Главная страница

Программа ұғымы. Программа ұғымы және оның құрылымы.. Таырып Алгоритмдi беру трлерi. Блоксхема. Масат


Скачать 0.59 Mb.
НазваниеТаырып Алгоритмдi беру трлерi. Блоксхема. Масат
АнкорПрограмма ұғымы
Дата24.04.2023
Размер0.59 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаПрограмма ұғымы және оның құрылымы..doc
ТипПрограмма
#1084954
страница7 из 8
1   2   3   4   5   6   7   8

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пайдаланылған әдебиеттер:1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;

2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;

3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»

4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»
Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе.(3-5мин)

3)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Модель дегеніміз - нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.

Модельдеу – объектілерді, процесстерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.

Модель – көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақытта біздің ойымызда бейнеленетін прототип пайда болғанға дейін жасалады. Бір объект үшін әр түрлі модель жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады. Мысалы, жуық арада басқа қалаға қыдырып баратын болдық делік. Ол қала туралы өзіміз білетін мәліметтерді жинақтап, ойымызды қорытып, қиялымызда сол қаланың моделін жасай бастаймыз. Мұндағы мақсатымыз – басқа қаламен танысу. Қаланы аралап келгеннен соң, толық мәлімет алғандықтан, ойымыздағы модель өзгеруі мүмкін. Ал сол қаланың сеулетші жасаған моделі мүлде өзгеше болады. Өйткені, оның мақсаты – үйлер мен ғимараттардың үйлесімді орналасуы, құрылысы және оларды көркейтіп қайта жаңарту болып табылады.

Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктейді:

  1. Қолдану аймағы.

  2. Модельде уақыт факторын ескеру.

  3. Білім саласына қарай топтау.

  4. Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.


Сергіту жаттығулары (2 мин)
4)Жаңа тақырыпты бекіту (20-25 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Модель дегеніміз не?

  2. Модельдеу деп нені айтады?

  3. Модельді қандай топтарға жіктеуге болады?

  4. Модельдеудің мақсаты қандай?

Тапсырма №1.

Күнделікті өмірден және қоршаған ортадан модельдерге мысал келтір. Кемінде 3 мысал.
5)Сабақты қорытындылау және бағалау

Оқушыларды модель түсінігі және оны анықтау жолдарымен таныстыру.
6) Үйге тапсырма

Модельдер және модель түсінігі.

Пән Информатика сынып___ Күні _._ .201 ж.

сынып____ Күні _._ .201 ж.

сабақ №: 28 сағ.саны.: 2

Тақырып:Модельдің түрлері.

Мақсат: Оқушыларды модельдің түрлерімен таныстыру. Модельдің түрлерін ажырата білуді үйрету.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды модельдермен және модельтүрлерімен таныстыру.

Дамытушылық –Оқушылардың қоршаған ортадағы модель түрлерін анықтай білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерді дұрыс бағытта пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пайдаланылған әдебиеттер:1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;

2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;

3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»

4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»
Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

  1. Модель дегеніміз не?

  2. Модельдеу деп нені айтады?

  3. Модельді қандай топтарға жіктеуге болады?

  4. Модельдеудің мақсаты қандай?

3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Қолдану аймағына қарай модель не үшін және қандай мақсатқа қолданылады деген сұраққа жауап беру мақсатында оқу, тәжірбиелік, ғылыми-техникалық, ойын, имитациялық тәрізді топтарға жіктеледі.

Оқу моделі – көрнекі оқу құралдары, әр түрлі машықтандырушы, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.

Тәжірбиелік модель – жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда объектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады.

Ғылыми-техникалық модельдер – процесстер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады. Оған мысал ретінде электрондардың жылдамдығын үдеткіш – синхротрон, найзағайдың разрядын бақылаушы құрал және теледидар тексеруге арналған стендтерді айтуға болады.

Ойын модельдеріне - әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады. Бұл модельдер әр түрлі жағдайда объектіні бақылауға жаттықтырады. Ойын модельдері адамдарға әр түрлі жағдайда психологиялық көмек көрсетеді.

Имитациялық модель – шын мәніндегі нақты объектіні өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Тәжірбие нақты объектіні зерттеу, бағалау мақсатында бірнеше рет қайталанады немесе бір мезгілде әр түрлі жағдайда бірнеше ұқсас объектілермен қатар жүргізіледі. Дұрыс шешім таңдаудың мұндай тәсілі байқау және қатенің әдісі деп аталады.

Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай материалдық және ақпараттық болып екі топқа жіктеледі.

Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады.

Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді. Ақпараттық модель дегеніміз – объектінің, процесстің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығын және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.

Ақпараттық модельге вербальдік модель жатады. Вербальдік модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5)Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Қолдану аймағына қарай модельдерді қандай топтарға жіктейміз?

  2. Оқу моделі дегеніміз не?

  3. Ойын модельдеріне не жатады?

  4. Модельдерді көрсетілу әдістеріне қарай қандай түрлерге бөлеміз?

  5. Ақпараттық модель дегеніміз не?

Тапсырма №1.

Әр модель түріне бір-бірден мысал келтіріп, дәптеріңе жаз және ол неліктен дәл осы модель түріне жатады, түсіндіріп бер.
6)Сабақты қорытындылау және бағалау

Оқушыларды модель түрлерімен және оларды анықтау жолдарымен таныстыру.
7) Үйге тапсырма

Модель түрлері.

Пән Информатика сынып___ Күні _._ .201 ж.

сынып____ Күні _._ .201 ж.

сабақ №: 29 сағ.саны.: 1

Тақырып Модельдеу тәсілдері.

Мақсат: Оқушыларды статистикалық және динамикалық модельдермен таныстыру. Модельдеу тәсілдерін түсіндіру.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды статистикалық және динамикалық модельдер туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық –Оқушылардың модельдеу тәсілдерін қолдана білу қабілеттерімен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерді дұрыс бағытта пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пайдаланылған әдебиеттер:1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;

2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;

3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»

4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»
Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

    1. Қолдану аймағына қарай модельдерді қандай топтарға жіктейміз?

    2. Оқу моделі дегеніміз не?

    3. Ойын модельдеріне не жатады?

    4. Модельдерді көрсетілу әдістеріне қарай қандай түрлерге бөлеміз?

    5. Ақпараттық модель дегеніміз не?

3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.

Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады.

Динамикалық модель – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді.

Кез келген жұмысты қолға алмас бұрын, берілгені мен соңғы нәтиже және орындалатын іс-әрекет кезеңдерін айқындап алу қажет. Модельдеу кезінде бастапқы зерттелетін объект – прототип болады. Модельдеудің соңғы кезеңі шешім қабылдау болып табылады. Модельдеу арқылы зерттелген модельдің жаңа объектісін құруға, бар объектіні жақсартуға немесе қосымша ақпарат алуға болады. Модельдеудің негізгі кезеңдері есептің қойылу шарты мен мақсатына қарай анықталады.

1-кезең. Есептің қойылымы. Бұл кезеңде берілген бастапқы мәліметтермен қатар мақсатын анықтау және объектіні немесе процесті талдау анық көрсетілуі қажет.

2-кезең. Модель құру. Ақпараттық модель. Бұл кезеңде элементар объектілердің қасиеттері, күйі және басқа да ерекшеліктері кез келген пішінде, яғни ауызша түрде, схема немесе кесте арқылы да анықталады. Бастапқы объектіні құрайтын элементар объектілер жөнінде толық мағлұмат, яғни ақпараттық модель жасалады. Бұл кезең модель құрудың бастапқы бөлімі болып саналады.

3-кезең. Компьютерлік эксперимент. Жаңа конструкторлық жұмыс, техникалық шешімдерді өндірісте пайдалану және жаңа идеяларды тексеру үшін эксперимент жасау қажет. Компьютерлік тәжірбие жүргізу екі кезеңнен тұрады: модельдеу жоспарын құру және модельдеу технологиясы. Модельдеу жоспары модельмен жасалатын жұмыстың ретін анық көрсетуі қажет. Модельдеу технологиясы дегеніміз – пайдаланушы адамның компьютерлік модельмен орындайтын мақсатты іс-әрекеттерінің жинағы.

4-кезең. Модельдеу нәтижесін талдау. Модельдеудің соңғы мақсаты – шешім қабылдау болып табылады. Модельдеу нәтижесін талдау шешуші кезең болып табылады. Себебі, бұдан кейін модельдеуді жалғастыру немесе тоқтату керек. Егер қате жіберілсе, модельдеуді қайта қарап, алдыңғы кезеңге қайта оралу қажет. Бұл процесс модельдеу мақсатына сай болғанға дейін қайталана береді. Жіберілген қатені табудың өзі нәтиже болып табылады.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5)Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

    1. Модельдеудің кезеңдері?

    2. Статистикалық және динамикалық модельдер айырмашылығы?

    3. Модель негізінде зерттелетін негізгі объект қалай аталады?

Тапсырма №1.

Бір модельді мысалға алып, кезеңдер бойынша (4-кезең) оны орындап шық. Дәптеріңе орында.
6)Сабақты қорытындылау және бағалау

Оқушыларды модельдеу кезеңдерімен таныстыру және модельдеудің негізгі мақсатын ұғындыру.
7) Үйге тапсырма

Модельдеу тәсілдері.

Пән Информатика сынып___ Күні _._ .201 ж.

сынып____ Күні _._ .201 ж.

сабақ №: 30 сағ.саны.: 1

Тақырып:Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Локальды желіні құру тәсілі жұмысын ұйымдастыру. Программалық қамсыздандыру. Ақпараттық желі. Интернет. Электронды байланыс.

Мақсат: Оқушыларды компьютерлік байланыстың негізгі түрлерімен таныстыру. Локальды желі, Интернет, Ақпараттық желі және электронды байланыс туралы білімдерін қалыптастыру.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды Локальды желі, Интернет және электронды байланыс түсінігімен таныстыру.

Дамытушылық –Оқушылардың қазіргі заман технологияларын пайдалана білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерді дұрыс бағытта пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пайдаланылған әдебиеттер:1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;

2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;

3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»

4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»
Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

    1. Модельдеудің кезеңдері?

    2. Статистикалық және динамикалық модельдер айырмашылығы?

    3. Модель негізінде зерттелетін негізгі объект қалай аталады?

3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Желі жұмыс жасау үшін арнайы аппараттық және программалық жабдықтар болуы қажет. Желі арқылы оған қосылған кез келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады. Күнделікті өмірде кездесетін компьютерлік желіге мысал ретінде өздерің оқитын компьютерлік сыныптағы бірнеше компьютерлердің желіге біріктірілуін айтуға болады. Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, бірнеше компьютерді біріктіру үшін қолданылады. Компьютерлік желіге желілік тақша, модем немесе жоғары жылдамдықты сандық телефондық қызмет торабы арқылы қосылады.

Жергілікті желі – саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Ақпарат – желілер арқылы берілетін сигналдарға түрлендіріледі, осыдан кейін сигнал қайта түрлендіріледі. Компьютерлер жергілікті желіге желілк тақша деп аталатын интерфейстік блок – желілк адаптер арқылы қосылады. Желілік адаптер – компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы. Кең таралған адаптерлерге: Ethernet, Token Ring және ArcNett типтері жатады.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5)Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Компьютерлік желі дегеніміз не?

  2. Жергілікті желі дегеніміз не?

  3. Желілік құрылғыға не жатады?

  4. Желілік адаптердің қызметі қандай?

Тапсырма №1.

Мектептің компьютерлік желісімен танысып, ондағы мүмкіндіктерді пайдаланып көріңдер.

Компьютер сыныбындағы жергілікті желімен жұмыс істеу. Сетевое окружение қалтасын ашып, басқа компьютерлердегі файлдар мен қалталарды ашып, жұмыс істеу.
6)Сабақты қорытындылау және бағалау

Оқушыларға компьютерлік желілер түрлері туралы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма

Компьютерлік желілер. Интернет.
1   2   3   4   5   6   7   8


написать администратору сайта