те нарлы органикалы
Скачать 0.76 Mb.
|
Көң – өте құнарлы органикалық тыңайтқыш. Ол мал астына төселген сабан (не сабансыз) және жас қи мен несептің қоспасы. Көңнің құрамы мен тыңайтқыштық қасиеті жануарлардың түріне, жемнің және мал астына төселген сабанның не шөптің сапасына, алу және сақтау тәсілдеріне байланысты болады. Көңнің тыңайтқыштық тиімділігі, оны дайындау, сақтау және топыраққа енгізу, шашу тәсіліне байланысты. Көң қоймасында текшеленіп нығыздалған көңнің құрамында органикалық заттар мен азот жақсы сақталады. Шіруіне қарай көң жас көң, шала қызған, шіріген және қарашірік деп ажыратылады. Шала шіріген көңде органикалық заттар 20%-ға кемиді. Оларды күздік егінге пайдаланған тиімді. Әбден шіріген көңде органикалық заттың 50%-ы жоғалады. Қарашірік–борпылдақ, топырақ тәрізді зат. Мұны, көбінесе, көкөністерді (қияр, сәбіз, қызанақ, капуста, т.б.) тыңайту үшін қолданады. Қойдың кепкен қиы мен сиырдың тезегі отын ретінде де пайдаланылады. Көң сақтатйтын орын – көң қоймасы деп аталады.[ |