Главная страница
Навигация по странице:

  • Жауаптары: 1.

  • политология. саясаттану 5тақырып. Тапсырма 5 Саяси элитаны тсінігі мен ызметі. Саяси элиталарды алыптасуы мен жіктелуі. Саяси кшбасшылы тсінігі мен табиаты, оны леуметтік функиялары. Жауаптары


    Скачать 24.67 Kb.
    НазваниеТапсырма 5 Саяси элитаны тсінігі мен ызметі. Саяси элиталарды алыптасуы мен жіктелуі. Саяси кшбасшылы тсінігі мен табиаты, оны леуметтік функиялары. Жауаптары
    Анкорполитология
    Дата22.02.2022
    Размер24.67 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласаясаттану 5тақырып.docx
    ТипДокументы
    #369632

    Тапсырма №5

    1.Саяси элитаның түсінігі мен қызметі.

    2.Саяси элиталардың қалыптасуы мен жіктелуі.

    3.Саяси көшбасшылық түсінігі мен табиғаты, оның әлеуметтік функиялары.

    Жауаптары:

    1. Элита теориясы - [ фр. elite - үздік, таңдаулы, жақсы-жайсаң] - қоғамның игі бекзаттарының ерекше міндеті, әлеуметтік-саяси және интеллектуалдық белсенділігі және қалың бұқараның енжарлығы туралы теориялар.

    Саяси элита деп қазына-байлықты, қаржы-қаражатты бөлуге байланысты және т.б. саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады. Қазіргі саясаттану ғылымында білімнің элитология деген арнайы саласы бар. Ол элиталардың қалыптасу жағдайын, оның қоғамдағы рөлін, әлеуметтік-саяси процестерге ықпал ету әдіс-тәсілдерін және т.б. зерттейді.

    Қоғамда саяси элитаны тудыратын факторлары: 1) қоғамға арнайы білімі, тәжірибесі, қабілеті бар кәсіби басқарушылар керек; 2) адамдардың психологиялық (туа біткен) және әлеуметтік (оқу, тәрбие барысында қолы жеткен) теңсіздіктері; 3) қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырылады; 4) бұқара халықтың саяси енжарлығы, селқостығы (күнделікті өмірде әркім саясаттан шалғай өз жұмысымен айналысады).
    Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді, өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бақылау жасайды

    2. Саяси элиталарды қалыптастырудың, жоғары лауазымды қызметке іріктеп алудың 2 түрі бар: антрепренерлық және гильдия жүйесі. Антрепренерлық түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртка ұнай білу қабілеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына, кәсібіне, біліміне, мамандығына, т.с.с. онша мән берілмейді. Ол ең алдымен өзінің тапқырлығын, жасампаздығын, белсенділігін көрсете білуі қажет. Мысалы, АҚШ-та актер болған Рональд Рейган да президенттікке сайланды. Элитаны қалыптастырудың бұл түрі өзінің ашықтығымен, демократиялығымен, үміткерге койылатын шектеулердің аздығымен сипатталады. Сондықтан тұрақты демократиялық елдерде бұл тұр кеңтараған.

    Саяси элиталарға сұрыптаудың мұндай түрінің кемшілігі — саясатқа сырттай жағымды көрінгенімен шын мәнінде кездейсоқ, принципсіз, ұрыншақ, авантюрист адамдардың билік басына келуі. Ондай адамдардың іс-әрекетін болжап, пішіп болмайды. Сондықтан қоғам өмірінде дау-жанжалдар, саяси шиеленістердің мүмкіндігі көбейеді.

    Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар койылады. Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Талапкерлер белгілі бір таптың, топтың, тектің, партияның мүшелерінің арасынан шығуы керек. Сондықтан билік басына тандаудың бұл түрі жабық болып саналады.

    Гильдия жүйесі бәсекелестікке жол бермейді, билеушіні тұйық қоғамдық топтан іріктеп алатын, кертартпа түр. Оның ар- тықшылығы — саясаткердің болашақ іс-әрекетін алдын ала болжауға, соған орай шара қолдануға болады. Билеуші элитаның арасында дау-жанжалдың мүмкіндігін кемітеді. Осындай жүйенің бір түріне бұрынғы социалистік елдерде кең тараған номенклатуралық элита жатады.

    Қалай болғанда да қоғам саяси элитасыз, кәсіби маманданған басқарушыларсыз өз қызметін толық атқара алмайды. Орыс философы Н. А. Бердяев қоғамның даму деңгейі мен саяси элита санының арасында өзара байланыс барлығын ашып, “элита коэффициентін” шығарды. Ол жоғары зерделі, зияткерлік бөлігінің халықтың жалпы сауатты санымен салыстырғанда бір пайызын құраса, ол қоғам өмірін тоқырауға әкеледі. Ал элитаның коэффициенті 5 пайыздан асса, қоғам дамуының жоғары мүмкіндігі барлығын айғақтайды дейді ғалым.

    Саяси элита әр түрлі келеді. Сондықтан ол жіктеледі, топтастырылады. Билікке иелігіне қарай басқарушы және оппозициялық элита деп бөледі. Басқарушы элита деп мемлекеттік билікке ие, маңызды саяси шешімдерді кабылдаушыларды айтады. Олардың катарына ене алмай қалған, бірақ сол үшін күрес жүргізетіндер билік басындағылардың іс-әрекетін сынап, ол қылықтарын тауып, қателіктерін көрсетеді. Оларды оппозициялык немесе контрэлита деп атайды. Саяси элитаның жаңару, қайта жасақталу тәсіліне сай ашык және жабық элита деп бөледі. Ашық элитада барлық әлеуметтік топ өкілдеріне есік ашық. Жабық элитада ол белгілі бір таптан, тектен шыққандармен ғана толықтырылады. Мысалы, гильдия жүйесі.

    3. Саяси көшбасшылық - саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшінқаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл ұғым мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси көшбасшыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды жатқызып жүр. Қазір саяси көшбастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.

    Саяси көшбастаушы болудың 2 жолы бар:

    1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу;

    2) ол мүдделерді мақсатты түрде талмай зерттеу нәтижесінде.

    Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері - қоғамның түбегейлі құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру; халықтың, топтардың қажеттіктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін айқындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен, әр түрлі ұйым, топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің, заңдылықтың, тәртіптің кепілі болу.

    Көшбасшының негізгі қызметі:

    • интегративтік, яғни халықтың белгілі бір бөлігінің мүддесін анықтау және саяси бағдарламаны жасау;

    • алға қойған мақсатты орындау үшін ұтымды шешімді табу және қабылдау қызметі;

    • билік органдарының қоғам мүшелерімен байланысын нығайту, қоғам мүшелерінің биліктен және басқарудан шет қалуын болдырмау қызметі;

    • бір жерге жұмылдырушы, яғни нақты міндеттерді шешуге көпшілікті ұйымдастыру, көпшіліктің әлеуметтік күш-қуатын, саяси мәдениетін және белсенділігін дамыту қызметі;

    • прагматикалық, яғни мақсат пен міндеттерді нақты әрекетке айналдыру.

    Көшбасшының мынадай бес белгісі мен сапасын айтуға болады:

    1. Биологиялық дәрежедегі белгісі мен сапалары: тұқым қуалаушылығы, темпераменті, жынысы, денсаулық жағдайы.

    2. Психологиялық дәрежесі: адамның эмоциясын, еркін, жадын, қабілетін, интелектін, мінезін қамтиды.

    3. Әлеуметтік-психологиялық дәрежесі: адамның мүдделеріне, көзқарасына, ұстанымына, қарым-қатынасына т.б. байланысты.

    4. Саяси психологиялық дәрежесі: саяси әлеуметтенуіне, саяси таңдауына, саяси мінез-құлық түрлеріне байланысты.

    5. Әлеуметтік дәрежесі: мүдделердің жалпы әлеуметтік ұстанымы мен көзқарастарын білдіреді.


    написать администратору сайта