Главная страница

деструкторлар. Документ Microsoft Word. Тапсырыс беруші


Скачать 19.75 Kb.
НазваниеТапсырыс беруші
Анкордеструкторлар
Дата18.11.2019
Размер19.75 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаДокумент Microsoft Word.docx
ТипДокументы
#95814

Нарықтық экономиканың дамуы инвестициялық қызметке жаңа сипаттама береді. Әртүрлі меншік нысанының дамуы, шаруашылықтың бірдей жағдайда болуы, инвестиция және осы процестің құқықтық реттелуіне жаңа жағдай жасайды. Экономика жақсы даму үшін өндірісті қамтамасыз ету үшін қаражат қажет. Инвестицияның мөлшерінің өсуі, оларды шаруашылықтың әр сапасына бағыттау инвестициялық саясаттың дұрыс жүргізілуімен байланысты. Осы салаға салынған инвестиция, инвестицияның деңгейінің сапасын көрсетеді. Сапаны деңгей және инвестицияның санының өсуі, олардың қарым-қатынасы мемлекетпен жүргізіліп отырған инвестициялық саясатты білдіреді. Оның мақсаты Ұлттық және шетел инвестицияларының инвестициялық қызметін құқықтық реттеу. Инвесторлар қызметті құқықтық реттеу субъектілердің белгілі-бір белгілерінен тұрады; инвестициялық қызметті жүргізудің ұйымдастырылған – құқықтық- нысаны; инвестициялық қызметке бағытталған жеке арнайы талапты бөліп шығару; шарттың орындалуының қорытылануының жағдайы және тәртібі;, инвестициялық процесске мемлекеттік нысанда әсер ету.

Инвестициялық қызмет жоспарлау, қаржылық құрылыс тәртібінде шартқа сай құқықтық нысанда жүзеге асырылады. Инвестициялау серіктестікке кіріп пай салу арқылы, акционерлік қоғамның акциясын алу жолы арқылы жүзеге асуы мүмкін. Инвестиция тауар белгілерін алу, лицензиялық шартты пайдалану құқығына ие болу немесе патент алу жолы арқылы жүзеге асуы мүмкін. Қазақстан Республикасының 2003 жылы 8 қаңтардағы “Инвестициялар” туралы заңға сәйкес инвестиция болып әлеуметтік тиімділікке жету немесе пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне және басқада қызмет түрлеріне қаржы салу табылады. Инвестициялық қызметтің негізгі субектісі болып мыналар саналады: инвесторлар, тапсырушылар, жұмыс орындаушылар және объектілерді пайдаланушылар саналады. Инвестор болып (субъектінің) жеке меншік, несиеге немесе тартылған қаражаттарын мақсатты пайдалануды қамтамасыз ететін субъектіні айтамыз.

Тапсырыс беруші – инвестор берген құқықтың шегінде қажетті әрекеттерді жүзеге асыратын, жоспарды жүзеге асыратын тікелей субъектіні айтамыз. Тапсырыс берушінің қызметін инвестордың өзі жүзеге асыруына мүмкіншілігі бар. Объектіні пайдаланушы болып кез-келген заңды және жеке тұлға, сондай-ақ инвестормен шарт жасасқан, инвестициялық қызметтің объектісі пайдалануға берілген халықаралық ұйым және шет мемлекет, мемлекеттік және муниципалды кәсіпорын саналады.

Инвестициялық келісім-шарт – объектіге құқықтарын бекітетін, жоспарды пайдалану кезінде түскен табысты бөлуді, инвестициялық жоспарды жүзеге асыру процессіне әсер ететін, кәсіпкерлік қызметтің объекітісіне салынған қаржының иелері арасындағы қатынасты анықтайды.

Инвестор, инвестициялық жоспардың бас тұлғасы болғандықтан, үстем құқыққа ие болған, ол инвестицияның көлемін, сипатын, тиімділігін анықтайды, сонымен бірге олардың мақсатты пайдалануына бақылау жасайды, (заңда көрсетілген жағдайлардан басқа) инвестор, инвестицияның нәтижесіне иелік етеді, пайдаланады, өзінің құзыретін басқа ұйымдарға бере алады.

Инвестициялық қызметтің объектісі болып мыналар табылады:

– қайта құрылған және айналымға түсетін қаражат;

– мақсатты ақшалай салық;

– ғылыми-техникалық продукция;

– жеке меншік құқығы;

– мүлік пен құқық;

– меншіктің басқада субъектілері.

Мемлекет қоғамның мүддесін қанағаттандыру үшін бір уақытта инвестор ретінде және инвестициялық қызметтің бастаушы (инициатор) ретінде де қатысады.

Инвестициялық қызметті мемлекет реттеген кезде мына нысанда қатысады:

– мемлекеттік инвестициялық бағдарлама;

– мемлекеттік инвестицияларды тікелей басқару;

– салық саласында;

– әр аумақтағы өндіріс сапасы дамуы үшін қаржылық көмек беру;

– қаржылық, несиелік, баға құрылу және амортизациялық саясат;

– антимонополиялық саясат;

– мемлекеттік меншіктегі объектілерді жекешелендіру;

– стандарттарды және нормаларды ескеруді бақылау.

Қазақстан Республикасының “Инвестициялар” туралы заңға сай, мемлекеттік инвестиция туралы шешімді Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуы туралы прогнозды ескере отырып, жоғарғы тұрған өкілді орган қабылдайды. Осы программаны жүргізуші органдардың қатысуымен қаржыландыруды мемлекеттік бюджеттің есебінен немесе бюджеттен тыс қайнар көздердің есебінен жүзеге асырылады. Инвестицияның қайнар көзі болып мемлекеттің гарантиясымен банкілік несиелер болуы мүмкін.

Мемлекеттік қаржылық сапаның алдын-ала мөлшері Қаржы Министрлігімен анықталып және мемлекеттік заказ берушіге хабарланады. Олар алдын-ала мөлшердің негізінде техникалық-экономикалық объектілердің тізімін зерттейді. Бекітілген тізім, көтерме сатуды жүргізудің негізі болады. Сатуды жүргізу мемлекетпен контракты жасаудың нәтижесі болады, онда мерзім, құны т.б. мәліметтер дұрыстап анықталады. Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу инвестицияны қорғау және субъектілердің құқықтарына кепілдікте орнықталады. Ұзақ уақыттық инвестицияда маңызы бар құқықтың тұрақтылығына мемлекет кепілдік береді. Инвестиция мына жағдайларда тоқтатылуы мүмкін: табиғи апат болғанда, инвесторды банкрот деп танығанда, жедел жағдай болғанда және экология бұзылғанда.

Өкіметке орай заңда көрсетілген кепілдіктер мәлімдемелік сипатта, себебі жүзеге асыру механизмі оңделмеген (зерттелмеген). Инвестициялық саясатты басқару мақсатында, “инвестиция” туралы заңда көрсетілген инвестицияға байланысты мемлекеттік комитеті құрылды. Осы комитетке, экономиканың басым секторына инвесторларды тарту, оларға жеңілдіктермен преференция беру құзыреті берілген экономиканың басым секторы дегеніміз – Қазақстан Республикасының экономикасының тиімділігін арттыру және экономиканы дамыту мақсатында инвесторларды тарту саласы. Басым сапаның тізімі Президентпен анықталады. тікелей инвестицияны қолдау дегеніміз мемлекеттің инвесторларға преференциямен жеңілдік бекітуі. Преференциямен жеңілдік алуы үшін инвестор, Комитетпен контрактіге отыруы керек, сонда ғана заңмен бекітілген инвестор болады.

“Инвестициялар” туралы заңға сай Шетел инвесторы болып мыналар танылады: шетел заңды тұлғасы, шетел азаматы, шетел мемлекеті және халықаралық ұйым. Шетелдік инвесторларға объектілерді шек қойылмаған – Заңмен тиым салынбағаннан басқа кез-келген объектілері. Сондай-ақ жеке жағдайларда құрылтай құжаттарына және тіркелу тәртібіне және дербес сараптама жүргізуіне байланысты қосымша талаптар қойылған.

Инвестицияның көлеміне әсер ететін маңызды фактор бұл проценттік ставка. Ол инвестициялық қаражаттың сұранысының сипатына байланысты болады. Қаражат өндірістік фактордың кейінгі қалдыруға болмайтын болған соң және өндірісшіл болған соң сұраныс туғызу қасиетін иеленген. Қаражатқа сұраныс деген, ол алдымен инвестициялық қаражатқа сұранысты білдіреді. Қаражатты ұсыну – бұл оны пайдаланудан дәл сол уақытқа бас тартуды білдіреді. Сондықтан оның ұсынысымен, қарыз (ссуды) қаражатының сай келуі процент категориясын бекітеді. Ставка немесе нормасы болып проценттің, табыстың қаражатқа қатынасын айтамыз. Проценттің ставкасының деңгейін анықтауды тәуекел (риск) факторы маңызды орын алады: қарыз бергенде неғұрлым тәуекел жоғары болса, соғұрлым проценттің ставкасы да жоғары болуы керек.

Проценттің нарықтық ставкасы, инвестициялық шешім қабылданғанда маңызды роль атқарады. Кәсіпкер қашанда күтіп отырған табыстың деңгейін, проценттің нарықтық ставкасының ағымымен салыстырады. Инвестицияны өзінен-өзі процент ставкасын басшылыққа алмай рентабельді немесе рентабельді емес деп айтуға болмайды.

Номинальды және шынайы проценттік ставканың айырмашылығы бар. Номинальды – бұл инфляцияны есептемей нарықтық ағымды ставка. Шынайы – бұл инфляцияның қарқынын есептегендегі номинальды ставка. Сонымен, нарықтық шаруашылықта ресурстарды тиімді бөлу міндетін атқарған кезде маңызды роль атқарады.


написать администратору сайта