Главная страница
Навигация по странице:

  • 9. Мәтіннен кілт сөздерді анықтап, жазыңыз. Кілт сөздер

  • 10. Мәтінді парафраза немесе перифразаны қолданып кішігірім конспект немесе тезис түрінде жазыңыз. Конспект

  • 11. «Қазақстан ғылымының бүгіні мен болашағы» тақырыбына өз ой толғанымыңызды жазыңыз. Көлемі – 15-20 сөйлем.

  • 12. Оқытушы мен студент арасындағы тақырып таңдау туралы диалогпен танысыңыз. Әңгімені қалай аяқтар едіңіз

  • 13. Сәтсіз құрылған тақырыптарды көрсетіңіз, ойыңызды дәлелдеңіз, өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

  • 14. Төмендегі ғылыми жоба тақырыптарының біріне жоспар құрыңыз.

  • 15. Диплом жұмысының (жобаның) құрылымдық элементтерін ретімен орналастырыңыз.

  • Мұқаба (сыртқы бет); титул беті; диплом жұмысының (жобаның) орындалуына тапсырма; мазмұны; кіріспе; негізгі бөлім; қорытынды (тұжырым); пайдаланылған әдебиет тізімі; қосымшалар (егер болса).

  • 16. Библиографияны рәсімдеуде оның құрылымдық элементтері қандай тізбекте орналасуы қажет Атап көрсетіңіз.

  • Библиографиялық сипаттаманың құрылымы мынадай элементтерді қамтиды: автордың тегі

  • 17. Журналдар мен газеттерден алынған дереккөздерді сипаттаудың құрылымдық элементтері қандай Мысал келтіріңіз.

  • 8. Дипломдық жұмыста формуланың рәсімделуін жазып көрсетіңіз. Формулалар мен теңдеулерді

  • 19. Кестелер мен суреттердің рәсімделуіне мысал келтіріңіз. Кестелер көрнекілік және көрсеткіштерді салыстырудың қолайлылығы үшін қолданылады.

  • Кестелерден басқа, барлық өзге суретті бейнелерді (сызбаларды, суреттерді, диаграммаларды) мәтінде суреттер деп атау қажет.

  • АЖ Экзамен толықтырылған. Академиялы жазу пнінен емтихан сРАтары iдегей Академиялы жазу


    Скачать 6.76 Mb.
    НазваниеАкадемиялы жазу пнінен емтихан сРАтары iдегей Академиялы жазу
    Дата22.02.2022
    Размер6.76 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАЖ Экзамен толықтырылған.docx
    ТипДокументы
    #370435
    страница5 из 6
    1   2   3   4   5   6

    Физика (грекше «физис – табиғат») – материяның құрылысы мен қасиеттерін және оның қозғалыстарын, табиғат құбылыстарының қарапайым, сонымен қатар ең жалпылама заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Физика ұғымы мен оның заңдары – бүкіл табиғаттану ғылымдарының негізіне қаланған. Физика дәл ғылымдар саласы болып табылады, сондықтан табиғаттың санмен бейнелеуге болатын заңдылықтарын зерттейді. Физика ежелгі заман ғылымы болғандықтан, жалпылама табиғат құбылыстары туралы бүкіл ілімдерді қамтыды. Білімдер мен зерттеу әдістерінің саралануына байланысты жалпылама ғылымнан жекелеген ғылыми салалар ажыратылып бөліне бастаған, соның бірі физика ғылымы болды. Физиканы өзге табиғаттану ғылымдарынан ажыратып бөлетін шекара – шартты бөлініс болып табылады және уақыт өткен сайын соны идеялар мен теориялар туындап, неше алуан жаңалықтармен толысып дамытылатын ғылымдардың ең өзектілерінің бірі.

    9. Мәтіннен кілт сөздерді анықтап, жазыңыз.

    Кілт сөздер: ақау, вакансия, нүктелік ақау, дислокация, сызықтық ақау, кристалдық торлар, деформация, люминесценция, кристалдану, механикалық кернеу т.б.

    АҚАУ(латынша «дефектус – кемшілік, ақау») – кристалдық торлардың идеал периодты атомдық құрылымнан кез келген ауытқуы. Ақаулар атомдық масштабтағы немесе макроскоптық өлшемдегі ақаулар бола алады.Ақаулар жылулық, механикалық және электрлік әсерлер ықпалымен кристалдану үрдісінде, сондай-ақ нейтрондармен, электрондармен, рентгендік сәулемен, ультракүлгін сәулемен сәулелендірілген кездері пайда болады.Қарапайым нүктелік ақау – атомы жоқ кристалдық тордың бос орны – вакансия (латынның «ваканс – бос орын» деген сөзінен қалыптасқан атау) болып табылады. Кристалдың өсуі кезіндегі пластикалық деформация үрдісінде кристалдарда дислокация(латынның «ығысу» деген сөзінен қалыптасқан) деп аталатын сызықтық ақаудың пайда болуы ықтимал. Ақауларды кристалдарда ішкі механикалық кернеулер тудыратын серпімді ауытқыған құрылымдар тудырады.Ақаулар жұту спектрлеріне және люминесценцияға, кристалдардағы жарықтың шашырауына әсерін тигізеді. Ақаулар электрөткізгіштікті, жылуөткізгіштікті, магниттік және сегнет электрлік қасиеттерді өзгертеді.
    10. Мәтінді парафраза немесе перифразаны қолданып кішігірім конспект немесе тезис түрінде жазыңыз.

    Конспект: Аморфты күй – қатты заттардың изотроптық қасиеттермен сипатталатын қатты күйі. Температура жоғарылаған кезде аморфты зат біртіндеп жұмсарып сұйық күйге ауысады. Аморфты күйдегі қатты дененің тұтқырлық коэффициенті жоғары, өте салқындатылған сұйық ретінде қарастыруға болады. Кейде «аморфтық күй» ұғымын сұйыққа да жалпылауға болады. Аморфты күй қорытпаны (балқыманы) тез салқындатқанда пайда болады.Мысалы, кристалл кварцты балқытып, соңынан балқыма тез салқындатылғанда аморфты кварцты әйнек пайда болады. Табиғатта аморфты күйдегі заттар кристалдық күйдегі заттардан аз кездеседі.

    Аморфты күй – қатты заттардың изотроптық қасиеттермен сипатталатын қатты күйі. Температура жоғарылаған кезде аморфты зат біртіндеп жұмсарып сұйық күйге ауысады. Бұл ерекшелік аморфты күйдегі заттардың қатаң периодтылығының болмауына байланысты туған. Кристалдарға қатаң периодтылық тән. Аморфты күйдегі заттардағы көрші бөлшектердің орналасуларында [жақын (таяу) реттілік деп аталған] сәйкестіктер бар. Арақашықтық алшақтағанда бұл сәйкестік кемитін болады, бірнеше тұрақты тор қашықтығындай аралықта әлгі сәйкестік мүлдем жойылады. Жақын
    реттілік сұйықтарға да тән, бірақ та тұтқырлықтың артуына байланысты
    көршілес бөлшектердің орындарының ауысу қарқындылығы бәсеңдейтін болады. Сондықтан да аморфты күйдегі қатты денені тұтқырлық коэффициенті
    жоғары, өте салқындатылған сұйық ретінде қарастыруға болады. Кейде
    «аморфтық күй» ұғымын сұйыққа да жалпылауға болады. Кристалдық күй
    термодинамикалық төменгі температураларда тұрақты болады. Бірақ та кристалдану үрдісіне молекулалардың «реттілікке келіп» үлгеруіне ұзақ уақыт қажет
    болуы мүмкін. Төменгі температураларда осы уақыт өте ұзақ болатындықтан,
    кристалдану күйі іс жүзінде іске асырылмайды. Сондықтан аморфты күй
    қорытпаны (балқыманы) тез салқындатқанда пайда болады. Мысалы, кристалл
    кварцты балқытып, соңынан балқыма тез салқындатылғанда аморфты кварцты
    әйнек пайда болады. Бірақ та өте тез салқындату көп жағдайда кристалданудың
    пайда болуына жеткіліксіз болады екен. Осының нәтижесінде көптеген заттарды
    аморфты күйде алу мүмкін болмайды. Солай бола тұрса да магниттік реттілігі
    бар бірқатар металдар-жартылайөткізгіштер алынған. Табиғатта аморфты күйдегі
    заттар кристалдық күйдегі заттардан аз кездеседі. Опал, обсидиан, янтарь,
    шайыр (смола), битум және полимерлер аморфты күйде бола алады. Аморфты
    полимерлердің құрылымы жақын (таяу) реттілікпен сипатталады.

    11. «Қазақстан ғылымының бүгіні мен болашағы» тақырыбына өз ой толғанымыңызды жазыңыз. Көлемі – 15-20 сөйлем.

    Қазақ ғылымы дамуының негізгі күші – ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары. ҚР Білім және ғылым министрлігінің жетекшілігімен еліміздегі оқу орындары жанынан ғылыми-зерттеу орталықтарының құрылуы да отандық ғылымның ілгерілеуіне өзіндік үлес қосуда. Елімізде білім беруді және ғылымды дамыту үшін түрлі шаралар кешенді іске асырылуда.

    Рас, отандық ғылымның қазіргі деңгейі өркениетті елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Себеп – қаржыландыру жүйесі мен ғылымды басқару мәселелері болып табылады. Маңыздысы – ғылымның елге, өнеркәсіптің дамуына қосатын үлесі, әкелер пайдасы. Бұл ретте біз әлемде 61-орындамыз. Бұл көрсеткіш дамыған елдер деңгейінен 24 есе төмен дегенді білдіреді.Осының алдын алу мақсатында еліміз жаңа бағдарламалар қабылдауда.

    Аталған бағдарламада отандық ғылымды дамытудың төмендегідей басты бағыттары мен міндеттері анықталып, соған сай жұмыс жүргізу көзделуде:

    Біріншіден, білім және ғылым жүйесінің кадрлық әлеуетін дамыту. Бұл тұста ғылымның зияткерлік әлеуетін нығайту басты мәселенің бірінен саналады. Жас ғалымдарды қолдау мақсатында конкурстар өткізу (конкурстық гранттар негізінде), PhD мен тағылымдамаларға арналған гранттар санын көбейту, жас ғалымдарға арнайы ғылыми гранттар бөлу, қазақстандық жобаларды іске асыруды шетелдік ғалымдарды тарту арқылы жүзеге асыру отандық ғылым дәрежесінің көтерілуіне үлес қоса алады.

    Екіншіден, жастарды ғылымға тарту мақсатында жас ғалымдар қауымдастығын құру, ғылымға деген қызығушылықты арттырып, ғылым дәрежесін өсіру және жас ғалымдардың санын арттыру үшін өңірлік ғылыми форумдар өткізіп, ғылыми-танымдық журналдарды қолданысқа енгізу және ғалым кәсібінің беделін барынша насихаттауды жүзеге асыру да мәселенің оңтайлы шешу жолынан болмақ.
    Бұл тұста бағдарлама үш бағытты көздейді: ғылыми әлеуетті дамыту, кадр резервін күшейту және көшбасшыларды дамыту бойынша стратегиялық HR-менеджментті енгізу жөніндегі жұмыстарды кешенді түрде жүргізу.

    Қорытындылай келгенде, Ғұлама ғалым әл-Фараби «Ғылымы жоқ елдің – болашағы жоқ» деген екен. Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында: «Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі», – деген болатын. Мемлекет басшысы айтпақшы, біздің заманымыз – ғылым мен білімнің дамуына білек түріп белсене кірісетін кезең.

    Ендігі кезекте бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша ғылым көрсеткіші жоғары болатындығына сенім мол!
    12. Оқытушы мен студент арасындағы тақырып таңдау туралы диалогпен танысыңыз. Әңгімені қалай аяқтар едіңіз?

    О: Қандай тақырыпты таңдадыңыз?С: Университеттегі академиялық адалдық туралы жазғым келеді.О: Неліктен осы тақырыпты таңдадыңыз?С: Бақылау жұмыстары, емтихан кезінде тапсырманы өзі орындаған студент төмен, ал көшірген студент жоғары баға алып жататыны жасырын емес. Студенттердің барлығы академиялық адалдықты сақтау керек екенін біледі, бірақ бұл тәртіп жиі бұзылады. Неге?О: Бұны білу сізге не үшін қажет?С: Академиялық адалдық қағидатының сақталмауы нормаға айналып кете ме деп қорқамын, олай болса, студент оқу бітіргеннен кейінгі ересек өмірінде де осылай жасауы мүмкін ғой.О: Сонда сіз мына сұрақтардың қайсысына жауап іздегіңіз келеді? Академиялық адалдық деген не? Академиялық адалдық қағидаттарын тиімді енгізудің жолдары қандай? Студенттердің академиялық адалдық қағидаттарын бұзуының себептері қандай

    С: «Студенттердің академиялық адалдық қағидаттарын бұзуының себептері қандай?» деген сұраққа, себебі Академиялық адалдық қағидаларының нормалары мен қағидаттарының негізгі бұзушылықтары қарастыра аламын. Мысалы:

    1. Плагиат:

    • бөтен адамның жұмысын немесе жұмысының үзінділерін авторды көрсетпей, өзінің атын жамылып әдейі пайдалану, оның ішінде алыс-берісті рәсімдемей, дереккөздермен жұмыс істеу кезінде “copy-paste” тәсілін пайдалану арқылы ауыстыру;

    • авторды көрсетпей, біреудің идеяларын өзіне тиісті етіп әдейі көрсету;

    • қабылданған ережелерге сәйкес мәтін арасында сілтемедердің, библиографияның, дәйексөздерді көрсетудің түріндегі дереккөздерге (мәтін, иллюстрация, фотосурет) сілтемелердің болмауы.

    1. Көшіріп жазу (емтиханда, Quiz-де, бақылау жұмысында):

    • емтиханда/бақылау жұмысында пайдалануға тыйым салынған материалдар мен заттарды (шпаргалкалар мен басқа да жазбалар, баспа көздері; телефондар, планшеттер, компьютерлер мен басқа да электронды құрылғылар) пайдалану және/немесе оларға қандай да бір қолжетімділікті қамтамасыз ету;

    • басқа жұмыстан көшіру;

    • ауызша сыбыр сөздерді пайдалану.

    1. Сөз байласу:

    • берілген жұмысты көшіріп жазу және жұмысты өз бетінше жасалған ретінде тапсыру, сонымен қатар жұмысты көшіруге рұқсат беру;

    • оқытушының рұқсатынсыз қандай да бір тәсілмен емтиханның/бақылау жұмысының нақты тапсырмалары туралы ақпаратты ұсыну;

    • ұжымдық алдаудың түрлі нысандары, кімді болса да сөз байласу арқылы ұжымдық түрде алдау.

    1. Бұрмалау:

    • мәліметтерді ойдан шығару және бұрмалау (шын мәнінде орындалмаған тәжірибенің, сауалнаманың, орындалған жұмыс туралы есептің, ақпарат көздерінің тізімдерін);

    • жалған құжат жасаудың түрлі нысандары.

    13. Сәтсіз құрылған тақырыптарды көрсетіңіз, ойыңызды дәлелдеңіз, өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

    1. Әлемнің ақпараттық моделі

    2. Кибернетикалық физика

    3. Астрофизиканың заманауи мәселелері

    4. Әлемдік космонавтиканың негізгі жетістіктері

    5. Лазерлер және оларды қолдану

    6. Радиациялық физика негіздері

    14. Төмендегі ғылыми жоба тақырыптарының біріне жоспар құрыңыз.

    1. Нанокөміртекті материалдар

    2. Әлемнің ақпараттық моделі

    3. УДЗ физикалық принциптері

    4. Графен және графан: құрылымы, қасиеттері, қолдану перспективасы

    5. Радиация және адам денсаулығы

    1. Кіріспе

    2. Негізгі бөлім

    1. Радиация және оның түрлері

    2. Радиация зияны

    3. Радиоактивті заттардан қорғану

    4. Радиацияның адам ағзасына әсері

    5. Қазақстандағы радиациялық жағдайлар

    1. Қорытынды

    15. Диплом жұмысының (жобаның) құрылымдық элементтерін ретімен орналастырыңыз.

    титул беті; мұқаба (сыртқы бет); мазмұны; кіріспе; пайдаланылған әдебиет тізімі; негізгі бөлім; қорытынды (тұжырым); қосымшалар (егер болса), диплом жұмысының (жобаның) орындалуына тапсырма

    Мұқаба (сыртқы бет); титул беті; диплом жұмысының (жобаның) орындалуына тапсырма; мазмұны; кіріспе; негізгі бөлім; қорытынды (тұжырым); пайдаланылған әдебиет тізімі; қосымшалар (егер болса).

    16. Библиографияны рәсімдеуде оның құрылымдық элементтері қандай тізбекте орналасуы қажет? Атап көрсетіңіз.

    Библиографияда баспа туындыларына библиография сипаттама берудің маңызы ерекше. Ол белгіленген ереже бойынша жасалады. Библиография сипаттамада автордың атыжөні, шығарманың тақырыбы, басылым орны, мерзімі, көлемі туралы мәлімет беріледі. Қажет жағдайда мазмұндалған (аннотацияланған) сипаттама жасалады. Библиография атқаратын қызметіне қарай – ретроспективті (ағымды, өткенді шолу) және перспективті (басып шығаруға дайындалған өнімдер), тақырыбына қарай – салалық, өлкетану, елтану, сын және жалпы әмбебап болып бөлінеді. Сонымен қатар библиографияның қосымша түрлері – библиографияның жалпы жағдайын, дамуын қадағалайтын және еліміздің белгілі ғалымдарының, ақын-жазушыларының, қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы мәлімет беретін биобиблиография деген түрі де болады.

    Библиографиялық сипаттаманың құрылымы мынадай элементтерді қамтиды:

    автордың тегі мен аты-жөні, атауы, кімнің редакциясымен шыққандығы, томы, бөлімі, шығарылымы, басылып шыққан орны, баспасы, жылы. Автордың тегі атау септігінде көрсетіледі. Аты-жөні тегінен кейін жазылады. Егер авторлар екеу немесе үшеу болса, барлық авторлардың тектері мен аты-жөндері дереккөздегі нұсқасымен беріледі. Басылып шыққан орны қысқартылып жазылады. Басылып шыққан жылы «ж.» әрпінсіз, толық көрсетіледі.

    17. Журналдар мен газеттерден алынған дереккөздерді сипаттаудың құрылымдық элементтері қандай? Мысал келтіріңіз.

    Журналдар мен газеттерден алынған дереккөздерді сипаттау кезінде авторлардың тектері мен аты-жөндері, мақаланың атауы, содан соң екі қиғаш сызық (//), журналдың немесе газеттің атауы, нүкте, сызықша, жылы, сызықша, журналдың нөмірі немесе газеттің шыққан мерзімі, нүкте жазылады.




    8. Дипломдық жұмыста формуланың рәсімделуін жазып көрсетіңіз.

    Формулалар мен теңдеулерді мәтіннен жеке жолға бөліп көрсету қажет. Әрбір формуладан немесе теңдеуден жоғары және төмен бір бос жолдан кем емес орын қалдырылуы тиіс. Егер теңдеу бір жолға сыймайтын болса, ол теңдік белгісінен (=) немесе қосу (+), алу (–), көбейту (х), бөлу (:) белгілерінен немесе басқа да математикалық белгілерден кейін келесі жолға көшірілуі тиіс, әрі сол таңба келесі жолдың басында қайталанады. Формулалар үшін белгілердің өлшемдері: бас әріптер мен сандар – 7-8 мм, кіші әріптер – 4 мм, дәреже көрсеткіштері мен индекстер – 2 мм-ден кем емес. Таңбалар мен сандық коэффициенттердің мәндерін түсіндіру тікелей формуланың астында, формулада берілген бірізділігінде келтірілуі тиіс. Әрбір таңбаның мәні жаңа жолдан, тікелей формулада келтірілген бірізділігінде беріледі. Таңбаларды түсіндірудің алғашқы жолы, соңынан қос нүкте белгісі қойылмастан, «мұндағы» деген сөзден басталады. «Мұндағы» сөзі жол басында бос жер қалдырылмастан жазылады. Таңбаларды түсіндіру кезінде әрбір таңбаның мәні үтір арқылы, ал оның өлшем бірлігі қысқартылған түрде беріледі. Дипломдық жұмыстағы (жобадағы) формулалар бүкіл жұмыс шегінде формуламен бір жол бойында оң жақ шетінде дөңгелек жақшаларға алынған араб сандарымен реттік нөмірленеді. Формулаларды бөлім шегінде нөмірлеуге болады. Мұндай жағдайда формуланың нөмірі нүктемен бөлінген бөлім нөмірінен және формуланың реттік нөмірінен тұрады, мысалы: (5).
    19. Кестелер мен суреттердің рәсімделуіне мысал келтіріңіз.

    Кестелер көрнекілік және көрсеткіштерді салыстырудың қолайлылығы үшін қолданылады. Кестелердің тақырыптары қысқа және кесте мазмұнын толық көрсететін болулары тиіс. Кестенің атауы кестенің үстінде «1-кесте» деген сөздерден кейін келесі жолда азат жол басындағы бос жерден бастап орналасуы тиіс. Кестенің реттік нөмірі № белгісінсіз көрсетіледі. Кестелер мен графикалық материалдарды рәсімдеу З қосымшада көрсетілген. Кестелерді дипломдық жұмыс бойынша оның басынан аяғына дейін нөмірлеуге болады. Жеке тарау шегінде нөмірлеуге де болады, бұл орайда шифр тарау, параграф нөмірлерінен және кестенің реттік нөмірінен тұрады. Кестені ол туралы алғаш сөз болатын мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналастыру қажет. Дипломдық жұмыста (жобада) барлық кестелерге сілтемелер болуы тиіс. Сілтеме беру кезінде «кестені» оның нөмірін көрсете отырып жазу қажет.

    Жолдарының саны көп кестені келесі параққа (бетке) көшіруге болады. Кестенің бір бөлігін басқа параққа (бетке) көшіру кезінде «кесте» сөзі және оның нөмірі кестенің бірінші бөлімінің үстіңгі сол жақ бұрышында бір рет көрсетіледі, басқа бөліктерінің үстіне кестенің нөмірі көрсетіледі және «жалғасы» сөзі жазылады, мысалы: «1-кестенің жалғасы». Кестені екінші параққа (бетке) көшіру кезінде тақырып тек оның бірінші бөлімінің үстіңгі жағында ғана орналастырылады. Кестенің бір бөлігін көшіру кезінде кестені шектейтін төменгі көлденең сызықты жүргізбейді. Бағаналарының саны көп кестені қосымшаға шығарған мақсатқа сай болады. Егер кестеде орналастырылған параметрлердің барлығы бір шамамен берілген болса, осы өлшем бірлігінің қысқартылған белгіленуі кестенің үстіңгі жағына орналастырылады.
    Кестелерден басқа, барлық өзге суретті бейнелерді (сызбаларды, суреттерді, диаграммаларды) мәтінде суреттер деп атау қажет. Суретті бейнелерді (сызбаларды, карталарды, графиктерді, диаграммаларды, фотосуреттерді) дипломдық жұмыста (жобада) тікелей олар туралы алғаш сөз болатын 15 мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналастыру қажет. Барлық суретті бейнелерге дипломдық жұмыста сілтемелер берілуі тиіс. Дипломдық жұмыстағы (жобадағы) сызбалар, графиктер, диаграммалар, суретті бейнелер Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесінің (КҚБЖ) мемлекеттік стандарттарының талаптарына сай болулары тиіс. Қосымшалардың суретті бейнелерінен басқа суретті бейнелер араб сандарымен бүкіл мәтін бойынша өтетін нөмірлену арқылы нөмірленуі тиіс. Егер сурет біреу болса, ол «1-сурет» деп белгіленеді. «Сурет» сөзі мен оның атауы жолдың ортасына орналастырылады. Суреттік бейнелерді бір бөлім шегінде нөмірлеуге болады. Мұндай жағдайда суретті бейненің нөмірі нүктемен бөлінген бөлім нөмірі мен суреттік бейненің реттік нөмірінен тұрады. Мысалы: 1.1-сурет. Қажет болған жағдайда, суретті бейнелердің атаулары және түсіндірмелік мәліметтері (сурет асты мәтіні) болуы мүмкін. «Сурет» сөзі мен оның атауы түсіндірмелік мәліметтерден кейін және былайша орналастырылады: 3-сурет. Ішкі аудит құрылымы. Суреттік бейнелердің рәсімделу үлгісін З қосымшадан қараңыз. Суреттік бейнелерге сілтемелер жасағанда, тұтас мәтін арқылы өтетін нөмірлену кезінде «2-суретке сәйкес» деп және бөлім шегінде нөмірленетін кезде «1.2-суретке сәйкес» деп жазу қажет. Диаграммалар көрнекі және анық болулары тиіс. Бет жиектеріне түсіндірмелік жазбалар жазуға тыйым салынады, оларды мәтінде немесе диаграмманың астына орналастыру қажет. Дипломдық жұмысты жазу кезінде диаграммалар мен графиктерді көрнекілік мақсатында түрлі-түсті етіп жасауға рұқсат беріледі.
    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта