Главная страница
Навигация по странице:

  • 2. Мәдениет тілінің мәні, оны түсіну ерекшеліктері мен негізгі формалары (мәдениеттанулық талдау).

  • 3.Еуразия кеңістігіндегі номадалар мәдениетінің басты ерекшеліктері (реферат).

  • 4. Мәдениет кеңістігі және оның негізгі өлшемдері.

  • 1 тапсырма. Тапсырма1 Мдениеттанулы зерттеулерді негізгі баыттары (кесте жасау)


    Скачать 30.47 Kb.
    НазваниеТапсырма1 Мдениеттанулы зерттеулерді негізгі баыттары (кесте жасау)
    Анкор1 тапсырма
    Дата17.02.2022
    Размер30.47 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1 тапсырма.docx
    ТипДокументы
    #365196

    Тапсырма-1

    1. Мәдениеттанулық зерттеулердің негізгі бағыттары (кесте жасау)


    Мәдениеттану бағыты





    Қолданбалы-мәдени процесстердің реттілігін қадағалау, жобалау, болжау, практикалық шешімдер, жалпы айтқанда негізгіні қолдану аясы

    Әлеуметтік-адамдар өміріндегі әлеуметтік-мәдени механизмдердің қызмет ету зерттеу



    Гуманитарлық-әртүрлі мәдениет ошақтары , мәдени мәтіндер, мәдениетті тану формасымен процесстерін зерттейді



    Негізгі-мәдениет теорияларын, олардың тарихын, зерттеу немесе жүзеге асыру құралдарын зерттейді


    2. Мәдениет тілінің мәні, оны түсіну ерекшеліктері мен негізгі формалары (мәдениеттанулық

    талдау).

    Мәдениет тілі және оның өзіндік ерекшеліктері әрқашан философилық ізденістер мен зерттеулердің негізгі пәні болып келді. Сондықтан мәдени даму барысын онда қалыптасқан ойлау тәсілі, дүниетаным түрі арқылы түсіндіруге тырысқан көптеген философиялық үрдістерден байқауға болады. Мысалы, мәдениетті рәміздік ойлау түрі арқылы анықтаған Э. Кассиердің, мәдениеті психофизиологиялық деңгейде қарастырған. З. Фрейдтің және тағы басқалары концепциялары соның куәсі. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап батыс ойшылдарның арасында мәдениетті тілмен теңдестіре қарау әдісі кең етек жайып, олардың барлығы дерлік тілді адам тіршілігінің негізгі маңызды анықтаушы деп бір ауыздан қолдап отыр. Бүгінде тіл негізгі коммуникативтік құрал ғана емес, адамның бүкілболмысын, адамның мәдениетін аңғаратын әмбебеп ұғым Фрейдизм, феноменология. Экзистенциализм, аналитикалық философия ,герменевтика,структуализм, семиология. Т.с.с

    3.Еуразия кеңістігіндегі номадалар мәдениетінің басты ерекшеліктері


    (реферат).
    Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті дамуының соңғы кезеңдері мезолит, неолит дәуірлерінде адамдар баяу болса да тұрмыс-тіршілігін табанды түрде өзгертуге кіріседі.Ол енді жалқыға емес жалпыға, жеке аңға емес, тұтас үйірге назар аударып, ортақ игілік үшін ұжымда еңбек ете отырып, дүниені рухани сезіммен анағұрлым кең әрі ұйымшылдықпен қамтыды. Алғашқы қауымдық құрылыстың кемелденген кезеңі-неолит дәуірі.Бұл дәуірдің өзіндік өрнегі, өзіндік ерекшеігі бар. Бұрын үңгірлердегі аңдардың бейнелері жабайы, қозғалыссыз қалыпта берілсе, ендігі жерде аңдардың бейнесін салуда сапасы жақсарды. Ең бастысы аңдар бейнесін қозғалыс күйінде көрсетуге тырысты.

    Неолит дәуіріндегі адамдарды шаруашылықты жүргізу тәсіліне байланысты екіге бөлуге болады. Олардың алғашқысы аң аулаумен, балықшылықпен шұғылданды. Жануарлардан қолға тек қана итті үйреткен, тамақты қыздырылған тас салу арқылы ағаш ыдыстарда пісірген, қызыл қарағайдан сапалы әрі мықты кайықты жасауды меңгерген.Қозылар мен ешкілердің жүнінен көйлектер мен жамылғыш плащтар тіккен.Солтүстік Американы мекендейтін индеецтердің арасында «сыйлық»деп аталатын ғұрып етек алған.Бұл ғұрып бойынша мейрамдар кезінде бай адамдар жиналғандарға өз дүниесін тарататын болған, осылай олар қоғамдағы беделін көтеріп нығайтқан. Ұндістербің ойып жасаған заттарының композициялық құрылысының өзіндік ерекшеліктері бар екендігін ерекше атап өткен жөн. Бұл өнер туындылары әдетте тік етіп жасалады. Оған мысал ретінде зергерлер қолынан шыққан төрт бейнелік топты алып қарастырсақ.Бұл туындының ең астында кит, оның үстінде ер адам, оның басында түрегеліп тұрған әйел, ал әйелдің басында отырған бүркіт бейнеленген. Бұл «спорттық пирамида» қоршаған дүниені және оның тұтастығын көрсетеді. Неолит дәуіріндегі шаруашылықты жүргізудің екінші саласы егіншілікпен және мал өсірумен тығыз байланысты.Егіншіліктің алқашқы түрі көшпелік сипатта болған бірақ көп ұзамай ақ бұл кәсіптің қыр сырын меңгерудің арқасында адамдар отырықшылыққа көше бастады. Адамдардың отырықшылыққа көшуіне байланысты шаруашылықтың жаңа салалары егіншілік пен мал шаруашылықтары пайда бола бастады. Егіншілер мен малшылары шаруалар болды. Олардың діндері анимизм болды. Анимизм рух жан деген мағына береді. Анимизм дегеніміз рух пен жанның өмір сүретіндігіне деген сенім.

    Алғашқы қауым адамдарды сиқыршылықта жиі қолдады. Бірақ аңдық сиқыршылыққа қарағанда егіншілік сиқыршылығының өзіндік ерекшелігі болды. Шаруа үшін жер құдай-ана болып табылады.Сондықтан да егіншілікке байланысты маусымдық ритуалдар маусымдық сипатта болды.Егіншілікке байланысты әдет ғұрыптарда ер адамдар басты рөльді атқарды. Жын перілермен арпалыс кезінде құдай өліп те кетуі мүмкін. Міне, осындай қиын сәтте оған көмекке әйелі немесе қарындасы келді. Олар құдайды жер асты патшалығынан іздеп тауып алады да, жер үстіне шығарып, күннің көзіне қояды, сәйтіп құдай қайта тіріледі. Діннің ең көне түрі сиқыршылық болатын болса, оның басты түрлерінің бірі-фетишизм. Фетишизм — табиғат заттарыменқатар адам қолынан шыққан материалдық заттардың құдіретіне де сену, яғни зат бейнесіндегі рухани күштерге табыну. Тотемизм, фетишизм, анимизм барлығы қазіргі заман мәдениетінде, дүние жүзінің халықтарының салт дәстүрінен кеңінен көрініс тауып отыр.

    Қорыта келгенде Қоғамдық даму барысында өнердің сан саласы жетіліп жаңа мазмұнға жаңа формаға ие болды.Адамзат баласының даму жолындағы қарышты қадамының әрбір сатысында туындаған баға жетпес тамаша өнер туындылары ұрпаққа мәдени мұралар болып қалады. Адмзат даналығы мен кемеңгерлігінің арқасында мәдениет жаңа сатыға көтерілді. Өз кезегінде алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетін негізін қалауда орасан зор роль атқарады.Ол негіздер: әлеуметтік ұйым. салт дәстүр, наным сенім т.б Дәуірлер ағымындағы бұл мәдени байланыстар-адамзат тіршілігінің басты мән мағынасына айналды.

    Қазақ мәдениеті еуразиялық ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық ерекшеліктер мәдениетімен бастайық. Номадтар (грекше ру, бөліну; көшіп қонуы) — шаруашылық қызметімен оған байланысты тұрмыс салтының ерекше ұлгісінде өмір сүретін әлеуметтік топтың өкілдері. «Номадизм» термині адамдар тобының кеңістікте жылжуы деген мағына берді. Тұрғылықты орны болмайтын номадизмдердің отбасында ауыспалы формалар көп. Бұл жартылай номадизм, көлдеңен номадизм, периодсыз номадизм.

    4. Мәдениет кеңістігі және оның негізгі өлшемдері.

    Мәдениет кеңістігі. Мәдениеттің үшөлшемді моделі. Мәдени формалар. Мәдени кеңістік құрылымы: парадигмалар, мәдениеттің бет-бейнесі, мәдени сценарийлер. Белдеулік мәдени формалар: когнитивті парадигмалар, құндылықтық парадигмалар, реттеуші парадигмалар.

    Мәдениет формалары: миф, өнер, дін, мораль, философия, құқық, саясат, ғылым, техника.

    Рухани мәдениет. Рухани мәдениет типтері.

    Мифология: мифтердің мәні мен типтері, мифтердің сипатты белгілері, мифологиялық ойлау логикасы, мифтің қызметтері, заманауи мифология.

    Дін мәдениеттің қасиетті формасы ретінде. Дін. Діннің негізгі бөлшектері. Діннің қызметтері. Діни наным-сенімдердің алғашқы формалары: анимизм, фетишизм, тотемизм, пантеизм, деизм, монотеизм. Буддизм. Христиандық. Ислам. Діннің қоғамдағы мәдени өмір формаларына әсері. Қасиетті (сакральды) мәдениет. Қазақ халқының қасиетті (сакральды) мәдениеті.

    Өнер генезисі. Өнер антропогенез факторы ретінде. Өнер қызметтері. Өнер мәдениет айнасы ретінде. Өнер және көркем мәдениет.

    Әлеуметтік мәдениет. Әлеуметтік мәдениет құрылымы. «Адамгершілік», «мораль», «этика» түсініктері. Адамгершіліктің қалыптасуы рухани мәдениет дамуының мәселесі ретінде. Мораль қызметтері. Моральдық түрткі механизмдері. Адамгершілік мәдениет қарама-қайшылықтары,

    Әлеуметтік-мәдени құндылықтар жүйесіндегі құқық. Құқық және мораль. Құқықтың қызметтері. Құқықтық мәдениет. Биліктің құқықтық мәдениеті. Заң шығарудың мәдениеті. Халықтың құқықтық мәдениеті.

    Саяси мәдениет. Саяси мәдениет қызметтері. Саяси мәдениет типтері. Мәдениеттегі саясаттың орны.

    Технологиялық мәдениет. Технология мәдени феномен ретінде. Технологиялық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы. Технологиялық мәдениет ерекшеліктері. Техниканың мәні. Техника: техника әлемі, табиғат, адам. Мәдениет кеңістігіндегі техника әлемі: техника мәдени ортаны жасақтау құралы ретінде, техника мәдениеттің әлеуметтік тапсырысқа жауабы ретінде, техника мәдениет құралы ретінде, техника мәдениеттің белгілік жүйесі ретінде. Мәдениеттегі техниканың бейнесі Мәдениет тарихындағы техниканың түрлері. Техникалық прогресс болашағы.

    Инженерия. Инженерлік қызмет ерекшелігі. Инженерлік мәдениеттің тарихи эволюциясы. Инженерлік мәдениет орны. Инженерлік мәдениет көкжиегі.

    Ғылым мәдениеттің жаңа құбылысы (феномені) ретінде. Ғылым әлеуметтік-мәдени институт ретінде. Ғылымның тарихи дамуының негізгі кезеңдері. Ғылымның әлеуметтік-мәдени бағдарлары: ақиқат пен пайда, автономия және әлеуметтік бақылау, нейтрализм және әлеуметтік жауапкершілік, ғылым коммерциализациясы (оң және теріс жақтары). Ғылымның этикалық императиві.

    Қызметтің мәдени сценарийлері. Мәдени сценарийлердің көптүрлілігі. Еңбек мәдениеті. Оқу мәдениеті. Мәдениет және білім. Ойын мәдениеті. Мәдениеттегі ойындық сценарийлер. Бос уақыт мәдениеті. Мәдениет және қарым-қатынас. Қарым-қатынас түрлері. Этикет.


    написать администратору сайта