Тарау/Бөлім
9.3А Үшбұрыштарды шешу
| Мектеп: Ерсін Мұқашев ат.ЖОББМ Пән мұғалімі: Дарабаева Д.А.
|
Пәні:
| Математика
|
Күні:
| 09.02.2023ж
|
Сынып: 9А
| Қатысқаны:
| Қатыспағаны:
|
Сабақтың тақырыбы:
| Шеңберге іштей сызылған бұрыштар
|
Осы сабақта қол жеткізілетін
оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
| 9.1.1.3 іштей сызылған бұрыш анықтамасын және оның қасиеттерін білу
|
Сабақтың мақсаты:
(бағалау критерийлері)
| Шеңберге іштей сызылған бұрыш, центрлік бұрыш, шеңбер доғасы туралы білу
|
Бағалау критерийі:
| Шеңберге іштей сызылған және центрлік бұрыштар туралы біледі, оларды ажырата алады, оларды сызады
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері
| Білу және түсіну; қолдану.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Мұғалімнің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
8 минут
| І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2.Ынтымақтастық ахуал тудыру.
3.Шеңберге балаларды тұрғызу;
4. Мұғалім оқушыларға сабақ тақырыбымен және сабақ мақсатымен таныстыру.
2.Топтарға бөлу.
Оқушыларды https://flippity.net рандомайзер арқылы 3 топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру. Топпен жұмыс: «Өткенді қайталау» Оқушыларға А4 қағазда тапсырма беріледі. Дескриптор: Білім алушы
-шеңбердің центрін жазады;
-радиус, диаметр, хорда;
ҚБ:«Смайл» әдісі арқылы оқушылар жұптарын бағалайды.
| Шеңберін құрып балалар солға бұрылып алдыңғы баланың арқасына 1-ден 9-ға дейін сандарды саусақпен жазады, оңға бұрылып көршісінің арқасына сандарды жазады. Одан кейін бір-біріне жылы лебіз айтады.
Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
Оқушылар топпен жұмыс жасап, тапсырманы орындайды және қорғайды. Сабақтың тақырыбы: Шеңберге іштей сызылған бұрыштар
| «Тамаша!»,
«Жарайсыңдар!»
«Керемет»
-есеп дұрыс шықты
-есепте қате бар
-есеп шығармаған
| Интерактивті тақта
|
Сабақтың ортасы 20 минут
| Білім лэнд порталынын видеосабағын қосу.
Сұрақтар:
1.Іштей сызылған бұрыштар мен центрлік бұрыштардың ұқсастығы неде?
2.Айырмашылығы неде?
Жеке жұмыс https://learningapps.org/3978891 онлайн платформасынан есептер шығару.
Оқулықпен жұмыс.
№1 №6
Сергіту сәті: «Жұбыңды тап»
Әр топқа тапсырма беріледі.
| Оқушылар видеосабақты көреді, сұрақтарға жауап береді.
Жауаптары:
1.екеуі де бұрыш, екеуі де шеңбердің ішінде орналасқан
2. Айырмашылығын видеосабақты көріп анықтайды.
Оқушылар іштей сызылған және центрлік бұрыштардың қасиеттерін қолданып есптерді шығарады.
№1 -Оқушылар суреттен іштей сызылған бұрыштарды теріп жазады
№6- теореманы қолданып доғаның өлшемі бойынша іштей сызылған бұрыштың өлшемін табады. Оқушылар ортаға шығып, шеңбер жасап тұрады. Мұғалімнің нұсқауымен ортаға бір оқушы шығады. Оқушыға мұғалім нұсқау береді, сол бойынша жұбын тауып, жұптасады. Мысалы:
-Сенің көйлегің көк, көк түсті көйлек киген оқушымен жұптас.
-Сенің көзілдірігің бар, көзілдірігі бар құрбыңмен жұптас.
- Сенің қолыңда сағат бар, сағаты бар досыңмен жұптас
Осылайша жалғасып, бірнеше жұп пайда болады. Міне балалар ұқсас қосылғыштарды да осылай біріктіреміз деп сергіту сәтін аяқтаймыз.
Оқушылар бірлесіп есепті шығарады, қорғайды.
| Шапалақтау арқылы бір – бірін бағалайды (5 рет шапалақтау «өте жақсы», 4 рет шапалақтау «жақсы», 3 рет шапалақтау «орташа»).
Жұлдызша арқылы бағалау (мұғалім оқушыға қанша есеп шығарса, сонша жұлдызша үйлестіреді)
| Интерактивті тақта
9-сыныпқа арналған геометрия оқулығы
Әбәлқасымова, Мектеп-
|
Сабақтың аяғы
2 минут
Кері байланыс
| IV.Cабақты қорытындылау Рефлексия. «Смайл» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды Үйге тапсырма.(оқулықтан) № 4, №10
| Оқушылар интерактивті тақтада смайлға басады. Оқушылар сабағтың тақырыбына қатысты өз ойларын айтып, оқу мақсатына қаншалықты жеткенін айтады.
Күнделікке үй тапсырмасын жазады.
|
|
|