АЖ Экзамен толықтырылған. Академиялы жазу пнінен емтихан сРАтары iдегей Академиялы жазу
Скачать 6.76 Mb.
|
Плагиат-екі нысанда жүргізілуі мүмкін: -Негізгі мәтіннің сөзбе сөз жазылуы; -Сәйкес келген мәтіннің мазмұнын өзгертпей,сөздерді және өрнектерді ауыстыру арқылы біреудің мәтінін таныстыру Плагиатқа тексеру Плагиатқа тексеру үшін Find copy,Antiplagiat.ru,Copyscape және т.б программалар арқылы анықтаймыз.Біздің университетте turniting программасы орнатылған.Ол дипломдық жұмыстарды,магистрлік диссертацияларды тексеруден өткізеді.Сол бойынша оның қаншалықты антиплагиат екендігі анықталады.Сонымен қатар жазған жұмыстың көшірілгендігін анықтау үшін қолданылады. Дипломдық жұмыс (жоба). Дипломдық жұмысты жазудың кезеңдері. Дипломдық жұмыс құрылымы. Диплом жұмысы (жобасы), егер бұл мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарты мен мамандықтың оқу жоспарында көзделсе, оқудың қорытынды кезеңінде орындалатын, оқуды бітірудің жазбаша жұмысы болып саналады. Дипломдық жұмысты жазудың кезеңдері: - тақырыпты тандау (өтініш); - зерттеу мәселесі бойынша әдебиет көздерін тандау; - ғылыми жетекшіні тағайындау; - дипломдық жұмысты жазу кезіндегі ұйымдастырушылық құжаттарды дайындау (тапсырмалар, күнтізбелік жоспар кестесі); - дипломдық жұмысты жазу және көркемдеу талаптарымен танысу; - іріктеліп алынған әдебиет көздерін ғылыми тұрғыдан жинақтап қорыту және зерттеудің теориялық тарауын мазмұндау; - диплом алдындағы тәжірибе өту барысында жиналған талдаулық мәліметтерді қолдану; - зерттеудің конструктивтік тарауын дайындау (зерттеу мәселесі бойынша ұсыныстар); - белгіленген талаптарға сәйкес жұмысты безендіру; - дипломдық жұмысты қорғау күнінен бір ай бұрын ғылыми жетекшіден жұмыс жайлы пікір алу; - дипломдық жұмысты қорғау күнінен бір ай бұрын ғылыми жетекшінің пікірі бар жұмысты кафедраға ұсыну; - кафедра менгерушісінің жұмысты қорғауға рұқсаты берілгеннен кейін қорғау күнінен екі апта бұрын сыртқы рецензентке дипломдық жұмысты жіберу және жазбаша түрдегі рецензия алу; - қорғауға шығарылатын мәліметтерді кесте және сурет түрінде көркемдеп , баяндама жазу; - мемлекеттік аттестациялық комиссия алдында жұмысты қорғау. Диплом жұмысының құрылымдық элементтері: - Мұқаба; - Бірінші беті; - Диплом жұмысын (жобасын) орындау бойынша тапсырма; - Мазмұны; - Кіріспе; - Негізгі бөлім; - Қорытынды; - Пайдаланылған әдебиеттер тізімі; - Қосымша. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға дайындық. Дипломдық жұмысты қорғау Жұмысты қорғауға дайындау барысын бақылауды ғылыми жетекші жүзеге асырады, ол студент жұмысының күнтізбелік жоспары негізінде дипломдық жұмыстың дайындық дәрежесін белгілейді және дипломдық жұмысты қорғауға жіберу мәселесін шешеді. Дипломдық жұмыс алдын ала қорғау процедурасынан өту үшін түлектерді дайындап шығаратын кафедраға беріледі. Дипломдық жұмысты алдын ала қорғау процедурасы студенттердің қатысуымен және ғылыми жетекшінің міндетті түрде болуымен кафедраның ашық отырысында жүргізіледі. Алдын ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен рәсімделеді. Алдын ала қорғаудан табысты өткен және белгіленген талаптарға сай рәсімделген, аяқталған дипломдық жұмысқа студент қол қояды және ғылыми жетекшісіне береді. Ғылыми жетекші дипломдық жұмысқа жазбаша пікір жазады. Бір апта бұрын уақыттан кеш емес дипломдық жұмыс ғылыми жетекшінің пікірімен және кафедра меңгерушісінің қорғауға жіберген рұқсатымен бірге сыртқы рецензиялауға жіберіледі. Студент мемлекеттік комиссияға мыналарды ұсынады: - дипломдық жұмыстың қатты мұқабадағы түпнұсқасын; - ғылыми жетекшінің пікірін, сыртқы рецензияны; - ғылыми жетекшінің тапсырмасын және дипломдық жұмысты орындау графигін; - дипломдық жұмыстың дискідегі электрондық нұсқасын (Плагиатқа қарсы мәліметтер базасын қалыптастыру үшін). Дипломдық жұмысты қорғау алдында студент баяндаманы, Power Point форматындағы таныстырылымды, басқа да демонстрациялық материалдарды дайындауы тиіс. Ұзақтығы 10 минутқа дейін созылатын мәлімдемеде жұмыстың негізгі ережелерін көрсету, өз қорытындылары мен нұсқауларын мазмұндап, негіздеу қажет Дипломдық жұмысты қорғау Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының ашық отырысында жүргізіледі. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау студенттің тілегі бойынша қазақ немесе орыс тілінде жүреді. Отырысқа, МАК мүшелерінен басқа, дипломдық жұмыс жетекшілері, ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің өкілдері, студенттер және барлық ықылас білдірушілер қатыса алады. Дипломдық жұмысты қорғаудың мына тәртібі бекітілген: - МАК хатшысы, студенттің тақырыбы мен тегін көрсете отырып, дипломдық жұмысты қорғау туралы хабарлайды; - дипломдық жұмыс туралы мәлімдеме жасау үшін студентке сөз беріледі; - МАК мүшелері студентке оның жұмысының тақырыбы бойынша сұрақтар қояды; - студент МАК мүшелерінің сұрақтарына жауап береді; - талқылаудан кейін комиссия хатшысы пікір (қатысқан жағдайда, ғылыми жетекші өзі сөйлеуі мүмкін) мен рецензияны оқиды. - қорытындылау үшін студенттің өзіне сөз беріледі. Пікірде және/немесе рецензияда ескертулер болған жағдайда, студент олардың мән-маңызы бойынша дәлелді түсіндірме беруі тиіс; - талқылауға қатысқысы келетін қатысушыларға сөз беріледі. Дипломдық жұмысты қорғау кезінде студент зерттеу тақырыбының мән-маңызын және дипломдық жұмыстың негізгі ережелерін ашуы тиіс. Автордың жүргізілген жұмыстың нәтижелері бойынша түйіндеріне, нұсқаулары мен ұсыныстарына ерекше көңіл бөлу қажет. МАК мүшелерінің алдында сөз сөйлегенде дипломдық жұмыстың авторы жазбаша мәтінді оқымай, өз жұмысының негізгі мазмұнын еркін баяндағаны абзал. Сөз сөйлеудің мазмұны егжей-тегжейліктермен, тым көп сандармен шамадан тыс жүктелмеуі тиіс. Алайда ғылыми ізденістің қорытындыларын, нәтижелерін және соны практикалық ұсыныстарды жеткілікті дәрежеде толық мазмұндау қажет. Дереккөздерін рәсімдеуге қойылатын талаптар. Дәйексөздер келтіру үшін түпдеректен анық, логикалық тұрғыдан аяқталған ойды білдіретін үзіндіні алу қажет. Дәйексөздерді рәсімдеудің мынадай ережелерін орындау қажет: - барлық дәйексөздер тырнақшаларға алынады; - сөйлем соңында келтірілген дәйексөз, тіпті егер дәйексөздегі бірінші сөз дереккөзде кіші әріптен басталып тұрса да, бас әріптен бастап жазылады; - дәйексөздерде дәйексөз алынған дереккөзде берілген тыныс белгілері сақталады; - егер сөйлем толығымен алынбаса, алынып тасталған мәтіннің орнына дәйексөз ретінде келтірілетін сөйлемнің алдында, оның ішінде немесе соңында көп нүкте (...) қойылады. Мәтінде келтірілген барлық дәйексөздер, сондай-ақ көрсетілген сандар, фактілер және мысалдар бойынша пайдаланылған дереккөздерге сілтемелер жасалуы тиіс. Әрбір дәйексөздің соңында нүкте қойылмай, араб санымен сілтеменің реттік нөмірі көрсетіледі, ал дәйексөз орналасқан беттің төменгі жағында дереккөздің сипаттамасы беріледі. [1,5б]. Егер бір бетте сол бір дереккөзге бірнеше сілтеме келтірілетін болса, оның сипаттамасы бірінші сілтемеде ғана беріледі, ал қалғандарында «Сонда» сөзі жазылады және дереккөз бетінің нөмірі көрсетіледі. Егер ескертпе жеке сөзге қатысты болса, сілтеме белгісі – тікелей сол сөздің жанында; егер ол сөйлемге қатысты болса, сөйлем соңында тұруы тиіс. Тыныс белгілеріне қатысты сілтеме белгісі оның алдына қойылады (сұрақ белгісі мен леп белгісін және көп нүктені санамағанда). Сілтемелер мен ескертпелер өздері қатысты бетте бір интервал арқылы, 10-шы шрифтпен рәсімделеді. Бүкіл жұмыс бойынша белгілі бір дереккөздерден (оқулықтардан, оқу құралдарынан, мерзімдік әдебиеттен және т.б.) материалдар алынған жағдайда сілтемелер келтіру қажет. Сілтемелер болмаған жағдайда дипломдық жұмыс қорғауға жіберілмейді. Жұмыста дәйексөз келтірілместен пайдаланылған дереккөздерге де сілтеме беріледі. Пайдаланылған дереккөздерге сілтемелер шаршы жақшаларда [ ] келтіріледі. Зерттеу жұмысының нәтижелерін жариялау. Мақала жазудың талаптары Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары білім берудің негізгі бөлігі және маман даярлау сапасын арттырудың тиімді тәсілі болып саналады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары студентте ғылыми-зерттеу еңбегінің дағдыларын қалыптастырып, қазіргі заманғы маман дайындау талабына сай зерттеуші (ғалым), басқарушы (менеджер), практик деңгейінде шығармашылық бастамаларын дамытып, ғылыми-техникалық үдеріс жетістіктерін тәжірибеде қолдануға бағытталуы қажет. ҒЗЖ-ға қатысу студентті кәсіби пәнді терең меңгеруге, олардың ғылыми, техникалық және әлеуметтік дүниетанымын кеңейтуге, жаңа идеяларды өз бетінше игеруге, ғылыми ақпараттар тасқынында жедел әрі тиімді бағыт ұстануға бейімдейді. Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысының басты мақсаты: - жоғары білімді мамандар даярлау сапасын нарықтық экономика талаптары сұранысына сәйкестендіре арттыру; - таным мен зерттеудің ғылыми тәсілдерін қалыптасыра отырып, шығармашылық-кәсіби ойлау дағдысын қалыптастыру; - бірыңғай білім (оқу және тәрбие), ғылым және тәжірибелік үдерістерді қамтамасыз ету; - әр студентке шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға, ғылыми зерттеу және ғылыми шығармашылық бағыттағы конкурстарға әрқайсысына сұранысқа сай және мақсатты ұстанымдары мен мүмкіндіктеріне орай толыққанды қатысуды қалыптастыру, құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық т.т. бағытта өсуіне жағдай жасау және оны дамыту. СҒЗЖ-ның негізгі міндеттері: - өз саласы бойынша пікірлер мен ой-пайым (1-ші мамандыққа сәйкес) қалыптастыру, дағдылар мен тәсілдерге баулу, (бірыңғай білім және ғылыми үдерістер аясында) ойлау жүйесін меңгерту; - студенттерге ғылыми таным жүйесін меңгерту; - студенттерді ғылыми зерттеу тәсілдерімен, тәжірибе жүргізу және шешім қабылдау теориясы методикасымен таныстыру; - ғылыми және тәжірибелік тапсырмалар бойынша өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру; - ғылыми ұжымда жұмыс істеу мен ондағы жұмысты ұйымдастыру тәсілдерімен танысу дағдыларын қалыптастыру; - студентті шығармашылыққа қажеттілікке, өз бетімен білім алуға, өз білімін ұдайы жетілдіруге, ғылыми материалды тереңдей және шығармашылық тұрғыдан меңгеруге үйрету; - отандық және шетелдік әдебиеттермен ұдайы жұмыс істеу қазжеттілігі мен дағдысын, патенттік қорлармен жұмыс істеу білуді қалыптастыру; - қазіргі заманғы ақпараттық технология мен ақпараттық қарым-қатынас (Internet, электронды пошта, т.т) тәсілдерін меңгерту; - қоғамның экономикалық, әлеуметтік немесе рухани өрлеуіне негіз болатын ғылыми бағыттар өзектілігін бағалауды қалыптастыру; - студенттің қызығушылығын кафедраның білім-ғылым бағытымен тығыз қарым-қатынасқа бейімдеу, оқытудың бинарлық үдерісінде оқытушы мен оның студенттің шығармашылық байланысын шыңдау. Ғылыми жұмыстарға қойлатын талаптар: Өзекті болу және қойылған талапты орындау; Ғылыми зерттеу элементтерінен құралу; Материалдардың нақты құрылымы мен тізбегі болу; Әр түрлі қазіргі заманғы ақпараттық, математикалық, бағдарламалық және тағы басқа CASE- құралдармен орындау; Жасалған бағдарламалық ұйымдастырылу сипаттамасы мен листингісі түрінде алынған нәтижелерді дәлелдеу. Зерттеу жұмысын презентациялау. II-деңгей Фразаны өңдеңіздер. Мәтінге қандай сөздер қосуға болады? Барлық физикалық денелер құралады заттар, және барлық физикалық тұрғыдан зерттеледі болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды. Физикалық құбылыстар болады: механикалық, жылу, дыбыс, оптикалық, электрлік және магниттік. Кейде мен басқа да физикалық құбылыстар. Барлық физикалық денелер заттардан құралады және болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстар физикалық тұрғыдан зерттеледі. Физикалық құбылыстар механикалық, жылу, дыбыс, оптикалық, электрлік, магниттік болып бөлінеді. Кейде басқа да физикалық құбылыстарды көре аламыз. Мәтінді өңдеңіз. Механикалық физикалық құбылыстарға жатады, әр түрлі қозғалыс және өзара іс-қимыл тел. Адам болуы мүмкін, доп тап беті Жер және отскакивать, планетаның жылжыту бойынша орбитам айналасында өз жұлдыздардың, автомобильдер жылдамдық (жеделдеуі) лифт арқылы көтерілуге және опускаться. Механикалық физикалық құбылыстарға денелердің әртүрлі қозғалыстары мен өзара әрекеттесуі жатады. Адам жүре алады, доп жер бетімен соқтығысып, секіре алады, планеталар өз орбиталары бойынша жұлдыздарының айналасында қозғалады, автомобильдер жылдамдығы көтеріледі (жылдамдайды), лифт көтеріліп, түседі. Мәтінді редакциялаңыз Оптикалық құбылыстар байланысты жарық. Көре білу жануарлардың (соның ішінде және адам) пайда болды арқасында, бұл табиғатта бар жарық. Әсерінен жарықтың өсімдіктер синтезируют органикалық заттар (бұл оптикалық құбылыс!). Мұндай бөлім ретіндегі физиканың оптика зерделейді, жарық күші, көрсетіледі заттардан преломляются арқылы өте отырып, әр-түрлі қоршаған орта. Оптикалық құбылыстар жарықпен байланысты. Жануарларда (соның ішінде адамдарда) көру қабілеті табиғатта Жарық болғандықтан пайда болды. Жарықтың әсерінен өсімдіктер органикалық заттарды синтездейді (бірақ бұл оптикалық құбылыс емес!). Физиканың оптика сияқты бөлімі жарықтың қалай таралатынын, заттардан шағылысатынын, әртүрлі ортадан өтіп, сынғанын зерттейді. Ұзын сәйлемді біренше бөліктерге бөліңіз Лондондық темір ұстасының отбасында дүниеге келген және бастауыш сыныпта оқып сауат ашқан атақты ағылшын физигі Майкл Фарадей (1781 – 1867) әрі қарай оқуын жалғастыруға отбасының қаржылық мүмкіндігі болмағандықтан, 13 жасында кітап дүкеніне қолбала, соңынан кітап түптеуші болып жұмыс істей жүріп өз бетінше білім алған. Атақты ағылшын физигі Майкл Фарадей (1781-1867) 1781 жылы Лондондық темір ұстасының отбасында дүниеге келген Ол бастауыш сыныпта оқып, сауат ашқан. Әрі қарай оқуын жалғастыруға отбасының қаржылық мүмкіндігі болмағандықтан, 13 жасында кітап дүкеніне қолбала, соңынан кітап түптеуші болып жұмыс істей жүріп өз бетінше білім алған. 5. Ұзын сәйлемді біренше бөліктерге бөліңіз Г. Дэви – электр тогының қышқылдар мен тұздарды ыдырататынын дәлелдеген, калий және натрийді металл күйінде бөліп алған, екі мұз кесегін біріне-бірін үйкегенде жылу бөлінетінін анықтаған және жер астында көмір қазушы жұмысшыларға арналған қауіпсіз шамды (кейіннен ол шам «Дэви шамы» деп аталып кеткен) ойлап тапқан ғалым. Электрхимия Дэвидің ғылыми жұмыстарынан бастау алған. Г. Дэви – электр тогының қышқылдар мен тұздарды ыдырататынын дәлелдеген. Калий және натрийді металл күйінде бөліп алған. Сонымен қатар екі мұз кесегін біріне-бірін үйкегенде жылу бөлінетінін анықтаған. Ол жер астында көмір қазушы жұмысшыларға арналған қауіпсіз шамды ойлап тапқан ғалым. Кейіннен ол шам «Дэви шамы» деп аталып кеткен. Электрхимия Дэвидің ғылыми жұмыстарынан бастау алған. 6. Дәйексөзді дұрыс рәсімдеңіз. Атақты физик Альберт Эйнштейн: - Ғылым тілінің әдеттегі түсінігіміздегі сөздерден айырмашылығы неде? Ғылыми ұғымдар мен ғылыми тілдің баршаға ортақ болуына оларды әр кезде бүкіл халықтардың данышпан ойшылдарының тұжырымдауы себеп болған. Егер ақырғы эффекті ескерілетін болса, олар әркімнің жеке-дара немесе бірлесіп күш жұмсауы нәтижесінде адамзаттың соңғы ғасырда өмірін өзгерткен техникалық төңкерістері үшін рухани құрал жасап шығарды, - деген болатын. Атақты физик Альберт Эйнштейн: «Ғылым тілінің әдеттегі түсінігіміздегі сөздерден айырмашылығы неде? Ғылыми ұғымдар мен ғылыми тілдің баршаға ортақ болуына оларды әр кезде бүкіл халықтардың данышпан ойшылдарының тұжырымдауы себеп болған. Егер ақырғы эффекті ескерілетін болса, олар әркімнің жеке-дара немесе бірлесіп күш жұмсауы нәтижесінде адамзаттың соңғы ғасырда өмірін өзгерткен техникалық төңкерістері үшін рухани құрал жасап шығарды»,- деген болатын. 7. Берілген үзінді қандай ғылыми стильге жатады? Оқулық; Меншікті ғылыми жанр; Физика – тәжірибелік ғылым: оның заңдары тәжірибе жүзінде дәлелденген, орныққан фактілерге негізделген. Физикалық заңдар сан жүзіндегі қатынастар болып табылады да, математикалық тілде тұжырымдалады Физика эксперименттік (ғылыми тәжірибелік) және теориялық физикаларға салаланған. Физика ғылымизерттеу нысандары (объектілері) бойынша – қарапайым бөлшектер физикасына, ядролық физикаға, атомдар мен молекулалар физикасына, газдар мен сұйықтар физикасына, қатты денелер физикасына, плазма физикасына, т.б. салаларға ажыратылған. Зерттелетін үрдістер (процестер) немесе материяның қозғалысына байланысты физика – материалдық нүкте және қатты дене механикасы, тұтас орта механикасы, термодинамика және статистикалық механика, электрдинамика, тартылыс теориясы, кванттық механика және өрістің кванттық теориясына ажыратылған. Зерттеу мақсатына сәйкес қолданбалық (қолданбалы оптикаға) физикаға топталған. 8. Мәтінге андатпа (аннотация) жазыңыз. Физика (грекше «физис – табиғат») – материяның құрылысы мен қасиеттерін және оның қозғалыстарын, табиғат құбылыстарының қарапайым, сонымен қатар ең жалпылама заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Физика ұғымы мен оның заңдары – бүкіл табиғаттану ғылымдарының негізіне қаланған. Физика дәл ғылымдар саласы болып табылады. |