Главная страница
Навигация по странице:

  • Сынып: 10 Қатысқандар саны:10 қатыспағандар

  • Тілдік мақсаттар Арнайы пәндік лексика мен терминология

  • Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

  • Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері

  • Жасушалық циклдің интерфазасының фазалары Интерфазалық – жасушалның бөлу үшін дайындық кезеңі.

  • Митоз фазалары Митоз сатыларында өтетін үдерістер Профаза

  • Оқушылардың жұмысын бағалау критерилері

  • . Тәжірибелік жұмыстарды орындау (тәжірибелік жұмыстың материалдары) - жұптық жұмыс

  • ОМ бойынша қорытындылар Митоздың мәні

  • Қосымша ақпарат Дифференциация – сіз қосымша қолдау көрсетуді қалай

  • Бағалау - сіз оқушылар білімін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз Жұптық , топтық бағалау түрлері

  • Төмендегі орынды сабақ бойынша сұрақтарға жауап үшін қалдырыңыз. Сол жақ бағанда келтірілген сабақ бойынша ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Оқушылардың сабаққа ынтасы өте жақсы болды

  • Қысқаша бағалау Қорытынды бағалау Қандай екі нәрсе табысты болды.

  • Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды(Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

  • Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім

  • митоз. _Митоз. 14.07.2020. Таырып Жасушалы цикл. Митоз. Мектеп 190 орта мектеп


    Скачать 423.8 Kb.
    НазваниеТаырып Жасушалы цикл. Митоз. Мектеп 190 орта мектеп
    Анкормитоз
    Дата02.11.2021
    Размер423.8 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла_Митоз. 14.07.2020.docx
    ТипДокументы
    #261183



    Тақырып: Жасушалық цикл. Митоз.

    Мектеп: №190 орта мектеп

    Күн : 10.01.2020

    Мұғалімнің аты – жөні: Смет Гүлжамал Нұрыллақызы

    Сынып: 10

    Қатысқандар саны:10

    қатыспағандар:

    Осы сабақта қолжеткізілетін оқумақсаттары

    - Жасуша циклінің интерфазасында болатын процестерді түсіндіру;

    - Митоздың фазаларын сипаттау;

    - Дайын микро препараттар көмегімен митоздың фазаларын зерттеу;

    - Пияз тамыры ұшындағы жасушалардан митоздың белсенділік деңгейін анықтау;


    Сабақ мақсаттары

    -Жасушаның митоздық бөлінуін зерттеу;

    -Жасушаның өмірлік циклінің негізгі кезеңдерін көрсету;

    -Митоздың фазаларын анықтау;

    Тілдік мақсаттар

    Арнайы пәндік лексика мен терминология:

    Митоз, мейоз, интерфаза, редупликация (репликация), цитокинез, кроссинговер, рекомбинантты хромосома, гаплоидты, диплоидты хромосома жиынтығы, хроматидалар.
    Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

    интерфаза - «тыныштық» кезеңі, жасуша өсіп, ДНҚ репликациясы болған кезде;

    • Митоз - ядро ​​екі жаңа ядроларға бөлінеді

    • Цитокинез – екі жаңа жасушалар қалыптастыру үшін цитоплазма бөлініп, мембраналардың қалыптасуы

    • Митоз орын алған кезде, жаңа жасушалардағы хромосомалар саны бірдей болады.

    • Митоз- редукциялық бөліну, хромосомдардың жиынтығы екі есе азайды

    Құндылықтарды дарыту


    Оқу ортасында жұмыс істеу басқа адамдардың пікірлерін құрметтеуге, командамен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

    Өмір бойы оқу.


    Пәнаралық байланыстар

    Химия, биохимия, ART(митоздың фазаларын сызбасы)

    Бастапқы білім

    Өсімдіктер мен жануарлардың жасушаларының құрамдас бөліктері (7.1А бөлімі)

    Хромосомалардағы генетикалық материал (8.4А бөлімі)

    Хромосомалар ДНҚ-дан тұрады (8.4А бөлімі)

    Соматикалық хромосомалар хромосомалардың жартысын құрайтын бірдей хромосомалар мен гаметалардан тұрады (7.1В бөлімі)

    Жасушалық цикл. Митоз. (9.3А бөлімі)

    Сабақ барысы

    Сабақтың жоспарланған кезеңдері

    Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


    Ресурстар


    Сабақтың басы
    Сабақтың ортасы

    Жұптық жұмыс.

    Бейнебаян көру.

    Бейнебаян көргеннен кейінгі топтық жұмыс

    Сабақтың соңы


    Шақыру: Дененің өсуінің негізі қандай? Регенерация? Көбею?

    1. Оқушыларды жұптастыру, жасушалық циклдік фазалардың үлгілері бойынша үйлесуі: суреттеріңізді жасушалық циклдың қандай фазалары көрсетілген, қалай ойлайсыз? Олар туралы не айтуға болады?

    Жауап: жасуша циклының фазалары.

     Жасуша циклінің фазалары арқылы жұптарға бөлу. Тапсырма 1. Интерфазаның фазаларының аттары мен олардағы процестер арасындағы сәйкестікті табу. Бағалау критерийлері:

    1. Ынтымақтастық.

    2. Диаграммадағы интерфазаның сипаттамаларын, фазаларын және жасушалық циклдің фазаларын дұрыс анықтау.

    3. Сұрақтарға жауаптар

    A) интерфаздың қандай фазасында ДНҚ-ның репликациясы орын алады?

     B) Митоздың бөлінуінің алдында интерфаза неге ұзақ?

     C) Жасушалық цикл туралы қандай тұжырым жасауға болады? Жасуша циклына қандай анықтама беруге болады?

    4. Жауаптарын айту.

    5. Бағалау критерийлеріне сәйкес жұптардың өзара бағалауы.


    Жасушалық циклдің интерфазасының фазалары

    Интерфазалық – жасушалның бөлу үшін дайындық кезеңі.


    Фаза

    Жасушада болатын үдерістер

    G1

    Жасуша органеллаларының түзілуі

    Метаболизм. Жасушаның өсуі

    АТФ синтезі.

    S

    ДНК репликациясы. Гистондар мен нәруызды молекулалардың синтезі.

    Әрбір хромосома 2 хроматидаға айналады.

    Жасуша ДНҚ молекуласының 4 көшірмесі

    G2

    Жасушадағы қарқынды үдерістер. Митохондриялар мен хлоропласттың бөлінуі, Энергия қорының көп жинақталуы.

    M

    Жасуша ядросының 4 саты арқылы бөлінуі

    C

    Цитоплазма бөлінуі, Жасушалардағы органеллалардың жаңа жасушаларға біркелкі бөлінуі


    Y: митоз = ядроның бөлінуі + цитоплазманың бөлінуі

    Өсімдіктердегі митозды алғаш рет И.Д. Чистяков 1874 жылы байқаған және толығырақ үдерісті неміс ботанигі Э.Страсбургер (1877) және неміс зоологы В. Флемингпен (1882) сипатталған.

     2. Келесі кезең: «Митоз - митоздың фазалары» бейнежазбасын көру (оқушыларға видео көргеннен кейін жасайтын жұмыстары туралы ескертіледі)

    3. Топтағы өзіндік жұмыс кезеңі:

    Бейнебаянды көргеннен кейін оқушылар 2 топқа бөлініп, микрофотографиялардың сызбаларына және осы фазалардың сипаттамасына сәйкес митоздың фазаларын сәйкес келтіру тапсырмсын орындайды.

    (әрбір топ алдындағы үстелде бағалау критерийлері орналасады).

    Митоз фазалары

    Митоз сатыларында өтетін үдерістер


    Профаза


    • Хромосомалар ядрода айқындала бастайды. Олар қысқарып, жуандап, серппеге айналады, сөйтіп белгілі бір ретпен орналасады;

    • Диффузды хроматиннің жинақталуы және ДНҚ молекулаларының тығыз серппеге оралуының нәтижесінде хромосомалар жекелене бастайды;

    • Профазаның алғашқы кезінде әрбір хромосома екі хроматидтерден тұратындығы анық көрінеді. Бұл – жасуша айналымының интерфаза сатысының S кезеңінде жүретін репликация нәтижесі.

    Метафаза


    • Метафаза сатысында ахроматин жіпшелері хромосоманың центромеріне бекінеді;

    • Әрбір хромосоманың хроматидтері бір-бірінен ажыраса бастайды;

    • Олардың арасындағы байланыс тек центромера тұсында ғана сақталады;

    • Ядроның полюстерінің арасындағы бір деңгейдегі кеңістікке – метафазалық тақтаға жинақталады.

    Анафаза


    • Центромералар бөлінеді;

    • Бұдан кейін ұршық жіпшелерінің көмегімен туыстас хромосомалар жұбының бірі ядроның бір полюсіне қарай, екіншісі екінші полюсіне жылжи бастайды

    Телофаза


    • Ядро түзіледі.;

    • Хромосомалар ширатылады;

    • Қайтадан ядрошық қалыптасып, ядро қабықшасы түзіледі;




    Цитокинез

    Жасуша денесі ядролар арасында бөлінеді. Жасуша экваторында цитоплазмалық мембрана ішке қарай ойық түзеді. Жасуша толығымен 2 жасушаға бөлінеді. Жасуша органеллалары – ЭПТ, Гольджи аппараты қайта қалпына келеді


    Оқушылардың жұмысын бағалау критерилері:
    1. Бірлескен жұмыс.

    2. Митоздың фазаларының суреттерін, сипаттамаларын және атауларын дұрыс сәйкестендіру . Жұмыстың нәтижелерін атап өту. Бағалау критерийлеріне сәйкес жұптарды өзара бағалау.

    4. Тәжірибелік жұмыстарды орындау (тәжірибелік жұмыстың материалдары) - жұптық жұмыс

    / E) Оқушылар митоздық фазаларды бақылау үшін дайын микропрепараттарды пайдаланады - оқушылардың практикалық жұмысы. Интерфаза, профаза, метафаза, анафаза және телофаза хромосомалық орналасу үлгілері жасалуы керек. Оқушылар өз сызбаларын әр кезеңде орын алған үдерістерімен көрсетулері керек / оқушылар жасушалық циклдің әр фазасындағы үдерістердің толық сипаттамасымен митоз түсінігін дамытады. Бұл түсінік микроскопиялық препараттар көмегімен жасушалардың митоз кезеңдерін бақылау арқылы дамытады. Жұмыстың соңында олар митоздық индексті есептейді.

    Митозға арналған қалыптастырушы тапсырманы орындау

    ФБ. Кембридждік емтихан тапсыруға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.

    ОМ бойынша қорытындылар Митоздың мәні

     1. Генентикалық тұрақтылық, яғни. Жаңа жасушалар арасында генетикалық материалды нақты бөлінуі.

    2. Құрылымның тұрақтылығы және ағзаның органдарының және тіндерінің қалыпты жұмыс істеуі.

    3. Ағзаның өсуі және дамуы.

    4.Эмбрионалдық дамудың негізі.

    5.Жыныссыз көюеюдің негізі

    6.Органдар мен ұлпалардың регенерациясы.



    Презентация PPT
    Пияз басының бойлық бөлігінің боялған микро препараттары осы жаттығу үшін тамаша үлгі болып табылады. Микроскоптар, микро препараттар «митоз»

    Кесте «Митоз»

    Митоздың микрофотографиясының суреттері.

    Митоз жайлы бақылау жұмыстары төменде көрсетілген:

    http://goo.gl/4RJuu

    http://tana.ucoz.ru/load/340-1-0-1024

    Презентация PPT

    1-қосымша

    Таратылатын ресурстар: желім, сәйкестікке арналған қағаз тілімдері, А4 қағазы.

    Таратылатын ресурстар: Пияз түбінде митоздың микрофотографиясы.
    Таратылатын ресурстар: (сәйкестікке арналған фазалардың қағаз тілімдері, желім, A4 қағазды сәйкестендіру үшін кесу)

    Қосымша / практикалық жұмыс парағы



    Рефлексия: соңғы 2 минут

    - Бүгін мен білдім,

    - Маған қиын болды ....

    - Мен мына бойынша жұмыс істеуім керек. .

    Үй жұмысы

    Митоздың мағынасына қысқаша эссе жазу: 100-150 сөз.

    Сабақтың тақырыбы жайлы оқулық материалдарын қайталау: Биология Д. Тейлор, Н. Грин, В. Стоут 3-Том

    143-151 бет

    https://www.youtube.com/watch?v=pOsAbTi9tHw


    Қосымша ақпарат

    Дифференциациясіз қосымша қолдау көрсетуді қалай жоспарлап отырсыз? Анағұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз?

    Бағалау - сіз оқушылар білімін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз

    Жұптық, топтық бағалау түрлері қолданылады

    Оқуаралық байланыстар

    Денсаулық сақтау және қауіпсіздік қағидаларын орындау

    Байланыс АКТ

    Пәндер байланысы

    Қосымша ресурстармен қамтамасыз етуде қолдау көрсетіледі. Жұптармен жұмыс істеу қателерді болдырмауға көмектеседі.

    Ашық сұрақтарға жауап беруге, қорытындылар жасауға және үдерістерді бағалауға, митоз бен мейоздың салыстырмалы сипаттамасын беруге мүмкіндік береді

    Митоздың фазаларын неғұрлым дәл анықтауға және оны микрофотографиялармен салыстыруға мүмкіндік береді.

    Сабақта қалыптастырушы бағалау жүзеге асады:

    Жұмысты орындау кезінде сұрақтар.

    Жасушалық цикл сатыларын сәйкестендіру және тапсырма критерийлері бойынша бағалау.

    Митоздың фазалары мен митоздық микрография суреттерін сәйкестендіру бойынша бейнебаян көру. Көптеген табысты жұмыстар оқушылардың нақты тапсырмаларды орындауға қабілеттілігінің көрсеткіші болады.

    Оқушылардың қабілеттері үнемі сабақтың басында, сабақта және соңында бағаланады.

    1. Пәнаралық байланыстар химия және биохимия (ДНҚ-ның репликациясы), ақуыз, көмірсулар мен майлардың биосинтезімен жүргізіледі. ATP синтезі. ИЗО (митоздың фазаларын суреттерін орындау)

    2. Денсаулық және қауіпсіздік:

    а) микроағзалармен, микроскоппен, микроскоптың электр кабельдерімен, розеткамен (жұмысқа жарамдылықты тексеру) жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау, ақ халатпен жұмыс істеу

    b) Қызметтің өзгеруі жұмыстың монотондылығында шаршауды тудырмайды.

    в) Көзге жаттығу жасау: микроскопта жұмыс істегенде шаршаудың алдын алады.

    5. ИКТ сабақтың басында және оқушылардың білімін жетілдіру үшін сабақтың басқа кезеңдерінде қолданылады.

    4. Колоборативті оқу ортасында жұмыс істеу басқа адамдардың пікірлерін құрметтеуге, топпен жұмыс істеуге қабілетті болады

    5. Митоз үдерісіне негізделген жасушалармен ұлпаларын клондау арқылы медицинада трансплантациялау үшін сапалы ауылшаруашылық өнімдерін және материалдарды алу.

    Рефлексия
    Сабақтың міндеттері/Оқу міндеттері шынайы ма? Сіз бүгін не оқып білдіңіз? оқу атмосферасы қандай болды? Мен дайындаған оқу дифференциациясы табысты ма? Мен уақытты сақтадым ба? Мен жоспарға қандай өзгеріс енгіздім және неге?

    Төмендегі орынды сабақ бойынша сұрақтарға жауап үшін қалдырыңыз.

    Сол жақ бағанда келтірілген сабақ бойынша ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

    Оқушылардың сабаққа ынтасы өте жақсы болды

    Оқушылар өзіндік жұмыс істеу барысында жасуша циклінің интерфазасында болатын процестерді түсінді , митоздың фазаларын сипаттап, дайын микро препараттар көмегімен митоздың фазаларын зерттеді және пияз тамыры ұшындағы жасушалардан митоздың белсенділік деңгейін анықтады. Уақытты саралап қойғандықтан оқушылар соған бейімделе бастаған.Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді.


    Қысқаша бағалау
    Қорытынды бағалау

    Қандай екі нәрсе табысты болды.

    1. Кітаппен жұмыс жасауда, тапсырмаларды топпен талқылау кезінде табысты болды

    2. Пияз тамыры ұшындағы жасушалардан митоздың белсенділік деңгейін анықтауда

    Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды(Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

    1. АКТ мен жұмыс жасауда

    2. Дайын микро препараттар көмегімен митоздың фазаларын зерттеуде.

    1. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

    Сыни тұрғыдағы ойлау қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмаларды беру мен әдістерді пайдалану. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері мен қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


    написать администратору сайта