АЖ Экзамен толықтырылған. Академиялы жазу пнінен емтихан сРАтары iдегей Академиялы жазу
Скачать 6.76 Mb.
|
20. Төмендегі дереккөзін рәсімдеудегі қателікті анықтап, түзетіңіз. Бөрібаев Б. Алматы: Қазақ университеті. Алгоритмдеу, мәліметтер құрылымы және программалаутілдері: Оқулық. – 2012. -235 б. Бөрібаев Б. Алгоритмдеу, мәліметтер құрылымы және программалау тілдері: Оқулық. –Алматы: Қазақ университеті, 2012. -235 б. 21. Төмендегі дереккөзін рәсімдеудегі қателікті анықтап, түзетіңіз. Кольтовер В.К. Термические конформационные переходы в электронпереносящих биологических мембран /Биофизика.- 2013.-Т. 18.- Вып.2., ч.1. - С. 827-833/ Кольтовер В.К. Термические конформационные переходы в электронпереносящих биологических мембран //Биофизика.- 2013.-Т. 18.- Вып.2., ч.1. - С. 827-833. 22. Электрондық ресурстың дұрыс рәсімделуін көрсетіңіз. Квициния М.Б. Архаические словесные формы рефлексирования//«Гуманитарные исследования в Восточной Сибири и на Дальнем Востоке». -2016- № 2. (дата обращения:19.03.2019)URL:https://cyberleninka.ru/article/.../arhaicheskie-slovesnye-formy-refleksirovaniya-abhaz Квициния М.Б. Архаические словесные формы рефлексирования [Электронный ресурс] //«Гуманитарные исследования в Восточной Сибири и на Дальнем Востоке». -2016- № 2. URL:https://cyberleninka.ru/a rticle/.../arhaicheskie-slovesnye-formy-refleksirovaniya-abhaz (дата обращения:19.03.2019) 23. «Мен неге физика мамандығын таңдадым?» тақырыбына шағын эссе жазыңыз. Эссе жазу үшін төмендегі жоспарды қолданыңыз. Эссе көлемі 15-20 сөйлемнен тұруы қажет Кіріспе. Мамандыққа қызығушылығымның көрінісі Негізгі бөлім. Мамандығыма қатысты дағдылар мен білімдер Мамандық таңдауыма әсер еткен тұлғалар Мамандық таңдауға қатысты шешімім Қорытынды Мамандығым мен болашағым. Мен неге физика мамандығын таңдадым? Мұғалім туралы өз ойымды: «мектептің жақсы болмағы, шәкірттің білімді болмағы, болашақта сол алған білімін өмірде өзіне және қоғам игілігіне жұмсай алатын азамат болып шығуы тікелей ұстазына байланысты,- деп бастағанды жөн көрдім. Әр адам бала шағында «өскенде кім боласың» дегенді сұрақты естіп өскені анық. Сол сияқты менің де бұл сұраққа жауабым анық еді. «Мен өскенде мұғалім боламын». Неге мұғалім? Мен мұғалімдікті ұнатқандықтан, кез келген адамға айтар жауабым осы болды. Мұғалім болу аса жауапкершілікті, ізденімпаздықты қажет ететін мамандық. Мұғалімнің әр оқушының алдында атқаратын маңызды міндеттері көп. Оқушының алдында тұрған жаннан оқушылар тәрбие алады. Тәрбие беру, баларды жақсы болуға үйрету мұғалімнің басты міндеті болып саналады. Мұғалім мамандығына қызығушылығымды менің сынып жетекшім ашқан болатын. Сол кісіге қарап, мен де өзімді сол кісідей елестетінмін. Мектеп бітірген уақытымда мен үшін мамандық таңдау қиын болмады. Себебі менде бір ғана «физика пәнінің мұғалімі» деген нұсқа тұрды. Бұл мамандықты біреудің ырқымен емес, өз қызығушылығыммен таңдағаныма қуанамын. Халқымызда «Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек. Жар таңдаудан және мамандық таңдаудан» деген сөз бар. Мен мамандық таңдаудан қателеспегенмі сенімдімін. Себебі, маған өз мамандығым ұнайды. Мен ұстазбын. Мен мұны мақтанышпен айта аламын. Мұғалім мамандығы ең көне және киелі мамандық. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін ұстаздың алдынан өтеді. Осы саналы ғұмырында адам баласы өмірге керекті адами асыл қасиеттерді ұстаздың бойынан іздейді. Менің мамандығым – менің болашағым, менің елімнің болашағы. Мұғалімдік -ол жай ғана мамандық иесі емес, ол –адал, әділетті , өз бойына бар жақсылықты жиған, өз білгенін басқаға сарқып беретін мейірімді жан. Ұстаздың алдында үлкен де, кіші де шәкірт болып қала бермек. 24. Мәтін ішіндегі сілтеменің рәсімделуіне мысал келтіріңіз. Сілтемелер тұтастай құжатқа немесе олардың тарауларына және қосымшаларына жасалады. Стандарттар мен техникалық жағдайларға сілтемелерді жасау барысында тек қана олардың белгіленуі көрсетіледі, егер пайдаланған әдебиеттің тізімінде стандарттың толық сипаттамасы болса, оларды бекіту жылын көрсету қажет емес. Пайдаланған әдебиеттерге мәтіндегі сілтемелер квадрат жақшаға алынады. Мысалы, [2, 17 б.]. Газеттерден ақпаратты пайдалану барысында квадрат жақшаларда тек қана әдебиеттің нөмірін көрсетуге болады, мысалы, [7]. 25. Мәтін ішінде ескертпенің рәсімделуіне мысал келтіріңіз. «Ескерту» деген сөзді бас әріппен, әріптердің арасын ашық, сирек қылып теріп, астын сызбау керек. Мәтіннің, кестенің немесе графикалық материалдың мазмұнына түсініктемелер немесе анықтамалық деректер қажет болса, ескертулерді енгізеді. Ескертулерді мәтіндік, графикалық материалдан кейін немесе осы ескертулерге қатысы бар кестеге орналастыру керек. Егер ескерту біреу болса, «Ескерту» деген сөзден кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен теріледі. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулерді ретпен араб цифрларымен, нүкте қоймай нөмірлейді. Кестеге ескертуді кестенің соңында, кестенің аяқталуын белгілейтін сызықтың үстінен орналастырады. 26. Мәтінді екі бөлікке бөліп, редакциялаңыз: Электрстатикалық машинаны бөтелкелерден, гальвани батареясын – мырыш пен мыс шақалардан құрастырып, осылайша тұздар мен қышқылдардың электролизімен таныс болған оны осы тәжірибелердің қызықтырғаны соншалық, ең ақырында нағыз гальвани элементін жасай алған. Электрстатикалық машинаны бөтелкелерден,гальвани батареясын-мырыш пен мыс шақалардан құрастырып,осылайша,тұздар мен қышқылдардың электролизімен таныс болған. Осы тәжірибелердің оны қызықтырғаны соншалық,ең ақырында нағыз гальвани элементін жасай алған 27. Мәтінді үш бөлікке бөліп, редакциялаңыз: Білімдер мен зерттеу әдістерінің саралануына байланысты жалпылама ғылымнан жекелеген ғылыми салалар ажыратылып бөліне бастаған, соның бірі физика ғылымы болды: физиканы өзге табиғаттану ғылымдарынан ажыратып бөлетін шекара – шартты бөлініс болып табылады және уақыт өткен сайын соны идеялар мен теориялар туындап, неше алуан жаңалықтармен толысып дамытылатын ғылымдардың ең өзектілерінің бірі. Білімдер мен зерттеу әдістерінің саралануына байланысты жалпылама ғылымнан жекелеген ғылыми салалар ажыратылып бөліне бастаған. Соның бірі физика ғылымы болды. Физиканы өзге табиғаттану ғылымдарынан ажыратып бөлетін шекара – шартты бөлініс болып табылады және уақыт өткен сайын соны идеялар мен теориялар туындап, неше алуан жаңалықтармен толысып дамытылатын ғылымдардың ең өзектілерінің бірі. 28. Мәтінді парафраза арқылы редакциялаңыз. Қазіргі кезде ғылыми атаулар ара-тұра өзге тілдерде де аталуда, осылайша халықаралық ортақ тілде аталған ғылыми атаулардың қалыптасқан тілдегі мән-мағынасын әр халықтың тіліндегі балама атаулары бойынша анықтау қабылданған. Әрбір ғылыми атау, мысалы «ФИЗИКА ( грекше «физус – табиғат») деген атаудың қандай мағыналы сөзден қалыптасқандығы, яғни шығу тегі – этимологиясы бойынша түсіндірілген. 29. Дереккөзін рәсімдеу кезінде кеткен қателерді анықтаңыз: Хрестоматия по истории древнего мира: В 3-х т. / Под ред. В.В. Струве. – Т. 1: Древний Восток. М.: Гос. учебно-педагогическое изд-во, 1950. 359 с. Хрестоматия по истории древнего мира. Т. 1. Древний Восток. Под редакцией академика В.В. Струве. М.: Государственное учебно-педагогическое издательство министерства просвещения РСФСР, 1950.- 359 с Мәтінді дәйексөз қолданып парафраза арқылы өңдеңіз. Атақты физик Альберт Эйнштейн ғылым тілінің әдеттегі түсінігіміздегі сөздерден айырмашылығы болатындығын, ғылыми ұғымдар мен ғылыми тілдің баршаға ортақ болуына оларды әр кезде бүкіл халықтардың данышпан ойшылдарының тұжырымдауы себеп болғандығы; егер ақырғы эффекті ескерілетін болса, олар әркімнің жеке-дара немесе бірлесіп күш жұмсауы нәтижесінде адамзаттың соңғы ғасырда өмірін өзгерткен техникалық төңкерістері үшін рухани құрал жасап шығарғандығы туралы айтқан. Эйнштейннің осы ойынан шығатын қорытынды: ғылым дегеніміз – ұжымдасқан, яғни көптеген білімдердің жиынтығы екенін аңғарамыз және ғылыми атаулар әр ел ғалымдарының еңбектерінің нәтижелерінен қалыптасатындықтан, олар көпшілікке түсінікті болу үшін ортақ бір тілде тұжырымдалатын болған. Атақты физик Альберт Эйнштейн ғылым туралы:ол басқа сөздерден басқа,ерекше екенін,басқада ғалымдардың ой-пікірлерін және ол сөздің барлық адамдарға ортақ болуына,және сол арқылы адамзаттың соңғы ғасырларында бірлесіп күш жұмсау нәтижесінде шыққандығы туралы айтады.Ал осы ойды қорытындылайтын болсақ,ғылым-бұл көптеген білімдердің жиынтығы және бұл ғылыми атаулар әр елдің ғалымдарының тәжірибелерінің нәтижесінде қалыптасатындықтан,барлық адамдарға түсінікті ету үшін ортақ тілде баяндап тұжырымдаған екен. |