Главная страница
Навигация по странице:

  • Күн тәртібі

  • Сайыс. Дін экстремизм хаттама. Тана мырза орта мектебі бойынша діни экстремизм мен терроризмге арсы жргізілген іс шаралар туралы хабарлама атар айыны 10 кні Дін жайында не білеміз


    Скачать 113.92 Kb.
    НазваниеТана мырза орта мектебі бойынша діни экстремизм мен терроризмге арсы жргізілген іс шаралар туралы хабарлама атар айыны 10 кні Дін жайында не білеміз
    АнкорСайыс
    Дата05.01.2022
    Размер113.92 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДін экстремизм хаттама.docx
    ТипДокументы
    #324212

    Тана мырза орта мектебі бойынша діни экстремизм мен терроризмге қарсы жүргізілген іс – шаралар туралы хабарлама

     Қаңтар айының 10 – күні «Дін жайында не білеміз?» атты тақырыпта Тарбағатай аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы модератор М.Дәуренбекұлы, Әбу Ханифа медресе колледжінің түлегі Сұлтан Ерәлі , «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің 3 курс студенті Тұрсынғалиев Қанаттың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Кездесу барысында әр түрлі діни ағымдары, секта, мұсылман дінінен айырмашылығы туралы түсініктер беріліп өтті. Қатысушы 8,9,10,11 сынып оқушылары және мұғалімдердің алаңдатқан сұрақтарына қонақтар тарапынан толыққанды жауаптар беріліп отырды. «Емші, бақсыларға сенуге бола ма?», «Басқа діннің адамына үйленуге немесе тұрмысқа шығуға болама?», «Намаздан кеш қалып қойса не істеуге болады?», «Адамдарды басқа дінге қатысы бар екенін қалай білуге болады?», «Әр мұсылман намаз оқуға міндетті ме?», «Хиджаб кию парыз ба?»  «Хиджабты не үшін киеді?»  тағы басқа көптеген сұрақтар қойылды. Өте белсенді қатысқан барлық оқушылар үшін тәлім – тәрбиесі мол кездесу болды деп ойлаймын. «Адасқан ағымдар», «Джихад деген не?», атты тақырыптарда бейнероликтер көрсетіліп, Қазақстан Республикасы діни басқармасының рұқсатымен басылып шығарылған кітапшалар таратылды. Мектеп психологы оқушылардан «Діни экстермизмді қалай түсінесің?» сауалнамасы алынды. Сауалнама қорытындысы бойынша ешқандай күдік тудыратын жағдайлар байқалған жоқ.

         


    Хаттама №1
    Тана мырза орта мектебінде 2018 жылы 10 қаңтар күні «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде оқитын студентерімен кездесу өтті.

    Қатысқаны: 56 оқушы

    Жиналыс төрайымы: М.Дәуренбекұлы

    Жиналыс хатшысы: Турарова К.К.


    Күн тәртібі:

    1. Тарбағатай аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Дәуренбекұлы.

    2. Әбу Ханифа медресе колледжінің түлегі Сұлтан Ерәлі модератор

    3. «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің 3 курс студенті Тұрсынғалиев Қанат


    Тыңдалды:
    1.Тарбағатай аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Дәуренбекұлы. Бүгінгі таңда елімізде дін саласындағы білікті мамандар даярлауда «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің алар орны ерекше екендігі. Қазіргі уақытта Тарбағатай ауданынан университетте дін саласы бойынша 7 студент білім алып жатқандығы айтылды.

    2. Әбу Ханифа медресе колледжінің түлегі Сұлтан Ерәлі модератор. Бітіруші түлектерді ауданымызға қызметке шақырып, оларға барынша жағдай жасау аудан әкімдігінің басты назарындағы айтылды.

    3. «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің 3 курс студенті Тұрсынғалиев Қанат 2016 жылдың 25 ақпанында «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті мен Тарбағатай ауданы ішкі саясат бөлімінің арасында білікті мамандар дайындауға қол жеткізу, университетінің профессорлық оқытушылар, теолог мамандар мен студенттер әлеуетін дін саласындағы қызметке кеңінен тарату мақсатында меморандум жасаған болатын.


    написать администратору сайта