәрізді және тік ішек зерттелінеді .

  • 4. Цистоскопия — цистоскоп арқылы қуық зерттелінеді .

  • 5. Бронхоскопия- бронхоскоп арқылы бронх ағашы зерттзерттелінед.

Рентгенологиялық зерттеу әдістері

  • Рентгенодиагностика деп ағзаны рентген сәулесімен зерттеуді айтамыз . Оның негізгі тәсілдері – рентгеноскопия , рентгенография және рентгенофлюорография .

  • Рентгеноскопия – ішкі ағзаны рентгенмен көру және оның анатомдық – физиологиялық ерекшелігі мен қызметін зерттеу .

Аспаптық және радиоизотопты зерттеу УДЗ

Ультрадыбыс – жүрек қан – тамыр жүйесінің диагностикасында ( жүрек ) , ас қорыту жүйесі ( бауыр , өт қабы , көк бауыр ) , зәр шығару жүйесі ( бүйрек , қуық , жыныс ағзалары ( жатыр , аналық без , қуық асты безі ) , эндокрин жүйесінен ( қалқанша без , ұйқы безі ) жиілігі жоғары толқынды дыбыс арқылы тексеру тәсілдері .

Жүрек -тамыр жүйесін тексерудің инструментальды тәсілдері .

Электрокардиография – жүрекке пайда болатын электр тогын ( биотокты ) жазу тәсілі . Электр тогының пайда болуы жүрек бұлшық етінің қозу қасиетіне байланысты .

КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯ

Компьютерлік томография ( КТ ) 64 бұрандалы Somatom Definition AS ( Siemens ) компьютерлік томографиясында – қарапайым талдаудан бастап , күрделі ангиографиялық зерттеулерді де , соның ішінде коронарографияны да жүргізетін , қаладағы осындай бірден – бір аппарат арқылы орындалады . КТ – нысанды рентген сәулесінің жіңішке шоғы арқылы айналдыра сканерлеу жолымен алынған суретті компьютерлік қайта құрылымдауға негізделген көп қатпарлы рентгенологиялық зерттеу . Бастапқы суреттер алынған соң , олар жұмысшы станцияда өңделеді , бұл кез келген қажетті кеңістіктегі бейнелерді алуға және неғұрлым дәл және сенімді ақпарат үшін күрделі компьютерлік қайта құрылымдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді .

Ультрадыбыс ( лат . ultra – шектен тыс , үстінде және дыбыс ) – адам құлағына естілмейтін жиілігі 20 кГц – тен жоғары серпімді толқындар . Ультрадыбысты жануарлар ( жарғанаттар , балықтар , жәндіктер ) қабылдай алады .

Эндоскопиялык зерттеу әдістері :

Эндоскопиялық зерттеу әдістері туралы түсінік . Зерттеуді еткізуге көрсеткіштер ЖЭне кері көрсеткіштері . Зерттеу әдістері : эзофагогастро – дуоденоскопия , бронхоскопия , колоноскоішя , ректороманоскопия , Цисто скопия , торокоскопия , лапароскопия жэне хромоцистоскопия . Науқасты зерттеуге дайындау .





Гастроскопия:

Гастроскопия асқазанның кілегей қабатының жағдайы туралы толық мәлімет береді : оның түсі , бетінің өзгеруі , гастриттің сипаты , орналасқан жері , эрозивтік және ойық жаралық зақымдануы , өспелердің бар жоғы . Гастроскопия әдісін қолдана отырып емдік шаралар өткізіледі : ойық жараға дәрілер енгізіледі , лазер сәулелер ендіріледі , бөтен заттарды алып тастауға болады .

Зертханалық зерттеулер :

Жалпы клиникалық зертханалық зерттеулер нәтижелері – жас нормасына сәйкес

Аспаптық зерттеулер :

  • Нейрорадиологиялық зерттеу – бас миының МРТжТ : құрылымдық өзгерістер жок .

  • Бас миының ультрадыбыстық зерттеу – НСГ : құрылымдық өзгерістер жоқ

  • Офтальмологиялық зерттеу – офтальмоскопия , торқабық тамырларының ангиопатиясы өзгеріссіз .

  • ЭЭГ : ми белсенділігінің негізгі биоэлектрикалық амплитудасының төмендеуі .

  • ЭКГ : синусты тахикардия .

  • Люмбальды пункция : патологиялық өзгеріссіз .

  • Бас тамырларының УДДГ : тонустың және тамырлардың толтырылуы , өзгерзен .

  • кешенді УДЗ : патологиялық өзгеріссіз .

  • Кеуде ағзаларының шолу рентгенографиясы : патогикалын өзгеріссіз .

Зәрді зерттеу зәрдің физикалык касиеттерін , химиялық құрамын , тұнба кроскопиясын анықтауға көмек береді және бүйректердің жағдайын және олардың қызметін анықтайды , сонымен қатар басқа мүшелер мен жүйелердің зақымдануын көрсетеді . Сондықтан зәрді зерттеу наукасты жалпы тексерудің негізгі бөлігі болып саналады .

Зар жиналғаннан кейін 1 сағат ішінде зертханаға жіберу керек . Зәрге арналған ыдыс мұқият жуылған болуы керек . Егер зерттеуді дереу өткізу керек болса жолдамаға « cito ! » деп жазу кажет .

Несепті жалпы зерттеуге жинау:

Жалпы аналiзга түсін , мөлдірлігін , несептің тығыздығын , меншікті сал мағын , оның реакциясы мен патологиялық элементтер

Керекті заттар : таза шыны ыдыс , антисептикалық ерітінді немесе қайнаған жылы су , заттаңба .

Зертханалық зерттеулерге нәжісті алу:

Нәжісті лабораториялық зерттеу :

  • копрологиялық зерттеу ;

  • нәжісті глист жұмыртқаларына тексеру ;

  • нәжісті жасырын қанға тексеру ;

  • нәжісті қарапайым құрттарға тексеру ;

  • нәжісті бактериологиялық зерттеу ;

  • ністі диз топқа тексеру ;

Зертханалық зерттеулерге қанды алу .

Қанды зерттеудің бірнеше түрлері бар : жалпы клиникалық , биохимиялық және иммунологиялық . Қанды жалпы клиникалық зерттеудің мақсаты – қандағы пішінді элементтердің ( эритроциттер , лейкоциттер , тромбоциттер ) сапасын және мөлшерін анықтау , гемоглобин ( Hв ) мөлшерін , эритроциттердің тұну жылдамдығын ( ЭТЖ ) анықтау .



Қанды биохимиялық және иммунологиялық зерттеуге мейірбике егу бөлмесінде таңертең ашқарынға күре тамырдан 5-7 мл мөлшерде таза құрғақ пробиркаға алады , жолдамамен клиникалық лабораторияға жіберіледі . Қанның клиникалық анализі –мейірбике кешке қарай науқасқа жалпы қан анализін аш қарынға алатындығын түсіндіруі қажет .

Диагностика

Зертханалық зерттеуге жалпы қан анализі , несеп анализі , нәжіс анализі , асқазан сөлін , қышқылдығын зерттеу , тәуліктік несеп мөлшерін , электролиттерді , бауыр функциясын , қан құю қызметін тексеру керек . Жара он екі елі ішекте орналасса — қышқылдылық жоғары , ал асқазанда – қалыпты немесе кішкене төмендеген немесе жоғарылаған болады . Асқазан сөліне сипаттама беру үшін базалды секрецияны анықтайды ( асқорыту кезінде бездердің жағдайын анықтайды ) , инсулинді сынама жасайды ( вагусты секреторлы аппараттың сезімталдығын көрсетеді ) жөне гистаминді сынама ( функциялаушы жасушалардың мелшерін көрсетеді ) жасалынады .

Зертханалық зерттеулерге зәрді алу

Зәрді зерттеуге алу :

  • - жалпы зерттеуге жинау ;

  • Нечипоренко бойынша ;

  • Зимницкий бойынша зәр анализі ;

  • Ацетон және кетонға анализ ;

  • Диастазаға зәр ;

  • Зәрді қантқа тексеру ;

  • Амбюрже бойынша зәр анализі ;

  • Аддис – Каковский бойынша ;

  • Уробилин және өт пигментіне.

Зәрді зерттеу зәрдің физикалық қасиеттерін , химиялық құрамын , тұңба микроскопиясын анықтауға көмек береді және бүйректердің жағдайын және олардың қызметін анықтайды , сонымен қатар басқа мүшелер мен жүйелердің зақымдануын көрсетеді . Сондықтан зәрді зерттеу науқасты жалпы тексерудің негізгі бөлігі болып саналады .

Мейірбикенің іс – әрекеті :

  1. Зертханалық ыдысты дайындау және оған дәріханалық резеңкемен жолдаманы бсаналады

  2. Кешке қарай емделушіге ыдыс беріп түсіндіру қажет .

  3. Жиналған зәрді зертханаға таңертеңгі 9.00 – ге дейін жеткізу керек .

  4. Келесі күні зертханадан алынған қорытындыларды ауру тарихына жапсыру керек .

Естеріңізде болсын !

  • Зәр жиналғаннан кейін 1 сағат ішінде зертханаға жіберу керек . Зәрге арналған ыдыс мұқият жуылған болуы керек . Егер зерттеуді дереу өткізу керек болса жолдамаға « cito ! » деп жазу қажет .

  • Несепті жалпы зерттеуге жинау

  • Жалпы анализга түсін , мөлдірлігін , несептің тығыздығын , меншікті сал мағын , оның реакциясы мен патологиялық элементтері барын анықтау жатады .

Керекті заттар : таза шыны ыдыс , антисептикалық ерітінді немесе қайнаған жылы су , заттаңба .

Мейірбикенің іс – әрекеті :

  1. Несепті таңертең алу керектігін науқасқа түсінәрекеті

  2. Науқас несеп жинар алдында дәрет алу

  3. . Таза шыны ыдысқа зәрдің ортаңғы бөлігін 100-200мл мөлшерде жинау .

Несепті ұзақ сақтау оның физикалық қасиеттерін өзгертеді , бактерияны көбейтіп , несеп тұнбасының элементтері бұзылады . Нечипоренко бойынша зәр анализі

Мақсаты : зәрдегі пішінді элементтердің ( лейкоциттер , эритроциттер , цилиндрлер ) . мөлшерін анықтау .

  • Бұл әдіспен зерттеудің ерекшелігі – зәрді кез – келген уақытта ала беруге болады , зәрдің мөлшері 5-7 мл – ден кем болмауы керек . Науқас дәрет алып , зәрдің ортаңғы бөлігі 7-10 мл мөлшерін құйып алады .

  • Қалыпты жағдайда лейкоциттер 1мл – де 4000 – ға дейін , эритроциттер 1мл – де 1000 – ға дейін .

  • Зимницкий бойынша зәрдің анализі

Мақсаты : бүйректің концентрациялы қабілетін анықтау , тәуліктегі , күндізгі , түнгі диурезді анықтау .

Жабдықтау : заттаңбасы бар 250 мл 8 таза , құрғақ флакон ( міндетті түрде зәрдің мөлшері , жиналу уақыты номермен белгіленеді ) , қосымша 2-3 флакон .

  • 6.00-900 No 1 24.00-3.00 N97

  • 9.00- 12-00 No 23.00-6.00 No8

  • 12.00-15.00 No 3

  • 15.00-18.00 No 4

  • 18.00-21.00 No 5

  • 21.00-24.00 No 6 }

Мейірбикенің іс – әрекеті :

  • Науқасқа зәрді жинау тәулік бойы болатынын түсіндіру қажет .

  • 2. Таңертең сағат 6.00 –де науқас қуығын босатады ( несепті жинамайды)

  • 3. Сырқат әр 3 сағат сайын 8 ыдысқа несепті жинайды .

  • 4. Барлық 8 үлесті заттаңбаларымен жібереді ;

Егер алынған несеп 1 ыдысқа сыймаса , онда қалдығын басқа бір ыдысқа құяды да заттаңбасына номір – үлеске қосымша несеп деп жазылады . Егер белгіленген уақытта науқас зәр бөлмесе де бос шишаны зертханаға жібереді .

Ацетон және кетон бойынша зәр анализі

Мақсаты : Қант диабетімен ауыратын емделушінің декомпенсация дәрежесін анықтау .

Жабдықтау : Тығыны бар таза құрғақ 250 мл флакон .

Мейірбикенің іс- әрекеті :

  • Науқасқа таңертең дәрет алып , флаконға 50-80 мл ортаңғы зәрдің бөлігін алуды түсіндфлакон

  • 2. Флаконды тығынмен жауып , жолдамамен зетханаға жібереді .

Ескерту : Егер емделуші ессіз болса , зәр түтігі арқылы алынады .

Уробилин және өт пигменттері бойынша зәр анализі

Мақсаты : бауырдың қызметін анықтау .

жабдықтау : тығыны бар таза , құрғақ 250мл флакон .

Мейірбикенің іс әрекеті :

  • Науқасқа таңертең дәрет алып , флаконға 50-80 мл ортаңғы зәрдің бөлігін алуды түсінданықта

  • Флаконды тығынмен жауып , жолдамамен зертханаға жібереді .



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

    • Юмашев “ травматология и ортопедия ” 392-399 стр , 174стр

    • Google.kz.www.Medline.kz

    • Google.kz.thenews.kz/2010 y .

    • Алматы , Қ.Д.Дұрманов


написать администратору сайта