Төтенше жағдайлардағы психологиялық аспектілер. Тапсырма 1 тж ошаында адамдарда болатын психологиялы жадайлар
Скачать 22.43 Kb.
|
Тапсырма 1 ТЖ ошағында адамдарда болатын психологиялық жағдайлар 1-ші сатысы – эмоциялық шок, оның ұзақтығы 3 сағаттан 5 сағат аралығында. Ағзаның психофизиологиялық қоры ұтқырланып, адамның ойлау қабілеті жылдамдайды, сондай-ақ жұмысқа қабілеті бірнеше есе ( 2 есе) күрт артады, адамның бойында шектен тыс батылдық пайда болады. Сонымен қатар зардап шегушіде бастың ауыруы, жүректің қағуы, тыныстың жиілеуі тәрізді белгілер байқалады. Осы саты зілзала басталғаннан бастап, құтқару жұмыстарын ұйымдастырылғанға дейін жалғасады. Психикалық статусында адамда өз өмірін сақтап қалу инстинкті басым болады. Бейспецификалық реакциялар дамиды, көптеген адамдарда үрей байқалады. 2-ші сатысы – психофизиологиялық демобилизациялау сатысы, яғни психофизиологиялық қордың әлсіреуі, тежелуі. Осы кезеңнің ұзақтығы шамамен 3 тәулік болады, науқастарда стресс,үрей және абыржу орын алады. 3-ші сатысы – бәсеңдеу сатысы. 3-12 тәулік аралығында дамиды, осы кезеңнің сипаты келесідей: адамның көңілі және жалпы жағдайы қалпына келеді, қимылдары бәсеңсіген, ұйқысы нашарлайды ( үрейлі,жаман түстер көреді ), оның айналасындағылармен қатынасы шектеледі, артериялық қан қысымы жоғарылайды, тахикардия дамиды, қатты шаршау орын алады. 4-ші кезең – қалпына келу кезеңі. 10-12 тәулік аралығында өтеді. Бұл кезеңде адамның белсенділігі артады, көңіл-күйі жақсарады және орын алған физиологиялық бұзылулар қалпына келеді. Қауіптің кенеттен пайда болуы адамның зілзала сипатын,көлемін,, осы сәттерде өзін қалай ұстау тәртібін білмеуі, тәжірбиенің және моральды-психологиялық дайындықтың болмауы, адам ағзасында бірқатар психологиялық бұзылуларды туындатады. Оларға жататындар: Стресс – бұл қауіпті жағдайды басынан кешкен немесе қайғылы оқиғаның куәгері болған адамдарда, сонымен қатар жақыны, туысының кенеттен болған қазасын естіген адамдарда жедел дамитын психикалық бұзылыс. Олар төтенше жағдайлардың барлық түрінде кездеседі. Осы сәттерде кейбір адамдарда қозғалғыштық қозу дамиды. Адамның терісі бозарады, жүрек соғысы жиілейді, ерні кебеді, алайда есі сақталады. Үрей – бір немесе бірнеше адамдарды жайлаған қорқыныш сезімі, ол біртіндеп айналасындағыларға жайылып ( беріліп ), басқарылуы мүмкін болмайтын процеске өршуі мумкін. Осы кезде оқиға күрт эмоциялық сипат алады, адам өз әрекетіне жауапсыздықпен қарайды, қылығына дұрыс баға бере алмайды, болған оқиғаны дұрыс қабылдап, түсінбейді. Ондай адамдар басқаларды айқын әрекетімен, айқай қоздырып, үрейге душар болғандарды өзімен бірге ала кетеді. Сонымен қатар адам психологиялық дағдарыс (кризис) жағдайына душар болады. Стресс – бір немесе бірнеше адамдарды жайлаған қорқыныш сезімі, ол біртіндеп айналасындағыларға жайылып ( беріліп ), басқарылуы мүмкін болмайтын процеске өршуі мумкін. Осы кезде оқиға күрт эмоциялық сипат алады, адам өз әрекетіне жауапсыздықпен қарайды, қылығына дұрыс баға бере алмайды, болған оқиғаны дұрыс қабылдап, түсінбейді. Ондай адамдар басқаларды айқын әрекетімен, айқай қоздырып, үрейге душар болғандарды өзімен бірге ала кетеді. Сонымен қатар адам психологиялық дағдарыс (кризис) жағдайына душар болады. Үрей – бұл қауіпті жағдайды басынан кешкен немесе қайғылы оқиғаның куәгері болған адамдарда, сонымен қатар жақыны, туысының кенеттен болған қазасын естіген адамдарда жедел дамитын психикалық бұзылыс. Олар төтенше жағдайлардың барлық түрінде кездеседі. Осы сәттерде кейбір адамдарда қозғалғыштық қозу дамиды. Адамның терісі бозарады, жүрек соғысы жиілейді, ерні кебеді, алайда есі сақталады. ТЖ ошағындағы зардап шеккендерге көрсетілетін психологиялық көмек ТЖ зардап шеккендердің барлығы психологиялық реабилитациялау шараларына мұқтаж, соның ішінде құтқарушылар, медициналық қызметкерлер. Психологиялық көмекті әдетте психологтар, дәрігерлер ( психиатр,психотерапевт ) көрсетеді. Дүниежүзілік тәжірибе ТЖ ошағында зардап шеккендерге кешенді көмек шараларын дәрігерлермен қоса психологтар бірлесе атқарған жағдайда аса тиімді болатынын көрсетті. Осы мақсатта психологтар бөлмесі, «сенім» телефоны, дағдарыс орталықтары, арнайы психиатриялық бригадалар ұйымдастырылады. Психолог бөлмесі күнделікті, қажет болса тәулік бойы жұмыс атқарады. Оның басты міндеті – ТЖ ошағында психикасы жарақаттанғандарға амбулаторлық көмек көрсету. «Сенім» телефоны тәулік бойы жұмыс істейді,осы телефон нөмірі тұрғындарға жаппай ақпарат көздері арқылы хабарланып, жеткізілуі тиіс. Денсаулық сақтау мекемелерінде тәулік бойы жұмыс істейтін дағдарыс орталықтары ұйымдастырылады. Олардың мақсаты – ТЖ ошақтарында пайда болған психикалық бұзылуларды аурухана жағдайында емдеу. Психотерапевт, дәрігер-фельдшерлік бригадалар тәулік бойы қызмет атқарады, олар психологтармен, дағдарыс орталықтарымен тығыз қатынаста болады. Психотерапевттер, дәрігерлік бригадалардың міндеттері: психикалық бұзылыстары бар зардап шеккендерге медициналық сараптауды ұйымдастыру және жүргізу; зардап шеккендерді ТЖ ошағынан жедел эвакуациялау. Тапсырма 2 Тест 1. Төтенше жағдай кезінде психикадағы өзгерістер кезеңі бөлінеді Д) 4 2. Бір немесе бірнеше адамдарды жайлаған қорқыныш сезімі А) үрей 3. Дағдарыс жағдайындағы психикалық бұзылыс неші сатыдан тұрады? Д) 4 4. Төтенше жағдай кезінде медициналық іріктеу негізіне алынады В) жараланушы жағдайы және келесі кезеңдерге көшіру қажеттілігі 5Медициналық іріктеу түрлері А) пункттік,эвакуациялық 6. Бактериялық зақым ошағының көлемдері неге байланысты А) улағыш зат мөлшеріне 7.Табельді медициналық заттарды қолдана отырып, орта медицина қызметкерлері (мейірбике, фельдшер) жүргізетін медициналық көмек В) Дәрігерге дейінгі көмек 8. Цианоз дегеніміз ? С) көгеру 9. Зақымдалушы есін қандай шкала бойынша анықтайды? А) Глазго 10. Санасы айқын, психикасы сақталған, бұл қанша балға тең? В) 12 |