ДНП научная работа. Таырып Диабеттік нефропатияа алып келген жиі себептер35 поликлиника мысалында. Орындаан
Скачать 278.97 Kb.
|
Тақырып:Диабеттік нефропатияға алып келген жиі себептер-№35 поликлиника мысалында.Орындаған:Қабылдаған:ӨзектілігіҚант диабеті 21 ғасырдың дәлелденген жазылмас індеттерінің бірі. Соның асқынуының ең ауыр түрі ол “диабеттік нефропатия”.. Қант диабетін емдеудегі жетістіктерге қарамастан, қазіргі уақытта, өкінішке орай, 1 типті және 2 типті қант диабетімен Ауырудың өсуі байқалады. Болжам бойынша, 2040 жылға қарай 20-79 жас аралығындағы қант диабетімен ауыратын адамдардың саны 642 миллионға дейін артады.[5] Әдетте диабеттік нефропатия қант диабеті диагнозы қойылғаннан 4-5 жылдан кейін дамиды.[4 ] Диабеттік нефропатия ол қант диабетінің қант тамырларға кері әсерінен туындайды . 2018 жылғы деректерге сүйенсек диабеттік нефропатия қант диабетінің 1 түрімен ауыратын пациенттердің 20,1% ал қант диабетінің 2 түрімен ауыратын пациенттердің 6,3% кездеседі. [1-2] 2 типті қант диабетімен ауыратын науқастарда диабеттік нефропатия жүрек-тамыр жүйесі аурулары мен онкологиялық патологиядан кейін өлім себептерінің арасында үшінші орын алады. Зерттеу мақсаты:
Пациенттердің Диабеттік нефропатиямен ауруының ең жиі себебі.қант диабетінің түрі бойынша кездесуін салыстыру;ауру ұзақтығы бойынша кездесу жиілігін салыстыру;артериялық гипертензиясы бар және жоқ пациенттер арасында кездесу жиілігін анықтау;бүйрек ауруы бар пациенттердің кездесу жиілігін анықтау;тұқым қуалаушылығының кездесу жиілігін салыстыру;темекіге әуестілігі бойынша кездесу жиілігін салыстыру;Зерттеу әдістері мен материалдар
әлеуметтік талдау, ретроспективті талдауаналитикалықстатистикалықсауалнамалаПациенттың амбулаторлық картасы форма 025/у№35 поликлиника материалдар базасы.Қант диабетінің түріне байлансты кездесу жиілігіДиабеттік нефропатия диагнозы қойылып қойған 50 пациенттің ішінен- 38 пациентте (76%) қант диабетінің 1 типі , ал 12 пациентте (24%) қант диабетінің 2типі. ҚД 1типімен ауру ұзақтығының жиілігі
Зерттеуге алынған диабеттік нефропатиясы бар науқастың 38 пациентте қант диабетінің 1 типі . 38 науқастың ішінде 10жылға дейін ауырған 2( 5,2%) пациент , 20 жылға дейін ауырған 9 пациент ( 23,6%), 30 жылға дейін ауырған 16 пациент ( 42,1%), 40 жылға дейін ауырған 11 пациент ( 28,9%) ҚД 2типімен ауру ұзақтығының жиілігіЗерттеуге алынған диабеттік нефропатиясы бар 50 науқастың 12 пациентте қант диабетінің 2 типі . 12 науқастың ішінде 5 жылға дейін ауырған 1 пациент ( 8,3%) , 5-10жыл бойы ауырған 4 пациент ( 33,3%), 20-25 жылға дейін ауырған 7 пациент ( 58,3%)
Артериялық гипертензиямен ауру жиілігі
Зерттеуге алынған диабеттік нефропатиясы бар 50 пациенттің ішінде 41(82%) пациентте Артериялық гипертензия бар . 41 пациенттің ішінде Қант диабетінің 1 типымен ауыратын 10- 24% науқаста, ал 2 тип 31-76% науқаста анықталды. ҚД 1 типымен ауыратын АГ сы бар науқастар саны 10 пациенттен - 1 сатысымен 2 -20% пациент , 2 сатысымен 5-50% пациент, 3 сатысымен 3-30 пациент сырқаттанады. АЛ ҚД 2 типымен ауыратын АГ бар 31 науқастан 1 сатысы –4 -12,9% пациент, 2 сатысы -10-32,2% пациент, 3 сатысы -13-41,9% пациент ауырады. Басқа да бүйрек ауруының болу жиілігіЗерттеуге алынған диабеттік нефропатиясы бар 50 науқастың ішінде басқада бүйрек аурулары болған 17 (34%) пациент . Басқада бүйрек ауруы болған 17 науқастың ішінде 11 (64,7%) пациенте пиелонефрит болған , ал 6(35,2%) пациентте гломерулонефрит диагноздары қойылған. Тұқым қуалаушылығының жиілігіЗерттеуге алынған диабеттік нефропатия диагнозы бар 50 пациенттің ішінде 33(66%) пациентте тұқым қуалаушылық факторы анықталған Темекіге әуес пациенттер жиілігіЗерттеуге алынған диабеттік нефропатиясы бар 50 науқастың ішінде 26(52%) пациент темекіге әуес болған. Гиперлипидемия жиілігіҚортындыЗерттеуге №35 қалалық поликлиникада диабеттік нефропатия диагнозы қойылған 50 науқас алынды . Соның ішінде 23 еркек және 27 әйел адам. Алынған критерилерге сай қант диабетінің типіне байланысты кездесу жиілігі мынадай көрсеткішті көрсетті: ҚД 1типімен 38 пациент ( 76%) , ҚД 2 типімен 12 науқас (24%) . Ауру ұзақтығы бойынша ең көп көрсеткіш ҚД 1 типі бойнша 38 адам оның 30 жыл шамасында ауырған пациенттер 16 пациент ( 42,1%) ол бүкіл алынған 50 пациенттің 32% құрайды , ҚД 2 типі бойынша 12 пациент 20-25 жыл бойы ауырған пациенттер 7 пациент ( 58,3%) ол алынған 50 пациенттің 14% құрайды . Анамнезінде Артериялық гипертензиясы бар пацинттер 41 адам 82% , 41 пациенттің ішінде Қант диабетінің 1 типымен ауыратын 10- 24% науқаста, ал 2 тип 31-76% науқаста анықталды Басқада бүйрек ауруы байланысты 50 адамнан 17 (34% )пациентте кездесті. Оның 11( 64,7% ) пиелонефрит , 6 (35,2%) пациентте гломерулонефрит. Алынған 50 адамнан 33 (66%) тұқым қуалаушылық бар және 26(52%) пациент темекіге әуес. Зерттеуге алынған 50 пациенттің ДСИ деңгейі 25 тен жоғары зерттелушілерден ҚД 1типымен ауыратын 12 зерттелушіден - 4(33,3%) пациент , ҚД 2 типымен ауыратын 38 зерттелушіден - 12(31,5%) науқаста артық салмақпен семіздік бар. Қортыта келе № 35 қалалық поликлиникада диабеттік нефропатия алып келген ең жиі себептер:
Пайдаланылған әдебиеттер
|