инсулин. Тапсырма Глоссарий орындаыз Инфильтрат
Скачать 234.45 Kb.
|
Тапсырма 1.Глоссарий орындаңыз Инфильтрат . Қабынудан организм тканінің өзіне тән емес клетка элементтерінен ұлғайып нығыздалуы (қабынуынан) ісік клеткаларының жиналуынан (уытты, уытсыз ісік) т. б. себептермен үлкейіп, нығыздануы. Абсцесс (abscess), терінің терең қабатында немесе ішкі органдарда жұқпалы бактериялар тудырған қандағы лейкоцит ұлпаларының бұзылуы салдарынан пайда болатын ірің Эмболия (Еmboloia - ішке тарту) — қан мен лимфада бірге айналып жүрген, бірақ қалыпты жағдайда кездеспейтін бөлшектердің болуы және олардың тамыр өзегін бітеп тастауы Ауа эмболиясы, дәлірек айтқанда, газ эмболиясы бір немесе бірнеше газ көпіршіктері тамырға немесе артерияға енген кезде пайда болады. Бұл қанның өтуін тоқтатып, өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Тромбофлебит (thrombophlebіtіs; грек. thrombos – ұйыған қан, phleps, phlebos – көктамыр (вена) және іtіs – қабыну) – көктамыр қабынуы ауруы. Некроз (гр. nekros — өлі, шірік, өлі еттену) - тірі организмдегі жасуша мен ұлпалардың өлуі. Қан және жұқпалы ауруларға шалдыгу, жарақаттану, күю т. б. себептерден ауыз шырышты қабығы, қызыл иек шеті, ерін мен ұрт үстері некрозға ұшырайды. Гематома (Haemotoma - қанды ісік) - гематома, қанды ісік. Тканьдерді ығыстырып және құрылымдарын бұзып ұйыған немесе жас қанның шектелген жиынтық құруы Сепсис (латынша sepsіs — шіру, іріңдеу) — ірің микробтарымен залалданған қаннан дамитын ауру. Аллергиялық реакция дегеніміз - аллергия тудырушы(аллерген) затқа адам ағзасындағы иммундық жүйесінің шамадан тыс активтенуі.Аллергия тудырушыларға:химиялық заттар,тағамдар,дәрі-дәрмектер,түрлі өсімдіктер,шаң-тозаңдар болып табылады. Тапсырма 2.Жағдаяттық есептер Есеп 1. Мейіркеш терінің ішіне ине салғанда ұзын инені қолданды (15 см). 1. Мейіркештің іс - әрекетін бағалап беріңіз ? 2. Терінің ішіне ине салу әдісін айтып беріңіз? Жауабым:Менің ойымша тері ішіне ұзын инені қолданған жөн.Бірақ мейіркеш қолданған иненің ұзындығы өте үлкен сияқты. Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Оны жүргізуге келісімін алыңыз. Антисептикалық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз, оларды тері антисептигімен өңдеңіз. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз). Қажетті дозадағы дәрілік ерітіндіні (0,2-0,3 мл) шприцке сорып алыңыз, инеден қалпағын алмай, ауаны шығарыңыз, шприцті және тері антисептигімен суландырған мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, қолды яғни, білектің ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз. Инъекция жасайтын жерді тері антисептигімен суландырған екі мақта шариктерімен тізбектілікпен бір бағытта тазартыңыз: алдымен үлкен көлемді, сосын тікелей иньекция жасайтын жерді (контейнерге мақта шариктерін салыңыз). Тері антисептигін толық кебуін күтіңіз. Оң қолға шприцті алыңыз: цилиндрдегі бөліну көріну керек, оң қолдың II саусағымен – иненің канюлясынан, V саусақпен – шприцтің поршенінен, ІІІ, IV, I саусақтармен – цилиндрден ұстаңыз. Сол қолдың саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін жиырып ұстап, инъекцияға қарама-қарсы жағына тартыңыз.Иненің қиығын (кескен жер қимасын) жоғары қаратып, тері бетіне (50С бұрышпен) қатарластыра ине қиығы терендігінде (ине тек қана терінің мүйізді қабатына еніп, терінің қалыңдығынан көрінеді) енгізіңіз. Оң қолдың сұқ саусағымен иненің қалпын бекітіп, сәл иненің канюлясынан басыңыз.Шприцті бір қолдан екінші колға ауыстырмай, сол қолдың ІІ, ІІІ саусақтарымен цилиндрдің жиегінен ұстап. I саусақпен поршенді басып, 0,1-0,2 мл дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады («лимон» қабығындай).Инені канюлясынан ұстап отырып, жылдам қозғалыспен шығарыңыз (тері антисептигімен суландырған мақта шаригін тері үстіне баспаңыз).Иненің қалпағын кигізбей шприцпен бірге қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенін науқасқа түсіндіріңіз. Есеп 2.Мейіркеш пациентке тері астына инъекция жасағанда иненің бұрышын 90°- та алды. 1. Мейіркештің іс - әрекетіне баға беріңіз? 2. Тері астына инъекция жасау әдісін айтып және көрсетіп беріңіз? Жауабым: Мейіркештің іс-әрекеті дұрыс.Тері астына иньекция жасайтын ине жіңішке әрі қысқа болғандықтан оны 90 градуста алады. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз). 2. Науқастан мәлімет алыңыз (дәрі-дәрмектерге аллергиясы бар жоқтығын анықтаңыз) 3.Науқасқа дәрі- дәрмектер туралы қажетті ақпарат беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. 4. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз. 5. Бір рет қолданылатын шприцтің орауын ашып, құрастырыңыз (стандартты қараңыз). 6. Шприцке дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қараңыз). 7. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз, отырғыңыз немесе жатқызыңыз. 8. Қолыңызды тері антисептигімен қайта өңдеңіз. 9.Спирттелген екі мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді реттілікпен: ең бірінші үлкен көлемді, сосын тура инъекция жасайтын жерді тазартыңыз (мақта шариктерді контейнерге салыңыз). 10. Сол қолдың ІV - V саусақ арасына тері антисептигімен өңделген үшінші мақта шаригін ұстаңыз. 11. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың II саусағымен иненің канюлясынан, V саусақпен - шприцтің поршенін, III, IV, I саусақтармен цилиндрдің төменінен ұстаңыз. 12.Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолдың I және II саусақтармен иықтың негізі төмен қараған үш бұрышты түрдегі қыртысты жинаңыз. 13.Тері қыртысының негізіне инені 45° С бұрышпен ұстап, иненің ұзындығын 1-1,5 см тереңдікке енгізіңіз, сұқ қол саусағымен иненің канюлясынан ұстаңыз. 14.Сол қолды поршенге ауыстырып (бір қолдан екінші қолға шприцті ауыстырмаңыз), IІ және IIІ саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып алып, І саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз. 15.Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз. Науқастың қал жағдайын сұраңыз. 16.Иненің канюлясынан ұстап отырып, инені жылдам қимылмен шығарыңыз. 17.Шприцті қақпағын жаппай, мақта шариктерін ҚЖАК салыңыз. 18.Қолғапты шешіп, ҚЖАК тастаңыз. 19. Қолды жуып, құрғатыңыз. Есеп 3.Қант диабеті бар пациетке аз 32 бөлшек инсулин ерітіндісін егуіңіз керек: 1. Инсулиннің дозасын және егу тәсілдерін айтып беріңіз? 2. Инсулин қолданған жағдайда қандай асқынулар болатынын тізіп беріңіз Жауабым: Тапсырма 3. "Тері ішіне инъекцияны орындау " алгоритмін толықтырыңыз Қолдану көрсетілімдері:: диагностикалық туберкулезге (Манту. Пирке байқауы), бруцеллезге, антибиотиктерге аллергиялық реакцияны анықтау үшін, сыртқы жансыздандыруды жүргізу үшін, аллергиялық байқауларды жүргізу үшін. Қарсы көрсетілімдері: инъекция жасайтын жердің тері асты-май клеткаларының ісінуі және инъекция жасайтын жердегі тері аурулары Асқынулар:инфильтрат. Енгізілетін жері: білектің ішкі беті, ортаңғы бөлігі Дайындаңыз:залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1 мл бір рет қолданылатын шприцті, ұзындығы 15 мм инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндісін, тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Оны жүргізуге келісімін алыңыз. Антисептикалық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз, оларды тері антисептигімен өңдеңіз. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз). Қажетті дозадағы дәрілік ерітіндіні (0,2-0,3 мл) шприцке сорып алыңыз, инеден қалпағын алмай, ауаны шығарыңыз, шприцті және тері антисептигімен суландырған мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, қолды яғни, білектің ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз. Инъекция жасайтын жерді тері антисептигімен суландырған екі мақта шариктерімен тізбектілікпен бір бағытта тазартыңыз: алдымен үлкен көлемді, сосын тікелей иньекция жасайтын жерді (контейнерге мақта шариктерін салыңыз). Тері антисептигін толық кебуін күтіңіз. Оң қолға шприцті алыңыз: цилиндрдегі бөліну көріну керек, оң қолдың II саусағымен – иненің канюлясынан, V саусақпен – шприцтің поршенінен, ІІІ, IV, I саусақтармен – цилиндрден ұстаңыз. Сол қолдың саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін жиырып ұстап, инъекцияға қарама-қарсы жағына тартыңыз.Иненің қиығын (кескен жер қимасын) жоғары қаратып, тері бетіне (50С бұрышпен) қатарластыра ине қиығы терендігінде (ине тек қана терінің мүйізді қабатына еніп, терінің қалыңдығынан көрінеді) енгізіңіз. Оң қолдың сұқ саусағымен иненің қалпын бекітіп, сәл иненің канюлясынан басыңыз.Шприцті бір қолдан екінші колға ауыстырмай, сол қолдың ІІ, ІІІ саусақтарымен цилиндрдің жиегінен ұстап. I саусақпен поршенді басып, 0,1-0,2 мл дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады («лимон» қабығындай).Инені канюлясынан ұстап отырып, жылдам қозғалыспен шығарыңыз (тері антисептигімен суландырған мақта шаригін тері үстіне баспаңыз).Иненің қалпағын кигізбей шприцпен бірге қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенін науқасқа түсіндіріңіз. Тапсырма 4. "Тері астына инъекцияны орындау"алгоритмін толықтырыңыз Қолдану көрсетілімдері:Дәрігердің тағайындауы Қарсы көрсетілімдері:дәрігерлерге аллергиялық реакцияның болуы,иньекция жасайтын жерде кез келген терінің және тері асты майлы тіндердің зақымдануы Асқынулар:инфильтрат, абсцесс, дәрілік ерітіндіні қате енгізу, вирустік гепатит, АҚТҚ, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок, майлы эмболия, сепсис Енгізілетін жері: : иықтың және санның сыртқы беті; жауырын асты; іштің алдыңғы беті Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз). 2. Науқастан мәлімет алыңыз (дәрі-дәрмектерге аллергиясы бар жоқтығын анықтаңыз) 3.Науқасқа дәрі- дәрмектер туралы қажетті ақпарат беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. 4. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз. 5. Бір рет қолданылатын шприцтің орауын ашып, құрастырыңыз (стандартты қараңыз). 6. Шприцке дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қараңыз). 7. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз, отырғыңыз немесе жатқызыңыз. 8. Қолыңызды тері антисептигімен қайта өңдеңіз. 9.Спирттелген екі мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді реттілікпен: ең бірінші үлкен көлемді, сосын тура инъекция жасайтын жерді тазартыңыз (мақта шариктерді контейнерге салыңыз). 10. Сол қолдың ІV - V саусақ арасына тері антисептигімен өңделген үшінші мақта шаригін ұстаңыз. 11. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың II саусағымен иненің канюлясынан, V саусақпен - шприцтің поршенін, III, IV, I саусақтармен цилиндрдің төменінен ұстаңыз. 12.Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолдың I және II саусақтармен иықтың негізі төмен қараған үш бұрышты түрдегі қыртысты жинаңыз. 13.Тері қыртысының негізіне инені 45° С бұрышпен ұстап, иненің ұзындығын 1-1,5 см тереңдікке енгізіңіз, сұқ қол саусағымен иненің канюлясынан ұстаңыз. 14.Сол қолды поршенге ауыстырып (бір қолдан екінші қолға шприцті ауыстырмаңыз), IІ және IIІ саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып алып, І саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз. 15.Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз. Науқастың қал жағдайын сұраңыз. 16.Иненің канюлясынан ұстап отырып, инені жылдам қимылмен шығарыңыз. 17.Шприцті қақпағын жаппай, мақта шариктерін ҚЖАК салыңыз. 18.Қолғапты шешіп, ҚЖАК тастаңыз. 19. Қолды жуып, құрғатыңыз. Тапсырма 5 . "Инсулинді енгізу" алгоритмін толықтырыңыз Қолдану көрсетілімдері:инсулинге тәуелді қант диабетін,кетоацидозды,команы емдеу Қарсы көрсетілімдері:гипогликемиялық кома,инсулинге аллергиялық реакция болған жағдайда. Асқынулар: Енгізілетін жері: иықтың және жамбастың сыртқы беттері,жауырын асты аймағы,іш пердесінің алдынғы беті Дайындаңыз:флакондағы инсулин ерітіндісін,70 спиртегі залалсыздандырылған лотокті,пинцетті,мақта шариктерін,бір рет қолданылатын инсулин шприцін,тері антисептигі,қауіпсіз жлюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз және оны жүргізуге оның келісімін алыңыз; 2.Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, тері антисептигімен өңдеңіз. 3.Флаконның жазуын оқыңыз: аты, дозасы, сақталу мерзімі. Ем тағайындайтын парақпен салыстырыңыз. 4.Флакондағы инсулиннің сапасына қарап бақылау жүргізіңіз. Дәрінің қоюлығына көңіл аударыңыз, 1 мл инсулиннің Б /ЕД/ санына. Инсулин мен шприцтің белгілерін көңіл қойып оқыңыз. Қоюлық негізіне қарап, шприцтің бір бөлігінде қанша бірлік инсулин бар екенін есептеңіз. 5.Ұзақ уақытқа әсер ететін инсулин флаконын 3-5 минуттай екі алақан арасында ысқылаңыз. Ерітінді бір қалыпты лайлы болуы керек (сілкуге болмайды). Қысқа уақытқа әсер ететін инсулин мөлдір, оны араластырудың қажеті жоқ. 6.Флакондағы инсулинді су моншасына температурасына 36-37°С дейін жылытыңыз. 7.Ораудағы инсулин шприцті алыңыз. Олардың сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз. 8.Флаконның металды қақпағын пинцетпен ашыңыз. 9.Флаконның резеңке тығынын спирттелген мақта шаригімен екі рет тазартыңыз. Флаконды шетке қарай қойыңыз, спирт кепкенше күтіңіз. 10.Инсулин шприцін қолға алыңыз, шприцтің поршенін тартыңыз, қанша бірлік инсулин сорып алу қажеттілігін. Шприцке ауа сорып алыңыз. Ауаның мөлшері, енгізілетін инсулиннің дозасына тең келуі тиіс. 11.Шприцке сорып алынған ауаны флакондағы инсулинге енгізіңіз. 12.Науқасты жатуын немесе отыруын сұраңыз. 13.Тері антисептигімен қолыңызды өңдеңіз 13.Инъекция жасайтын жерді реттілігімен спирттелген екі мақта шариктерімен тазартыңыз, ең алғаш үлкен көлемді, сосын тура инъекцияның орнын. Терісі кебуі керек. 14.Шприцтен қалпақты алыңыз, оны енгізер алдында ауаны шығарыңыз және инсулиннің мөлшерін қажетті дозаға жеткізіңіз. 15.Шприцті оң қолыңызға алыңыз. 16.Сол қолдың I және II саусақтарымен терінің тазартылған учаскесін негізі төмен қараған үш бұрышты қыртысының жағын жиыстырыңыз. 17.Тері асты майлы қабатын ортасына 30-45° бұрышпен иненін ұзындығына үш бұрыш қыртысын негізіне, иненің қиығын жоғары қаратып ұстап инені жылдам қозғалыспен енгізіңіз. 18.Сол қолды босатып, қыртысты жіберіңіз. 19.Инсулинді жаймен еңгізіңіз, ине қан тамырларына түспегенін тексертіңіз. |