ТӨЛЕУҒАЛИЕВ. Таырып Жаартылан білім беру мазмны бойынша оытудаы ерекшеліктері
Скачать 14.68 Kb.
|
Тақырып 3. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы ерекшеліктері. Жоспар 1.Өткен материалды қысқаша қайталау 2. Төменде көрсетілген сұрақтар бойынша студенттердің сабақ айтуы Тапсырма: 1. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы ерекшеліктерін (1.Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым); 2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау); 3.Шығармашылық ойлау дағдысы 4.Логикалық ойлау дағдысы 5. Сыни ойлау дағдысы 6. Алгоритмдік ойлау дағдысы 7.Критикалық ойлау дағдысы 8.Проблемалық ойлау дағдысы 9.Технологиялық ойлау дағдысы 10.Тілдік құзіреттілік дағдысы 11. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;) мазмұнын ашу. 2. Жаңартылған білім беруде білім беру салалары және қандай пәндер оқытылады? 1. Ең басты ерекшелік - Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі және алдыңғы қолданған жаңа технологиялардың( СТО, дамыта оқыту, модульдік оқыту) барлығының осы жаңартылған білім бағдарламасына тоғысуы екенін түсіндім. Шешуін кез келген мұғалім сабақ беру барысында түсінеді. ІІ ерекшелігі- 1.Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым); Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау); 3.Шығармашылық ойлау дағдысы 4.Логикалық ойлау дағдысы Сыни ойлау дағдысы Алгоритмдік ойлау дағдысы 7.Критикалық ойлау дағдысы 8.Проблемалық ойлау дағдысы 9.Технологиялық ойлау дағдысы 10.Тілдік құзіреттілік дағдысы Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Бұл дағдылардың барлығы алдыңғы оқыған жаңа технологиялардың барлығында кездеседі. Екінші басты ерекшелік болып табылатын- оқу дағдыларының( оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым) болып 4-ке бөлінуі. Осы дағдылардың қазақ тіліне бөлек, қазақ әдебиетіне бөлек оқу мақсаттарымен берілуі және әр оқу мақсаттарына сай ресурстардың қолданылуы дер едім. Жаңартылған білім мазмұныныңдағы спиральді қағидаттың 4 дағдының кіріктіріліп оқытылуы өте тиімді деп ойлаймын. Оқылым дағдысында бірлескен оқу, белсенді оқу түрлері бар.Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады.Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндім. Мысалы 5- сыныпта « Мақал-мәтел» тақырыбын алсақ. Мақал-мәтелді тек оқып, жаттатып қана қоймай, осы мақалды оқығанда не түйдің,осы мақал нені айтқысы келеді деген сұрақтар қоя отырып, мақалдың мағынасын аша отырып, сол мақалдан өзі қорытынды шығарса, оқушының белсенді жұмысқа тартылуы деп білемін. Мұғалім- шебер сұрақ қоя білуші болу керек дегенді айта кеткім келеді. Оқушы бір-бірінің түйген ойын тыңдай отырып, өзі жаңа бір ой түйеді. Яғни, Жүсіпбек Аймауытовтың: « Баланың өзін еңбектендіріп, бірлестіріп,өз бетімен білім тапқандай қылса», « жұмыс істейтін материалдар даяр түрінде емес, балалар тәжірибе қылып, зерттеп, өз бетімен шешкендей, тұрмыс жұмбақ түрінде берілсе» оқудың анағұрлым тиімді болмақ деген пікіріне қосыламын. 2. Жаңадан енгізілген пәндер қатарында ағылшын тілі, орыс тілі, жаратылыстану сынды заманауи қажеттіліктерге байланысты жүргізілетін пәндер бар. Жаратылыстану пәнінде (химия, физика, биология пәндері) дүниетану пәндері (география, тарих, қоғамтану) алғашқы ұғымдарды қалыптастырады. Жаңартылған білім беру мазмұны белгілейтін типтік оқу жоспарында 1-4-сыныпқа арналған тілдерді деңгейлеп оқытуда (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері) тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым дағдыларын үйрету жоспарланды. Тағы бір жаңалығымыз, бастауыш мектептің 3-4-сыныптарында оқушыларға ақпаратты іздеу талдау және тасмалдау дағдыларын үйрету мақсатында «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» пәні оқытылатын болады. Жаңа оқу бағдарламаларының ерекшелігі – оның 21 ғасыр дағдыларын дамытуға бағыталғандығында: ақпаратты іздеу, талдау және интерпритациялау дағдыларын дамыту: адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі): рухани- адамгершілік құндылықтарын дамыту: оқудың функционалдық дағдыларын қалыптастыру: санау, оқу, жазу, өз ойын нақты әрі дәл жеткізе білу, себеп – салдарлы байланыстар орнату. Жаңартылған білім беру мазмұнын белгілейтін типтік оқу жоспарында 1-4-сыныпқа арналған тілдерді деңгейлеп оқытуда (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері) тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым дағдыларын үйрету жоспарланды. Бірінші тіл ( оқыту тілі,) әдебиет, екінші тіл ( қазақ/орыс тілі) үшінші тіл: ағылшын |