зияткерлік ойын. зияткерлик ойын 22 жыл. Таырып ш тілді білу елге лгі болу
Скачать 21.19 Kb.
|
Тақырып: Үш тілді білу – елге үлгі болу 15.09.22ж Зияткерлік сайыс. Өтетін орны - ХОЛ Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша тапсырмаларды орындата отырып, өз ойларын үш тілде жеткізе білу, сауатты жазып, оқу дағдыларын қалыптастыру. Дамытушылық: Өзіндік пікірін еркін жеткізуге ықпал ету, ойын жүйелі, қисынды жүйелеуге баулу. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. Тәрбиелік: Тапсырма, мысалдарға арқау болған сөйлемдер арқылы мемлекеттік тілінің әр сөзінің қадірі мен қасиетін танып, құрметтеуге өз тілдерін сүйіп, өзге тілді құрметтеуге тәрбиелеу. Зияткерлік сайыс Сабақтың әдіс – тәсілдері: Ой тастау, жүйелеу, шығармашылық ізденіс,сұрақ-жауап. Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, ағылшын тілі, әдебиет, бейнелеу өнері. Жұмыс формалары: топтық.. I-жүргізуші.“Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі жаһандық, экономикаға ойдағыдай кірігу тілі” Н. Ә. Назарбаев II-жүргізуші. Қайырлы күн, қасиетті қазақ тілінің жанашырлары! 22-қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне орай-оқушылардың тіл байлығын,тілге деген қызығушылығын,құрметін,сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткізілгелі отырған «Үш тілді білу – елге үлгі болу» атты сыныптан тыс шараға қош келдіңіздер. I-жүргізуші. 22-қыркүйек күні бүкіл Қазақстан халқы бірлік пен берекенің үлкен мейрамын тойлайды.Ол-тілдер мерекесі. Түрі,тілі,діні бөлек болғанымен жүрегі «Қазақстан-туған жерім,Отаным» деп соққан 130-дан астам ұлт өкілдері бір ауыздан жар салуда. I.Жүргізуші-«Үш тілді білу – елге үлгі болу » сайысын бастайық. Бұл ойын 4 кезеңнен тұрады I Сұрақ – жауап кезеңі. Бұл кезеңде сұрақтар қойылады. Оқушылар «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді предложений глагол бывает сказуемым? (да) 3) Омонимы одинаково пишутся и однаково звучат? (да) 4) Қазақстанның астанасы Алматы қаласы ма? (жоқ) 5) Ағылшын тілінде 44 – дыбыс бар. (иә) 6) « Раst Simple» - дегеніміз осы шақ. (жоқ) 7) «Pen – friends» сөзінің аудармасы « қаламдас достар» (иә) 8) Қазақ тілінде жалғаудың бес түрі бар (жоқ) 9) қазақ тілінде 7 септік бар (иә) 10) Қазақ тілінде бастауыш сөйлем соңында тұра ма? (жоқ) II.Жүргізуші. 1. Фонетика изучает состав слова? (нет) 2. К главным членам предложения относятся подлежащее и сказуемое? (да) 3. Антонимы слова противоположного значения? (да) 4. Қазақ тілінде сегіз сөз табы бар? ( жоқ) 5. –лар, -лер, -дар, -дер көптік жалғауы ма? (иә) 6. Фразеология тұрақты сөз тіркестері туралы ілім. ( иә) 7. Англияның астанасы Лондон (иә) 8. Ағылшын тілінде 30 әріп бар? ( жоқ) 9. «Parents» дегеніміз достар? (жоқ) 10. «Past continuous» дегеніміз созылмалы осы шақ? (ия) I .Жүргізуші. ІI кезең « Тапқыр болсаң, тауып көр» кезеңі. Бұл кезеңде әр топқа жұмбақтар жасырылады. Оқушылар жұмбақтың шешуін тауып оны орыс және ағылшын тілдеріне аудару керек. II.Жүргізуші 1.Үш тілі бар, Тықылдаған үні бар (сағат) 2.Ұзын мойны, Екі ішек, Қатар-қатар тепкішек. Басып көрсең бір-бірлеп, Үн шығады күмбірлеп. (домбыра) 3.Көтеріліп теңізден, Аспанға биік барамын. Өрінен мен түскенде, Өңі кірер даланың. (жаңбыр) 4.Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. (күн) 5.Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр, Дабылдап дабылын ол қағып тұр. (найзағай) I Жүргізуші. 6.Терезені өрнектеп, Әдемі сурет салыпты. Кім екенін табайық, Көрінбей кетіп қалыпты. (аяз) 7.Дәмін таттсаң –тәтті-ақ, Түсін көрсең- әппақ. (қант) 8.Екі басты айдаһар, Бәрін қырып жояды. Екі аяқпен жер тіреп, Қағазды жеп қояды. (қайшы) 9.Пешсіз піскен Ыдыссыз ішкен. (ана сүті) 10.Мұрты бар, сақалы жоқ, Тоны бар, шапаны жоқ. (мысық) ІІІ кезең «Жеті жұрттың тілін біл...» Мақалдарды аяқта.. Мақал-мәтелдерді аяқтап, жасырылған сөзді үш тілде айту. Әрбір айтқан мақалдың аудармасына 5 ұпай. Үш тілде айтса 15 ұпай. Жақсы .... , жарым ырыс (сөз, слово, word) Жоқтық жомарттың ..... (қолын, рука, hand) байлайды. Еңбектің ....тәтті, жалқаудың жаны тәтті (нан, хлеб, bread ) ...... рет өлшеп, бір рет кес (жеті, семь, seven) Жылтырағанның бәрі .......... емес (алтын, золото, gold) Өз ......... – кең сарайдай боз үйім (үйім, дом, һome) ........ істі ертеңге қалдырма (бүгінгі, сегодня, today) Алып ...... туады, ат биеден туады (анадан, мать, mother) Кто ... не ценит, сам себя не ценит ( сөз, слово, word) Куй железо, пока ---- (горячо, ыстық, hot) IV кезең «Кім шапшаң?» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлер қойылған сұраққа тез және нақты жауап беруі керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпай. Кім жауабын білсе, қолдарын көтереді. 1 сұрақ: Бүгін аптаның қай күні? ( сейсенбі, вторник, Tuesday) 2 cұрақ: Оқу – құралдарын салатын зат? (сөмке, портфель, bag) 3 сұрақ: 8 – ші наурыз қандай мереке? (аналар күні, женский день, mothers day) 4 cұрақ: Таңертен біз не ішеміз? (таңғы ас, завтрак, breakfast) 5 сұрақ: Қазір қай жыл мезгілі? (қыс, зима, winter ) 6 сұрақ: Бізге білім беретін не? ( кітап, книга, book) 7 сұрақ: Жаздың екінші айы? (шілде, июль, Iuly) |