|
1.3-Үлестірме материал (1). Тапсырма 2 лестірмелі материалы мен слайдтарды пайдалана отырып, сізді мектепте Зияткерлік мектептерді идеяларын енг
1.3-үлестірме материал _ Тұлғалық тәрбие теориясы
Тапсырма: 1.2 үлестірмелі материалы мен слайдтарды пайдалана отырып, сіздің мектепте Зияткерлік мектептердің идеяларын енгізу мүмкіндігі туралы ойланыңыз. Мұны қалай енгізуге болады? Мектеп оқушыларында немесе педагогикалық ұжымда ыңғайсыздық тудырмай ма? Файлды жүктеп алыңыз
«Қос жазба күнделігі» стратегиясы Мектеп миссиясы: Заман талабына сай бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру, оқушының жеке тұлғасын тұтас дамытуға, бос уақытын тиімді пайдалануға дағдылау. Мақсат – міндеттері: Білім беру процесінде мұғалімдер мен ата – аналардың күшін біріктіру. Қоршаған ортасына қамқорлығын арттыру. Әлеуметтік ортаға бейімделу. Күтілетін нәтиже: Оқушылардың жоғарғы әлеуметтік деңгейде болуы, ұлттық мәдениеттің жоғары деңгейі, отбасын, қоғам құндылықтарын сыйлау және бағалай білу. Саяси сыпайылық, шыншылдық.
Өз мектебіңіз үшін нені алатын едіңіз?
| Өзгеріс енгізу идеялары
| Отбасы және тарих Менің үйім – менің қорғаным
| Отбасылық мерекелерін, ата тектерінің ерте заманда қандай істермен айналысқандықтары жайлы тарихи тұрғыдан түсініктері қалыптасып, баладан балаға тарихи әңгіме ретінде қалып отырады. Осы орайда «Өмір ағашын» суреттеп, сызбалап құруға дағдыланады. Отбасы құндылықтары дамиды.
| Даралықты дәріптеу Тұлға еркіндігін сыйлау
| Өз ойын еркін жеткізе отырып, қоршаған ортаға сыйластықпен, түсіністікпен қарап, тәртіп пен заңдылықты сыйлайтын тәуелсіз тұлға тәрбиелеу. Мінез құлығының реттілігі дамиды.
| Ұлтаралық үйлесім
| Бір шаңырақ астында тұрып жатқан өзге ұлт өкілдеріне деген сый – құрметінің өсуі, өзге елдерде болып жатқан жаңалықтардан хабардар, жан – жақты болу. Жеке тұлғаға деген қамқорлықтарын ояту. Ұлтшылдықты жою.
| Ұжым мүддесі
| Сынып немесе өзінің белгілі бір топ ортасындағы достарының, құрдастарының ойын сыйлау, ұжымшылдық, жанашырлық, елгезектік сезімін ояту.
| Бәсекелестік – демократия кепілі
| Бәсекеге қабілетті, алғыр, ойын ашық жеткізе алатын, тәуелсіз, өзін – өзі қамтамасыз ете алатын тұлға дамыту. Қоршаған ортасына құрметпен қарау.
| |
|
|