Главная страница
Навигация по странице:

  • Тапсырма 1. Баламалы энергияның анықтамасын, әлеуетін және даму бағыттарын зерттеу; Баламалы энергия дегеніміз не

  • 2. Қазақстандағы баламалы энергетиканың дамуын зерттеу

  • 3. Маңғыстау облысында баламалы энергияны пайдалану мүмкіндіктерін анықтау;

  • 4.Маңғыстау облысында баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін анықтау.

  • 5.Маңғыстау облысында баламалы энергия көздерін пайдалануды орналастыру картасын жасау.

  • Экология сроп 13. Тапсырма Баламалы энергияны анытамасын, леуетін жне даму баыттарын зерттеу


    Скачать 1.19 Mb.
    НазваниеТапсырма Баламалы энергияны анытамасын, леуетін жне даму баыттарын зерттеу
    Дата25.04.2021
    Размер1.19 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЭкология сроп 13.docx
    ТипДокументы
    #198646

    8 СРОП

    Тақырыбы: Баламалы энергия көздері және олардың табиғи ортаны сақтаудағы рөлі

    Мақсаты: Маңғыстау облысында баламалы энергия көздерін тиімді пайдалану мүмкіндігін талдау және олардың табиғи ортаны қорғаудағы рөлін бағалау

    Тапсырма

    1. Баламалы энергияның анықтамасын, әлеуетін және даму бағыттарын зерттеу;


    Баламалы энергия дегеніміз не?

    Энергия көзі сарқылатын және сарқылмайтын болып екіге бөлінеді. Сарқылатын минералды ресурстардың көмегімен энергия өндіру классикалық әдіске жатқызылады. Оған көмір, газ, мұнай және уран кіреді.Энергияны баламалы жолмен өндіру салыстырмалы түрде жаңа сектор болып есептеледі. Бұған күн сәулесі, жел, өзендегі су, жер астындағы жылу және биомассаның көмегімен энергия өндіру жатады. Бұлар сарқылмайтын әрі қоғамдық ортаға зиянсыз деп танылған. Энергия қорларын үнемдеу бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің біріне айналды. Өнеркәсібі дамыған әлемнің барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу шаралары дұрыс жолға қойылған. Өйткені көмірмен және көмірсутегімен жұмыс істейтін жылу электр станциялары түбі бір экологиялық проблемалардың асқынуына әкеп соқтыратыны белгілі жайт. Сондықтан әлем қайта қалпына келетін жергілікті энергия көздерін энергия үнемдеудің басты қайнар көзі ретінде қабылдап отыр.

    2. Қазақстандағы баламалы энергетиканың дамуын зерттеу

    "ЭКСПО-2017" көрмесі

    2017 жылы Қазақстанның бас қаласы Астанада халықаралық ЭКСПО көрмесі өтті. Көрменің басты тақырыбы ретінде "Болашақтың энергиясы" таңдап алынып, баламалы энергия көздері дәріптелді.

    Көрме өткен жылы Қазақстан халқы тұтынатын электр энергиясының 0,2 пайызы ғана баламалы энергия көзінен өндірілетін. Қазір бұл көрсеткіш 1 пайызға жетіпті. Ал "Қазақстан-2050" стратегиялық жоспары бойынша қазақстандықтар тұтынатын энергияның 50 пайызы баламалы энергия секторынан болуы керек.

    ЭКСПО-да ұсынылған 133 жоба Қазақстанда қолданылады

    "Астана" Халықаралық қаржы орталығы жанында құрылған "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" (Ары қарай "Жасыл технологиялар орталығы") жетекшісінің орынбасары Салтанат Рахымбекова Informburo.kz тілшісіне берген сұхбатында "ЭКСПО-2017" көрмесі Қазақстанда баламалы энергияны өндіруді дамытуға жаңа серпін бергенін айтады.

    – Қазіргі таңда, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде ұсынылғандардан 133 жоба таңдап алынды. Оның ішіндегі 28 стартапты қазақстандық мамандар дайындаған.

    Оның айтуынша, орталықтың аймақтағы бөлімшелері өздеріне тиімді жобаларды бөліп алған. Енді оларды жергілікті аймақтарға бейімдеу процесі жүріп жатыр.

    Баламалы энергия өндіретін 50 жоба іске қосылған

    Салтанат Рахымбекова Ақмола, Алматы, Қарағанды және Жамбыл облыстарында жел және күн сәулесінен энергия алатын 50 жоба іске қосылғанын айтады. Олардың өндіру қуаты Қазақстандағы тұтыну энергиясының 1 пайызын құрап отыр.

    Алдағы 4 жылда Қазақстанның 8 облысында баламалы энергия өндіретін тағы 19 станса (10 жел, 4 күн, 4 су, 1 биогаз – авт.) іске қосылады. Бұл жобалар толығымен шетел инвестициясы күшімен жүзеге асырылады.

    3. Маңғыстау облысында баламалы энергияны пайдалану мүмкіндіктерін анықтау;

    Смарт күн панельдері

    Сауд Арабиясындағы KAUST зерттеу университеттерінің инженерлері ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде баламалы энергияны өндіру үшін смарт құрылғы орнатылған күн панельдерін пайдалануды ұсынды.

    Қазақстанда дәл осы жобаны Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында жүзеге асыруға болады. Себебі екі облыстың да оңтүстігі шөлді аймаққа жатады. Сәйкесінше күн сәулесі мұнда өзге аймақтарға қарағанда көбірек түседі.

    Сонымен қатар, Қызылордада өндірілген энергияны ОҚО, Жамбыл мен Алматы облыстарына пайдалануға бағыттауға болады. Ал Маңғыстаудың баламалы энергиясын БҚО және Ақтөбе облыстары тұтынады.

    4.Маңғыстау облысында баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін анықтау.

    Баламалы энергия Маңғыстау облысының көп жерлерінде жоспарланып, казіргі уакытқа дейін Форт – Шевченко,Шетпе, Батыр, Шайыр, Мұнайлы елді мекендерінде іске асып жаткан жел және күн баламалы энергия көзін алу жүйесі іске асуда. Басты мәселе жобаға бөлінетін қаражат . Қазіргі уақытта Батыр ауылнда 36 гектар жер электр станциясынның аумағын алып отыр. 300 ге жуып үйді энергиямен қамтамасыз етіп отыр.

    5.Маңғыстау облысында баламалы энергия көздерін пайдалануды орналастыру картасын жасау.



    написать администратору сайта