Главная страница
Навигация по странице:

  • Академиялық жазылым пәнінің мақсаты

  • Академиялық жазу құрылымы Академиялық жазылымның ерекшелігі

  • Академиялық жазылымның негізгі талаптары

  • Академиялық жазылым пәнін оқу арқылы студенттер мыналарды меңгереді

  • . Ғылыми стильдің негізгі белгілері

  • Ғылыми-стильдегі еңбектерге

  • Академиялық мәтінді талдау кезінде студент кіріспе сөздерді және ойдың кейбір дерексіздігін баса көрсетілген тіркестерді: мысалы, «анық», «сөзсіз», «күмән жоқ..... және т.б) қолдану қажет.

  • Академиялық мәтінде зерттеуді қорытындылау үшін әдетте кіріспе сөздер қолданылады - «біріншіден, екіншіден, үшінші» , «осылайша», «сонымен» және т.б қолданылады.

  • Аңдатпаның басты мақсаты

  • Аннотация немесе аңдатпа

  • АЖ Экзамен толықтырылған. Академиялы жазу пнінен емтихан сРАтары iдегей Академиялы жазу


    Скачать 6.76 Mb.
    НазваниеАкадемиялы жазу пнінен емтихан сРАтары iдегей Академиялы жазу
    Дата22.02.2022
    Размер6.76 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАЖ Экзамен толықтырылған.docx
    ТипДокументы
    #370435
    страница1 из 6
      1   2   3   4   5   6

    АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗУ ПӘНІНЕН ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
    I-деңгей


    1. «Академиялық жазу» пәнінің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу әдістері. Академиялық жазу құрылымы

    Академиялық жазу – бұл мәтінді құру құрылымының, баяндау стилінің, ғылыми әдебиетті рәсімдеудің жалпыға ортақ талаптарына бағына және белгілі бір ғылым саласындағы білімдерге сүйене отырып жазбаша жұмыстарды (эссе, баяндама, курстық жұмыс) шығармашылық жазу дағдыларын дамыту мүмкіндігі.

    Академиялық жазылым пәнінің мақсаты . Жалпы академиялық жазылым талаптарына сәйкес студенттердің қазақ тіліндегі жазылым деңгейін көтеру.

    Негізгі міндеттері: Академиялық бағытта жазба жұмысын жазуды меңгеру: Зерттеу жұмысын жүргізудің кейбір қағидаларын меңгеру; Мәліметтерді жинау мен талдау; Мәліметтерді қолдану әдістері; Нәтижелерді баяндау әдістері.Кіріспе жазу барысында мына кеңестерді есте сақтаған жөн:ысты болудың негізі.

    Академиялық жазылым жазбаша қатысыммен байланысты мәселелерді шешуді талап ететін дағдыларды дамытуға бағытталған. Біріншіден, осы дағдылар кешенін қазақстандық мамандар әлі де терең меңгермеген десек қателеспейміз, оған дәлел ретінде мекемелердегі хат алмасу тіліндегі кемшіліктерді айтуға болады. Екіншіден, академиялық жазылым сауаттылығы сол мамандарда белгілі бір қиындықтар тудырады, айталық мемлекеттік қызметкерлер Қазтест бойынша жазылымнан диктант, мазмұндама, эссе жазуда ақсап жатады. Бұдан шығатын қорытынды: бұл құзырет түрі қазіргі ақпараттық технологиялар заманындағы кез келген маманның немесе басшының кәсіби жетістігінанықтайды.

    Гуманитарлық таным техникасы мен оның жекелеген тәсілдеріне негізделген жалпы ережелер мен әдістерді, академиялық кәсіби оқылымды, академиялық жазылым мен ауызша таныстырылым дағдыларын меңгерту оқу құралының негізгі мақсаты болып табылады. Осы тұрғыда оқу құралының міндеттеріне академиялық жазылым мен оқылым дағдыларын дамыту (ғылыми- кәсіби мәтіндердің тілі мен құрылымын зерттеу, конспектілеу, рефераттар, пікірлер, тезистер жазу, ғылыми талдау нәтижелерімен таныстыру, ғылыми-кәсіби мәтіндерді оқу, ғылыми мәтіннің стилін меңгеру, зерттеу жұмысының жоспарын құру, тақырып таңдау, жұмыстың құрылымын дұрыс құру); сілтеме мен дәйектемелерді дұрыс қолдану, теориялық әдебиетпен, анықтамалықпен жұмыс істеуді үйрету, зерттеу нысанын талдау мен әдісін таңдай білуге үйрету, студенттердің сөздік қорын академиялық лексикада қолданылатын ғылыми-кәсіби ортаға тән тілдік оралымдармен байыту; ғылыми-кәсіби пікірталастарға түсу дағдыларын дамыту және кәсіби бағдарланған жобаларды таныстыру; өз ойын ауызша дәлелдеп айтуға үйрету, студенттің танымы мен тіл мәдениетінің деңгейін көтеру, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту жатады.

    Академиялық жазу құрылымы

    Академиялық жазылымның ерекшелігі: 
    1) Ақпаратты беруде лексикалық бірліктердің орынды қолданылуы; 

    2) Жүйелілік; 

    3) Тақырыптың тұтастығы; 

    4) Арнайы етістік шақтарын қолдану;  

    5) Ғылыми стиль талаптарын сақтау. 


    Академиялық жазылымның негізгі талаптары: 

    • Зерттеу тақырыбы. 

    • Плагиат ережесін сақтау. 

    • Ғылыми мәліметтерді қолдану.  

    • Кіріспе, негізі бөлім және қорытынды  бөлімдерінің болуы. 

    • Түйіндеменің (abstract) болуы. 

    • Академиялық  мәтін  тілі,  ондағы  тілдік  бірліктерді  қолданудың жолдарының сақталуы. 

    • Академиялықмәтінгеқажеттіэлементтердің(титул парағы, мазмұны,мазмұндық бөлігі, әдебиет тізімі) болуы.  


    Академиялық жазылым пәнін оқу арқылы студенттер мыналарды меңгереді:  

    • Зерттеу жүргізу негіздерін (өз бетінше ғылыми еңбектерді оқу, талдау);  

    • Конспекті  жасау  ережелерін  (тұтас  мәтінді  көшіру  орынына  қажеттіақпаратты жазып алу); 

    • Өзінөзі  басқару  (мақалаларды  оқу  мен  жазу  үшін  өз  уақытын  тиімдіпайдалану мен жоспарлау);  




    1. Ғылыми стиль дегеніміз не? Ғылыми стиль жанрлары


    Ғылыми стильді ғылым және оқыту саласында қызмет көрсететін сөйлеу құралдарының жүйесі деп санау қабылданған. Ғылыми стильдің негізгі белгілері: абстрактілік және жалпылау, нақты белгіленген, логикалық, терминологиялық.Ғылыми-стиль —зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет ететін стильдің бір түрі. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін ғылыми стильге нақтылық, логикалық, мазмұн дәлелділігі қажет.

    Ғылыми-стильдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер, т.б. жатады.
    Ғылыми стиль әдетте үш шағын стильге жіктеледі:

    Таза ғылыми шағын стиль; Оқулық –ғылыми шағын стиль; Көпшілікке арналған ғылыми шағын стиль.

    Таза ғылыми шағын стиль белгілі бір ғылым саласындағы зерттеушілер шығармаларының стилі болып табылады, олар сол әріптестеріне арнап жазылады. Қоғамдық –гуманитарлық ғылым саласындағы ғылыми еңбектер көпшілікке түсінікті болып келеді. Сонысына қарамастан, таза ғылыми стильге жатады. Оның басты себебі: ондай зерттеулерде, айталық, әдебиетті жақсы түсінетін мәдениетті оқырманды елең еткізерлік нақтылы теориялық тұжырымдар жасалып отырады. Оқулық –ғылыми шағын стиліндегі шығармалардың басты мақсаты –шәкірттерге нақтылы бір ғылымның негіздерінен білім беру немесе ғылымның жеке саласы бойынша тұрақты түсінік қалыптастыру. Осыған байланысты мектеп оқушыларына арналған оқулықтар ең бастысы «жеңілден –қиынға қарай, қарапайымнан –күрделіге қарай» деген ұстанымға сай келу керек. Көпшілікке арналған ғылыми шағын стильде жазылған еңбектер ілгерілерден өзгеше. Олар білім –ғылымның белгілі бір саласындағы мамандарға немесе білім алуға ұмтылған жастарға емес, жалпы қауымға, жасына интеллектуалдық дәрежесіне, ұлттық ерекшелігі мен наным – сеніміне қарамастан, кең аудиторияға арналады. Мақсаты –ғылым саласындағы жаңалықтар туралы немесе елдің ішкі, сыртқы жағдайы туралы көпшілікті хабардар ету.

    Ғылыми стиль жанрларындағы ғылыми мәтіндердің мазмұнын ашатын лексикалық

    ерекшеліктер:

    1) негіздеу;

    2) түсіндіру;

    3) дефиниция;

    4) бақылау;

    5) сипаттау;

    6) эксперименттің өткізілуі;

    7) тексеру;

    8) салыстыру;

    9) топтастыру;

    10) дәлелдеу;

    11) пікірлесу, баға беру;

    12) жарияланым.


    1. «Академиялық мәтін» ұғымы..Ғылыми мәтін неден тұрады?


    Академиялық мәтін- бұл ең алдымен ғылыми стильде жазылған, мазмұны арнайы ғылыми терминдер мен тілдік құралдар арқылы берілетін жалпылама байланысқан мәтін.

    Ғылыми мәтіндер белгілі бір заттың, фактінің, құбылыстың заңдылығын суреттейтін мәтіндерді айтамыз. Ғылыми мәтіндерге мақала, очерк, реферат,рецензия, аннотация,ғылыми хабар,т.б жатқызуға болады.

    Ғылыми мәтіннің басқа мәтіндерден айырмашылығы:оның композициясы, ұйымдастырылуы, құрылымы ерекше бір үндесуге, бірізділікке бағытталады.

    Академиялық мәтінді талдау принциптері:

    Бірінші.Ғылыми мәтін беру көлеміне, формасына байланысты (үзінді, кітаптың тарауы, реферат, әссе, баяндама, монография және т. б.) тұтас келесі бөліктерден тұрады: кірісепе, негізгі бөлім, қорытынды.

    Екінші. Академиялық мәтін негізгі терминдермен ұғымдар көрсетілген мазмұн-білімнен тұрады.

    Үшінші. Автордың идеясын бөліп көрсету керек, яғни оның зерттелетін ғылыми проблема туралы көзқарасын анықтау.

    Төртінші: Мәтін бөліктерден тұратын болғандықтан, мазмұнды баяндаудың логикалық реттілігімен байланысты болу керек. Тарихи еңбекте міндетті түрде оқиғалардың хронологиялық тәртібі сақталуы керек, әсіресе оқулықтарды және оқу басылымдарын жазу кезінде.

    Бесінші. Ғылыми мәтінде көрсетілген оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын түсінудің маңызы зор.

    Алтыншы. Баяндаудың қорытынды немесе ғылыми ізденістерді қорытындылау түрінде аяқталуы.



    1. Мәтіндегі кілт сөздер.


    Егер сіз мәтіндегі кілт сөздерді дұрыс тапсаңыз, онда бүкіл мәтінді қалпына келтіру қиын болмайды. Түйінді сөздер мәтіннің негізгі фрагменттері болып табылады, олар мазмұнды жүктемені толығымен толтырады және белгілі бір тәртіпте орналасады.Егер олар табылған және дұрыс орналастырылған болса, онда мәтіннің мағынасы айқын әрі түсінікті болады.

    1. Академиялық мәтін жазған кезде қолданылатын сөз формалары


    Академиялық мәтін- бұл ең алдымен ғылыми стильде жазылған, мазмұны арнайы ғылыми терминдер мен тілдік құралдар арқылы берілетін жалпылама байланысқан мәтін.

    Академиялық мәтінді талдау принциптері:

    Бірінші.Ғылыми мәтін беру көлеміне, формасына байланысты (үзінді, кітаптың тарауы, реферат, әссе, баяндама, монография және т. б.) тұтас келесі бөліктерден тұрады: кірісепе, негізгі бөлім, қорытынды.

    Екінші. Академиялық мәтін негізгі терминдермен ұғымдар көрсетілген мазмұн-білімнен тұрады.

    Үшінші. Автордың идеясын бөліп көрсету керек, яғни оның зерттелетін ғылыми проблема туралы көзқарасын анықтау.

    Төртінші: Мәтін бөліктерден тұратын болғандықтан, мазмұнды баяндаудың логикалық реттілігімен байланысты болу керек. Тарихи еңбекте міндетті түрде оқиғалардың хронологиялық тәртібі сақталуы керек, әсіресе оқулықтарды және оқу басылымдарын жазу кезінде.

    Бесінші. Ғылыми мәтінде көрсетілген оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын түсінудің маңызы зор.

    Алтыншы. Баяндаудың қорытынды немесе ғылыми ізденістерді қорытындылау түрінде аяқталуы.

    Академиялық мәтінді талдау кезінде студент кіріспе сөздерді және ойдың кейбір дерексіздігін баса көрсетілген тіркестерді: мысалы, «анық», «сөзсіз», «күмән жоқ..... және т.б) қолдану қажет.

    Құбылыстардың, оқиғалардың заңдылықтарын анықтау үшін етістік формаларын қолдануға болады: «автор санайды...» «ғалым дейді» «экспериментші көрсетеді..» немесе тізімге жол бермеу үшін авторлар, сіз «бірқатар авторлар деп санайды» деген тіркесті қолдана аласыз (автордың шығу деректерін көрсете отырып).

    Көбінесе зерттеуші анықталмаған жеке нысандарды қолдануы керек: «айта кету керек» «ескеру керек» «ерекше атап өту керек» және т.б. Егер автор егжей-тегжейлі зерттелген обьектіні талдаса, онда мүмкін «толығырақ ашады» «егжей-тегжейлі түсіндіреді» «мұқият талдайды» және т.б қорытындылай келе бұл өте маңызды « Физикалық эксперимент нәтижелерін талдау бізді келесілерге әкелді» деп жазыңыз. Қорытындыда: «сонымен» «осылайша» бірінші жақтан айтуға болады: «менің ойымша...» Бұл ретте дәлелдер қте сенімді болуы керек.

    Академиялық мәтінде зерттеуді қорытындылау үшін әдетте кіріспе сөздер қолданылады - «біріншіден, екіншіден, үшінші» , «осылайша», «сонымен» және т.б қолданылады.


    1. Аннотация. Аннотацияны жазу


    Аңдатпа (аннотация) (лат. аппоіаііо - ескерту, аңдату) - ғылыми мәтінді қысқаша ұсынудың бір түрі. Аңдатпа - кітаптың,топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау.

    Аңдатпа - мәтін мазмұнының құрылымын анықтайтын, мәтінді ғылыми мазмұндаудыңерекшежанры. Аңдатпа мақаладан баяндалу түрі бойынша жанрлық жағынан ерекшеленеді. Айталық, мақалада белгілі бір тезис қисынды пайымдалып, дәлелденіп баяндалады, ал аңдатпада мақалада баяндалған талдаулар мен дәлелдемелердің қорытындысы беріледі. Сондықтан аңдатпа мәтініндегі сөйлемдер жалпылама, ақпараттық сипатта болып, «не туралы айтылды» деген тақырыптықұғым тұрғысында емес, «не айтылды» деген сұраққа құрылуы керек. Аңдатпа үшінші жақта жазылады Аңдатпаның басты мақсаты - өте аз тілдік құралдармен зерттеудің мәні мен жаңашылдығы туралы хабарлама жасау арқылы оқырманның назарын аудару, оқырман қызығушылығын ояту. Осы екі мәселе нақты қамтылуы керек. Журнал бетінде жарияланатын барлық ғылыми мақалалардың авторлық аңдатпасы болуы тиіс. Әр басылымның аңдатпа көлемі мен құрылымына қатысты өз талаптары болады. Мәселен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Хабаршысында» мақала аңдатпасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 7-8 жолдан аспайтын 800-1000 белгіден тұруы керек. Ац «Вестник Санкт-Петербургского университета» журналына жарияланатын мақалаға берілген авторлық аңдатпа орыс және ағылшын тілдерінде жазылып, аралық ашықтарымен қоса есептегенде 500-900 белгіден тұруы шарт

    Аннотация немесе аңдатпа – кітаптың, мақаланың, қолжазбаның мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама. Аңдатпа кітаптың, не мақаланың бірінші бетінде орналасады. Аңдатпаның көлемі, оның түріне қарай бөлінеді. Мәселен, кітапқа берілетін аңдатпа 1 сөйлемнен де тұруы мүмкін, я болмаса 1 бетке дейін жетуі мүмкін. Ал ғылыми мақалаға берілетін аңдатпа 500 әріптен немесе 7-8 сөйлемнен тұрады. Сонымен қатар ғылыми жобаға және диссертацияға жазылатын аңдатпалар да бар. Ғылыми жобаға арналған аңдатпа 1-3 бет көлемінде болса, диссертациялық жұмыстың аңдатпасы 3-7 бет көлемінде болады.

    Кітапқа аңдатпа жазу барысында мындай элементтерді ескеріңіз:

    1. Библиографиялық деректер. Мұнда, кітаптың толық атын (кітап атауынан кейін нүкте қойыңыз), автордың аты-жөнін (аты-жөнінің алдында таяқша қойып, артынан нүкте қойыңыз), шығарылған қаласын (қаланың алдында сызықша қойып, қос нүкте қойыңыз), баспасын (баспа атауын тырнақшаға алып жазыңыз, соңынан үтір қойыңыз), жылы (жылдан соң нүкте қоясыз) мен бет санын (бет санының алдында сызықша қоясыз) жазасыз.

    2. Автор туралы мәліметтер. Мұнда қысқаша бір сөйлеммен кітап авторы кім екенін жазасыз.

    3. Туындының жанры немесе нысаны. Мұнда кітаптың қай жанрға жататынын көрсетесіз.

    4. Тақырыптың қысқаша мазмұны. Мұнда кітап не жайлы жазылған, нені қамтиды, негізгі мақсаты не сол туралы қысқаша сипаттама жазасыз.

    5. Кітаптың басылымға берілуі немесе қайта басылу себептері.

    6. Аудиторияны сипаттау. Аңдатпаның соңында кітап кімге арналғанын жазасыз. Онда оқырманның жасы, қызметі, қызығушылығы және т.б. ерекшеліктері жазылуы мүмкін.

    Ғылыми мақалаға арналған аңдатпа жазу үшін мынадай ережелерді ұстаныңыз:

    1. Ғылыми мақаланың аңдатпасы 3 тілде жазылады. Егер жұмыс қазақ тілінде жазылса, онда оған міндетті түрде орыс және ағылшын тілінде аңдатпа жазасыз. Ал орыс тілінде жазылса, онда қазақша және ағылшынша аңдатпа бересіз. Ғылыми мақала беретін журналдың ережесін оқыңыз, егер қазақша мақалаға қазақша аңдатпа жазу міндетті болса, онда оны тақырыптан кейін, кілт сөздерге дейін қоясыз.

    2. Аңдатпа көлемі 100 сөзден тұрады. Ғылыми мақаланың көлем шағын болады. Мақалаңызды беретін журналдың талабына сай сөйлеммен (7-8 сөйлем) немесе сөзбен (100 сөз), не белгі (500 белгі) санымен берілуі мүмкін.Аңдатпа тақырыптан кейін орналасады. Оның орналасуы ғылыми журналдың ережесіне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ көп жағдайда аңдатпа тақырыптан кейін, мақала мәтініне дейін орналасады.

    3. Аңдатпаның құрамындағы баяндауыштар етістіктің келер шағында, ырықсыз етіс және пассив формада жазылады. Мысалы: талданады, болжау айтылады, кірістіріледі деп қорытындылайды, анықталады, бекітіледі, мысалдар беріледі, атап өтеді, нәтижелер баяндалады, атап көрсетіледі, қолданылады, зерттеледі, сыналады, жүйеленеді, қорытындыланады, талқыланады, бекітіледі, анықталады(бағыттар), суреттеледі, тәжірибе бекітіледі, бағаланады, көрсетіледі, ұсынылады, аталады, келтіріледі, сипатталады және т.б.

    4. Аңдатпа мазмұны тақырыптың қысқаша сипаттамасын қамтиды. Мұнда тақырыптың өзектілігі мен жаңалығын, зерттеу пәні мен нысанының сипаттамасын, оның мақсаты мен оған жетудегі автордың нәтижелерін қысқаша баяндайсыз.



    1. Парафраза мен перифраза дегеніміз не? Айырмашылықтарды анықтаңыз


    Перифраза (гр. perіphrasіs — айналым) — құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстемей, суреттеп көрсету, тұспалдап айту дегенді білдіреді.Перифраз мәтіннің идеялық-эстетикалық және көркемдік байлығын арттырады. Мағыналық реңк пен оның әсерін күшейтеді. Мысалы, орман патшасы (арыстан дегеннің орнына), дәрігер деудің орнына «ақ желенді абзал жандар»,қара алтын (көмір), т.б. Бұл, біріншіден, стильдік мақсатта айтылып тұрса, яғни бір сөзді қайталап айта бермес үшін ойды түсініктірек баяндау үшін, бір ұғымды түрлендіріп әрқандай атаулармен атап, жалпы мәтінің көркемдігін арттыру болса, екіншіден, перифразалар заттың, кейіпкердің қасиетін, ерекшеліктерін баса көрсетуде, уақиғаны суреттеуде образдылық жасап, айтылған ойдың әсерлілігін арттырады, сонымен бірге автордың субъективті сезімдерін білдіру үшін қолданылатын стильдік тәсіл болып табылады.
    Парафраза,(ежелгі грек тілінен аударғанда retαράφρασις «мазмұндау») - мәтінді өз сөзіңізбен баяндау.

    Парафразалар - бұл мәтінді өңдеудің әр түрлі түрлері (атап айтқанда, әдеби шығарма): қысқа мәтінді егжей-тегжейлі түсіндіру, үлкен мәтінді қысқартылған түрде көрсету (бейімдеу), түсіну қиын мәтінді қысқаша түсіндірмелермен жеңілдетілген түрде ұсыну, прозалық мәтінді өлеңге ауыстыру, поэзияны прозаға ауыстыру. Парафраза мәтінді ішінара қайта айтуға да болады. Парафраза - бұл, атап айтсақ, теориялық мәтінге түсіндірменің ерекше, тәрбиелік түрі, ол мәтінге жақын түсініктемесімен түпнұсқаны ұсыну болып табылады. Түсіндірменің бұл түрін ежелгі грек комментаторы Аристотель Фемистий ойлап тапқан. Оның парафразалары Аристотельдің сәйкес мәтіндерімен параллель оқуға арналған.



    1. Дәріс. Дәрістердің түрлері.Тезис жазу


    Дәріс - қарапайым емес,белгілі бір тақырып бойынша оқу материалын логикалық нақты, ғылыми тұрғыдан ұсыну. Онда дәрісті жүргізуші алдын-ала ойластырылған жоспарға сүйене отырып, тақырыптың тұтас бейнесін береді, тыңдаушылардың назарын негізгі ғылыми категорияларға (кілт сөздер-ұғымдар) аударады, проблемаларды, пікірталас көзқарастарын ажыратады.
      1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта