Баяндама. 3 апта баяндама. Тексерген Искакова Ш. К
Скачать 41.06 Kb.
|
Үшінші деңгей – балалар толық сөйлемдерді қолданады, заттардың, іс-әрекеттердің атауларын, күнделікті өмірде кездесетін және оларға жақсы таныс заттардың сипатын айтуда қиналмайды. Алайда олардың сөйлеу тілі жүйесінде лексика-грамматикалық және фонетика-фонематикалық жетіспеушіліктер байқалады. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балаларда сөйлеу-ойлау әрекеті жетіспеушілігінің салдарынан тілдік білік пен дағдылардың қалыптасу процесі артта қалған. Соның нәтижесінде оларда түрлі деңгейдегі тілдік бірліктері және олардың қызмет ету ерекшеліктері: фонемалар, лексемалар, грамматикалық формалар мен конструкциялар, сөйлем құрастырудың заңдылықтары туралы жалпыланған түсінік қалыптаспайды. Мектепте оқу барысында оқушылардың күнделікті тұрмыстық сөйлеу тілі жалпы қабылданған формаға жақындайды, дегенмен ойын өз бетінше жазбаша түрде рәсімдеуде қиындық көреді. Негізгі орта мектеп деңгейінде сөйлеудің жазбаша түрінің қалыптасу, оқушылардың пән мазмұнын мазмұндау, терминологиялық лексиканы дұрыс қолдану проблемалары пайда болады. Сөйлеу тілінің жетік болмауы баланың сенсорлық, интеллектуалдық және сана-сезімдік жүйелерінде көрініс табады, жете дамымау немесе дамудың өзіндік ерекшеліктері бұзылудың келесі түрі ретінде байқалады, ал олардың байқалу деңгейі тілдік потологияның көлемімен анықталады. Сӛйлеу тілінің жалпы дамымауы бар оқушылар үшін зейіннің тұрақты болмауы, алаңдаушылық, тілдік құбылыстарға байланысты байқағыштықтың жеткіліксіз болуы тән. Олар ауызша материалды есте сақтау барысында қиындық көреді, өз бетінше орындаған оқу тапсырмаларында кӛптеген қателер жібереді. Жазбаша тіл ауызшаға қарағанда екінші орында болады және ауызша тілдің негізінде құрастырылады, сол себепті жазбаша тілді меңгеру деңгейі сөйлеу тілінің даму деңгейімен анықталады. Тұтығу, ринолалия (дыбысты айтудағы кемістік) және дисфонияның (дауыс сапасының бұзылуы) ауыр түрлерімен ауыратын балалар сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған оқушылардың ерекше тобын құрайды. Аталған жағдайлардың әрқайсысы негізгі кемістікте өзіне тән көрініске ие. Мысалы. кекештену – бұл сӛйлесу кезінде селкілдек тырыспа түрінде, ринолалияда – дыбыстарды айтудың және фонематикалық қабылдаудың бұзылуынан, дисфонияда – дауыстың бұзылуынан байқалады. Алайда, бұл оқушылардың жалпы білім беретін мектеп жағдайында білім алу процесін қиындататын, осы санаттағы балаларға ортақ ерекшеліктер де байқалады. Бұл ерекшеліктердің арасынан сөйлеу және мінез-құлықтық негативизмді (қарама-қарсы теріс әрекет) атап өту қажет, аталған ерекшеліктер баланың әлеуметтік бейімсізденуіне, оқуда үлгермеушілігіне, тұлға жүйкесінің жұқаруына (ашушаң болуына), бейәлеуметтік тәртіпке, мектепке барудан бас тартуға әкеледі. Оқушыларда сөйлеудің өзіндік қисынды құрылымы, оқу және жазу барысында өзіне тән тұрақты қателер, эмоционалдық-еріктік жүйенің қалыптасуында ауытқулар байқалады. - кейбір қияли ауру адамдардың қарама-қарсы теріс әрекеті; - кейбір қияли ауру адамдардың қарама-қарсы теріс әрекеті) . Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларды оқытудың арнайы жағдайлары Сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған балаларды оқытудың негізгі міндеттері МЖБС сәйкес жалпы білім беру, сонымен қатар олардың сөйлеу тілдік әрекеттеріндегі ауытқуларды, соған байланысты пайда болған балалардың психологиялық даму ерекшеліктеріндегі кемшіліктерді жеңуді, олардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал ететін теңгеруші (компесаторлық) дағдылардың қалыптасуын қамтамасыз ету болып табылады. Сӛйлеу қабілеті күрделі бұзылған оқушыларды оқыту жалпы сынып жағдайын да (қажетті психолог-педагогтік қамтамасыз ету барысында), сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында да жүзеге асырылуы мүмкін. Сӛйлеу қабілеті күрделі бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында мектепте оқытудың ұзақтығы: - бастауыш білім беру деңгейінде – 0 (даярлық), 1-4 сыныптар; - негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар. Негізгі мектепті бітіргеннен кейін жеткіншек білімін ТжКБ ұйымдарында жалғастыра алады. Оқыту мерзімінің ұлғайтылуы балалардың психикалық дамуының тежелуімен, сӛйлеу тілі бұзылуының нәтижесінде жазу мен оқуды меңгерудің қиындығымен, түзету- сауықтыру шараларын ӛткізудің қажеттігімен байланысты болып отыр. Мектепке дейінгі сәйкес дайындықтан өткен балалар 1-ші арнайы сыныпқа қабылдануы мүмкін. Мектепке дейінгі дайындықтан ӛтпеген, 1-ші сыныптың бағдарламалық материалын меңгеру үшін жеткілікті сӛз және ұғымдар қоры жоқ оқушылар, арнайы даярлық сыныбына қабылданады. Сөйлеу тілдік әрекеті нормаға сәйкестендірілген жағдайда оқушы оқытудың кез келген сатысында жалпы білім беретін мектептің кәдімгі сыныбына ауыстырылуы мүмкін. Сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында оқыту, тілдік дамудың бұзылуын жеңуге және оқушылардың оқу бағдарламалары мазмұнын меңгеру мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған түзету компонентін қамтитын арнайы Үлгілік оқу жоспарларына жүзеге сәйкес асырылады. Оқыту жалпы білім беру бағдарламаларымен де, сондай-ақ арнайы бағдарламалармен де, түзету пәндерінің бағдарламаларымен де жүзеге асырылады. Оқу процесінде оқушылардың сөйлеу және танымдық ерекшеліктерін ескеретін арнайы әзірленген дидактикалық материалдарды, АКТ және басқа да материалдарды қолдану қажет. Оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру Оқытудың түзетушілік бағыттылығы білім берудің түрлі деңгейінде оқушылардың тілдік және тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы білім беру пәндерінің мазмұнын оқыту әдістемесі саласына бейімдеу және ӛзгертудің кӛмегімен жүзеге асырылады. Түзету-дамытушылық нәтиже арнайы пәндер (Айту, Тілді дамыту) және тілдік кемістіктері бар оқушыларға бейімделген жалпы білім беретін пәндер (Сауат ашу, Әдебиет, Ана тілі), яғни түзетуші лингвистикалық курс арқылы орындалады. Аталған курс тұлғаның тілдік әрекетінің толық қалыптасуының және қоғамға ойдағыдай бейімделуінің маңызды құралы болып табылады. Түзету сабағы ретінде оқу жоспарына: «Түзету ырғағы» және логопедиялық сабақтар енгізілген. «Түзету ырғағы» курсының негізгі мазмұнын сӛздер мен музыканың үйлесімді ырғағындағы қозғалыс әрекеті құрайды. Сабақтар оқушылардың қозғалыс жүйесін, интеллектуалдық және сенсорлық мүмкіндіктерін түзетуге және дамытуға, сӛйлеудегі кемшіліктерін жоюға бағытталған. Логопед сабақтары сӛйлеудің күрделі бұзылуларын жеңуге, сонымен қатар бастауыш мектепті аяқтаған кезде оқушылардың ауызша және жазбаша сӛйлеу тілі қалыптасып, сӛздерді айтудағы кемістіктерін жоюға бағытталады. Логопедтік сабақтар жеке және 2-4 адамнан тұратын шағын топтарда да ӛткізіледі. Негізгі және орта білім беру деңгейінде логопедтің жұмысы жазу, оқу, дауыс, сӛйлеу жылдамдығы мен ырғағын түзетуді қамтамасыз етуі тиіс. Өмірлік іс-әрекеттің арнайы ортасы Жалпы білім беретін сабақтарға арналған бӛлмелерден басқа, мектепте логопед сабақтарын, психолог ӛткізетін сабақтарға және түзету ырғағын ӛткізуге арналған бӛлмелер болуы тиіс. 2.Ана тілін үйретудегі программаның ерекшелігі. Соқыр және нашар кӛретін балаларға арналған арнайы мектептің бастауыш сыныбында ӛз ана-тіліне үйрету программасының ерекшелігі дайындық кезеңінің ұзақтығы болып табылады. Бұл жұмыстар ана тілін үйретудегі келесі этаптарда да жалғасады. Соқырларға арналған мектептің тілді үйрену программасының ӛзіндік ерекшелігі, онда тактилді қимыл-қолзғалыс сезімінің негізінде Брайль жүйесі бойынша оқу мен жазуға кӛп кӛңіл бӛлетіндігі болып табылады.Математикасабақтарында кӛлемі, формасы, саны жағынан жақты білімнің қалыптасуына кӛп кӛңіл бӛлінеді. Нашар кӛретін балаларға арналған мектептегі «Айналамен танысу және табиғаттану» программасында экскурсия мен практикалық сабақтар саны кӛбейтілген. Кӛшеде жүруі үшін арналған таяқшаны қалай қолдану керектігі жөнінде үйрететін арнайы сабақтар да бар. Орта мектептегі көру бұзылыстары бар балаларды оқыту программасы жалпы білім беретін мектептің программасымен сәйкес келеді, бірақ мұнда арнайы әдістер, тифлотехникалық құралдар қолданылады. Көру бұзылыстары бар балалар жалпы мектепте оқуға болады, бірақ оған арнайы білім беру жағдайы қарастырылуы керек. Арнайы тифлопедагогпен, тифлопсихологпен жұмыс жүргізу керек. Көру бұзылыстары бар балалармен арнайы түзету жұмыстары ритмика, емдік денешынықтыру, сөйлеу тілі бұзылуын түзету, көру арқылы қабылдауды дамыту және т.б. жұмыстар жүргізіледі. Кӛрмейтін және нашар көретін, бірақ интеллектуалдық бұзылыстары жоқ балалар, білімді негізгі орта немесе жалпы орта білімді немесе арнайы психологиялық– педагогикалық қолдау алу арқылы, қалыпты дамитын балалармен бірігіп оқу процесінде алады. Соқырлар (көрмейтіндер) – көру бұзылыстары бар тұлғалардың бір категориясы олардың көру түйсіктері мүлдем жоқ, қалдықты көру немесе сәуле қабылдау түйсіктері бар (көзілдірік) түзетуімен жақсырақ көретін кезде - 0,04-ке дейін және прогредиентті аурулары мен көру шеңбері тар (10-15-ке дейін), көру өткірлігі 0,08-ге дейінгі тұлғалар. Көру бұзылысының деңгейіне байланысты тұлғалар бөлінеді: абсолютті (тотальды) соқырларға (екі кӛзге де), көру қабылдауы жоқ және соқыр адамдар, олардың сәулені, түсті заттардың пішінін қабылдауға мүмкіндік беретін сәулені қабылдау түйсіктері сақталған. Нашар көретіндер – көзілдіріктің көмегімен жақсырақ көретін көзді түзетуде 0,05- тен 0,2-ге дейін көру өткірлігі сақталған, көру бұзылыстары бар тұлғалардың бір категориясы. Көру өткірлігінің тӛмендеуімен қатар нашар кӛретіндердің көру қызметтерінің қалпында басқа да бұзылыстар болуы мүмкін (түсті және сәулені қабылдау түйсіктерінде және т.б.). Нашар көретін оқушылар жалпыға білім беретін мектептің үлкен шрифтпен басылған және көру қабылдауына әсер ететін арнайы өзгертілген суреттері бар кітаптармен оқытылады. Көрмейтін балалар Брайль жазу жүйесінің көмегімен оқытылады. Нашар көретін балалар үшін сыныпта жағымды жағдай жасалуы керек – нашар көруге сәйкес анық сызылған сызықтары бар дәптерлер, көмек көрсетудің оптикалық және техникалық құралдары: - офтальмолог ұсынған көруді түзету тәсілдері (кӛзілдірік, линзалар, лупалар, телескопиялық кӛзілдірік); - табиғи жарықты реттеуге арналған құралдар; - оқу, жазу, сурет салу, суреттерді қарау кездерінде дұрыс отыруды қамтитын арнайы бір орындық парталар; - оқушыларға арналған арнайы құрал-жабдықтар (Брайль жүйесі бойынша жазуға арналған құралдар, оқу машиналары, Брайль шрифті орнатылған жазу машиналары, рельефті сурет салуға арналған «Оқушы» құралы,оптикалық құралдар - лупалар, линзалар, телескопиялық құралдар); - тифлотехникалық құралдар (жазуға арналған тифлоқұралдар, электрондық құралдар). Тәрбиелеу – білім беру процесі кемістіктің құрылымы, деңгейі және көру бұзылысының мінездемесін ескере отырып тифлотехникалық тәсілдер мен арнайы құрал- жабдықтарды міндетті түрде қолдану арқылы жүргізіледі. Соқырлар мүмкіндігінен кеш айырылған балаларға арналған құралдар сипап сезу мен көру-сипап сезу қабылдауды қолдануға негізделеді. Түзету жұмысында көру бұзылыстары бар балаларға оқу және басқа да мәліметтердің қолжетімдік шеңберін кеңейтуге мүмкіндік беретін ерекше дидактикалық материалдар мен арнайы көрнекіліктер қолданылады. Дамуында бұзылыстары бар балалардың ауытқушылықтарын түзету жұмысын топтық және жеке түзету сабақтары арқылы мұғалім-дефектолог (тифлопедагог) жүргізеді (көріп қабылдауын, сипап сезу және ұсақ моториканы, әлеуметтік-тұрмыстық және кеңістікте бағдарлануын дамыту). Көру мүмкіндігі шектеулі бала үшін мектепке кіре берістегі текпешектің соңғы баспалдақтарын анық түстермен сырлау керек, міндетті түрде ұстағыштары болуы тиіс, олардың биіктігі үлкен сыныптар үшін 70-90 см, ал бастауыш сыныптар үшін 50 см. Есік қанық түсті болуы қажет, егер есіктер әйнектен болса, онда оның ашылатын бөлігі қанық түсті болуы керек. Дәліздің периметрі бойынша ұстағыш жасалуы керек, бала оның көмегімен мектепте қозғалып, бағдарлана алуы тиіс. Әрбір бөлмеде еденнің қапталуы түрлі материалдардан болған жағдайда бала оңай қозғала алады. Киім шешетін бөлмеде көру бұзылысы бар балалар үшін ұстағыш, орындықтар, киім ілгіштер ыңғайлы жасалған кеңістік жабдықталуы керек. Баланы бұл орынға бірнеше рет ертіп алып бару керек, ол сонда өз орнын есінде сақтап алады. Сыныпта баланың бір орындық партасы рельефті материалмен немесе еденнің беті кілеммен қапталуы керек. 3. Компенсаторлық техникалық құралдар. Естімейтін (саңырау) балалардың ерекшелігі Саңыраулықта есту аппараты бӛлігінің дыбысты қабылдау қызметі бұзылады, негізгі сӛйлеу жиілігі 80-85 дБ-ден төмен емес орташа қабылдау шегінде аудиометрдің үнді қабылдауы көбінесе 125–4000 Гц арасында ӛзгеріп отырады. Бұл есту күйі арнайы апаратсыз баланың сөзді қабылдауына мүмкіндік бермейді. Естімеуі немесе нашар естуі баланы ең маңызды ақпарат көзінен айырады, әсiресе егер ол ерте жаста естуден айырылса сөйлеу және психикалық дамуының тежелуіне әкеледі. Психофизикалық дамуында артта қалушылықты көрсету дәрежесi әр түрлi себептерге, есту қабілетінің нашарлау уақыты мен ауырлығына байланысты болады. Есту қабілеті ерте бұзылса және ауыр болса баланың психологиясы және сөйлеу тілі тежелуі айқын. Сөйлеу тілінің дамымауы есту қабілеті нашар балалардың психологиялық процестерінің дамуына теріс әсер етеді, олардың танымдық қызметінің өзгеруіне алып келеді. Қазiргi уақытта сурдопедагогикада жалпы бiлiм беру деңгейінде естімейтіндердің еститiндермен тең дәрежеде оқуына мүмкiндiк беретін, есту қабілетінің бұзылу салдарын жеңілдететін арнайы тәсілдер әзірленген. Тілдің лексикалық қорын, оның грамматикалық заңдылықтарын меңгеру, қарым- қатынас құралы ретінде тілді меңгеру естімейтін әлемдегі өмірдің әлеуметтік проблемаларын кеңінен шешуге мүмкіндік береді. Белгілі болғандай, оқу-танымдық қызмет есту қабілеті тұрақты бұзылған балаларға даму мүмкіндіктерін береді. Ол естімейтіндердің танымдық қызығушылығын және зияткерлік қабілеттерін дамытады, оқуға әлеуметтік себептерін қалыптастырады. Меңгерген ғылыми білімі, жалпы оқу және арнайы біліктілігі балалардың ой-ӛрісін кеңейтеді, жан-жақты дамуы үшiн жағдай жасайды. Қалыптасқан ауызекі сөйлеу және психикалық процестерді дамыту, толығымен естімейтіндердің білім деңгейін жетілдіруге ықпал етеді, негізгі орта білім беруді қамтамасыз етеді. Барлық жоғарыда аталған естімейтін балаларды дамыту ерекшеліктері, және оларды еститіндермен тең білім алу құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігі арнайы әзірлемелердің маңыздылығын анықтайды. Оқытудың әрбір кезеңіндегі нақты психологиялық-педагогикалық міндеттерді нақты шешуге мүмкіндік беретін жағдайлар естімейтіндерді бейімдеуге және әлеуметтік оңалтуға мүмкiндiк туғызады. 4. Педагог қызметкерлерінің құзыреттілігі Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытуға қолданылатын әдістемелер бірнеше қосымша жүйелерден тұрады:сӛйлеуді қалыптастыру әдістемесі және мектептегі білім беруде тілге үйретуді пән ретінде оқыту , ғылым негіздерін оқыту әдістемесі, естіп қабылдауды қолдануды дамыту әдістемесі. Барлық оқыту әдістемелері есту қабілеті бұзылған оқушылардың материалды көпсенсорлық сипатта қабылдауына арналған . Педагогикалық процесс естіп көру негізіне құрылған, педагогты олардың естіп қабылдауын бақылап, үнемі назарда ұстауына, түзетіп отыруға, дыбыстап-буындап сөйлеу құрылымын нақтылап отыруға міндеттейді. Кӛрнекі құралдардың да рӛлі айрықша: ол біріншіден оқу материалын иллюстрацияламайды, ол оның мазмұнын кӛрнекі түрде ашады. Көрнекі-іс-әрекет құралдары мен әдістері түсіну мен елестетуді қалыптастыруға, осы және басқа құбылыстарға себеп-салдарлық қарым-қатынас орнатуға, пәнаралық байланыстарды кӛрнекілікпен белгілеуге кӛмектеседі. Естімейтін және нашар еститін балаларды оқытуда қосымша құрал ретінде сӛйлеуді қабылдауын, сөздің дыбыстық құрамын түсінуді жеңілдететін дактилология тәрізді арнайы құралдарды қолдану қажет. Ым-ишарамен сөйлеу оқытудың негізгі емес қосымша құралы ретінде тек естімейтін балаларға қолданылады. Оқу материалын қабылдау есту- кӛру негізінде аудио визуальды және сурдотехникалық құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту түрлі типтегі электроакустикалық дыбыскүшейткіш аппаратураларды тұрақты пайдалану арқылы ӛткізіледі (күндізгі ұжымдық және дербес пайдалану және дербес есту аппараттарын, есту кабинетіндегі және мектеп залындағы магниттік ілгіш, радиофицирленген мектеп залы, рекреациялар, кіреберіс, вестибюль). Еступротездеу және қалған естуін дамыту бойынша қарқынды жұмыс жүргізу үшін аудиометрлер мен сурдолог- дәрігердің, аудиологтің кӛмегі қажет. Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытатын мектептердің фонотекасы, музыкалық құралдары, дыбыс шығаратын ойыншықтары болуы қажет. Мектепте есту қабілеті бұзылған балалардың өмір сүру әрекетіне сәйкес орта құрылу қажет, сенсорлық жағдаймен қамтамасыз ететін оқу-материалдық базасы, сөйлеуді қабылдауға арналған қолайлы жағдайы болуы керек. Мектеп жеке және ұжымдық түзету сабақтарын өткізуге арналған кабинеттермен, түзету ритмикасы сабақтарын өткізуге арналған залмен , оқу шеберханаларымен, сонымен қатар, арнайы компьютерлік бағдарламалармен, оқу, әдістемелік және балалар кітапханасымен жабдықталуы қажет. Көрмейтін және нашар көретін балалардың ерекшеліктері. Көрмейтін (зағиптар) деп көру көмегі арқылы зат формасының сұлбасы мен жарықты сезінуді қабылдау мүмкіндігі толықтай жоқ балалар есептеледі. Мұндай екі көзінен толық айрылу (тотальді) болып саналады. Бұлардың қатарына көру аймағы 10% көретіндер де жатады. Медициналық зағиптықтан практикалық зағиптықты ажырата білу қажет, жарықты сезгіштігі немесе қалдық көруі бар, жарықты, заттардың сұлбасын, түстерін қабылдай алуы, қалғандары медициналық зағиптыққа жатады. Практикалық зағиптық (қалдық кӛруі бар) кәдімгі түзету құралдарын (көзілдірік ) қолдануда кӛру ұшқырлығы жарықты сезінуі 0,05 сипатталады. Тотальді кӛрмейтіндер қалдық кӛруі бар (нашар көретіндер) Брайл жүйесі бойынша жазатын және оқитын балалар. Қалдық көруі кеңістікте бағдарлауға және дыбысты естуі арқылы қабылдауға көмек береді. Нашар көретін балалар, орталық көру көзі жақсы көретін,түзету арқылы жіті көретін(көзілдірік, байланыс линзалар) 0,05-ден 0,3-ке дейін, сонымен қатар, өте жіті көретін бірақ көру қызметінің басқа бұзылулары бар балалар (көру аймағының кішіреюі, бірінші, екінші - глаукома, көру жүйкелерінің аяқталмаған атрофиясы, пигменттік көздің тор қабығының бүлінуі, тор қабықтың ажырауы және т.б.). арнайы жағдайда оқытуды қажет етеді. |