Главная страница
Навигация по странице:

  • Мiндетi

  • Тақырып № Тақырыпша Оқыту мақсаттары

  • VI - IX ғасырдағы Қазақстан.

  • X ғасыр - XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан.

  • Қазақ хандығының XVI - XVII ғасырлардағы дамуы.

  • XIХ ғасыр-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті.

  • Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.

  • Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жылдар).

  • Қазақстан «Жылымық» кезеңінде (1954-1964 жылдар).

  • Қазақстан «Тоқырау» кезеңінде (1965-1985 жылдар).

  • Қазақстан Қайта құру кезеңінде (1986-1991 - жылдар).

  • Жаңа заманның басталуы.

  • ХХ ғасырдың басындағы әлем.

  • Екінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары.

  • ХХ ғасырдың екінші жартысындағы - ХХI ғасырдың басындағы мәдениет.

  • 6. Тест тапсырмаларының формасы

  • эссе. Тарих (азастан тарихыДниежзі тарихы) пні бойынша Педагогтерді білімін баалауа


    Скачать 39.3 Kb.
    НазваниеТарих (азастан тарихыДниежзі тарихы) пні бойынша Педагогтерді білімін баалауа
    Дата05.03.2023
    Размер39.3 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаTarikh_kaz.docx
    ТипДокументы
    #969213

    «Тарих (Қазақстан тарихы/Дүниежүзі тарихы)» пәні бойынша

    Педагогтердің білімін бағалауға арналған тест спецификациясы

    (2023 жылдан бастап қолдану үшін)


    1. Мақсаты: Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді аттестаттау барысында Педагогтердің білімін бағалау тест тапсырмаларын әзірлеу мақсатында құрастырылған.

    2. Мiндетi: Педагогтердің білім деңгейінің біліктілік талаптарға сәйкестігін анықтау.

    3. Мазмұны: «Тарих (Қазақстан тарихы/Дүниежүзі тарихы)» пәні бойынша оқу бағдарламасына сәйкес оқу материалдары енгізілген.






    Тақырып



    Тақырыпша

    Оқыту мақсаттары

    01

    Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі. Сақтар. Үйсіндер мен қаңлылар. Ғұндар

    01

    Алғашқы адамдардың өмірі. Сақтар туралы тарихи мәліметтер. Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті. Ғұндардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынастары.

    алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін шығармашылық түрде көрсету; картадан тайпалық одақтардың орналасуын көрсету;

    көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсіну; Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын, көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау

    02

    VI - IX ғасырлардағы Қазақстан. X ғасыр - XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан. XIII - XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан.

    02

    Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер. Қарахан мемлекеті. Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі. Моңғол шапқыншылықтарының салдары. Ақ Орда

    VI-XIII ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау; ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау

    ислам дінінің қоғамдық өмірге ықпалын анықтау; Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың дамуындағы орнын анықтау; тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII-XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру

    03

    Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы. Қазақ хандығының XVI - XVII ғасырлардағы дамуы

    03

    Қазақ хандығының құрылуы. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі. Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты. Есім хан билігі кезіндегі Қазақ хандығы бірлігінің нығаюы

    қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау;

    Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау; тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда «Ұлы Дала» ұғымын қолдану; қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;

    қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау

    04

    Қазақ-жоңғар соғыстары

    04

    Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы. Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы. Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы. Қазақ-жоңғар шайқастары

    жоңғар шапқыншылығы кезіндегі демографиялық өзгерістерді және миграциялық процестерді түсіндіру; халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау; қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау; жоңғар шапқыншылығының қазақ халқының шаруашылығына тигізген зардаптарын анықтау

    қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау

    05

    XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы. Отарлау және ұлт-азаттық күрес. Қазақстан Ресей империясының құрамында.

    05

    Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталауы. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты; Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс; XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық реформалар.

    Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатын бағалау;

    халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;

    Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіндіру; дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау

    06

    XVIII-XX ғасырдың басындағы. Қазақстанның мәдениеті. Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым

    06

    XVIII ғасырдағы халық ауыз әдебиеті. XVIII ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті. XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы. XIX ғасырдағы білім беру мен ағарту ісі. Шоқан Уәлиханов – алғашқы қазақ ғалымы. Ы. Алтынсарин – жаңашыл -педагог. Абай Құнанбаев – ұлы ойшыл. Ахмет Байтұрсынов – «ұлт ұстазы». XX ғ. 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен ғылым. Қ.Сатбаев – жан-жақты ғалым

    халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау;

    салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау;

    Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерінің тарихи құндылығын анықтау

    Ыбырай Алтынсариннің ағарту саласына қосқан үлесін бағалау; Абай Құнанбаевтың ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі қызметіне баға беру; Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалау; кеңес дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалын анықтау; Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы рөліне баға беру

    07

    ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан. Қазақстанда кеңестік биліктің орнығуы. Қазақстан тоталитарлық жүйе кезеңінде.

    07

    Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс. 1917 жылғы ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері. «Алаш» қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы. Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында (1917-1920 жылдар). Қазақстандағы ұлттық автономиялар. Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылу. Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру. Қазақстандағы ұжымдастыру. 1920-1930 жылдардағы саяси репрессиялар.

    1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын анықтау және тұлғалардың рөліне баға беру; қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау; «Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясатын талдау;

    Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру;

    деректер мен дәйектерді салыстыру арқылы жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерді талдау;

    Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен кемшіліктерін талдау; күштеп ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардап тарын талдау; демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау; ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау

    08

    Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

    08

    Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы. Қазақстан – майдан арсеналы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ КСР мәдениеті. Қазақстанға КСРО халықтарының депортациясы

    Қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік соғысының жеңісіне қосқан үлесін бағалау; Бауыржан Момышұлының батырлық, тұлғалық қасиетін айқындау; Қазақстан экономикасының соғыс жағдайларына бейімделгендігін дәлелдеу; соғыс жылдарындағы халықтың әлеуметтік жағдайын анықтау; демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау

    09

    Қазақстан «жылымық» кезеңінде (1954-1964 жылдар). Қазақстан «тоқырау» кезеңінде (1965-1985 жылдар)

    09

    «Жылымық» кезеңіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы. Тың игеру жылдарындағы Қазақстан. Қазақ КСР экономикасы- ның шикізатқа бағытталуы. 1965-1985 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. XX ғ. 60-80 жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуындағы қарама-қайшылықтар

    кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру; XX ғасырдың екінші жартысындағы әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын талдау; қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау

    өнеркәсіптің ахуалын анықтап, қорытынды жасау;

    әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып, талдау;

    қоғамдық-саяси қайраткерлердің ұлттық мүддені қорғаудағы рөліне баға беру

    10

    Қазақстан қайта құру кезеңінде (1986-1991 жылдар). Қазақстан мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы (1991 – 1996 жылдар)

    10

    Қазақстан «Қайта құрудың» бастапқы кезеңінде. Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы мемлекеттілікті қалыптастырудағы іс-шаралар. Қазақстан – халықаралық құқық субеъектісі

    Қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау;

    Кеңес үкіметі кезіндегі орын алған әлеуметтік-экономикалық проблемаларды талдау; 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығына баға беру; Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын анықтап, қорытындылау; тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық – саяси дамуын талдау; Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдау

    11

    Терімшілер-аңшылардан бастап егіншілер мен мал өсірушілерге дейін. Ежелгі Египет. Қос дөңгелекті арбалар және империялар.

    11

    Ежелгі адамдардың Ласко үңгірінің қабырғаларына салған суреті. Ежелгі Египет пирамидаларының салынуы. Хаммурапи патшаның Вавилонды қуатты империяға айналдыруы. Таяу және Орта Шығыстағы ежелгі қуатты империялар. Ежелгі Орта Азиядағы қуатты империялар.

    Ежелгі адамдардың тұрмыс салтын сипаттау үшін «алғашқы қауымдық өнер» ұғымын пайдалану; тотемизм, анимизм, фетишизм, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді білу;

    ежелгі Египет ғибадатханалары мен пирамидаларын сипаттау; ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау; ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау;

    басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін талдау

    12

    Ежелгі Үндістан: буддизмнің гүлденуі мен индуизмнің салтанат құруы. Ежелгі Қытай. Ежелгі Грекия. Рим империясының гүлденуі.

    12

    Ежелгі Үндістандағы касталық жүйелер. Ежелгі Қытайдың бүгінгі күнге дейінгі ғылыми жаңалықтары. Демократияның Отаны Ежелгі Грекия. Ежелгі Спартаның Афиныдан ерекшелігі. Рим ежелгі дүниенің ең қуатты империясы. Спартактың көтерілісі ежелгі Римдегі құлдықты сипаттауы.

    Қоғамның әлеуметтік құрылымын түсіндіру үшін «касталық жүйе» ұғымын қолдану; ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау; ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау; басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін талдау;

    ежелгі Римдегі Спартак көтерілісін, себептерін анықтау

    13

    Феодализм. Ислам тарихы. Крест жорықтары. Моңғолдар.

    13

    Феодалдық экономика ерекшеліктері. Феодалдық қоғам. Исламның тарихындағы 610 - 1258 жылдар аралығындағы басты оқиғалар. Крест жорықтары христиандық Еуропа мен мұсылман әлеміне енгізген өзгерістері. Моңғолдардың жорықтары Еуразияның саяси картасына енгізген өзгерістері.

    Экономикалық қатынастардың формаларын түсіндіру арқылы феодалдық шаруашылықтың ерекшеліктерін сипаттау; феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымын сипаттау;

    ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың сипатын түсіндіру;

    картада оқиғаларды даму динамикасында белгілей отырып, 1-4 жорықтар мысалында крест жорықтарының себеп-салдарын анықтау; тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндердің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау

    14

    XIV ғасыр- XVI ғасырдың бірінші жартысындағы ортағасырлық еуропалық қоғам. Абсолютизм: Батыс пен Шығыс7 XIV ғасыр- XVI ғасырдың бірінші жартысындағы ортағасырлық еуропалық қоғам

    14

    Еуропада орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы. XIV Людовик және Ұлы Петр: шексіз билігі. Батыс билеушілерінің шексіз билігіндей Юнлэ мен Токугава билігі. І Карл мен ІІ Осман шексіз билігі. Еуропада орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы

    Феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату;

    батыс пен шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату;

    саяси биліктің ерекшеліктерін анықтау үшін әр түрлі елдердің билеушілерінің қызметін салыстыру; феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату

    15

    Жаңа заманның басталуы. Француз бұржуазиялық революциясының көрінісі. XIX ғасырдағы империялар және олардың бақталастығы.

    15

    XVII ғасырдың ортасындағы Ағылшын бұржуазиялық революциясы. Өнеркәсіп төңкерісі. 1789-1799 жылдар аралығында Франциядағы өзгерістер. Наполеон империясы құрылуы оның құлдырауы. Танзимат саясатының Осман империясын күшейтуге тигізген әсері.Қырым соғысының себептері мен салдары.

    Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттау;

    себеп-салдарды анықтау арқылы Еуропадағы феодалдық құрылыстан капиталистік шаруашылыққа (мануфактура, фабрика) өту процесін түсіндіру;

    империалистік соғыстардың әлемдік саясаттың өзгеруіне ықпалын бағалау (Наполеон соғыстары мысалында);

    түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін салыстыру; XVIII-XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау

    16

    Революциялық идеялардың XІX ғасырдағы Еуропаға әсері. XІX ғасырдағы еуропалық отаршыл үстемдік. Америка Құрама Штаттарының күшеюі. Әлемдік экономикалық дағдарыс.

    16

    Батыс Еуропадағы 1848 ж. буржуазиялық революциялар. Еуропада Италия және Германияның бірігуі мен қалыптасуы. 1857-1859 жылдардағы. Үндістандағы XIX ғасырдағы британдықтар мен қазіргі кездегі үндістердің баяндауы. Әлемдік отарлау жүйесінің қалыптасуы. XIX ғасырдағы Америка Құрама Штаттары территориясының кеңеюі. АҚШ-тағы құлдықтың жойылуы. 1920-шы жылдардағы АҚШ-тың «гүлдену кезеңі». Уолл-стриттің күйреу себептері мен салдары. Әлем елдерінің Ұлы дағдарыстан шығуы

    әртүрлі елдердің бір уақыт кезеңіндегі тарихи оқиғаларын салыстыру арқылы ұлттық мемлекеттердің (Италия, Германия) қалыптасу маңызын анықтау;

    Еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау; Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау; XIX ғасырдағы Америка Құрама Штаттары территориясының кеңею үдерісін сипаттау; түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін анықтау; XX ғасырдың басындағы техникалық революция жетістіктерінің (конвейер өндірісі, стандарттау) мемлекеттердің шаруашылық жүйесінің дамуына ықпалын бағалау; тарихи оқиғаларды талдау үшін «бағалы қағаздар нарығы», «акция», «алыпсатарлық», «қор биржасы», «несие», «банкроттық», «инфляция» ұғымдарын пайдалану; фактілерді, процестерді, оқиғаларды салыстыра отырып, индустриялық қоғам қайшылықтарының (өндіру мен тұтыну теңгерімі) шиеленісу себептерін анықтау; фактілерді, процестер мен оқиғаларды салыстыру арқылы дүниежүзілік экономикалық дағдарырыстан шығудың түрлі жолдарын түсіндіру (АҚШ, Франция, Германия)

    17

    ХХ ғасырдың басындағы әлем Бірінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия елдері. Еуропа елдеріндегі тоталитарлық режимдер

    17

    ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы ғылыми ашулар мен жаңа технология ерекшеліктері. Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері. Бірінші дүниежүзілік соғыстың негізгі шайқастары. Бірінші дүниежүзілік соғыстың әлем картасын өзгертуі. Ұлттар Лигасының қызметі. Версаль-Вашингтон жүйесі. Мұстафа Кемал «Ататүрік». Қытайды өзгерткен Сунь Ятсеннің үш қағидаты. «Танака меморандумы». Фашизмнің Италия мен Германияда өрбуі. Қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге реакцияшыл идеологиялардың (фашизм, тоталитаризм, нәсілшілдік, шовинизм, ұлтшылдық) әсері. Франция мен Испаниядағы «Халық майданы»

    XX ғасырдың басындағы техникалық революция жетістіктерінің (конвейер өндірісі, стандарттау) мемлекеттердің шаруашылық жүйесінің дамуына ықпалын бағалау;

    бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептерін айқындау;

    тарихи оқиғаларға түсіндірме бере отырып, әскери ғылым мен техниканың және соғыс стратегияларының рөлін бағалау; әлемнің саяси картасындағы өзгерістерді сипаттау арқылы империялардың (Австро - Венгрия, Ресей империясы, Осман империясы) ыдырау себептерін тұжырымдау;

    Ұлттар Лигасының қызметі мен Версаль-Вашингтон жүйесін талдау және бағалау;

    тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін салыстыру арқылы мемлекет пен діннің өзара қатынасын сипаттау;

    қоғамдық-саяси ағымдардың (әлеуметтік либерализм, әлеуметтік консерватизм, марксизм, социал-демократия) қоғамның өміріне ықпалын талдау; тоталитаризм, әміршіл-әкімшіл жүйе сияқты саяси режимдердің қалыптасу алғышарттары мен тарихын түсіндіру; қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге реакцияшыл идеологиялардың (фашизм, тоталитаризм, нәсілшілдік, шовинизм, ұлтшылдық) таралу ықпалын талдау; қоғамдық-саяси ағымдардың (әлеуметтік либерализм, әлеуметтік консерватизм, марксизм, социал-демократия) қоғамның өміріне ықпалын талдау

    18

    Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері мен салдары

    18

    Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңы мен барысында елдер арасында келісімшарт қарым-қатынастар. Кеңес Одағының фашистік Германияға қарсы соғысы .Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары мен салдары

    Тарихи оқиғаларға түсіндірме бере отырып, әскери ғылым мен техниканың және соғыс стратегиялардың рөлін бағалау; екінші дүниежүзілік соғыстың себептерін, сипаты мен салдарын талдау; тарихи оқиғаларға түсіндірме бере отырып, әскери ғылым мен техниканың және соғыс стратегиялардың рөлін бағалау; қоғамдық-саяси ағымдардың (әлеуметтік либерализм, әлеуметтік консерватизм, марксизм, социал-демократия) қоғамның өміріне ықпалын талдау

    19

    ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемнің саяси картасы. Халықаралық ұйымдардың қалыптасуы.

    19

    Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің саяси картасы. Әлемнің екі полюсті жүйесі. 1946-1963 жж. қырғи қабақ соғыстың ерекшелігі. Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпыға бірдей адам құқығы. Декларациясының жариялануы. Соғыстан кейінгі уақыттағы еуропалық интеграцияның себептері

    «Қырғи қабақ соғыстан» кейін әлемдегі интеграциялық және дезинтеграциялық процестерді айқындау;

    тарихи фактілер мен картаға сүйене отырып, әскери-саяси одақтар НАТО және ВШҰ-ның қарсылығын сипаттау;

    Еуропа мен Азияның жетекші мемлекеттеріндегі конституциялық-құқықтық идеологияның қалыптасу жолдарын талдау (Жалпыға бірдей адам құқығы Декларациясы, ЕҚЫҰ, Еурокеңес, Гаагадағы Халықаралық сот)

    20

    ХХ ғасырдың екінші жартысындағы батыс және шығыс елдерінің даму ерекшеліктері. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы- ХХI ғасырдың басындағы ғылым, білім, технология

    20

    Социализмнің «шведтік моделінің» белгілері. Германдық «әлеуметтік-нарықтық шаруашылық» ерекшеліктері. 1949 жылғы коммунистік партия жеңісі нәтижесінде Қытай өзгерісі. «Азиялық серпіліс». Тәуелсіз Үндістанның отарлық өткенімен байланысы. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кемализм эволюциясы. АҚШ тағы Ғылыми техникалық революцияның қазіргі әлемдегі елдердің дамуына әсері.

    Әлемнің жетекші және дамушы мемлекеттеріндегі халықтың өмір сүру деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау; «Әл-ауқатты мемлекеттер» ұғымын 1970 1980 жылдардағы әлеуметтік саладағы өзгерістерді сипаттау үшін қолдану;

    тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау; Оңтүстік - Шығыс Азия мемлекеттерінің қарқынды экономикалық дамуына ықпал ететін негізгі факторларды талдау; мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтау; ғылыми жаңалықтардың (генетика, микробиология, ақпараттық технологиялар, нано технологиялар, ядролық физика) қоғам дамуына ықпалын талдау;

    өркениетінің дамуын үлгілеу арқылы жаһандық мәселелерді шешуде ғылым мен білімнің маңызы туралы қорытынды жасау

    Мәнмәтіндік тапсырмалар (мәтін, кесте, графика, статистикалық ақпараттар, суреттер және т.б).


    4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

    Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі. Тас және қола дәуіріндегі Қазақстан.

    Ежелгі көшпелілердің өмірі. Темір дәуірінің ерекшеліктері.

    VI - IX ғасырдағы Қазақстан. Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер: Батыс Түрік қағанаты, Түргеш қағанаты, Қарлұқ қағанаты, Оғыз мемлекеті, Қимақ қағанаты.

    X ғасыр - XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан. Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы.

    XIII - XV ғасырлардың бірінші жартысындағы Қазақстан. XIII - XV ғасырлардың бірінші жартысындағы мемлекеттердің қоғамдық-саяси құрылысы.

    Қазақ хандығының XVI - XVII ғасырлардағы дамуы. Қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы.

    XVIII ғасырдың басындағы Қазақстан: сыртқы және ішкі саяси жағдай. XVIII ғасырдың 30-40 жылдарындағы қазақ-жоңғар соғыстары.

    XIХ ғасыр-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті. XIX ғасырдағы Қазақстандағы ағарту ісі мен ғылымның дамуы.

    ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер. XX ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық дамуы. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. 1917 жылғы революциялар.

    Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. Ұлы Отан соғысының басталуы. Қазақстандағы мобилизация және қазақстандық әскери бөлімдердің құрылуы. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі мен тағдыры. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы.

    Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жылдар). Соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер. Пайдалы қазбаларды өңдеу және өнеркәсіптің дамуы. Ауыл шаруашылығының дамуы.

    Қазақстан «Жылымық» кезеңінде (1954-1964 жылдар). Қазақстанда «Хрущевтік кезеңдегі» өнеркәсіптің дамуы. «Жылымық кезеңі». 1954-1965 жылдардағы республикадағы қоғамдық-саяси өмір.

    Қазақстан «Тоқырау» кезеңінде (1965-1985 жылдар). 1965-1985-жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Экономиканың шикізаттық бағыты. Урбанизация. 1970-1980 жылдардағы ауыл шаруашылығындағы дағдарыс. 1979 жылғы Целиноградтағы оқиғалар.

    Қазақстан Қайта құру кезеңінде (1986-1991 - жылдар). Қазақстандағы 1986жылғы желтоқсан оқиғалары (себептері, барысы мен салдары).

    Қазақстан мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы (1991 - 1997 жылдар). Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси институттарының қалыптасуы.

    терімшілер-аңшылардан бастап егіншілер мен малшыларға дейін. Адамның пайда болуы туралы теориялар. Адамдардың алғашқы бірлестік формалары: адамдар тобыры, ру, қауым, тайпа және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

    Жаңа заманның басталуы. «Жаңа заман» түсінігі, оның мәні мен кезеңдері. XVII ғасырдағы ағылшын бұржуазиялық революциясы.

    XIX ғасырдағы империялар және олардың бәсекелестігі. Ұлыбритания мен Ресейдің Иранға ықпал ету бәсекелестігі. Осман империясының саяси және әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері. Танзимат реформасы: мақсаттары мен нәтижелері. ХVIII ғасырдың ІІ - жартысындағы Осман империясының әлсіреуі: ішкі және сыртқы саясат. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі Ресей. Қырым соғысының себептері мен салдары;

    ХХ ғасырдың басындағы әлем. ХХ ғасырдың басына қарай әлемнің аумақтық бөлінуі және мемлекеттердің саяси құрылымы.

    Бірінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары. ХХ ғасырдың басындағы жетекші капиталистік мемлекеттер арасындағы қарама-қайшылықтар. Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері. 1914-1918 жылдардағы негізгі соғыс қимылдары.

    Екінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары. Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері.

    ХХ ғасырдың екінші жартысындағы - ХХI ғасырдың басындағы ғылым, білім, технология. Қазіргі кездегі ғылымның негізгі даму бағыттары. ХХ ғасырдың екінші жартысы – XXI ғасырдың басындағы жаратылыстану, қоғамдық ғылымдар, техника мен өндірістегі маңызды жаңалықтар мен жетістіктер. Ғылыми-техникалық революция - ғылыми-техникалық прогрестің жаңа кезеңі.

    ХХ ғасырдың екінші жартысындағы - ХХI ғасырдың басындағы мәдениет. Мәдениеттің негізгі даму бағыттары.
    5. Тесттің бір нұсқасындағы тест тапсырмаларының қиындығы: тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: базалық деңгейде (A) – 26 %; орташа деңгейде (B) – 60 %; жоғары деңгейде (C) – 14 %.

    Базалық деңгейдегі тест тапсырмалары қарапайым білім мен дағдыларын пайдалануға, тестіленушінің ең төменгі дайындық деңгейіне баға беруге, белгілі бір нұсқаулардың көмегімен әрекеттерді орындауға, қарапайым дәлелдер мен ұғымдарды пайдалануға негізделген.

    Орташа деңгейдегі тест тапсырмалары негізгі білім мен дағдыларын дұрыс пайдалануға, жаңа жағдайларда қарапайым модельдерді тануға, деректерді талдау мен салыстыруға, жүйелеуге, дәлелдерді қолданып, ақпаратты жалпылау мен қорытынды жасау қабілеттерін бағалауға негізделген.

    Жоғары деңгейдегі тест тапсырмалары неғұрлым күрделі білім мен дағдыларын пайдалануды, тапсырмалардың күрделі модельдерін тануды, мәселелерді шешу үшін білім мен дағдыларын біріктіруді, күрделі ақпаратты немесе деректерді талдауды, пайымдауды, тұжырымдарды негіздеуге бағытталған.
    6. Тест тапсырмаларының формасы: Бір дұрыс жауапты таңдауға арналған жабық формадағы тест тапсырмалары.
    7. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты: Бір тапсырманы орындаудың орташа ұзақтығы 1,5 – 2 минутты құрайды.
    8. Бағалау:

    Аттестация кезінде тестілеудің жиынтық балы есептелінеді.

    Төрт жауап нұсқасынан бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін ‒ 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға ‒ 0 балл алады.
    9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

    1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бекітілген «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбелері».

    2. Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық / Б.Е. Көмеков, Т.С. Жұмағанбетов, К.С. Игілікова - Алматы: Атамұра, 2017. – 144 б.

    3. Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқу-әдістемелік кешен. С.Р.Ахметова, А.М.Ибраева, А.А.Құлымбетова және т.б. – Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017.

    4. Қазақстан тарихы (Ежелгі заман). Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық.

    5. Т.Омарбеков, Г.Хабижанова, Т.Қартаева, М.Ноғайбаева. - Алматы: Мектеп, 2017. – 192 б.

    Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 7(6)-сыныбына арналған оқулық. / Бакина Н., Жанақова Н., Сүлейменова К. - Алматы: Атамұра, 2017. – 240 б.

    6. Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық / Н.С. Бакина, Н.Т. Жанақова, Қ. Қ. Сүлейменова. - Алматы: Атамұра, 2018. – 240 б.

    7. Қазақстан тарихы (ХVIII–ХІХ ғғ.). Жалпы білім беретін мектептің 8 (7) сыныбына арналған оқулық / З. Е. Қабылдинов, Ж. Н. Қалиев, А. Т. Бейсембаева. – Алматы: Атамұра, 2018. – 208 б.

    8. Қазақстан тарихы (1946 жылдан бүгінгі күнге дейін). Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық / Б.Ғ. Аяған, Қ.Б. Әдиет, А.Б. Сатанов. Алматы: Атамұра, 2019. – 224 б.

    9. Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық / Джандосова З.А. - Алматы: Мектеп, 2019. – 256 б.

    10. Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған оқулық / З.Е.Қабылдинов, А.Д. Сандыбаева, Ф.Р. Лебаев. 1,2 бөлім. - Алматы: Атамұра, 2020. – 160 б.

    11. Дүниежүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқу-әдістемелік кешен. Б.С. Букаева, Г.Б. Зикирина, Ж.С Макашева және т. б. – Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ , 2017.

    12. Дүниежүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. / Т.Ә.Төлебаев, Л.Б.Момынтаева, Л.А.Төлбаева – Алматы: Атамұра, 2017. 176 б.

    13. Дүниежүзі тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық / Г. Көкебаева, Р. Мырзабекова, Е. Қартабаева. – Алматы: «Мектеп», 2018. – 144 б.

    14. Дүниежүзі тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық / Р.Т.Айтбай, А.Қ. Қасымова, А. Ешмұхамбетов. – Алматы: Атамұра, 2018.

    15. Дүниежүзі тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 7(6) - сыныбына арналған оқулық / Р.Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова. – Алматы: Атамұра, 2017. 144 б.

    16. Дүниежүзі тарихы (1640-1900): Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық / Н. Алдабек, К. Мақашева, Қ. Байзақова. - Алматы: Мектеп, 2018. – 208 б.

    17. Дүниежүзi тарихы (1900-1945): Жалпы білім беретін мектептің 8-9-сыныптарына арналған оқулық. 1 бөлім. / Н. Алдабек, К. Мақашева, Қ. Байзақова. – Алматы: Мектеп, 2019. – 216 б.

    18. Дүниежүзi тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныптарына арналған оқулық. 1,2 бөлім. / Р.Р. Қайырбекова, С.В. Тимченко, З.А. Джандосова. – Алматы: Мектеп, 2019.

    19. Дүниежүзi тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныптарына арналған оқулық. 1,2 бөлім. / Қайырбекова Р.Р., Ибраева А.С., Аязбаева Г.Н. – Алматы: Мектеп, 2019.


    написать администратору сайта