Главная страница
Навигация по странице:

  • Гемморрагиялық диатездер

  • Ауру тарихы

  • Өмір тарихы

  • Объективті тексеру әдістері. Жалпы қарау

  • Гематология. Таырып ан тзу жйесіні аурулары бар науастарды срастыру, жалпы арау. Субъективті тексеру дістері. Шаымдары


    Скачать 14.27 Kb.
    НазваниеТаырып ан тзу жйесіні аурулары бар науастарды срастыру, жалпы арау. Субъективті тексеру дістері. Шаымдары
    Дата09.12.2021
    Размер14.27 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаГематология.docx
    ТипДокументы
    #297287

    Тақырып: Қан түзу жүйесінің аурулары бар науқастарды сұрастыру, жалпы қарау.

    Субъективті тексеру әдістері.

    Шағымдары. Науқастарда әлсіздік, бас айналу, физикалық күш түскенде ентігу, жүрек қағысы жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі мазалайды. Бұл белгілер анемия немесе лейкоз ауруларында кездеседі. Жіті түрде дамитын қан кету кезінде (мысалы: асқазаннан) науқаста әлсіздік, бас айналу, естен тану жағдайы байқалады.

    Темір жетіспеушілік анемия кезінде дәм сезу қабілетінің өзгеруі байқалады. Науқастар топырақ, көмір жейді сонымен қоса эфир, бензин және т.б.өткір жағымсыз иістерді иіскеуді ұнатады.

    Гемморрагиялық диатездер, миелоапластикалық синдром кезінде қансырау жиі кездеседі. Ол өздігінен немесе болмашы себеп салдарынан теріде немесе шырышты қабаттарында гемморрагиялық бөртпелер пайда болады. Мұрын, қызыл еттен, асқазан-ішек жолдарынан, өкпелерден, жатырдан қан кетуі мүмкін.

    Ауру тарихы: ауру симтомдарының қашан пайда болғанын сұрастырып, ауру динамикасын анықтау қажет. Бұдан бұрын қанды зерттеу немесе сүйек миына, лимфа бездеріне пункция жасау зерттеу жүргізілгендігін сұрастыру қажет. Олардың нәтижелері қандай болғандығын сұрастыру маңызды. Сонан қандай ем қолданғанын және оның көрсеткен көмегін сұрастыру қажет.

    Өмір тарихы: Өмір тарихын сұрастыра отырып, күн тәртібін өнімдермен тамақтану анемияға әкелетінін ескерту қажет. Қан жасау жүйесін зақымдау себептерінің бірі болып өндірістік улану (фосфор, қорғасын қоспалары, сынап тұздары) т.б. сонымен қоса, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамау салдарынан дамитын сәулеленулер де қан ауруына әкеледі. Аурудың этиологиясын анықтау үшін бұдан бұрын ауырған ауруларды сұрастыруы өте маңызды. Мысалы, іш ауруларының кейбіреулері қан кетуге немесе анемияға әкелуі мүмкін. Науқастардың бақылау дәрі-дәрмектерді қабылдауы сүйек ми функцияларының бұзылуына әкеледі. Қан жүйесінің кейбір аурулары атадан балаға тұқым қуалау арқылы беріледі. Мысалы: гемофилия, гемолитикалық анемия.

    Объективті тексеру әдістері.

    Жалпы қарау: ең бірінші науқастың жағдайы мен есіне назар аудару қажет. Тері мен кілегей қабаттарды күндізгі жарық жағдайына тексеру қажет. Олардың түсіне назар аудару қажет. Анемия кезінде тері мен шырышты қабаттары бозарады. Аддисон –Бирмер анемиясында тері аздап сарғаяды. Гемолитикалық анемияда тері мен кілегей қабат қанық сары түстес болады. Терінің бозаруы анемияның күмәнсіз белгісі ретінде қарамайды. Өйткені ағзаның анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты бозаруы мүмкін (тамырлардың терең орналасуы). Тамырлардың тарылуға ұшырауында теріні бозартады. Сондықтан анемияның дәлірек белгісі ретінде кілегей қабаттың бозаруы қаралады. Оны жоғары немесе төменгі қабаты төмен тарту арқылы тексереді. Созылмалы лейкоз кезінде тері түсі бозарады. Эритремия кезінде қанның қызыл түстес болады. Геморрагиялық диатездер кезінде тері мен шырышты қабаттарда түрлі өлшемде және түрлі пішінде дақтар пайда болады. Олар ұсақ нүктелермен бөртпелерден үлкен өлшемді дақтарға дейін ауытқуы мүмкін. Тері трофикасының жағдайына аса назар аудару қажет. Темір жетіспеушілігі анемиясы кезінде тері құрғақ болады, қабыршықтанады. Науқастың шаштары түседі тырнақтары өзгеріп сынғыш келеді. Қан жүйесіне тән өзгерістерді ауыз қуысын тексергенде де байқауға болады. Мысалы: Аддисон –Бирмер анемиясында тіл емізікшелерінің атрофиясы байқалады. Соның салдарынан тіл тегіс жылтыр болады. Жіті лейкоздарда жиі кездесетін белгілердің бірі некрозды- жаралы баспа. Кейбір лейкоздар кезінде мойынның бұғана үстіндегі, қолтық астындағы, шат аралығындағы лимфа бездері үлкейіп, ісіп көзге көрініп тұрады.

    Пальпация: көк бауыр мен лимфа бездеріне пальпация жасаудың диагностикалық маңызы зор. Лимфолейкоз, лимфосаркаматоз, лимфогранулематоз ауруларында лимфа бездері мейлінше үлкейеді. Бұл ауруларға лимфа бездерінің тоқталып, жүйелі түрде зақымдалуы тән. Сонымен қатар лимфа бездерінің үлкеюіне қан жүйесінің аурулары ғана емес, басқа ауруларға да әкелуі мүмкін.


    написать администратору сайта