Главная страница

Баяндама. 3 апта баяндама. Тексерген Искакова Ш. К


Скачать 41.06 Kb.
НазваниеТексерген Искакова Ш. К
АнкорБаяндама
Дата17.07.2022
Размер41.06 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла3 апта баяндама.docx
ТипДокументы
#632340
страница3 из 3
1   2   3

Балалардың біраз бӛлігінің кӛруінің бұзылуын көру нашарлығы және қылилық құрайды. Аталған категориялардағы балаларды оқыту арнайы сыныпта және кәдімгі сыныптарда да ұйымдастырыла беруі мүмкін.

Зағип және нашар кӛретін балалардың даму процесі кӛретін балалар сияқты бір заңдылыққа бағынады. Алайда, кӛруден айрылу немесе қалдық кӛруі бар балаларды дамытудың кейбір ерекшелігін ескеруді талап етеді. Олар заттар мен құбылыстарды кӛзбен шолу сипатындағы - жарықты, түсті т.б. бақылау мен қабылдаудың қиындығын

. Кӛру қабілетінде бұзылыстар бар балалардың психологиялық – педагогикалық ерекшеліктері
сезінеді. Оларда кеңістік белгілерін, орналасуын, бағытталуын, қашықтығын, кӛлемін, нәрсенің бедерін т.б. бағалауда үлкен қиындық келтіреді. Мұның барлығы зағип балалардың сезу тәжірибесін азайтады, яғни кеңістікте бағдарлауын әсіресе қозғалыс барысын қиындатады, сенсорлық және интеллектуальдық қызметінің үйлесімді дамуы бұзылады.

Алайда, зағип балаларда қоршаған ортаны тануға негізделген қызмет жасайтын есту және сезу рецепторы сақталады. Естуді еріксіз пайдаланатын зағип балалар айналасындағы адамдармен қарым-қатынас барысында ауызша байланыстырып сӛйлеуді үйренеді. Сӛйлеу арқылы олар ақиқат шындығы, адамдардың іс-әрекеті мен амалы т.б. туралы ақпарат алады. Зағиптардың естуіне қарағанда сезімі нашар, сылбыр дамыған. Қоршаған ортадағы заттарды ӛз бетімен дұрыс бақылау әдістерін қолдана алмайды. Тәжірибе кӛрсетіп жүргендей, мектепке келген оқушылар сезгіштік қабілеті мен қолының ұсақ моторикасының дамуының тӛмен деңгейін байқатады. Бұл ӛз кезегінде, олардың жалпы психофизикалық дамуына қарсы әсер етеді, яғни қоршаған шынайы ақиқатпен дербес танысуына және Брайл жүйесі бойынша оқып және жазып үйренуін тежейді.

Нашар кӛретін балалардың кӛруінің тӛмендеуі танымдық іс-әрекетіне кері әсер етеді, қабылдау процесінде кӛзбен шолуының тарлығы, нақтылығының тӛмендеуі байқалады. Нашар кӛретін балалардың кӛру елестері нақты емес, бұрмаланып қалыптасқан. Оларда үнемі кеңстікте бағдарлауының қиындығын байқауға болады. Көру жұмыстары барысында оларды дамыту мен сақтау шаралары болмаса олардың жылдам шаршайтынын кӛрсетеді және көруінің нашарлауына әкеледі. Кӛруден шаршауы ақыл-ойы мен .физикалық жұмыс жасау қабілетінің тӛмендеуіне әкеліп соғады.

Жалпы білім беретін мектептерде аталған санаттың оқушыларын оқыту барысында олардың жұмыс жасау қарқыны қалыпты кӛретін балалардан артта қалады. Бұл олардың үлгермеуіне немесе өз мүмкіндігінен тӛмен үлгерімге әкеледі. Нашар көретін балалар мұндай жағдайда ашуланшақ, ұжымнан тысқары, негативизмін кӛрсетеді, бұл мектептегі бейімсіздігінің бір көрінісі болып табылады.

Қалыпты кӛретіндер тәрізді нашар кӛретіндердің есту қабілеттері негізгі қабылдау талдауышы болып қала береді. Осыған байланысты нашар кӛретіндерді кӛзін сақтауға мүмкіндік беретін, кӛріп қабылдауын жеңілдететін, шаршауын болдырмайтын ерекше жағдайда жүзеге асырылуы қажет. Нашар кӛретін балалар үшін арнайы көрнекі құралдар, анық сызылған сызықтарымен дәптерлер, артық бөлшектерсіз суреттер, ірі әріптермен жазылған кітаптар қажет. Зағип және нашар кӛретін балалардың сенсорлық тәжірибесі процесін қалыптастыруда олардың танымдық іс-әрекетін, тұлға болып қалыптасуының ӛзіндік ерекшелігі бар: арнайы психологтік-педагогикалық түзету құралдарын, физикалық дамуын түзететін емдеу-дене шынықтыру шараларын пайдалануды талап етеді. Зағип және нашар кӛретін балалар үшін дұрыс ұйымдастырылған жүйе, мазмұн, әдістеме және оқыту, тәрбиелеу жағдайлары олардың дамуындағы кемшін тұстарынының маңызды ӛтем құралы болып табылады.

5. Көру қабілеті бұзылған балаларды арнайы оқыту жағдайы

Дамуында басқа бұзылуы жоқ зағип және нашар көретін балалар МЖБС талаптарына сәйкес арнайы оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша жалпы білім беретін мектептерде білім алады. Көру қабілеті бұзылған балалар жалпы білім беретін мектептердің арнайы немесе жалпы сыныптарында оқи алады(психологтік-педагогикалық мамандардың түзету қолдауымен және қамқор педагогикалық тәртіптемеде).

Ақыл-ой кемістігі бар зағип және нашар кӛретін балаларды оқыту арнайы оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады, алайда, көруінде кемістігі бар балаларға арналған қосымша түзету бөліктері қарастырылуы қажет. Психикалық дамуы тежелген зағип және нашар көретін балаларды оқыту психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту талаптарына сәйкес жүргізіледі алайда, көруінде кемістігі бар балаларға арналған қосымша түзету сабақтары қарастырылуы қажет. Ауыр ауру түрлерімен
ауыратын зағип балаларды дәргерлердің ұсынымдамасын есеріп ПМПК бекітуі бойынша дербес бағдарламамен оқушылар ұжымымен ішінара кіріктіріліп үйде оқыту ұйымдастырылады. Кіріктірілу деңгейі және оның формасы оқушының денсаулығына қарай анықталады.Дербес үйде оқыту мектеп жағдайында арнайы мамандардың, техникалық және отбасылық жағдайға байланысты жүзеге асады.

Кӛру қабілеті бұзылған оқушылардың арнайы сынып жағдайындағы мектептегі білім беру ұзақтығы:

а) зағип оқушылар:

- бастауыш білім беру деңгейі – 0 (дайындық), 1-4 сыныптар;

- негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар;

- жалпы орта білім беру деңгейі – 11-12 сыныптар.

б) нашар кӛретін балалар:

- бастауыш білім беру деңгейі – 0 (дайындық), 1-4 сыныптар;

- негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар;

- жалпы орта білім беру деңгейі – 11-12 сыныптар.

Әрбір білім беру деңгейінде білім алушыларды жалпы сыныптарға ауыстыру

мүмкіндігі бар.

в) Күрделі бұзылуы бар зағип және нашар көретін балаларды (Психикалық дамуы

тежелген, ақыл-ой кемістігі) арнайы оқу жоспары мен бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету

Зағип және нашар көретін оқушыларды оқыту түзету кешендері енгізілген арнайы Типтік оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

Оқушылар жалпы білім беретін бағдарламалармен және түзету кезеңді бағдарламалармен оқытылады.Жалпы білім беретін бағдарламаларға білім алушылардың даму ерекшелігіне байланысты өзгеріс енгізіледі (бейнелеу өнері, сызу, деншынықтыру, еңбек). Негізгі орта білім беру деңгейіндегі жалпы білім беретін бағдарламаның мазмұны оқудың 1 жылға ұзартылуына байланысты қайта бӛлінеді, оқушылардың ерекшелігін ескере отырып ӛңделеді. Зағип оқушылар үшіноқу процесінде жалпы білім беретін мектептерде жаппай қолданатын Брайлдің рельефті-нүкте шрифтісімен басылып шыққан оқулықтар, оқу құралдары және әдебиеттер қолданылады. Нашар кӛретін оқушыларды оқыту жалпы білім беретін мектептерде жаппай қолданатын ірі шрифтімен басылған және арнайы жаңартылған суреттермен, кӛріп қабылдауға қолжетімді оқулықтармен оқытылады.

Ерекше білім беру қажеттілігін қағаттандыру

Нашар көретін оқушыларға сыныптағы көру жұмыстарына анық сызылған сызықтарымен дәптерлер, оптикалық және техникалық құралдар көмегімен қолайлы жағдай жасалу қажет:

- офтальмологпен тағайындалғанкөруді түзету құралдары (кӛзілдірік, жанаспалы линза, лупа, телескоптық көзілдірік );

-табиғи жарықты реттейтін құрылғы (тетік),;

- оқығанда, жазғанда, сурет салғанда сурет көргенде дұрыс отыруын қамтамасыз ететін арнайы бір орынды парталар;

- балаларға арналған қосымша құрылғылар (Брайл жүйесі бойынша жазуға арналған құралдар, оқитын машиналар, Брайл шрифтісімен жазылған машинкалар , рельефті суретке арналған «Школьник», оптикалық құралдары – лупа, линзалар, телескоптік құралдар–офтальмологтің ұсынымдамасы бойынша және басқалар );

- тифлотехникалық құралдар (жазуға арналған тифлоқұралдар, электронды құралдар, тактильді және брайлді дисплей, сөйлеу синтездеуші);

- көруді қорғау талаптарына жауап беретін арнайы оқу құралдары (рельефті-көрнекі құралдар, географиялық карталар, схемалар және т.б.);

- аудио-және бейнеаппаратуралар;
- арнайы бағдарламалармен қамтамасыз ететін компьютерлер.

Жалпы білім беретін пәндерді арнайы оқыту әдістемесін қолдану арқылы, түзету кезеңінің пәндері бойынша арнайы сабақтар ӛткізу, сонымен қатар, техникалық құралдар және арнайы кӛрнекіліктер пайдаланылып дербес және топтық сабақтар ӛткізу түзетуге бағытталады.

Түзету курстары тӛмендегідей берілген:

- «Көруді қабылдау және қалдық көруді сақтау және дамыту». Сабақ көру мүшесі ауруының сипатына, көру қызметінің негізгі жағдайына, жалпы психикалық дамуына, көру қабылдауының қалыптасу деңгейіне байланысты толымдалатын топта (2-4 адам) ӛткізіледі .Сабақ ұзақтығы 30 минуттан артық болмау керек.. Сабақ жиілігі – аптасына 2-3 рет. Үздіксіз кӛру жүктемесі 5-10 минуттан аспау қажет.

- «Емдік дене шынықтыру (ЕДШ)». Сабақта емдік –сауықтыру міндеттері шешіледі задачи (бөгеліп қалушылықты жою, қозғалыстың шектеулілігі және қозғалыстың жетімсіздігі, бұлшық еттің сезімі, байланыссыздық) және емдеу- қалпына келтіру (қозғалыс біліктілігін жетілдіру.). Сабақ топта, дербес және кіші топта ӛткізіледі. Сабақ ұзақтығы 30-45 минут.Әр оқушыны офтальмологтік, психофизикалық, соматикалық мұқият кешенді тексеруден кейін емдік дене тәрбиесі тағайындалады. Ауруының мәліметтері есеріледі (омыртқаның қисаюы және т.б.)

- «Түзету ритмикасы». Ритмика сабақтары оқушылардың музыканы тыңдауға, мазұнын қимыл арқылы беруге, қозғалыс біліктіліктерін қалыптастыруға және бекітуге үйрету мақсатында ӛткізіледі. Ырғақты сезінуін, координацияны, шыдамдылықты, физикалық жұмыс жасау қабілеттілігін дамытуына мүмкіндік жасау . Ритмика сабағы ритмикалық жаттығуларды, ритмикалық эстафета, музыкалық-ритмикалық және сөйлеу ойындарын пайдалануды ұсынады.

- «Мимиканы және пантомимиканы дамыту». Сабақ дербес және топпен жүргізіледі. Сабақ ұзақтығы 40-45 минут. Сабақты ӛткізу түрі қойылған мақсатқа сәйкес болады. Сабақты тифлопедагог ӛткізеді.

- «Түйсіну мен ұсақ моториканы дамыту». Бұл курстың мақсаты зағиптардың түйсінуі мен ұсақ моторикасын дамыту, заттарды тануды , қоршаған ортадағы нәрселерді , кеңістікте бағытталуын үйрету. Сабақ топта, дербес және кіші топта ӛткізіледі.

- «Кеңістікте бағдарлау». Оқушылар үлкен, кіші кеңістікте бағытталу тәжірибесіне, өз бетімен қозғалу біліктілігіне сәйкес топтарға бөлінеді.

- «Әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу». Курстың негізгі мақсаты болып табылады: қоршаған әлемдегі заттар және құбылыстар туралы елесті қалыптастыру; түрлі әлеуметтік жағдаяттардағы және қоғамдық орындардағы дұрыс тәртіп біліктілігіне, айналадағы адамдармен қарым-қатынасқа үйрету.

Бастауыш сынып баланың тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған, оның әлеуеттік толық мүмкіндігін дамытуға, ауытқушылығын түзетуді дамытуға, емдеу, гигиена және кӛруін сақтауға, оқуға деген ынтасы мен біліктілігін дамытуға, кӛрнекілік-образды тәсілін және теориялық ойлауын, оқу іс-әрекетіндегі дағды мен білікті игереді; оқуға, санауға, жазуға, суретті түсінуге, жеке басының гигиенасыныңэлементарлық тәсілдерін яғни, ӛзіне-ӛзі қызмет жасау, мобильділік, бағыттаушылықты үйренеді.

Негізгі мектепмектеп бітіруші түлекке білім алуын жалғастыруға және қоғамның толыққанды ӛміріне араласу үшін қажетті жалпы білім берудің мықты іргетасын қалайды. Түзету жұмыстары танымдық, дербес және қозғалыс саласында, гигиена және кӛруін сақтауға, денсаулығын бекіту бойнша әрі қарай жалғасады. Мектеп баланың әлеуетті мүмкіндіктерін ғылыми ой-санасын, әлеуметтік өзін-өзі анықтау мүмкіндігін дамытады, көруі бойынша мүгедектердің жұмысқа орналасуы мен түрлі еңбек іс-әрекетін үйренуін кәсіби оқуын, дүниеге ғылыми кӛзқарасын қалыптастырады.

Негізгі мектеп жалпы білім беруге дайындықты аяқтауды қамтамасыз етеді. Мұғалім оқушылардың қызығушылығының толық есебін, қоғамдық пайдалы еңбекке және
заманауи қоғамдық өмірге белсенді араласуына, әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне жағдай жасайды .

Өмір іс-әрекетіне сәйкес орта

Көру қабілеті бұзылған оқушының кеңістікте бағдарлауы қиындық туғызады, сондықтан оның мектепте ӛзін жайлы сезінуі үшін мектеп ғимаратына саяхат жасауы қажет. Бұл оған кабинеттер мен мектеп үй-жайының орналасуын есте сақтауына кӛмектеседі. Барлық кедергілер және бұрылыстар айтылу қажет, балаға бұрыштар мен есіктерді ұстап кӛруге мүмкіндік беру қажет.

Нашар көретін баланың бағдарлауы үшін мектепке кіретін баспалдақтарды ашық кереғар түстерге бояп қою қажет, міндетті түрде таяныш болу қажет. Таяныш баспалдақтың екі жағында 70 және 90 см биіктікте, төменгі сыныптар үшін — 50 см болуы қажет.

Есіктер жақсы ашық кереғар түске боялу керек. Егер есіктер шыныдан болса, оның ашылатын тұсын ашық түсті бояумен бояп қою қажет.

Көру қабілеті бұзылған оқушының тұтқадан ұстап бағдарлауы үшін мектептің дәлізі бойына барлық периметр бойынша тұтқалар жасалу қажет.

Көруі бойынша мүгедектің бағдарлауын жеңілдету үшін мектеп ішінде еденді түрлі рельефті етіп жабуға болады (бағытты өзгерткенде еден рельефі де өзгереді) немесе еденге арналған плиткалар немесе жай ғана кілемнен жасалған жолдар.

Көру қабілеті бұзылған оқушыларға арналған киім ілгіште өтушілерден бөлек, арнайы орын арнау және оны таяныштармен, орындықтармен, сөмке, киім ілетін ілгектермен жабдықтау қажет.Баланың есіне сақтауы үшін ол жерге бірненше рет апарып көрсету қажет.

Сыныпта қолжетімді және қолайлы жағдай жасау үшін ұсынылады: көру қабілеті бұзылған оқушыларға арнап рельефті фактуралы немесе едені кілеммен жабылған белгілі бір оқушы орнын жабдықтау керек.

Жұмыс орнының жарықтануына аса мән беру керек. Парта мұғалім үстелі мен терезеге жақын бірінші орында орналасуы керек. Оқушы диктофонды пайдалануына болады (оның конспектілеу тәсілі). Мүмкіндігіне қарай, әртүрлі сабақта қолданылатын құралдар тек қана көрнекі емес сонымен қатар, зағип бала оны қолымен ұстау үшін рельефті болып келуі керек.

Көз қызметінің мүмкіндігі төмендемеуі болмас үшін шаршауы болмау керек. Дер уақытында сабақ өтетін жердегі іс-әрекет және жағдай түрлерін ауыстыру оқушылардың жұмыс жасау қабілетін көтеруге көмектеседі. В Көзді сақтаудың негізінде жұмыс орнын, үй-жайды тиімді жарықтандыру жатыр. Көру қабілеті бұзылған балалар үшін партаның жұмыс жасайтын бетін, баспалдақты, дәліздерді, денешынықтыру залдарын жарықтандыру жоғары болу керек.
1   2   3


написать администратору сайта