Главная страница

Геодезияда қолданылатын координаттар жүйелері туралы түсінік. Таырып Геодезияда олданылатын координаттар жйелері туралы тсінік Жоспар


Скачать 22.32 Kb.
НазваниеТаырып Геодезияда олданылатын координаттар жйелері туралы тсінік Жоспар
Дата28.11.2022
Размер22.32 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаГеодезияда қолданылатын координаттар жүйелері туралы түсінік.docx
ТипДокументы
#816334

Тақырып: Геодезияда қолданылатын координаттар жүйелері туралы түсінік
Жоспар:

1. Жер пішіні

2. Тік бұрышты жазық координаттар жүйесі.

3. Полярлық координаттар жүйесі.

4. Зоналық координаттар жүйесі

5. Жер бетіндегі нүктенің биіктіктер жүйесі
Жер беті өзінің пішіні жағынан әртүрлі биіктіктер мен тереңдіктердің жиынтығынан құрылады. мұхит пен теңіз ойыстары көп орын алады (71%). Сонымен, құрлықтың көлемі дүниежүзілік мұхитқа қарағанда едәуір аз және де құрлықтың мұхит деңгейімен, қыраттармен салыстырғанда онша биік болмағандықтан, мұхит деңгейін жердің пішіні ретінде қабылдау енгізілген. Сол себептен, жер беті үшін шамамен дүниежүзілік мұхит пен теңіз суларының тыныш жағдайына сәйкес келетін деңгей беті алынады. Құрлық астынан ойша жүргізілген мұндай бет тұйық фигура жасайды және кез келген нүктесінде жердің ауырлық центріне бағытталған тіктеуіш сызықты тік бұрыш жасап қиып өтеді. Осы деңгей бетімен шектелген денені геоид деп атайды (грек тілінен аударғанда – жер тәріздес деген мағына береді). Геоид кіші ось айналасында эллипсоидтің айналымынан пайда болған сфероид (жер элипсоиді) пішініне анағұрлым сәйкес болады.

Белгілі бір өлшемді және бағытталған геодезиялық өлшемдерін математикалық өңдеу мен геодезиялық координаттар жүйесін айқындау үшін қабылданған жер эллипсоиді референц –эллипсоид деп аталады.

1940 жылы КСРО-да профессор Ф.Н.Красовскийдің басшылығымен геодезист ғалымдар тобы референц –эллипсоид өлшемін алды. Бұл өлшемдер біздің елімізде геодезиялық және картографиялық жұмыстар үшін бекітілген. Референц – эллипсоидке Красовский есімі берілген және ол келесі шамаларға ие:

үлкен жартылай айналу өсі а = 6377397 м;

кіші жартылай ось в =6356079 м;

полярлық сығылушылық α =(а-в):а =1299,2

Көптеген тәжірибелік мақсаттар үшін Жер бөліктерін шар беті деп алуға болады, R=6371 шақырым.

4. Геодезияда қолданылатын координаттар жүйелері:

1. Географиялық координаттар жуйесі

φ – геодезиялық ендік, 00 тан 900 қа дейн өлшенеді

РР1 – Жердің айналу осьі

λ - геодезиялық бойлық, 00 тан 1800 қа дейн өлшенеді.

Жердің ортасынан өтіп, жердің айналу осьіне перпиндикуляр болатын жазықтықты экватор жазықтығы дап атайды.

Жер айналым осьнен өтетін жазықтықты меридиан дейміз. Бастапқы меридиан болып Лондондағы Гринвич обсерваториясынан отетін меридианды алады.

Географиялық ендік (φ) экватор жазықтығы мен берілген нүктедегі тік түзу арасындағы бұрыш. Ендік экватордан берілген нүктеге дейнгі АВ геодезиялық меридианның доғасымен өлшенеді және жартылай шарға байланысты солтүстік ендік (+) немесе оңтүстік ендік (-) болуы мүмкін.

Геодезиялық бойлық (λ) бастапқы меридианның жазықтығы арасындағы бұрыш болып есептеледі. Бойлық бастапқы меридианнан батыстық (батыс бойлық) және шығысқа (шығыс бойлық) қарай саналады.

1. Тік бұрышты жазық координаттар жүйесі.

Біршама қысқа ара қашықтықтарға байланысты есептерді шешкенде тікбұрышты жазық координаттар жүйесі пайдаланылады. Бұл жүйеде нүктелердің кординаталары, ара қашықтығы және бағыттары арасындағы байланыс аналитикалық геометрияның қарапайым формулаларымен өрнектеледі, мұның өзі есептеулерді айтарлықтай жеңілдетеді. Егер жер беті учаскесінің өлшемі жердің сфералылығын ескермеуге мүмкіндік беретін болса онда геодезиялық жұмыстар жүргізген кезде тікбұрышты жазық координаттадың шартты жүйесі жиі қолданылады, оның координаттар басы еркін таңдап алынады.

Полярлық координаттар жүйесі.

Жұмыстарды атқарған кезде, біршама нүктелердің орындарын бастапқы нүкте ретінде қабылдаған қандай да бір нүкте арқылы анықтау үшін жазық полярлық координаттар жүйесі қолданылады. Координаттардың полярлық жүйесінде жер бетінің кез-келген нүктесінде орналасқан

Р полюсі және полярлық ось деп аталатын РХ осі негізгі болып табылады. Бұл координаттар жүйесіндегі кез-келген нүкте орналасуы полярлық ось пен белгілі бір бағыттағы нүктенің арасындағы α полярлық бұрышын өлшеу және ара қашықтығы полюстан анықталған нүктеге дейінгі r қашықтықтағы радиус-векторы арқылы анықталады.

4.Зоналық координаттар жүйесі

Тік бұрышты жазық координталардың жалпы мемлекеттік жүйесінде жер бетіндегі нүктелердің орындары жазықтыққа х, у бұрышты координаталарымен анықталады. Олар жазықтыққа Гаус-Крюгердің тең бұрышты көлденең – цилиндрлі проекциялау заңы бойынша проекцияланады. Сонда жер эллипсоиды бойлықта әрбір 6° сайын меридиандармен 60 зонаға бөлінеді, олар полюстен полюске дейін созылады. Зоналардың нөмірлері батыстан шығысқа қарай Гринвич меридианынан жүргізіледі, ал Гринвич меридианы бірінші зонаның батыс шекарасы болып саналады. Әрбір зонаның ортадағы меридианы осьтік меридиан деп аталады.

Қазақстан территориясы экватордың солтүстік жағында орналасқан, сондықтан абсциссалардың мәні барлық уақытта оң болады. Бірақ ординаталардың теріс мәнінен туатын қолайсыздықтан құтылу үшін осьтік меридианның ординатасын 0-ге емес, 500 км-ге тең деп есептеу келісілген. Бұл шама осьтік меридианнан алты градустық зонаның шнгіне дейінгі (шамамен 330 км) ең үлкен ара қашықтықтан артық, сондықтан ол зонаның барлық нүктелерінің ординаталары мәнінің оң болуын қамтамасыз етеді.

5.Жер бетіндегі нүктенің биіктіктер жүйесі

Жер бетінің физикалық нүктелерін анықтау үшін нүктенің көлемдік кеңдігі мен ұзақтығын немесе оның екі х және у координаттарын білу жеткіліксіз. Жер бетінің физикалық үшінші координат нүктесі деңгей бетінің биіктігі болады.

Нүктенің абсолютті биіктігі деп негізгі деңгей бетінен физикалық жер беті нүктесіне дейінгі құлама сызық бойындағы метрмен өлшенетін қашықтықты айтады. Абсолюттік нүктені Н деп белгілейді, мысалы НА =154 м.

Егер биіктік нүктелері негізгі деңгей бетінен анықталмай, басқа деңгейден анықталатын болса, ондай биіктікті шартты деп атайды. Деңгей бетінен жоғары орналасқан биіктік нүктелеріне қосу белгісі қойылады. Егер нүктелер деңгей бетінен төмен орналасатын болса, онда оны кері деп атайды. Екі нүктенің әртүрлі абсолюттік белгіде болуын биік айырымы дейміз және һ деп белгілейміз. Биік айырымы бір нүктенің жер бетінен қаншалықты басқа нүктеден жоғары немесе төмен екендігін көрсетеді.

Жер бетінің нүктелерінің биіктігінің бастамасын санауда Кронштад футшток нөлі қабылданған. Футшток – Кронштадтағы Балтық теңізіндегі Фин бұғазындағы гранитті көпірге бекітілген нөлдік бөлімдермен бөлінген мыс рейка. Биіктікті санаудың мұндай жүйесі Балтықтық деп аталады.


написать администратору сайта