Главная страница
Навигация по странице:

  • БҰҰ-yың Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі бүкіл дүниежүзілік Ұйымы (БДҮ) (World Health Organization) 1946 жылы құрылған. Қатысушылар

  • Мақсаты

  • Мекен-тұрағы

  • Жмкс. Таырып Халыаралы денсаулы сатау. Медициналы білім беру. 15 дріс


    Скачать 18.7 Kb.
    НазваниеТаырып Халыаралы денсаулы сатау. Медициналы білім беру. 15 дріс
    Дата14.02.2022
    Размер18.7 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла№15 дәріс.docx
    ТипДокументы
    #361490

    Тақырып: Халықаралық денсаулық сақтау. Медициналық білім беру.

    15 дәріс

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

    Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы(ДДСҰ) – 1946 жылы БҰҰ-ның жанынан құрылған халықаралық медициналық мекеме. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жарғысында бекітілген негізгі мақсаты — жер бетіндегі барлық халықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу. ДДСҰ-ның жарғысы қабылданған күн (1948, 7 сәуір) Дүниежүзілік денсаулық қорғау күні болып аталады. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жоғары органы — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы. Ассамблея Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жұмыс бағытын анықтап, Бас директорын (5 жылға) тағайындайды.

    Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының орта әкімшілік органы — Хатшылық (штаб пәтері Женева қаласы; Швейцария). Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына 192 мемлекет мүше (2000). Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына 1992 жылы 19 тамызда мүше болып қабылданды (Еуропа аймақтық ұйымына кіреді). Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы 6 аймақтық ұйымнан (олардың атқару органдары — аймақтық бюро) тұрады: [Еуропа] (аймақтық бюросы — Копенгаген қаласында, Дания); Африкалық (Браззавиль қаласы; Конго); Жерорта теңізінің шығыс бөлігі (Александрия қаласы, Египет); Оңтүстік-Шығыс Азиялық (Нью-Дели қаласы, Үндістан); Тынық мұхит жағалауының батыс бөлігі (Манила қаласы, Филиппин) және америкалық (Вашингтон қаласы, АҚШ). 

     Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жұмысының негізгі бағыттары: жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен күрес жүргізу, оған мүше елдердің денсаулық сақтау жүйесі мен қызметін дамыту, маман дәрігерлер дайындау, медицина статистика есеп жүргізу (мысалы, ауру түрлері мен одан қайтыс болу себептерін халықаралық деңгейде саралап жүйелеу, адамдардың денсаулығы туралы мәліметті тарату, т.б.), дәрілік препараттардың дайындалуын жіті қадағалау, медицинаның маңызды мәселелерін шешуде ғылым зерттеулер жүргізуді қолдау, т.б. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының сәтті аяқталған халықараралық жобаларына дүние жүзінде безгек және шешек ауруларын жою бағдарламасы жатады. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы, сондай-ақ, туберкулезбен, жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулармен, паразиттік, жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен (мысалы, жүрек-қантамыр, қатерлі ісік, психикалық аурулар, т.б.) күрес жүргізу бағдарламаларын іске асыруда.

    1978 жылы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы мен БҰҰ-ның балалар қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастырған Алматы халықараралық конференциясында 20 ғасырдағы Денсаулық сақтау ісінің хартиясы аталған “Алматы декларациясы” қабылданды. 1979 жылы Өлкелік патология ғылым-зерттеу институты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылым-зерттеу ортлық) жанынан Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымымен бірлесіп

    жұмыс істейтін алғашқы медицина-санитариялық көмек жөніндегі Халықараралық орта ашылды. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы бюджетінің негізін оған мүше елдерден жүйелі түрде жиналатын жарналары құрайды.

    БҰҰ-yың Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі бүкіл дүниежүзілік Ұйымы (БДҮ) (World Health Organization)

    • 1946 жылы құрылған.

    • Қатысушылар — БҰҰ-ға мүше мемлекеттер.

    • Мақсаты — қоршаған ортаға жағымсыз ықпал-әсерлерді бақылау және басқару арқылы адам денсаулығын қорғау және жақсарту.

    • Негізгі кызметі — қоршаған ортаны сауықтыру жөнінде шаралар өткізу, соның ішінде химиялық препараттарды пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ластану деңгейін бағамдау және бақылау, радиоактивтік сәулеленуден қорғау, климаттың өзгерістерінің адамның денсаулығына ықпал-әсерін бағамдау, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғаудың ғаламдық стратегиясын талдап-белгілеу.

    • Мекен-тұрағы — Швейцария, Женева.

    Қоғамдық денсаулық сақтау іс-шаралары

    Жыл сайын ұйым белгілейді Дүниежүзілік денсаулық күні және белгілі бір ерекшелікке бағытталған басқа да ескертулер денсаулықты нығайту Тақырып. Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын 7 сәуірде өтеді, ол ДДҰ-ның құрылған күніне орайластырылған. Соңғы тақырыптар болды векторлық аурулар (2014), сау қартаю (2012) және есірткіге төзімділік (2011).

    ДДСҰ белгілеген басқа ресми ғаламдық денсаулық сақтау науқандары Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні, Дүниежүзілік иммундау апталығы, Дүниежүзілік безгекпен күрес күні, Дүниежүзілік темекісіз күн, Дүниежүзілік қан доноры күні, Дүниежүзілік гепатит күні, және Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні.

    Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлігі ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы бағыттағы жұмыстарды қолдайды Мыңжылдықтың даму мақсаттары.Мыңжылдықтың дамуының сегіз мақсатының үшеуі - балалар өлімін үштен екіге азайту, ана өлімін төрттен үшке азайту, ВИЧ / СПИД-тің таралуын тоқтату және азайтуды бастау - ДДҰ-ның ауқымына тікелей қатысты; қалған бесеуі өзара байланысты және әлемдік денсаулыққа әсер етеді.

    Тапсырма:

    -конспект жазыңыз

    Сұраққа жауап жазыңыз:

    • ДДҰС/ЮНИСЕФ-тың алғашқы медицина-санитариялық көмек көрсету бойынша халықаралық конференциясы.

    • Алғашқы медициналық-санитарлық көмек дегеніміз не?

    • Шет елдердегі денсаулық сақтау жүйелері.

    • Дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді даярлау, мамандандыру және жетілдіру жүйесі.

    • Қазақстандағы жоғары және орта медициналық оқу орындары.


    написать администратору сайта