Главная страница

Жағдайды суретке түсіру. Таырып Жадайды суретке тсіру Жоспар


Скачать 417.9 Kb.
НазваниеТаырып Жадайды суретке тсіру Жоспар
Дата28.11.2022
Размер417.9 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЖағдайды суретке түсіру.docx
ТипДокументы
#816331

Тақырып: Жағдайды суретке түсіру
Жоспар:

1.Перпендикуляр әдісі

2.Полярлық әдіс

3.Қиылыстыру әдісі
Жер бетінде орналасқан заттарды планға түсіру үшін әртүрлі өлшеу жұмыстары жүргізіліп, олардың нәтижелері журналдардың арнаулы беттеріне жазылады, түсірілген объектілерге абрис деп аталатын схемалық жоба сызылады.Абрис план жасауда қолданылады.

Жер беті жағдайын планға түсірудің бірнеше тәсілдері бар.

Перпендикуляр тәсілі. Теодолиттік жүрістің АВ қабырғасының жанында орналасқан орманның 1,2,3 деп белгіленген ерекше нүктелерін планға түсіру үшін сол нүктелерден АВ – ға перпендикуляр түсіріп, олардың ұзындықтары (1d1,2d2,3d3) және бастапқы пункттен сол перпендикулярға дейінгі қашықтықтар (Аd1,Аd2,Аd3) өлшенсе жеткілікті. Өлшеулер рулетка арқылы орындалады. Кейін бұл өлшеулер планға масштаб арқылы салынады.

Полярлық тәсілді қолданғанда, ситуация контурын полигонның бір қабырғасынан (ВС) ерекше нүктелерге дейінгі горизонталь бұрыштарды және оларға дейінгі арақашықтықтарды өлшеу арқылы түсіреді. Полярлық бұрыштар (α1, α2, α3) теодолитпен, ал ұзындықтар (l1, l2, l3) жіптік қашықтық өлшеуіш арқылы өлшенеді. Өлшеу нәтижелері планға транспортир немесе масштабтық сызғыш арқылы салынады.

Қиылыстыру тәсілдері. Тікелей қашықтық өлшеу қиын жағдайларда бұрыштық қиылыстыру тәсілі (7.3,б – сурет) қолданылады, яғни А және В пункттерде теодолитпен α, β бұрыштары өлшенеді де, өлшенген бұрыштар транспортир арқылы салынып, қиылысқан нүктеге жел диірменді шартты белгімен белгілейді.

Үйдің бір бұрышын (С нүктесін) АС=a, ВС=b арақашықтарын өлшеу арқылы да анықтауға болады (7.3,в – сурет).

Кейін С нүктесін планға салу үшін А және В нүктелерінен а мен b тең радиуспен циркуль арқылы доғалар жүргізіп, олардың қиылысқан жері белгіленеді.

Барлық жағдайдағы суретке түсіру кезіндегі өлшемдері схематикалық сызбаға кіргізіледі, теодолиттік суретке түсіруді жазық журналдың немесе дәптердің оң жағына орындалуы абрис (түсірудің сызбасы) деп аталады.



написать администратору сайта