Таырып 13. Мемлекеттік рылымдарды баспасз ызметі
Скачать 33.3 Kb.
|
Тақырып 13. Мемлекеттік құрылымдардың баспасөз қызметі1. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі PR – қоғаммен байланыстың рөлі. 2. Мемлекеттік органдардың PR-қоғаммен байланысы. 3. Электронды «үкімет» пен «коммерция» бағдарламасы. 4. Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру. 1. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі PR – қоғамдық байланыстың рөлі. Мемлекеттік билік құрылымдарында, қоғамдық ұйымдарда, саяси партияларда, қозғалыстарда негізінен алғанда қоғаммен байланыстың саяси PR сияқты ерекше түрі қолданылады. Қазақстанда қазіргі таңда саяси PR негізінен екі салада: Мемлекеттік билік пен басқаруда; Саяси науқандарда (электоралдықнауқандарда)қолданылады. Мемлекеттік PR-дың негізгі мақсаты – білікті де білгір, көреген басшылардың образын қалыптастыру болып табылады. Бұл проблемалар мемлекеттік билік органдарындағы: – азаматтармен жəне ұйымдармен байланыстар орнату жəне оларды қолдап, кеңейтіп отыру; жұртшылықты қабылданып жатқан шешімдер туралы құлақтандырып отыру; қоғамдық пікірді зерттеу; билік органы лауазымды өкілдерінің іс-əрекеттеріне жұртшылықтың көзқарасын талдау; қоғамдық-саяси процестерді болжамдау; ұйымды аналиткалық талдамалармен қамтамасыз ету; ұйымның жағымды образын қалыптастыру сияқты PR қызметінің нақты бағыттарында көрініс табады: Мемлекеттік басқару жүйесіндегі PR рөлі үлкен. Үкімет, об- лыс, қала жəне аудан əкімдіктері түрлі коммуникация арналарын баспасөзді, телерадионы, интернетті өз қызметінің түрлі қырларын ашып көрсету үшін ұдайы пайдаланып отырады. БАҚ-пен жұмыс істеу үшін мемлекеттік құрылымдарда баспасөз қызметтері құрылған. Журналистерді, редакцияларды ақпаратпен қамтамасыз ете отырып, баспасөз қызметтері өз алдына дербес PR-науқанын жүргізе алады. Мəселен, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі шетелдік жəне отандық журналистердің жемісті шығармашылық жұмыс істеуіне жағдай жасайды, баспасөз мəслихаттарын өткізіп, халықаралық шараларға (ақпараттықфорумдарға,симпозиумдарға,конферен-цияларға)қатысады. Ішкі істер министрлігінің, өзге де күштік құрылымдардың журналистермен тұрақты кездесулері дəстүрге айналған. 2. Мемлекеттік органдардың PR-қоғаммен байланысы. Ақпараттық саясатты талдап жасауға бағытталған ақпараттық- аналитикалық (мемлекеттіксаясаттыжүзегеасырукезінденақтыахуалғаталдаужасау,қоғамдықпікірді,халықкөзқарасынбағалау); Ақпараттық-коммуникативтік (халықпенжұмысістегендеақпараттыкөбейтіптарату,сондай-ақмемлекеттікмекемеішіндеəлеуметтік-психологиялықахуалдықолдапотыру,қызметэтикасын,фирмалықстильді сақтау); Кеңесшілік-əдістемелік (жұртшылықпеенбайланыстыжүзегеасыру барысындакеңестерберу); Ұйымдастырушылық-құқықтық (PRқызметінқұқықтыққамтамасызету, акциялар, БАҚ, аудио-жəне бейнетехни-кақатыстырылатынPR-науқандарын,іскерліккездесулер,көрмелер,конференцияларəзірлеу,ұйымдастыружəнеөткізукезіндегі түрлі шаралар мен іс-əрекеттер) жəне басқа функция- ларды жүзеге асырады. Бұл функциялар баспасөз орталығының немесе баспасөз қызметінің күнделікті тыныс-тіршілігінде: азаматтарды бұқаралық ақпарат құралдарын қолдана отырып ұйымның қызметі туралы жедел де толыққанды хабардар ету; басқару органдарының қызметіне арналған ресми хабарла- маларды, мəлімдемелерді жəне басқа ақпараттық (журналистік) материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарына тарату, қажет жағдайда əзірлеп беру; мамандардың, сарапшылар мен авторлардың ұйымның шешімдері мен іс-əрекеттерін түсіндіруге бағытталған ұғын- дырмалар мен түсініктемелер əзірлеп, бұқаралық ақпарат құралдарына жеткізу; «бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес редакция тапсырмасын орын- дап жүрген жəне мемлекеттік басқару органының қызметін жария ететін журналистерді аккредитациядан өткізу; аккредитацияланған журналистерге, сондай-ақ баспасөзде жариялау, теледидардан беру үшін материал жинап жүрген тілшілерге көмек көрсету; Бұқаралық ақпарат құралдары үшін баспасөз релиздерін, шо- лулар, баспасөз бюллетеньдерін дайындау; ұйым жұмысының ағымдағы мəселелері бойынша баспасөз мəслихаттарын, брифингтер, журналистермен кездесулер ұйымдастыру; ұйым туралы баспасөзде жарық көрген, теледидар мен ра- диодан берілген материалдарға талдау жасап, ұйым басшыларына беру; жария етілген деректердің шындық екендігін айқындап, қажет жағдайда түсініктеме жəне теріске шығару хаттарын əзірлеу арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік органның басшысы ақпаратты: баспасөзден; қызметтік арнадан (жоғарғы жəне төменгі буындардан); баспасөз қызметінің ақпараттық-талдамалық бөлімшелері əзірлеген жазбалардан; азаматтарды қабылдау бөлмелерінен; азаматтардың хаттарынан, арыз-өтініштерінен алады. 3. Электронды «үкімет» пен «коммерция» бағдарламасы. Азаматтар хаттарының мемлекеттік басқаруда атқаратын рөлі үлкен. Осы арқылы мемлекеттік қызмет тиімділігіне баға беріліп, халықпен арадағы кері байланыс қамтамасыз етіледі. Осындай байланы- сты қамтамасыз етудегі тиімді құрал интерактивті интернет-тех- нологияларды қолдану болып табылады. Осының арқасында өткен ғасырдың 70-жылдарының басындағы индустриялық қоғамнан кейін келетін «ақпараттық қоғам» ұғымы бүгінгі таңда ақиқатқа айналып отыр. Гуманистік мақсаттарға бағытталған еркін «ақпараттық қоғам» идеясы ақпараттандыруға қатысты бірқатар үкіметтік бағдарламаларды дүниеге əкелді. Қазақстандық бағдарлама екі негізгі сектордағы терең өзгерістердің бастамасы іспетті. Бірінші, мемлекеттік секторда мол да икемді дерек қоры, коммуникация жүйесі, талдау жəне шешім қабылдау құралдары бар біртұтас ағза ретінде электронды үкімет құру жоспарланып отыр. Екінші, коммерциялық секторда бизнестің қауіпсіздігі мен сенім- ділігін қамтамасыз ете отырып, ішкі жəне ғаламдық нарықтар- дағы жаңа мүмкіндіктерді барынша пайдалануға жағдай жасайтын электрондық коммерцияны толығынан енгізу жобалануда. Электронды үкіметті құруға барар жолдағы алғашқы қадам электронды құжат айналымын енгізу болып табылады. «Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес жəне құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Елбасы Жарлығында Үкімет алдында орталық жəне жергілікті органдардың ұйымдық құрылымдарын оңтайландыру, басқарушы буындарды қысқарту мəселесі қойылды. Басқару технологияла- рын жетілдіру жəне мемлекеттік қызмет кадрларының біліктілігін арттыру мақсатында жұмыс регламентін қайта қарау, құжаттарды есепке алудың, өткізудің, келісу мен бақылаудың ережелерін оңтайландыру, қағазбастылықты болдырмау жөнінде түбегейлі шаралар қолдану, құжаттар көлемі мен санын кеміту көзделді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырудың кешенді бағдарламаларын жасап, жүзеге асыру жоспарланды. Қазақстан Республикасы Президентінің аталған Жарлығының тарихи маңызы біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды жеделдету міндетінің қойылуымен, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электронды құжат айналымының біртұтас жүйесін жасауға кезең-кезеңмен кірісу міндетінің айқындалуымен түсіндіріледі. Біртұтас жүйені енгізу мемлекеттік басқарудың сапалық жаңа деңгейіне көшуге, мемлекеттік органдардың ағымдағы жұмысының ақпараттық толықтығының жəне терең талдамалылығының есебінен қабылданатын шешімдердің жеделдігін жəне айқындығын арттыруға, мемлекеттік органдар ішіндегі жəне олардың арасындағы қағаз ағынын күрт кемітуге мүмкіндік береді. Жүйе сондай-ақ «электрондық үкімет» пен «электрондық парламенттің» болуын көздейді.Еліміздіңбарлыққұрылымдарымен азаматтарына ортақ мемлекеттік органдардың ашық ақпаратының жалпы дерек базасы жасалады, оның бір бөлігі халықаралық желіге қосылады. Ал мұның өзі ашық азаматтық қоғамның бір белгісі болып табылады. Азаматтар шенеуніктерге бармай-ақ жүйеден қажетті анықтамалар мен басқа да ақпаратты тікелей ала алады. Компьютерлері болған жағдайда азаматтар үйлерінде отырып-ақ өз арыздары бойынша қажетті ақпарат алады. Компьютері жоқтар қоғамдық орындарда, кітапханаларда, жоғары оқу орындарында, мектептерде тұрған «электронды дүңгіршектерді» пайдалана- ды. Бұл орайда Президент тапсырмасы бойынша Қазақстандағы барлық мектептердің компьютерлендірілгенін атап өтуіміз керек. Қатынас құралдарының қазіргі жағдайын ескергенде, электрондық жүйенің шалғай аудандар мен елді мекендер үшін өмірлік қажеттігі түсінікті болып табылады. 4. Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру. Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру – өткен ғасырдың 80-90 жылдарында жəне ХХІ ғасырдың басында бірқатар дамыған елдерде жүзеге асырылған мемлекеттік басқаруды реформалау- дың негізгі элементтерінің бірі. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мемлекеттік басқару органдарының өзара байланысының (электрондық құжат айналымы жүйесі, интранет арқылы), сондай- ақ коммерциялық жəне қоғамдық ұйымдармен байланыстарының нəтижелілігін арттыруға, қоғаммен байланысты тиімді жолға қоюға жəрдемдеседі. Мемлекеттік ақпараттық саясатты оның барлық функционал- дық жəне мерзімдік қырларында нақты іс жүзіне асыру, ең ал- дымен, Қазақстан Республикасының унитарлық құрылысының конституциялық қағидаттарына, билік бөлінісіне, біртұтас Қазақ- стандық заңнама жүйесін құруға негізделетін өзара байланысты құқықтық нормалар түріндегі ақпараттық заңдылықты жетілдіруді талап етеді. Ақпараттық саясаттың іргелі қағидаттары (принциптері): ашықтық қағидаты – мемлекеттік саясаттың барлық негізгі ережелері қоғам тарапынан ашық талқыланып, мемлекет қоғамдық пікірді ескеріп отырады; мүдделер теңдігі қағидаты – мемлекет қоғамда алатын ор- нына, меншік түрі мен мемлекетке қатыстылығына қарамастан ақпараттық қызметке қатысушылардың барлығының мүдделерін ескеріп отырады («ойын ережелері» ортақ болуға тиіс); жүйелілік қағидаты – реттелуге тиісті обьектілердің бірінің жағдайын өзгерту жөнінде қабылданған шешімдерді жүзеге асы- ру барысында оның өзге обьектілердің ахуалына тигізер əсері ескеріледі; отандық өндірушінің басымдығы қағидаты – жағдайлары бірдей болған кезде басымдық ақпараттық қызметті өндіруші отандық бəсекеге қабілетті өндірушіге беріледі; əлеуметтік бағдар қағидаты – мемлекеттік ақпараттық саясаттың негізгі шаралары Қазақстан азаматттарының əлеуметтік мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталады; мемлекеттік қолдау қағидаты – мемлекет отандық бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту үшін экономикалық жағдайлар жа- сайды; құқық басымдығы қағидаты – құқықтық нормаларды да- мыту жəне қолдану ақпараттық саланың проблемаларын əкімшілік тұрғыдан шешудің барлық түрлерінен басымдықта болады. Осы тұрғыдан алғанда ақпараттық салада алдағы кезеңде төмендегі міндеттер алға шығады: ақпараттық саладағы заңдылықты жетілдіру; елдің ақпараттық кеңістігінің бірлігін қамтамасыз ету; мемлекеттік билік пен азаматтық қоғам арасындағы тұрақты да ашық өзара байланыс жасалуы үшін ақпараттық ортаны қамтамасыз ету, қоғаммен байланыс институтын нығайту; елдің бүкіл аумағында отандық ақпараттық инфрақұрылымды жедел дамыту жəне əлемдік ақпараттық кеңістікке кірігу үшін экономикалық жəне ұйымдық жағдайлар жасау; сенім, өзара түсіністік жəне іскер əріптестік қағидаттарына негізделетін қоғам мен мемлекет арасындағы өзара іс-əрекетті нығайтуға қажетті ашық ақпараттық орта құру. Бұл міндетті шешу үшін мемлекеттің жағымды имиджін қалыптастыру жəне жұртшылықты мемлекеттік дамудың барлық актуальды мəселелері бойынша хабардар етіп оты- ру жөніндегі жұмысты барлык мемлекеттік органдардың тиісті ұйымдастырушылық, кадрлық, қаржылық қамтамасыз етуді та- лап ететін басым міндеттерінің қатарына қосу; мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерінің жəне қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімдерінің ресурстық қамтамасыз етілуін күшейтіп, олардың жұмысын жандандыру; БАҚ арқылы мемлекеттік органдардың қоғаммен тікелей байланысын ынталандыру; ақпараттық кеңістікке мемлекеттің қатысуын жандандыру жəне кеңейту қажет болады. |