Главная страница

Программа ұғымы. Программа ұғымы және оның құрылымы.. Таырып Алгоритмдi беру трлерi. Блоксхема. Масат


Скачать 0.59 Mb.
НазваниеТаырып Алгоритмдi беру трлерi. Блоксхема. Масат
АнкорПрограмма ұғымы
Дата24.04.2023
Размер0.59 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаПрограмма ұғымы және оның құрылымы..doc
ТипПрограмма
#1084954
страница2 из 8
1   2   3   4   5   6   7   8
§1.9, бет. 22-30

Алгоритм құрылымы.

Тақырып: ЭЕМ-да есеп шығару кезеңдерi: Қадам бөлiктерi.

Мақсат: Оқушылардың ЭЕМ көмегімен есеп шығару кезеңдері туралы білімдерін қалыптастыру. ЭЕМ көмегімен есеп шығарудың тәсілдерін үйрету.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды электронды-есептеуіш машина арқылы есеп шығару кезеңдерімен таныстыру.

Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен есеп шығару тәсілдері мен әдістерін меңгеруін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерде есеп шығару жолдарын білуге және әрі қарай қолдануға тәрбиелеу.
Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

  1. Алгоритмнің типтері?

  2. Сызықтық алгоритм дегеніміз не? Мысал келтір.

  3. Тармақталу алгоритмі дегеніміз не? Мысал келтір.

  4. Циклдік алгоритм дегеніміз не? Мысал еклтір.

  1. Жаңа тақырыптқа кіріспе (3-5 мин)

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Компьютерде есеп шығару процессі өте күрделі болып табылады. Оны келесі кезеңдерге бөлу қабылданған:

  1. Есептің ауызша анықталуы.

  2. Есептің қойылымы. Есепті математикалық түрде анықтау.

  3. Есепті ЭЕМ-де шешу үшін қолданатын әдісті таңдау және анықтау.

  4. Есепті шешу алгоритмін құру.

  5. Компьютерде есепті шешу программасын құру. Программаны баптау (қатесін жөндеу).

  6. Қажетті берілгендерді дайындау.

  7. Есепті компьютерде шешу, талдау және нәтижесін қолдану.

Есепті математикалық түрде анықтау дегеніміз есепті шешу үшін қажетті математикалық формулалар мен өрнектерді анықтауды айтамыз. Яғни, бұл дегеніміз – есепті математикалық күйге келтіру керек, математикалық символдар мен белгілер арқылы есепті анықтау керек.

Алгоритмді құру барысында есепті шешу тәсілдері тізбектелген әрекеттердің схемасы түрінде бейнеленеді.

Программа құрудеп – белгілі бір программалау тілінде алгоритмді жазуды атаймыз. Қазіргі таңда көбінесе, Бейсик, С++, Паскаль программалау тілдері қолданылады. Құрылған программаның қателерін компьютерде дұрыстау еш қиындық тудырмайды. Өйткені, компьютер қателерді бірден байқап, оны пайдаланушыға көрсетеді.

Қажетті берілгендерді дайындау – бұл алдын-ала таңдалып алынған берілгендерді магниттік дискке жазып, компьютер жадына ретімен енгізуді айтамыз.

Есептің нәтижесін алу және оны талдау – бұл арнайы мамандардың жұмысы.

Осы көрсетілген 6 кезең көбінесе үлкен өнеркәсіптік есептерді шешу кезінде пайдаланылады. Ал қарапайым есептерге көбінесе 3-ші, 4-ші және 6-шы кезеңдер қолданылады.

Алгоритм командалары есеп шартына қарай күрделі немесе қарапайым болып бөлінеді. Қарапайым командаларға: меншіктеу, берілгендерді енгізу, шығару командалары жатады. Күрделі командалар сызықтық, тармақталу және циклдық құрылымдардан тұрады.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5)Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Есептің шешу кезеңдерін атап шық?

  2. Әр кезеңді түсіндір?

  3. Мысал негізінде есептің шешу кезеңдерін түсіндіріп шық?

Тапсырма №1. Жұмыс дәптеріңе орында.

Екі санның үлкенін табатын алгоритм құру (a және b). Есепті шешу кезеңдері бойынша орында.

Тапсырма №2. Жұмыс дәптеріңе орында.

Квадрат теңдеудің түбірлерін табу алгоритмін құру. Есепті шешу кезеңдері бойынша орында.

1-нұсқа 2-нұсқа

2x2 + 20x -1 =0 x2 – 4x +8 =0

6)Сабақты қорытындылау және бағалау

Оқушыларға ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдері туралы нақты мағлұмат беру.

7. Үйге тапсырма §1.10, бет. 31-33

Компьютерде есеп шығару кезеңдері.

Тақырып: Программалау тiлi. Тiлдiң алфавитi. Программалау тiлiнде алгоритм жазу ережесi.

Мақсат: Оқушылардың программалау тілі және Паскаль тілінің алфавиті туралы білімдерін қалыптастыру. Программалау тілінің алгоритм жазу ережелерімен таныстыру.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды программалау тілі, Паскаль тілінің алфавиті және алгоритм жазу ережелерімен таныстыру.

Дамытушылық –Оқушылардың алгоритм жазу ережелерін қолдануды қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан-жақты тәрбиелеу.
Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

  1. Есептің шешу кезеңдерін атап шық?

  2. Әр кезеңді түсіндір?

  3. Мысал негізінде есептің шешу кезеңдерін түсіндіріп шық?

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)


Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есепті шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға шығарылатыны айтылады.

Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады.

Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі. Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипатталу бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктерден тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін. Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі болып табылады. Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады.

PROGRAM BASTAU;

СИПАТТАУ БӨЛІМІ

BEGIN

ОПЕРАТОРЛАР БӨЛІМІ

END.

Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады.

Программалау тілінің алфавиті программаның элементтерін құруда қолданылуға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер жатады. Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеге болады:

      • атаулар (идентификаторлар)

      • цифрлар

      • айыру белгілері

      • арнайы символдар.

Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі - өрнек деп аталады. Математикадағы формулалар, арифметикалық өрнектер, алгебрадағы көпмүшелер программалау тілінде тек осы өрнек ұғымы арқылы беріледі.

Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі – оператор деп аталады.

Тіл объектілерін, яғни программада пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны – программаның сипаттамасы болып табылады.

Мысал: радиусы r=5,5 см болатын берілген шеңбердің ұзындығын табу керек болсын. Шеңбер ұзындығын есептеу үшін l = 2πr формуласын пайдаланамыз.

Program bastau;{Программаның тақырыбы}

Const pi = 3.14159; {π тұрақтысының мәнін беру}

Var r, l : real;{r және l мәндерін нақты сан ретінде анықтау}

Begin{операторлар басы}

r:=5.5;{r мәнін беру}

l:= 2*pi*r;{шеңбер ұзындығын есептеу}

write (‘Радиусы 5,5 см болатын шеңбер ұзындығы =’, l);

{нәтижесін экранға шығару}

end.{программа соңы}

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5)Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Паскаль тіліндегі программаның бөліктері?

  2. Тілдің алфавитіне не жатады?

  3. Программалау тіліндегі «өрнек», «оператор» деген ұғымдар нені білдіреді?

  4. Программаның сипаттамасы дегеніміз не?

Тапсырма №1. Жұмыс дәптеріңе орында.

Үш натурал сан берілген. Олардың арасында тең сандар болмаса, «жоқ» деп, егер олардың біреуі бір-біріне тең болса, «иә» деп, ал үшеуі де бірдей сан болса, «бәрі тең» деген ақпаратты экранға шығаратын алгоритм (шартты) құрыңдар. Блок-схема және жазбаша түрде.

Тапсырма №2. Жұмыс дәптеріңе орында.

Үш натуралсан берілген. Осы сандардың қосындысын, көбейтіндісін және арифметикалық ортасын табу алгоритмін құрыңдар (сызықты алгоритм). Блок-схема және жазбаша түрде.

6)Сабақты қорытындылау және бағалау

Оқушыларға программалау тілі, тілдің алфавиті және алгоритмді жазу ережелері туралы нақты мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма §2.1, 2.2, бет. 34-40

Паскаль тілінің негізгі элементтері. Тілдің алфавиті.

Тақырып: Программа ұғымы және оның құрылымы.

Мақсаты: Оқушылардың программа және оның құрылымы туралы білімдерін қалыптастыру. Программалау жүйесінің мүмкіндіктерімен таныстыру.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды программа және оның құрылымымен таныстыру.

Дамытушылық –Оқушылардың программалау және алгоритм жазу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан-жақты тәрбиелеу.
Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

  1. Паскаль тіліндегі программаның бөліктері?

  2. Тілдің алфавитіне не жатады?

  3. Программалау тіліндегі «өрнек», «оператор» деген ұғымдар нені білдіреді?

  4. Программаның сипаттамасы дегеніміз не?

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Паскаль тілінің программасы блоктардан тұрады. Қандай да бір блок ішінде басқа да кішігірім блоктар орналасуы мүмкін. Блоктар екі бөлімнен тұрады, олардың алғашқысы – мәліметтерді сипаттау бөлімі, ал екіншісі – сол мәліметтерді пайдаланып, әр түрлі іс-әрекеттерді атқару бөлімі.

М әліметтерді сипаттау бөлімінің болуы міндетті емес, ал екінші бөлімінің болуы міндетті. Басқа блокқа кірмейтін блок негізгі блок деп аталады. Ал блок ішіндегі блок жергілікті блок деп аталады.


Сипаттау бөлімі 7 бөліктен тұрады:

    1. программамен байланысатын кітапханалық модульдер атауларының тізімі (uses түйінді сөзімен басталады);

    2. белгілерді (label)сипаттау;

    3. тұрақтыларды (const) сипаттау;

    4. мәліметтер типтерін (type) анықтау;

    5. айнымалыларды (var) сипаттау;

    6. процедураларды (procedure) сипаттау;

    7. функцияларды (function) сипаттау.

Осы айтылғандарға байланысты программа құрылымы мынадай болуы қажет:

Сергіту жаттығулары (2 мин)

Program <программа аты> (Input, Output);

Uses <1-атау, 2-атау, 3-атау, ....>;

Label ….;

Const …..;

Type …..;

Var …….;

Procedure <процедура аты>;

<процедура тұлғасы>;

Function <функция аты>;

<функция тұлғасы>;

Begin

<1-оператор>;

<2-оператор>;

..

;

End.

Программаға енетін айнымалылар мен тұрақтыларды, сандарды пайдаланып түрлі әрекет (нұсқау, жарлық) орындай алатын сөйлемдерді Паскаль тілінде операторлар, ал алгоритмдік тілде командалар деп атайды. Операторларды қарапайым және күрделі деп екі топқа бөледі. Begin және end түйінді сөздері операторлық жақшалар деп аталады. Сәкесінше, Begin – ашылатын, end – жабылатын жақшалар.

Оператор дегеніміз – алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Олар жазылу ретіне қарай біртіндеп бірінен кейін бірі тізбектей орындалады. Операторлар бір-бірінен нүктелі үтір (;) арқылы бөлініп жазылады. Бір жолға ораналасатын операторларды құраушы символдар саны 256 символдан артпауы керек.

Қарапайым операторлар деп құрамына басқа операторлар енбейтін (меншіктеу, шартсыз көтеру, процедура шақыру) операторларды айтады. Құрама операторлар бірнеше операторлардан құралады, оларға: шартты операторлар, таңдау операторы, қайталау операторлары жатады.

5)Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Паскаль тілінің программасының құрылымы неден тұрады?

  2. Сипаттау бөлім қандай бөліктерден тұрады?

  3. Программа құрылымын блок-схема түрінде және Паскаль тілінде жазылуын көрсет?

  4. Оператор дегеніміз не?

  5. Операторлардың жазылу тәртібі қандай?

  6. Операторлар түрлері?

  7. Операторлардың жіктелуі?

6)Сабақты қорытындылау және бағалау

Оқушыларға программа және оның құрылымы туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма §3.1, 3.2, 3.3, бет. 56-60

Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі. Операторлар бөлімі.

19.11.2013 ж

Тақырып: Айнымалы типтер

Мақсат: Оқушылардың берілгендердің типі жайлы білімдерін қалыптастыру. Паскаль тілінің айнымалыларымен таныстыру. Стандартты функцияларды қолдануды үйрету.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды берілгендер типі және айнымалылар ұғымымен таныстыру.

Дамытушылық –Оқушылардың алгоритмдеу тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерде дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

  1. Паскаль тілінің программасының құрылымы неден тұрады?

  2. Сипаттау бөлім қандай бөліктерден тұрады?

  3. Программа құрылымын блок-схема түрінде және Паскаль тілінде жазылуын көрсет?

  4. Оператор дегеніміз не?

  5. Операторлардың жазылу тәртібі қандай?

  6. Операторлар түрлері?

  7. Операторлардың жіктелуі?

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Паскаль тілінің қарапайым объектілеріне «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция» және «өрнек» ұғымдары кіреді. Атау – идентификатор программаны және программадағы тұрақтыларды, типтерді, айнымалыларды, функцияларды, файлдарды т.б белгілеп жазу үшін қажет. Идентификатор – міндетті түрде әріппен басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратын атау. Оның ұзындығын өте үлкен етудің қажеті жоқ, өйткені, атауларды теру және кейіннен есте сақтау біраз уақыт пен жады көлемін қажет етеді. Мысалы, x, X1, cymma, DT3.

Идентификатор стандартты және бейстандартты болып бөлінеді. Бейстандартты атауды тұтынушы өзі тағайындайды.

Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады. Тұрақтыға программаның орындалу барысында бірден сандық мән берсек те немесе оны программаның сипаттау бөлімінде идентификатор түрінде белгілеп алып мән берсек те болады. Олар сандық, символдық, логикалық және тіркестік мәндерді қабылдайды.

Тұрақтыларға бейстандарт идентификаторлар атау ретінде берілуі тиіс. Барлық тұрақтылар программаның сипаттау бөліміндегі const түйінді сөзінен басталатын бөлікте көрсетілуі тиіс. Оның жазылу пішімі келесідей:

Const Min=1000; Max=1000000;

Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, әр уақытта әр түрлі мәнге ие бола алады. Айнымалының атауы оның орындайтын міндетіне сәйкес түсінікті және қарапайым болғаны жөн. Оның жазылу пішімі:

Var <идентификатор> : <тип> ;

Мысалы:

Var a,b:integer;

Sum, baga: real;

Айнымалылар қарапайым және индексті болуы мүмкін. Қарапайым айнымалылар өз атаулары бойынша жазылады. Мысалы, delta, x, y, resultm, nuber_1. Индексті айнымалыларға массив элементтері жатады.

Программада пайдаланылатын мәліметтердің немесе шамалардың мәндері Паскаль тіліндегі алдын ала келісілген типтердің біріне тән болуы тиіс.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады, яғни тип дегеніміз – шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама. Паскаль тілінде пайдаланылатын барлық типтер скалярлық және құрылымдық болып екі үлкен топқа бөлінеді.

Стандартты (скалярлық) типтер:

      • бүтін – INTEGER

      • нақты – REAL

      • логикалық – BOOLEAN

      • символдық – CHAR

      • тіркестік – STRING

Бүтін сан түріндегі типтер. Паскаль тілінде бүтін шамалар үшін бес стандартты тип пайдаланылады, олардың сипаттамасы келесідей:

Типі

Мәндерінің өзгеруі

BYTE

0 – 255

SHORTINT

-127 – +128

INTEGER

-32768 – +32767

WORD

0 – 65535

LONGINT

-2147483648 – +2147483647

Ондық сандар бүтіні мен бөлшегін бөлетін үтірі жылжымалы және тұрақты түрде жазылады. Үтірі математикадағыдай жазылады, бірақ үтір орнына нүкте қойылады. Мысалы, 12.5, 49.89

Нақты сан REAL сөзімен анықталады оның диапазоны: -1.7 *1038 – 1.7 *1038.

Логикалық типтегі шамалар (BOOLEAN) негізінен екі мән ғана қабылдайды: TRUE – ақиқат, FALSE – жалған. Олар компьютер жадында бір байт орын алады.

Символдық типтегі шамалар (CHAR) мән ретінде тек бір таңбаны ғана қабылдай алады. Мәннің символ екендігін көрсету үшін оны апостроф ішіне алып жазады. Мысалы, ‘a’, ‘5’, ‘K’.

Тіркестік типтегі шамалар (STRING) апостроф ішіне алынған символдар тізбегі қабылдайды. Мысалы, ‘MAMA’, ‘fbvv’, ‘654654’.

5)Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Атау, идентификатор дегеніміз не?

  2. Бейстандартты атауларға қойылатын талаптар?

  3. Айнымалылар дегеніміз не, олардың жазылу тәртібі, түрлері?

  4. Мәліметтің қандай типтерін білесің? Мысал келтір.

6)Сабақты қорытындылау және бағалау

Оқушыларға берілгендер типі және айнымалылар туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма §2.4, 2.5, 2.6, бет. 41-50

Тілдің қарапайым объектілері. Мәлімет типтері. Стандартты функциялар.


Пән Информатика сынып___ Күні _._ .201 ж.

сынып____ Күні _._ .201 ж.

сабақ №: 9 сағ.саны.: 1

Тақырып: Сынақ жұмысы.

Мақсат: Оқушылардың білімдерін бақылау, жүйеге келтіру.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушылардың Паскаль программалау тілі және жалпы алгоритмдік тілдің ұғымдары мен терминдерін ұғыну деңгейін тексеру.

Дамытушылық –Оқушылардың алгоритм және программа құру қабілеттерімен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан-жақты тәрбиелеу.

Сабақ түрі: сынақ

Сабақ типі: аралас

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пәнаралық байланыс математика, физика

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;

2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;

3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»

4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»
Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

  1. Атау, идентификатор дегеніміз не?

  2. Бейстандартты атауларға қойылатын талаптар?

  3. Айнымалылар дегеніміз не, олардың жазылу тәртібі, түрлері?

  4. Мәліметтің қандай типтерін білесің? Мысал келтір.

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

  2. Бақылау жұмысы (20-25 мин)

Сергіту жаттығулары (2 мин)

Карточка №1

  1. Алгоритм ұғымы нені білдіреді?

  2. Циклдік алгоритм дегеніміз не және оның түрлері?

  3. Үш санның (а,с,р) орта мәнін есептеу алгоритмін құр

Карточка №2

  1. Алгоритмді жазудың қандай тәсілдері бар?

  2. Паскаль тіліндегі программа құрылымы?

  3. у=x3 функциясын есептеу алгоритмін құр

Карточка №3

  1. Оператор дегеніміз не және оның түрлері?

  2. Программа дегеніміз не?

  3. Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын есептеу алгоритмін құр

Карточка №6

  1. Паскаль тілінде программаның сипаттау бөлімінің құрылымы?

  2. Алгоритм атқарушысы дегеніміз не?

  3. Квадраттың ауданын есептеу алгоритмін құр

Карточка №5

  1. Атқарушы командалар жүйесі дегеніміз не?

  2. Алгоиртм типтері?

  3. f=8x+2y функциясын есептеу алгоритмін құр

Карточка №8

  1. Операторлардың жіктелуі?

  2. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

  3. k=(a+3c)/d функциясын есептеу алгоритмін құр

Карточка №4

    1. Тармақталу алгоритмі дегеніміз не?

    2. Алгоритм қасиеттері?

    3. Екі санның кішісін табу алгоритмін құр

Карточка №7

  1. Есепті шешу кезеңдері?

  2. Өрнек дегеніміз не?

  3. Төрт санның көбейтіндісін есептеу алгоритмін құр

Карточка №9

  1. Тұрақты немесе константа дегеніміз не?

  2. Алгоритм ұғымы кімнің құрметіне аталған және неліктен?

  3. Шеңбердің ауданын есептеу алгоритмін құр

Карточка №10

  1. Айнымалы дегеніміз не?

  2. Блок-схема дегеніміз не?

  3. а санының квадратын есептеу алгоритмін құр

Карточка №11

  1. Идентификатор дегеніміз не және оның түрлері?

  2. Программа құру дегеніміз не?

  3. к санының кубын есептеу алгоритмін құр

Карточка №14

  1. Алгоритм жазу тәсілдері?

  2. Есепті математикалық түрде анықтау дегеніміз не?

  3. g=(t1 + t2)/2 өрнегін есептеу алгоритмін құр

Карточка №15

  1. Паскаль тілінде программа құрылымы?

  2. Операторлар дегеніміз не?

  3. U=(w12 + w22) өрнегін есептеу алгоритмін құр

Карточка №12

  1. Паскаль тіліндегі программа бөліктері?

  2. Тармақталу алгоритмі дегеніміз не?

  3. K=rt2/rt3 өрнегін есептеу алгоритмін құр (блок-схема).

Карточка №13

  1. Сызықтық алгоритм дегеніміз не??

  2. Алгоритмді блок-схема түрінде жазу қалай жүзеге асырылады?

  3. Үш санның квадраттарының қосындысын есептеу алгоритмін құр


5)Сабақты қорытындылау және бағалау

Оқушылардың білім деңгейін тексеру.
6) Үйге тапсырма

Қайталау.

Пән Информатика сынып___ Күні _._ .201 ж.

сынып___ Күні _._ .201 ж.

сабақ №: 10 сағ.саны.: 1

Тақырып: Өрнектер. Әр түрлi тип мәндерiн өрнектерде пайдалану. Меншiктеу операторы. Сандық функциялары.

Мақсат: Оқушылардың Паскаль тіліндегі өрнек ұғымы және меншіктеу операторы жайлы білімдерін қалыптастыру. Стандартты функцияларды қолдануды үйрету.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды өрнек құруды және түрлі тип мәндерін өрнектерде пайдалануды үйрету.

Дамытушылық –Оқушылардың программалау тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерде дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: жаңа сабақ игеру

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пайдаланылған әдебиеттер:1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;

2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;

3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»

4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»
Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

  1. Атау, идентификатор дегеніміз не?

  2. Бейстандартты атауларға қойылатын талаптар?

  3. Айнымалылар дегеніміз не, олардың жазылу тәртібі, түрлері?

  4. Мәліметтің қандай типтерін білесің? Мысал келтір.

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Шамаларға қолданылатын операциялар (амалдар) олардың типтеріне байланысты болады. Бүтін типке мынадай амалдар қолданылады: +, -, *, /, div, mod. Келесі кестеде осы операциялар және олардың операторлары мен нәтижелерінің типтері келтірілген.

Арифметикалық амалдар

белгілер

операциялар

Операндтар типі

Нәтиже типі

+

Қосу

Екеуі де бүтін, не біреуі бүтін, біреуі нақты

Бүтін, нақты

-

Азайту

Екеуі де бүтін, не біреуі бүтін, біреуі нақты

Бүтін, нақты

*

Көбейту

Екеуі бүтін немесе екеуінің біреуі нақты

Бүтін, нақты

/

Бөлу

Бүтін немесе нақты

Нақты

div

Бүтін бөлу

Бүтін

Бүтін

mod

Бүтін қалдық

Бүтін

Бүтін

Қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдары кәдімгі математикадағыдай орындалады, ал қалған екі амалға мысал келтірейік.

5 div 2 = 2 5 mod 2 = 1

8 div 3 = 2 8 mod 3 = 2

7 div 2 = 3 7 mod 2 = 1

Өрнек деп арифметикалық амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың, функциялардың, тұрақтылардың жиынтығын айтады. Өрнектегі арифметикалық амалдардың орындалуы олардың орналасу реті мен жақшалар арқылы өзгертіледі. Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан, тұрақтылардын немесе функциялардан тұруы мүмкін. Мысалы, (5+7*х)/7.2;

Алгоритмдік тілдерде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикадағы орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту т.б. амалдар орындалады.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

Меншіктеу операторы барлық тілде пайдаланылатын негізгі оператор болып табылады. Математикадағы қарапайым теңдеу тәрізді айнымалыларға сандық мән беру бұл жағдайда меншіктеу операторы деп аталады.

Меншіктеу операторы жазылған өрнектердің мәнін есептеп, оны айнымалыға меншіктеу үшін қолданылады. Өрнек мәнінің типі айнымалының типіне міндетті түрде сәйкес келуі тиіс. Кейде нақты түрдегі айнымалыға бүтін сан мәнін меншіктеуге болады, ондайда бүтін сан нақты санға айналып кетеді. Меншіктеу операторының жазылу пішімі:

<айнымалы атауы> : = <өрнек>;

Мұндағы <айнымалы атауы> - айнымалы идентификаторы,

: = – меншіктеу белгісі, яғни айнымалының мәні өрнектің есептелген сан мәнін қабылдайды,

<өрнек> - арифметикалық өрнек немесе сан.

Бұл оператор екі міндет атқарады:

  1. Айнымалылардың белгілі мәндері бойынша арифметикалық өрнектің сандық мәнін есептейді.

  2. Табылған мән айнымалы атауына меншіктеледі, яғни анықталған мән сол айнымалыға сәйкес компьютер жады ұяшығына орналасады.


4) Жаңа тақырыпты бекіту (20-25 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

1) Өрнек дегеніміз не?

2) Қандай арифметикалық амалдарды білесіңдер?

3) Меншіктеу операторы дегеніміз не?

4) Меншіктеу операторының жазылу тәртібі?
5)Сабақты қорытындылау

Оқушыларға өрнек ұғымы мен меншіктеу операторы туралы жалпы мағлұмат беру.
6) Үйге тапсырма

Арифметикалық операциялар. Өрнектеу.

Пән Информатика сынып___ Күні _._ .201 ж.

сынып___ Күні _._ .201 ж.

сабақ №: 11 сағ.саны.: 1

Тақырып: Берiлгендердi енгiзу және шығаруды ұйымдастыру. Сызықтық алгоритмдi программалау.

Мақсат: Оқушылардың Паскаль тіліндегі енгізу және шығару операторлары жайлы білімдерін қалыптастыру. Сызықтық программаны құруды үйрету.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды енгізу\шығару операторларын қолданып сызықтық программа құруды үйрету.

Дамытушылық –Оқушылардың программалау тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін дамыту.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пайдаланылған әдебиеттер:1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;

2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;

3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»

4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»
Сабақ барысы


    1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

    1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

1) Өрнек дегеніміз не?

2) Қандай арифметикалық амалдарды білесіңдер?

3) Меншіктеу операторы дегеніміз не?

4) Меншіктеу операторының жазылу тәртібі?.

3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Паскаль тілінде мәліметтерді енгізу және шығару үшін, яғни адам мен компьютер арасында мәлімет алмасу мақсатында алдын ала анықталатын Input, Output файлдары қолданылады. Программа берілген мәндерді Input файлынан алады да, алынған нәтижені Output файлына орналастырады. Стандартты енгізу файлы болып пернетақта, ал шығару файлы болып дисплей экраны саналады. Ол үшін енгізу операторы пайдаланылады.

Паскаль тілінде мәлімет енгізетін READ операторының жалпы пішімі төмендегідей:

READ (A1, A2, …, AN);

READLN(A1, A2, …, AN);

READLN;

Мұндағы, A1, A2, …, AN – айнымалы атаулары, оларды енгізу операторының параметрлері деп атайды. Оператордың параметрлері біреуден көп болса, олардың арасын бос орын қалдыру арқылы енгізу керек.

READLN алдыңғы оператордағыдай пернелерден мәндер енгізілгеннен кейін курсорды келесі қатарға көшіріп жібереді. Ешқандай параметрсіз енгізу операторы READLN ешбір мән енгізбейді, тек курсорды келесі қатарға көшіруді ғана атқарады. Енгізілетін айнымалылардың мәндері integer, real, char немесе string типтеріне жатуы мүмкін. Логикалық айнымалылар мәндері енгізілмейді. Мысалы:

Var

I: real;

J: integer;

K: char;

Begin

Read (I, J, K);

..

Егер осы программаны іске қосатын болсақ, келесі мәндерді пернетақтадан енгізсек болады: 214.25 59 ‘р’

Бүтін айнымалыға бүтін, нақты айнымалыға нақты мәндер берілуі қажет.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

Паскаль тілінде нәтижені экранға шығару үшін WRITE (жазу) операторы қолданылады. Оның жазылу пішімі:

WRITE (A1, A2, …, AN);

Мұндағы жақша ішіндегі жай айнымалылар немесе апострофтармен қоршалған символдар тобы болуы мүмкін. Мысалы, экранға А-ны мәні = 13.26 дегенді шығару үшін келесідей команда жазамыз:

WRITE( ‘A-ның мәні=’ , A);

Шығарылатын параметрлер бір-бірімен үтір арқылы ажыратылады. Паскаль тілінде нақты сандарға шығару операторын қолданғанда оларды компьютер экспоненциалды түрде шығарып көрсетеді. Алдыңғы мысалда экранда келесідей жазу шығады:

A-ның мәні=1.326Е+01

Бұл деген 1.326 *101

Пайдаланушыға түсінікті болу үшін оны қалыпты түрге келтіруге болады.

WRITE( ‘A-ның мәні=’ , A:4:2);

А : 4 : 2 дегендегі 4- нәтижеге берілген барлық орын, 2 – үтірден соңғы бөлшек бөлігіне берілетін орындар саны.

Мысал: функциясын есептейтін программа құру қажет. x – тің мәнін пернетақтадан енгізіледі.

Program esep2;

Var

x:integer; y:real;

begin

writeln(‘х санын енгізіңіз:‘); read(x);

y:=sqrt(x); writeln(‘y=’, y:5:2);

end.

5)Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

1 Енгізу операторы дегеніміз не?

2 Шығару операторы қалай жазылады?

3 Енгізу операторының жазылу форматы?

4 Енгізу\шығару операторына мысал келтір?

6)Сабақты қорытындылау

Оқушыларға енгізу және шығару операторлары туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма

Деректерді енгізу және шығару. Сызықты алгоритмді программалау.

Пән Информатика сынып___ Күні _._ .201 ж.

сынып___ Күні _._ .201 ж.

сабақ №: 12 сағ.саны.: 2

Тақырып: Таңдауды ұйымдастыру және шартты программа. Шартты операторлар.

Мақсат: Оқушылардың Паскаль тіліндегі шартты оператор жайлы білімдерін қалыптастыру. Тармақталған программа құруды үйрету.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды таңдау ұйымдастырылған шартты программалар құрып үйрету.

Дамытушылық –Оқушылардың программалау тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерде дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пайдаланылған әдебиеттер:1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;

2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;

3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»

4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»
Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

1 Енгізу операторы дегеніміз не?

2 Шығару операторы қалай жазылады?

3 Енгізу операторының жазылу форматы?

4 Енгізу\шығару операторына мысал келтір?

3) Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

4) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Тармақталу процесстері бар алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторлар пайдаланылады. Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына тәуелді атқарылады. Шарт ретінде логикалық өрнектің мәні пайдаланылады. Паскальда екі шартты оператор бар: if және саse.

If операторының толық жазылу пішімі:

IF <шартты өрнек>

THEN <1-оператор>

ELSE <2-оператор>;

немесе қысқартылған түрі

IF <шартты өрнек>

THEN <1-оператор>;

Мұндағы, 1- және 2- операторлардың өздері қарапайым немесе құрама оператор болуы мүмкін. IF сөзінен соң жазылатын өрнек түрінде берілген шарт алдын ала есептеледі, оның нәтижесі логикалық типте болады. Егер ол шарттың мәні TRUE (ақиқат) болса, THEN сөзінен кейін жазылған 1- оператор атқарылады, әйтпесе FALSE (жалған) болса, 2-оператор атқарылады.

М ысал: X = a / b - 1, егер a < b;
1   2   3   4   5   6   7   8


написать администратору сайта