Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақ үрдісінде осындай дарынды, талантты оқушыларды анықтау үшін әуелі жоспар құрып алдым

  • «В.Комаров атындағы №7 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Баяндама тақырыбы: « Дарынды оқушыны дамыту ұстаз парызы»

  • баяндама. баяндама дарынды оқушыны дамыту. Талант е алдымен арнайы абілеттерді жоары дегейде дамуы зіні сонылыымен, жоары дрежеде дамуы оамды мнмен ерекшеленетін нім алуа ммкіндік беретін абілеттер жиынтыы болса, дарындылы зіндік ерекшелік, абілеттер йлесімі.


    Скачать 20.96 Kb.
    НазваниеТалант е алдымен арнайы абілеттерді жоары дегейде дамуы зіні сонылыымен, жоары дрежеде дамуы оамды мнмен ерекшеленетін нім алуа ммкіндік беретін абілеттер жиынтыы болса, дарындылы зіндік ерекшелік, абілеттер йлесімі.
    Анкорбаяндама
    Дата23.02.2023
    Размер20.96 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлабаяндама дарынды оқушыны дамыту.docx
    ТипДокументы
    #951370

    Талант - ең алдымен арнайы қабілеттердің жоғары деңгейде дамуы; өзінің сонылығымен, жоғары дәрежеде дамуы қоғамдық мәнмен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік беретін қабілеттер жиынтығы болса, дарындылық өзіндік ерекшелік, қабілеттер үйлесімі. Дарындылық - қабілеттің  жоғары  деңгейімен, талант музыка, өнер, спорт сияқты  салалардағы  жоғары деңгеймен байланыстырылады.

    Педагогикалық энциклопедияда: «Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы», - деп атап көрсетіледі. Осы  қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады.

    Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында  іс-әрекет жақсарады. Тұлғаның дамуының өз орны бар екендігін біле отырып, дарынды балалардың тек өткенге емес, болашаққа да қызығушылығымен, іс-әрекеттердің жаңа тәсілдерін көбейтуге қабілеттерімен ерекшеленетіндігін атап өту қажет. Сонымен бірге  жан-жақты дамудың мақсаттарына да жауап береді.

    Шығармашылық қабілет – бұл бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктері – шығармашылықтың нәтижесі болып табылады.

    Қандай да  болсын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Ал оқушы бойындағы осындай қабілетті анықтау әр  мұғалім бойындағы шеберлікті қажет етеді.

    Дарынды балаларды анықтағанда және олармен жеке жұмыс жүргізгенде сол бала жанындағы ортаның педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік жағдайына назар аударып, сыныптағы атмосферасы мен дамытушылық жігері жағымды танылуы тиіс.

    Өз пәнімдегі сабақ үрдісінде талантты, дарынды оқушыны анықтау жолын іздеудегі  мақсатым – оқушыларға  сапалы да тиянақты  білім  берудің негізі – өз пәнімді жан-жақты  игерту, оқушы санасына жеткізе білу, шығармашылық  ойлауын қалыптастыру, тиімді оқытудың  әлуметтік, эмоционалдық тәсілдерін жүзеге асыра білу.

    Ұстаз ретінде оқытып жүрген оқушыларымның өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, біліп алған соң ғана оларды дамыту деңгейіне орай әдіс-тәсілдерді іріктеп, талдап қолдануға, жетілдіруге ерекше назар аударып  келемін. И.С.Лейтес қабілетті балалардың үш санатын көрсеткен, олар:

    Ақыл-ой деңгейінің жоғарлығы ерте кезден байқалатын балалар;





    Мектептің жекелеген пәндеріне және әртүрлі іс-әрекетіне қабілетті балалар;





    Қабілеттері айқындалмаған потенциалды балалар.

    Сабақ үрдісінде  осындай дарынды, талантты оқушыларды анықтау үшін әуелі жоспар құрып алдым:

    Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу.





    Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу.





    Проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту.





    Ізденіс жұмыстарын өз беттерінше  ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.
    Мектепішілік және аудандық, облыстық, республикалық конкурстар мен сайыстарға қатыстыру.





    Жаңаша әдістермен оқыту.

    Қазақ тілі сабағында жоспар бойынша жұмыс жүргізу негізінде үй тапсырмасын «Еркін микрофон», «Бір сөзбен»  әдістері арқылы оқушылар ойын  жинақтатамын. Осы кезде оқушы бойындағы шапшаңдық пен артистік қабілет, айтылған жауапқа байланысты сұрақ түрлерін жүйелі құрастыра білу дағдылары қалыптасады. «Кезбе тілші» әдісінде интервью алу барысында оқушы өзін сұрақтар тізбесін қоюшы ғана болып қоймай, артистік қабілетін де ашуға мүмкіндік алады. Оқушы дауыс ырғағын құбылта білуі мен бет жүзі мимикасымен де өзін көрсете алады.

    Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітімді, жаңа форматты оқытуға көшу сияқты мәселелері мұғалімдерден щығармашылықты, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді. 

    «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім» деп М. Әуезов атап көрсеткеніндей, егемен елдің келешегі кемел білім мен ұлағатты тәрбиеге байланысты.

    Баланың бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар беру қажеттілігін әр мұғалім осыдан-ақ түсінуі керек. Ол үшін дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі, нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай ізденуі, жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы, ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы, оқушымен жиі қарым-қатынаста болуы сияқты талаптарды орындайды.

    Ж. Руссо баланың өз бетінше білім-танымдық, шығармашылық әрекет идеясына үлкен мән берді. Руссо дидактикасында оқыту үрдісінде ең бірінші орынға танымдық қабілеттілікті, белсенділік пен өзбеттілік ұстанымдарның маңыздылығына көңіл бөлді. Міржақып Дулатов қазақ арасында көбіне көзге түспей, түссе де еленбей жүрген ғылым-білімге, өнерге зерек, дарынды балаларды оқытып тәрбиелеудің мәні жайында сөз ете келіп, дарындылықтың кейбір психологиялық астарына үңіледі. Ол «Туысында қанша зеректік болса да – ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді. Кімде-кім өзінің табиғатында не нәрсеге шеберлік барын сезіп, өз жолына түссе ғана, көзге айнытпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете біледі, оқығанда көріп тұрғандай боласың...» деп түйіндейді.

    Дарынды балаларды анықтау үшін бастауыш сыныптан бастап зерттеу жұмыстары жүйелі жүруі керек. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушылардың оқуға деген құштарлығы қазіргі таңда өте жоғары. Оған ата-анасының мән бере жасаған дайындығы, үлкендердің қуанышты көзқарасы, мектептің беделі, жаңа киімдер мен әдемі оқулықтар баланың қызығуын арттырып, білім алуға жетелейтіні сөзсіз.

    Осы орайда бастауыш сынып мұғалімдері шеберлігімен, жаңа әдіс-тәсілді сабақтарымен, ұшқыр ойлы ойындарымен оқушы зейінін жаулап алып, білуге деген құштарлықтарын шыңдай түсуі қажет. Бірінші сынып оқушыларының барлығы дерлік мектепалды даярлықтан өтіп келгендіктен, оқу қиынға соға қоймайды. Әріптерді тез танып, әдемі жазып кетеді. Білікті ұстаз оқушының жас ерекшелігіне сай оқу жүгін анықтап, шығармашылық жұмыстармен толықтырып отырады. Ізденіспен жасалған әр сабақта оқушы мұғалім әрекетіне ілесіп, нәтижелі жетістікке жетіп отыратының байқамай да қалады. Мұғалімнің атқарған еңбегінің жемісі осында. Қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын оқып-үйреніп, күнделікті сабақтарда шығармашылықпен пайдаланып отырса, нәтижесін берері сөзсіз. Білім сапасы мен деңгейін анықтап, салыстырмалы мониторингтер жасап отыру оқушы қабілетін зерттеуге көп көмегін тигізеді. 

    Оқушының өз бетімен жұмыс істеу дағдысы – жүйелі жұмыстардың қорытындысы, жеке тұлғаның қалыптасуының бастауы. Ал оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, оқу материалдарын өздері игере алуға мүмкіндік туғызудың шешуші факторы – оқытудың жаңа әдістемелік жүйелерін құру болып табылады.

    Жас өркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын да қызықты іс. Алайда, әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы. Баланы заман талабына қарай көрегендікпен икемдеп, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.

    «В.Комаров атындағы №7 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Баяндама тақырыбы:

    « Дарынды оқушыны дамыту ұстаз парызы»

    Дайындаған : Касимова А.А


    написать администратору сайта