Өт жолының дисклекция. задача23. Таырып 2 Ас орыту жйесіні аурулары гастриттер,гастродуодениттер, асазаны ойы жарасы,т шыару жолдарыны дискинезиясы
Скачать 13.96 Kb.
|
Тақырып № 2 Ас қорыту жүйесінің аурулары: гастриттер,гастродуодениттер, асқазаның ойық жарасы,өт шығару жолдарының дискинезиясы. №8 студент 1. Өт шығару жолдары дискинезиясың алдын алу шараларына не жатады? 1.Тамақтану тәртібін сақтау,тамақты шамадан тыс көп ішпеу. 2.майлы және ащы тағамдарды көп қолданбау. 3.физикалық артық салмақ түсіруді,стресстік жағдайлады болдырмауға тырысу 4.ішек инфекциясының қаупі туған жағдайда эпидемияға қарсы шараларды сақтау. 5.созылмалы инфекция ошақтарын дер кезінде жою. 6.белсенді өмір сүру. 2. Өт шығару жолдары дискинезиясы клиникалық белгілерін атап беру? 1.гипотониялық түрінде ▪Жалпы әлсіздік айқын,тез шаршағыштық ▪Оң жақ қабырға асытында қақсаған,топас ауырсыну,ішті пальпациялау кезінде атониялық ұлғайған өт қапшығы анықталады. ▪Балада астениялық дене бітімі жиі байқалады. ▪Холецистография:өт қапшығы ұлғайған,кейде ұзарған,сөлден босалуы қалыпты немесе бәсең әдетте тітіркендіргіш қабылдағаннан кейін (жұмыртқаның сары уызы)өт қапшығының көлденең мөлшері баяу кішірейеді: ▪Бауыр және өт қапшығының УДЗ өт қапшығының көлемі ұлғайған ▪Фракциялды дуоденальды зондтау қапшықтағы өттің ағу жылдамдығынның қалыпта немесе жоғары болуы жағдайында,В, порциясының мөлшері артады. ▪Өт сөлін биохимиялық зерттеу ;билирубиннің, холестериннің,өт қышқылдарының және холий қышқылдарының концентрациялары жоғары. 2.Гипотониялық түрінде; ▪Ауырсыну қысқа мерзімді ,оң жақ қабырға астында немесе кіндік маңайында . ▪Диспепсиялық бүзылыстары,лоқсу,ауызда ащы дәм,кекіру,тәбеті төмен ,метеоризм, нәжістің бұзылуы. ▪Холецистография; өт қапшығының көлемі кішірейген және сөлден босатылу жылдам (тітіркендіргіштен кейін көлемі көпке кішірейеді ) ▪Бауыр және өт қапшығының УДЗ өт сөлінің тұрып қалуы айқын ▪Фракциялы дуоденальді зондтау ;қапшықтағы өттің ағу жылдамдығының жоіары болуы жағдайында(В) порциясының мөлшері төмендейді. ▪Өт сөлін биохимиялық зерттеу ,билирубиннің,холестеринің , өт шығару қышқылдарының липопротейдті кешенінің мөлшерлері төмен. |