Главная страница
Навигация по странице:

  • Әлеуметтік зерттеулер

  • Зерттеудің түрлері мен бағыттары

  • Әлеуметтану. Әлеуметтану №3. Таырып леуметтанулы зерттеулер. Тапсырмалар леуметтанулы зерттеу мселесі. леуметтану


    Скачать 30.18 Kb.
    НазваниеТаырып леуметтанулы зерттеулер. Тапсырмалар леуметтанулы зерттеу мселесі. леуметтану
    АнкорӘлеуметтану
    Дата04.12.2020
    Размер30.18 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаӘлеуметтану №3.docx
    ТипДокументы
    #156834

    Тақырып 3. Әлеуметтанулық зерттеулер.

    Тапсырмалар

    1. Әлеуметтанулық зерттеу мәселесі.

    Әлеуметтану - білім жүйесі ретінде әлеуметтік шынайылық фактілерін зерттеуге негізделеді. Әлеуметтанулық зерттеу - тәжірибеде қолдану үшін зерттелетін құбылыс жайлы шынайы деректер алу мақсатында әдіснамалық, әдістемелік және ұйымдастыру-техникалық процедуралардың логикалық кезеңдік жүйесі.
    Әлеуметтік зерттеулерҚПЗО зерттеу қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Осы бағыт шеңберінде қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық салаларының түйіскен тұсында жатқан фактілер мен құбылыстар зерттеледі. Бүгінгі таңда маркетингтік және әлеуметтік зерттеулер жүргізу барысында әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінен бастап, тұрғындар өмірінің сапасы мен деңгейі (қалада, ауылда), жергілікті мәселелер мен ерекшеліктер жайлы түрлі ақпараттар қажет болады. Бұндай ақпарат жинаудың негізгі көзі әлеуметтік зерттеулер болып табылады. Елдегі әлеуметтік үрдістерді зерттеуге және талдауға және қоғамның әлеуметтік жүйесіндегі және қоғамдық сана құрылымындағы өзгерістерді зерттеуге бағытталған әлеуметтік зерттеу жобалары кешенді және көпжоспарлы сипатқа ие.

     

    Зерттеудің түрлері мен бағыттары:
    • Әлеуметтiк: қоғамдық пікірді, болжамдарды, сенiмдерді, нанымдарды, құндылықтар мен қоғамдық өмірдің түрлі сұрақтары бойынша бағдарларды зерттеу.
    • Тұрғындардың сапалы қызмет көрсетулерге, жағдайға, орын алып жатқан өзгерістер мен үрдістерге қанағаттану деңгейіне баға беру.
    • Тұрғындардың ұлттық жобаларды, бағдарламаларды, идеяларды бағалауы.
    • Экономикалық және демографиялық зерттеулер.
    • Тұрғындарды немесе тұрғындардың жеке топтарын мәдени зерттеу.
    • Эксперттік сұраулар - болжамдарды құрастыруға және оларды нақтылауға, әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің түсіндірулерін толықтыруға бағытталған. Эксперттерді іріктеу олардың біліктілік деңгейлері бойынша жүзеге асады, себебі эксперттер тобының саны мен ерекшеліктері статистикалық емес, сапалық ерекшеліктер бойынша бағаланады.
    • Таңдаулы топ өкілдерін сұрау - қоғамдық пікір көшбасшыларының пікірін зерттеу
    • Қоғамдық пікірді бақылау
    • Ерекше мақсатты топтарды зерттеу
    • Жобаларды әлеуметтік бағалау
    • Әлеуметтік мәселелерді зерттеу
    • Үй шаруашылықтарын әлеуметтік зерттеу
    • Мемлекеттік және түрлі бағдарламалар шеңберінде бағалау және бақылау.

    2. Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасы

    Әлеуметтік зерттеудің теориялық және эмпириялық («эмпирия» — грек сөзі, «тәжірибе» деген мағына береді. Бұдан әрі тәжірибелік деп жазылады) типтері бар. Тәжірибелік зерттеу іргелі және қолданбалы болып екіге бөлінеді. Іргелі әлеуметтік зерттеудің басты мақсаттарының бірі зерттеліп қаралатын пән жөніндегі ғылыми түсінікті жетілдіру мен дамыту болып саналады. Қолданбалы зерттеу нақты бір әлеуметтік проблеманы шешуге арналады.Қолданбалы зерттеудің социоинженерлік сипатта болуы оның теориялық зерттеуден айырмашылығы бар екендігін де ашып көрсетеді. Өйткені соның нәтижесінде әрекет етудің нақты бағдарламасы жасалады.Оны жүзеге асыру зерттелген проблеманы практикада шешуге бағытталады. Саясаттанушылар мен саясаткерлер, заңгерлер мен басқарушылар, экономистер мен бизнесмендер және басқа да социогуманитарлық бағдардағы мамандар эмпириялық әлеуметтану зерттеулерінің нәтижесінде алынатын ақпараттарды белсенді тұтынушылар болып саналады. Сол ақпараттарды қолдана отырып, олар өздерінің практикалық және теориялық сипаттағы кәсіби мәселелерін шешеді.Нақты әлеуметтік зерттеулер жалпы ғылымдағы зерттеулерге тән кейбір элементтерді қамтиды. Бұл элементтерге, біріншіден, объект жатады, ол әлеуметтік шындықты (ақиқатты) бейнелейтін құбылыстар мен процестерден тұрады; екіншіден, субъект жатады, бұл әлеуметтанушы немесе әлеуметтанушылар тобынан тұрады; үшіншіден, нақты міндеттерді шешуге бағытталған зерттеудің мақсаты жатады; төртіншіден, ғылыми, техникалық, ұйымдық құралдар саяды; бесіншіден, зерттеу қорытындылары жатадыII. Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдеріҚоғамдық өмірде әлеуметтік мәселелерді талдау талпыныстары ерте кезден басталса да, әлеуметтану жеке ғылыми пән негізінде 19 ғасырдың 30-шы жылдары ғана қалыптасты. Осыған қарамастан, қоғам жөнінде белгілі көріністер көптеген ғасырлар тоғысында дамып келді.Әлеуметтанудың алғышарттары қоғамның өзіндік әлеуметтік үрдістері жөнінде объективті ғылыми білім алу сұранысынан белгіленеді. Әлеуметтанудың түп-тамыры жалпы өркениеттің табиғатын айқындайды. Бұл әлемдік нарықтың біртіндеп қалыптасуы, ұқсас саяси құрылымның пайда болуы мен әр түрлі мәдениет өзара байланысының қалыптасу үрдісі белгіленеді. Білім мен тұтас әлеуметтік әлемді біліп, тану қоғам жөнінде ерекше ғылымды талап етті.

    3. Әлеуметтанулық зерттеу әдістері

    Социологияның зерттеу нысаны – қоғам және оның өмір сүру, даму заңдылықтары, яғни индивидтердің қауымдастығы, олардың өзара қарым-қатынастарының ортасы түрінде қарастырылатын қоғам.

    Нысан ретінде әлеуметтік өмірдің бір бөлшегін социологияның зерттеу пәні етіп алу проблемалық жағдайдан, яғни кейбір әлеуметтік қайшылықтарды бөліп қарастыру қажеттілігінен туындайды. Проблемалық жағдай зерттеу пәнін құрайды, ал әлеуметтік өмір құбылыстарындағы проблемалық жағдайды шектеу - зерттеу нысанын бөліп алуға онтологиялық негіз болады.

    Әлеуметтік нысандардың даму және өмір сүруінің объективті заңдылықтарын анықтау мақсаты алға қойылған теориялық - бағдарлық әлеуметтік зерттеулердің пәні эмпириялық шындықтың елеулі қасиеттері мен өзара байланыстарын теориялық анықтамалар мен ұғымдар түрінде түсіндіреді, ал мақсаты әлеуметтік жүйелер мен процестерді іс жүзінде басқару болып табылатын қолданбалы социологиялық зерттеулердің пәні ұғынылған нысаннан  өмір шындығына жету түрінде болады.

    Социология қоғамдағы жеке адам, әлеуметтік топтар, жіктер мен қауымдастықтар, институттар мен процестер тіршілігі мен қызметінің барлық проблемаларын түгел қамтуға тиіс.

    Қолданбалы социологиялық зерттеулер әлеуметтік теориялардың тәжірибелік негізін құрайтын деректерді немесе тапсырыс берушілердің (мекемелердің, қоғамдық ұйым өкілдерінің, партиялар мен қауымдастықтардың, мемлекеттік басқару органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының) нақтылы практикалық қажетін қанағаттандыра отырып, дербес нақтылы-қолданбалы ұғымға ие болатын мәлімет жүйелерін  алуға бағытталған. Ол теориялық  болжамдарды дәлелдеу немесе жалған екенін анықтау мақсатында жүзеге асады.

     Социологиялық ақпараттар жинаудың негізгі төрт әдістері бар. Олар:

    1) сұрақ алу әдісі;

    2) бақылау әдісі;

    3) тәжірибе жүргізу әдісі.

    4) құжаттарды талдау әдісі;

    Анкета мен сұхбат жүргізу әдістері

    Сұрақ алу әдісі. Эмпириялық ақпараттар сұрақ алу арқылы алынады. Бұл әдіс ұйымдастыру жағынан артықшылығымен, арзандығымен, ақпараттың мазмұндылығы және әмбебаптылығымен, алынған ақпаратты өңдеуге техникалық құралдарды барынша мол пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді.

    Сұрақ әдісінің негізгі түрлеріне анкеталық сұрау мен әлеуметтік сұхбат (интервью) жатады.

    Сұрақ алу тәсілінің өзіндік ерекшелігі «сұрақ-жауап» жүйесі логикалық көзқарас тұрғысынан жүзеге асып, алынған жауаптар кейіннен сапалық және сандық өңдеулерге түсуінде жатыр.

    Анкета – зерттеушінің жауапшымен (респондент) анкета арқылы контактыға негізделген эмпирикалық әлеуметтану зерттеуіндегі әлеуметтік өлшеуіштің бірден-бір кеңінен тараған тәсілі.

    Анкетаны жасаудың, онымен жұмыс жүргізудің өзіндік ерекше әдістемелік тәсілдері мен сипаты бар. Кез-келген анкетаның үш құрамдас бөлігі: кіріспе, мазмұндық (негізгі бөлім) және қорытынды (төлқұжат) бөлімдері болады.

    Кіріспеде зерттеуді кімнің жүргізетіндігі, оның мақсаты мен міндеті, анкетаны толтыру тәсілі, оны толтырудың жасырын екендігі көрсетіледі. Анкетаны қалай толтыру керектігі жайлы нұсқау кіріспенің соңында беріледі.

    Анкетаның негізгі бөлімін толтыруға айрықша назар аударылады, өйткені жүргізілетін зерттеудің табысқа жетуі осыған байланысты.

    Анкетаның мазмұны (ұсынылатын сұрақтардың сипаты мен түрі, оларды орналастыру тәртібі, алынатын жауаптар) зерттеліп отырған объект жайлы неғұрлым нақтылы мағлұматтар алуға ұмтылу арқылы айқындалады. Бұл үшін анкетаның мазмұндық бөліміндегі сұрақтар жүйесін әбден саралап барып түзген жөн. Сұрақтар түзу анкета жасаудың ең күрделі кезеңі: оның алдында зерттеудің негізгі ұғымдарын эмпириялық тұрғыдан анықтау, әрқайсысына анкета сұрақтарының бір, не бірнешеуі сәйкес келетін эмпириялық индикаторларды іріктеп алу процедурасы өтеді. Заттық мазмұнына қарай       сұрақтарды мынандай категорияларға бөлуге болады: 

     - деректер жайлы сұрақтар - әлеуметтік құбылыстар, өндірістегі хал-ахуал, қоршаған орта жайлы, сұралушының жеке басына қатысты мағлұматтар алу;

    - білімі туралы сұрақтар – сұралушының белгілі бір сала бойынша білімінің деңгейін анықтау мақсатындағы емтихан типтес сұрақтар болып келеді;

    -  пікір жайлы сұрақтар - сұралушының деректерді қабылдауы, болашақ туралы тілектері, жоспарлары жайлы болып, өзінің жеке басының кез-келген проблемасын қозғауы мүмкін;

    - себеп жайлы сұрақтар – адамның өзінің іс-әрекеттері жайлы субъективтік түсініктерін анықтайды;

    - логикалық сұрақтар – негізгі сұраққа жауап арқылы зерттеліп отырған құбылыс жайлы негізгі түйін жасалады;

    - елек сұрақтар – бір белгілеріне қарай көпшіліктің ішінен сұралушылардың бір бөлігін іріктеп алу мақсатында қойылады;

    - бақылау сұрақтары – жауаптың орнықтылығын, шыншылдығын және қайшылықты еместігін тексеріп, олардың нақтылығын анықтау үшін қызмет етеді;

    - контактылық сұрақтар – сұрау жүргізу барысында сұралушымен өзара қарым-қатынасты жеңілдету, оның зерттеліп отырған проблеманың мәні туралы өз пікірін толық және шынайы беруіне ынталандыру;

    - аралық (буферлік) сұрақтар – назарды бір тақырыптық кешеннен екіншісіне аударуды қамтамасыз етеді.

    Төлқұжат (демографиялық) бөлімде ақпараттың сенімділігін тексеру мақсатымен сұралушы жайлы мағлұматтар толтырылады. Бұған респонденттің жынысы, жасы, білімі, тұратын жері, әлеуметтік жайы мен шығу тегі, жұмыс стажы т.б. сияқты деректер кіреді.

    Анкета жасалған соң тексеріледі, сынақтан өткізіліп, кейбір өзгерістер енгізіледі. Анкетаның сапасын анықтау үшін пилотаждық зерттеу жүргізіледі. Оның барысында анкетаның мазмұны, сұрақтардың қойылуы мен кезектілігі, жауап нұсқалары т.б. тексеріледі.

    Анкеталық сұрау салу социологиялық зерттеулердің алғашқы мағлұматтар жинау сатысында аса маңызды әдіс болып табылады.

    Сұрау әдісінің келесі түрі әлеуметтік сұхбат арқылы жүзеге асады.

    Сұхбат - әлеуметтану зерттеуінің сауалдау тәсілі, әлеуметтанушының алдын ала әзірлеген жоспары бойынша қайсыбір адаммен немесе адамдар тобымен мақсатты әңгімелесу формасы, оларға қойылған сұрақтарға қайтарылған жауаптар әлеуметтік ақпараттың бастапқы қайнар көзі қызметін атқарады.

    Сұхбат социологтың сұралушымен тікелей байланысына негізделіп, белгілі бір тақырып бойынша әңгіме өткізу арқылы социологиялық ақпараттар жинаудың барынша қолайлы әдісі.

    Әлеуметтік сұхбат жүргізгенде сұхбат алушы социолог пен сұралушы арасындағы байланыс тікелей болады; зерттеуші сұхбатты ұйымдастырады, сұрақтар қояды, әңгімелеседі, оны бағыттап отырады, алынған жауаптарды жазып алады. Яғни, сұхбаттың анкетадан ерекшелігі: зерттеуші сұралушы сұрақты түсінбеген кезде түсіндіреді, сұралушының көзқарасын нақтылай түседі, сұрау парақшасына толығырақ мәлімет жазу үшін қосымша сұрақтар сұрайды. Сұхбат мынандай түрлерге жіктеледі:

    Формальді сұхбат – тақырып бойынша алдын ала құрастырылған сұрақтарға орай реттік тәртібін сақтау арқылы сұралушымен пікір алмасып мәліметтер жинау. Бұндай сұрақтарға өзгерістер енгізуге, одан ауытқуға болмайды.

    Жартылай формальді сұхбат – пікір алмасу барысында тақырып бойынша алдын ала дайындалған сұрақтармен қатар, қосымша сұрақтар қою арқылы мәліметтер жинау.

    Формальді емес сұхбат – нақты тақырып бойынша зерттеуші мен респонденттің еркін пікір алмасуы арқылы мәліметтер жинауы болып табылады. Бұндай сұхбатта сұрақтар алдын ала дайындалмайды, зерттеуші сұхбат барысында туындаған сұрақтарды қойып, респондент оған өз ойын еркін білдіріп жауап беруіне толық жағдай жасалады және зерттеушінің жауаптарды тіркеу формасының стандарты болмайды.

    Сұхбат жүргізушінің міндеті сұхбатты ұйымдық жағынан дайындау, қажетті сұралушыларды табу, оларды зерттеуге қатысуға шақыру.

    Социологиялық мағлұматтар жинауды аяқтаған соң сұхбат алушы зерттеу орталығына сұхбаттың толтырылған бланкілерін, маршрут парақшаларын, жұмысы туралы есепті тапсырады.

    Барлық сұрақтар тексеріліп болған соң зерттеліп отырған объект туралы жинақталған мағлұматтар алу мақсатында сұхбат бланкілеріне арнайы талдаулар жасалады.

    Сонымен анкеталық сұрау мен сұхбат әлеуметтік мағлұматтардың негізгі көпшілігін алуды қамтамасыз етеді.

    Жалпы сұрақ алу әдісі – жеке адамға немесе адамдардың үлкен не шағын топтарына ауызша немесе жазбаша түрде сұрақтар қою жолымен алғашқы әлеуметтік ақпарат алу тәсілдерінің бірден-бірі болып табылады.

    Бақылау

    Бақылау әдісі деп – зерттеу барысында бақылаушының болып жатқан оқиғаларды ағымдық процесіне қарай тікелей тіркеп отыру әдісін айтамыз.

    Бақылау әдісінің ерекшелігі: зерттеу объектісін тікелей өз көзімен көріп, құлағымен есту арқылы мағлұмат жинау, мәліметтерді сұралушының еркіне қарамай алуына мүмкіндіктер беру, зерттеуші мен объектінің арасында тікелей байланыстың болуы арқылы шапшаң ақпараттар алып тұру мүмкіндігі. Бақылау бақыланушының түрлі жағдайлардағы іс-әрекеттерін, мінез-құлқын дәл және кеңірек ұғынуға, олардың болып жатқан оқиғаларға реакциялары мәнін түсінуге көмектеседі. Бақылаудың түрлері:

    Жеке бақылау – зерттеушінің зерттеу объектісін өзінше жеке бақылауы;

    Топтық бақылау – зерттеу объектісін бақылауға құрылған арнайы топ;

    Іштей  бақылау – зерттеушінің зерттеу объектісіне қатысу арқылы мәлімет жинауы;

    Сырттай бақылау – зерттеушінің зерттеу объектісіне араласпай сыртынан бақылауы;

    Табиғи бақылау – табиғи ортада, табиғи жағдайларда жүргізілетін зерттеу;

    Зертханалық бақылау – арнайы құрылған, жасанды жағдайдағы бақылау.

     Эксперимент әдісі

    Тәжірибе (эксперимент) – бақыланып және басқарылатын жағдайда жаңа білімдер алудың ғылыми әдісі болып табылады.

    Тәжірибеде зерттелетін оқиғаның жағдайын жоспарлы түрде басқару арқылы себепті байланыстары туралы болжамдар тексеріліп, сыни тұрғыдан қарастырылады. Ол қарастырылып отырған құбылыстың белгілі бір гипотетикалық моделін жасауға негізделіп, оның негізгі параметрлері, өзара және басқа құбылыстармен байланыстары, сол байланыстарының себепті салдарлы бағыттары айқындалады. Тәжірибеде зерттелетін осы модельдің көмегімен құбылыс өзгермелі жүйе ретінде сипатталады; оның ішінде іс-әрекеті басқаруға бағынып, тәжірибенің бақылауындағы тәуелсіз өзгермелісі ерекшеленеді.

    Тәжірибенің құрылымы оны ұйымдастыру мен өткізу кезеңдеріне тікелей байланысты.

    Алғашқы кезең теориялық сипатта болады. Оның барысында социолог айқындап, оның нысаны мен пәнін, зерттеудің тәжірибелік міндеттері мен болжамын белгілейді; проблема негізгі міндеттерге орай анықталады.

    Екінші кезеңде тәжірибе жасаудың бағдарламасы оның қалай өтетіндігі, барлық элементтері көрсетілген құжат жасалады.

    Үшінші кезеңде тәжірибенің бағдарламасы жүзеге асады. Оның барысында ойластырылған тәжірибе, оның кезеңдері мен барлық жүру тәртібі, яғни экспериментальды жағдай тікелей жүзеге асады.

    Төртінші кезеңде тәжірибе жасаудың барысында алынған нәтижелер талданып, бағаланады, алға қойған мақсат орындалды ма, зерттеу болжамы дәлелденді ме деген сауалдарға жауап беріледі.

    Әдіснама әлеуметтік тәжірибені мынадай түрлерге бөледі. Нысан мен зерттеу пәнінің сипатына қарай әлеуметтік, экономикалық, құықтық, әлеуметтік-психологиялық, психологиялық, эстетикалық тәжірибелер. Тәжірибелердің мұндай түрлері ғылыми пәндердің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты анықталады.

    Зерттеу жүргізудің сипатына қарай тәжірибелер реалды және ойша болып бөлінеді. Реалды болжамды тексеру әлеуметтік қызметтің жағдайын жоспарлы түрде басқару арқылы жүзеге асады. Ал тәжірибені оймен жүргізуде болжамды тексеру өмір құбылыстары емес, олар туралы мағлұматтар арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар табиғи, зертханалық, сызықтық (линейный) және параллельді тәжірибелер кездеседі.

    Табиғи тәжірибе – зерттеудің қоғамда қалыптасқан, өзінің табиғи қалпын сақтаған қандай да бір ұйым, институттардың төңірегінде болады;

    Зертханалық тәжірибе – зерттеудің жасанды жолмен қалыптасқан объектілерде жүргізілуі;

    Сызықтық тәжірибе – зерттеуге бір ғана топтың қатысып, нәтижелерін алдыңғы сол топтың нәтижелерімен салыстыру;

    Параллельді тәжірибе – зерттеуге екі немесе одан да көп топтың қатысып, нәтижелерін бір-бірімен салыстыру

    Құжаттарды талдау әдісі

    Құжат деп – адамның белгілі бір материалға түсірген мәліметтерді сақтап, керек кезінде алып қолдану үшін құрған арнайы затын айтамыз. Құжат қолжазба, тасқа басылған мәтін, баяндаманың стенограммасы, магнитофон жазбасы, фотосурет, сурет, кинофильм, видеожазба күйінде болуы мүмкін. Мәліметті жазып алу, беру және сақтау үшін микрофильм, микрофиша, компьютер дискеті, лазер дискасы жиі қолданылады.

    Құжаттарды түрлі белгілеріне қарай жүйелеуге болады. Мәліметтерді тіркеу тәсіліне қарай төмендегідей бөлінеді:

    1. Жазба құжаттар (іштей тағы вербальды және статистикалық болып бөлінеді). Вербальды жазбаша құжаттарға – кітап, хат, баспасөз, ал статистикалыққа – халық санағының, әлеуметтік сұраудың мәліметтері, елдің немесе аймақтық экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің статистикалық материалдар жинақтары т.б. жатады.

    2. Фонетикалық, яғни есту арқылы қабылданатын құжаттар (грампластинка, лазер дискасы, магнитофон жазбасы, радио хабарлары).

    3. Иконографиялық құжаттар (картиналар, фотосуреттер, видеожазбалар).

    Құжаттарды талдауға қалыпқа түспеген (сапалық) және қалыпқа түскен (сапалық-сандық) әдістер қолданылады. Сапалық талдауда құжаттар оқылып, оның мазмұны логикалық операцияларды пайдалана отырып түсіндіріледі. Яғни талдаудың сапалылығы субъективтік (зерттеушіның білімі, қабілеті т.б.) жағдайларға тікелей байланысты. Осы субъективизмнен арылу мақсатында құжаттарды талдаудың қалыпқа түскен тәсілдері жасалып, ол контент-талдау деп аталады. Оның дамуы мен кеңінен таралуына ақпараттық процестердің бұқаралық сипат алуы, осыған байланысты кең ауқымдағы мәліметтерді талдау қажеттілігі маңызды алғышарты болды. Контент-талдау алғашында бұқаралық ақпарат құралдарын зерттеуге қолданылса, кейіннен бұл әдіс кең тарап, әлеуметтік өмірдің басқа салаларында, құжаттарда қолданыла бастады.

    Сонымен, осындай әдістер арқылы жиналған алғашқы социологиялық ақпараттар талданып, қорытылып және ғылыми интерпретацияланады. Респонденттердің барлық жауаптары (анкета, сұхбат бланкілері) алдымен тексеріліп, математикалық жағынан өңделіп, зерттеуде берілген қажетті түрлеріне қарай топтастырылады.

    Қорытындылау нәтижелері социологиялық ақпараттар деп аталады.

    Соңынан социологиялық зерттеу нәтижелері бойынша есеп құрастырылады. Ол есеп ғылыми қорытынды мен ұсыныстардан тұрады. Есептің бірінші бөлімінде зерттелінетін проблема, сұрыптау сипаты, ақпараттар жинау әдістері, зерттеуге қатысушылар саны көрсетіледі. Екінші бөліміндегі зерттеу объектісі әлеуметтік-демографиялық белгісіне қарай сипатталады. Ал есептің келесі бөлімі бағдарламада көрсетілген болжамдарға жауап іздеуге арналады. Есептің тіркемелері бағдарлама, жоспар, анкета немесе сұхбат бланкілері, компьютерлік таблицалар, кестелерден т.б. тұрады.

     Қорытынды

    Қорытындылай келгенде, социологиялық зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыру ғылыми негізделген комплексті кешен ретінде сипатталады. Ол зерттеудің мақсаты қоғамға қатысты жаңа білімдерді алу үшін қолданылады. Яғни, әлеуметтану зерттеуі – қоғамтану зерттеуінің бір түрі, қоғамды тұтас жүйе ретінде қарастыратын және жеке ғылымдарды арнайы және нақты әлеуметтік зерттеуге қатысты жалпытеориялық және әдістемелік негіз рөлін атқарады.


    написать администратору сайта