Главная страница
Навигация по странице:

  • Библиографиялық тізім

  • Әдебиет тізімін ресімдеу

  • Бақылау-өлшеу материалдары

  • Эссенің түрлері : 1. Аргументті эссе.

  • 2. Салыстырмалы эссе.

  • 4. Хабарламалық эссе.

  • Эссенің құрылымы және жоспары

  • Эссеннің негізгі тақырыбы мен мақсаты

  • Эссеніжазукезеңдері : Проблеманыанықтау - ойлау - жоспарлау - жазу - тексеру . Эссежазуталаптары

  • Рефератпен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері

  • Реферат түрлері Материалдың баяндалуына қарай рефераттар ақпараттық (реферат-конспект) және индикативтік (реферат-түйіндеме) болып 2-ге бөлінеді. Реферат-конспектте

  • Курстық жұмысты дайындау, орындау жэнс оны қорғау процесі бірнеше кезеңнен тұрады

  • Курстық жұмыстың түрлері: Есептеу және графикалық; ғылыми зерттеу; есеп беру жұмысы; кешендік Есептеу және графикалық курстық жұмыстың сипаты

  • Ғылыми-зерттеу курстық жұмыстың сипаты

  • Кешендік курстық жұмыстың сипаты

  • АЖ Экзамен толықтырылған. Академиялы жазу пнінен емтихан сРАтары iдегей Академиялы жазу


    Скачать 6.76 Mb.
    НазваниеАкадемиялы жазу пнінен емтихан сРАтары iдегей Академиялы жазу
    Дата22.02.2022
    Размер6.76 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАЖ Экзамен толықтырылған.docx
    ТипДокументы
    #370435
    страница3 из 6
    1   2   3   4   5   6

    Сілтемелер мен библиографиялық тізімді ресімдеудің қазақстандық стандарты бойынша пайдаланылған әдебиет тізімі үтірмен бөлініп, төртбұрышты жақшаның ішінде берілген сілтемелердің мәтін ішінде кездесу реті бойынша құрылады.

    Библиографиялық тізім - мәтіннің маңызды бөлігі, осы тізім бойынша зерттеуге баға беру басталады. Қарастырылып отырған мәселе бойынша сізге дейінгі зерттеулер міндетті турде көрсетілуі тиіс.

    Кейбір зерттеушілер библиографиялық тізімге осы тақырып бойынша оқыған әдебиетінің барлығын кіргізуге тырысады. Бұл, бір жағынан жақсы, екінші жағынан жаман. Жақсысы - сіздің осы тақырып бойынша зерттеулермен таныс екеніңізді көрсетеді, жаманы - сіз көрсеткен дереккөздің барлығы нақты осы мәселеге тікелей қатысы болмауы мүмкін. Сол себептен библиографиялық тізімге зерттеу кезінде нақты қолданылған әдеби, ғылыми, статистикалық және басқа да дереккөздер енгізілгені дұрыс. Қажет деп санасаңыз, жұмысыңызда нақты қолданылмаған, дәйексөз келтірілмеген, бірақ сіздің қандай да бір идеялық ұстанымдарыңызды көрсететін дереккөздерді беруіңізге болады.
    Әдебиет тізімін ресімдеу

    Әдебиет тізімі кез келген ғылыми жұмыстың негізгі бөлігі болып табылады. Бұл тізімге жұмыста сілтеме жасалған, тақырыпқа қатысы бар әдебиеттер, мұрағат материалдары, көрген туындылар кіреді. Тізімдегі әдебиеттердің берілу нұсқалары:

    • әліпбилік;

    • құжаттардың типтері бойынша;

    • жүйелік;

    • пайдалану реті бойынша (тараулар мен бөлімдер бойынша);

    • хронологиялық және т.б.

    Әдебиет тізімін құрған кезде жалпыға ортақ қабылданған стандартты ұстану керек. Әдебиегтер дереккөзі МемСТ 7.1-2003-ке сәйкес ресімделеді. Дереккөздер туралы мәліметтерді мәтіндердегі сілтеме жасау тәртібіне қарай орналастырып, нүкте қойылмаған араб цифрларымен белгілеп, абзацтық шегініс арқылы жазу керек. Пайдаланылған дереккөздерге жасалған сілтеме төртбұрышты (квадрат) жақшаның ішінде көрсетіледі.



    1. Бақылау-өлшеу материалдары







    1. Эссе. Эссенің түрлері

    Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai-тәжірибе, лат.m.exagium-құрау)-философиялық,әдеби, тарихи,публицистикалық,әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың  жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.

    Эссе – шағын көлемді прозалық мәтін. Эссеге батыл болжамдар, өткір ұсыныстар, талас тудыратын пікірлер, ойлар, қозғау саларлық байламдар тән. Онда автордың жеке көзқарасы, өзіндік пікірі көрініс табады.

    Эссенің түрлері: 1. Аргументті эссе. Пікірді, көзқарасты растайтын, қолдайтын немесе
    жоққа шығаратын дәлелдер келтіріліп, аргументтермен түйінделіп
    отырады. 2. Салыстырмалы эссе. Бірнеше мәселе­­ талқыланып, олардың арақатынасын ажыратып жазу көзделеді. 3. Сипаттамалық эссе. Детальдар арқылы жер, зат, адам бейнесіне сипаттама беріледі. 4. Хабарламалық эссе. Адам өз тәжірибесіне сүйене отырып, өз тұрғысынан, өзіндік көзқараспен оқиғаны сипаттап жазады. Бұл эссе өткен шақта немесе осы шақта жазылады. 5. Дискуссивті эссе. Екі жақты пікірді салыстырмалы түрде талдай отырып, қорытынды шығарып жазады. 6.Анықтамалық эссе. Нақты дәлелдер арқылы терминнің мағынасын ашу көзделеді.


    1. Эссенің құрылымы.Эссені жазу ережелері

    Эссе дегеніміз(фр. тіл. essai-тәжірибе, лат.m.exagium-құрау)-философиялық,әдеби, тарихи,публицистикалық,әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың  жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.

    Эссе-еркін композициялық құрылымға негізделген немесе көркем-публицистикалық жанрдың бір түрі.Эссе қатаң түрде жоспарға негізделуі міндетті емес.Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге негізделеді.

    Эссенің құрылымы және жоспары 

    Эссенің құрылымы оған талап етілетіндермен анықталады:

    Эссенің авторының ойы қысқаша тезистер қалпындағы мәселелер бойыншабаяндалады.Көп жағдайда ауызша және жазбаша хабарламалар үш негізгі композициялық бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды.Оқырманды қызықтыру үшінкіріспе бөлімжанды, нақты, күшті және мінсіз (өзіндік) болуы керек. Онда оқырманға үндеу, афоризм, жалпы ой, жеке тәжірибеге сілтеме, аналогия, ассоциация, тұжырым, сұрақ, жеңіл ескертпе  т.б. болуы мүмкін. Кіріспе мен негізгі бөлім арасындағы қатынас сақталуы керек. Егерде эссенің  жалпы көлемі 500 сөз болса, кіріспеге 50 сөз алу ұсынылады.Негізгі бөлім тақырыптың бірізді баяндалуы болып табылады, жазылған мәселе бойынша ұсыныстар мен көзқарастарды бейнелі түрде жеткізеді, жазбаша хабарландырудың мақсаты мен бағытына сілтейтін ой желісін құрайды, дәлелдемелері мен сілтемелері бар, идеяны дәлелдемелер мен нақты мысалдар арқылы нақтылайды. Мұнда әртүрлі айқындау құралдары  қолданылады.Қорытынды бөлімде әдеттегідей қорытынды жасалады, жазылған мәселе мәні мен мазмұнын күшейтеді, автордың ойымен сәйкес келетін көңіл-күй мен сезімді анықтайды.Эссеннің негізгі тақырыбы мен мақсаты, сонымен қатар оның жеке тақырыпшалардың мақсаты анықталу керек.Оқырман назарын аудару үшін жарқын нақыл сөздер, парадокс, аллегорияны, қызықты фактіні және т.б. қолданыңыз.Эссе тақырыпша, абзац, параграфтарға бөлінеді. Әр абзац арасында логикалық байланыс болу керек. Осылайша эссе бүтін болады.Ол экспрессивті, эмоционалды және көркем болуы керек. Оны қарапайым қысқа сөйлемдерден жеткізуге болады.

    Жоспары:


    1. Кіріспе бөлімі

    1. Эссенің тақырыбын түсінгені туралы сөйлем

    2. Тақрыптың өзектілігі туралы жазу

    3. Тезис (позиция,ұстаным,негізгі идея)

    4. Кіріспе бөлімнен негізі бөлімге өтуші сөйлем




    1. Негізгі бөлім

    1. Тезисті қолдаушы пікір

    2. Пікірге қатысты аргумент

    3. Анализ

    4. Абзацты қортындылаушы сөйлем

    5. Негізгі бөлімнің бір абзацынан екінші абзацына өтуші сөйлем

    6. Тезисті қолдаушы пікір

    7. Пікірге қатысты аргумент

    8. Анализ

    9. Абзацты қортындылаушы сөйлем

    10. Негізгі бөлімнің бір абзацынан екінші абзацына өтуші сөйлем

    11. Тезисті қолдаушы пікір

    12. Пікірге қатысты аргумент

    13. Анализ

    14. Абзацты қортындылаушы сөйлем




    1. Қорытынды бөлім

    1. Кіріспе бөлімдегі тезиске қайта оралу

    2. Негізгі бөлім абзацтарының түйіні

    3. Эссені қорытындылаушы сөйлем.


    Эссеніжазукезеңдері: Проблеманыанықтау-ойлау-жоспарлау-жазу-тексеру.

    Эссежазуталаптары:

    -Жекекөзқарастыңкөрінісі;

    -Деректідәйектер;

    -Теориялықнегіздеме;

    -Терминдердіқолдану;

    -Дәйексөздеркелтіру;

    -Логикалықзаңдылықтардыңсақталынуы;

    -Салыстыру және қорытындылау;

    -Сауаттылық (пунктуациялық,орфографиялық,стильдік)



    1. Реферат. Реферат жазу ережелері

    Реферат (латынша referat – баяндасын, refero – баяндаймын) – кітап мазмұны, ғылыми жұмыс, ғылыми зерттеу қорытындылары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау; белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндама. Реферат ғылыми-ақпараттық сипатта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында ізденушілерді ғылыми ізденіс пен талдауға баулу мақсатында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарында жасалатын баяндамалар да, ғылым кандидаты немесе докторанты дәрежесін алу үшін диссертация қорғаушының авторефераты да Рефератқа жатады.

    Реферат жазу ережелері

    Рефератпен жұмыс жасаудың 4 негізгі бағыты көрсетіледі:
    1 Рефератпен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері
    2 Рефераттың құрылымы
    3. Рефератты ресімдеудегі талаптар
    4. Рефератты қорғау

    Рефератпен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері

    - тақырыпты таңдап онымен танысу;
    - реферат тақырыбы бойынша ақпарат көздерін табу
    - әдебиттерді зерттеу
    - жиналған материалдың жүйелілігі
    - рефератты жазу

    Рефератты жазудағы ең басты кезеңнің бірі - тақырыпты таңдау. Реферат тақырыбын таңдаған кезде барынша дербестік көрсеткен дұрыс. Сіздің қызығушылығыңыз бен икемділігіңізге келетін тақырып таңдалып, сол тақырыпқа сай жұмыс жасалғанда, оның нәтижесі әсерлі болады. Алайда, сіз тапсырманы формальды түрде емес, адал орындайтын болсаңыз, әдіскер ұсынған тақырып та сізді қанағаттандыра, қызықтыра алады. Реферат сәтті болуы үшін қажетті материалдар мен әдебиттерді іздеп табу керек. Бұл үшін ақпаратты алудың негізгі көздерімен танысқан дұрыс: анықтамалық және библиографиялық басылымдармен және кітапхананың мерзімдік басылымдарымен.Көлемі 10 беттен кем емес, А4 форматында, шрифті - 14 Times New Roman немесе 12 Arial KZ, интервалы 1,0.
    Титулдық бетте рефераттың тақырыбы мен кітапхана көрсетіледі. Рефераттың жазылуының жылы мен орны астыңғы жақта ортасында, жеке бетте конкурсқа қатысудың сұранымы болады. Сұраным формасы:
    Қатысушының аты-жөні, тегі:
    Жасы
    Қысқаша биографиясы (эссе)
    Кітапхана
    Тақырыбы
    Мекен-жайы, байланыс телефоны, e-mail
    Рефератпен жұмыс жасаған кезде ақпарат көздеріне сілтеме жасап, сонымен қоса оларды дұрыс ресімдеу керек.
    Сілтемені:
    - дәйексөздерде
    - сандарды, деректерді, атауларды көрсеткенде
    - ұйғарымдарды анықтаған кезде жазу керек.
    Сілтемелер түрлі тәсілдермен ресімделеді. Мысалы: жолма-жол әр беттегі келтірілген сандар мен дәйексөздер "1-ден бастап әрі қарай" сандармен белгіленеді немесе саны артатын "жұлдызшалармен" белгіленеді, мәтіннің төменгі жағындағы әр беттік сілтеме негізгі бөліктен 3-4 см. сызықпен бөлінеді, сызықтың астында сілтеменің номері мен библиографиялық сипаттама көрсетіледі.





    1. Рефераттың түрлері



    Реферат түрлері
    Материалдың баяндалуына қарай рефераттар ақпараттық (реферат-конспект) және индикативтік (реферат-түйіндеме) болып 2-ге бөлінеді.
    Реферат-конспектте түпнұсқаның негізгі мәселелері жалпылама түрде беріледі.

    Реферат-түйіндеме анағұрлым қысқа болады. Ол реферат-конспектпен салыстырғанда жалпылаудың жоғары дәрежесін қажет етеді.

    Рәсімделуі мен қабылдануы бойынша рефераттар жазбаша және ауызша бола алады.

    Деректердің қамтылу дәрежесі бойынша рефераттар монографиялық, жинақтық, таңдамалы және шолу рефераттары болып бөлінеді.

    Монографиялық реферат бір ғана дереккөзге (материалға) сүйеніп жазылады, жинақтық реферат – бірнеше мақалалар, кітаптар мен құжаттарды пайдалану арқылы болса, шолу реферат – арнайы тақырып немесе бағыт бойынша қысқа шолу ретінде жазылады; таңдамалы реферат  - жеке тараулар, бөлімдер немесе материал бойынша жазылады.


    1. Курстық жұмыс.Курстық жұмыстардың түрлері. Курстық жұмыстағы жұмыс кезеңдері.

    Курстық жұмыс - студентті өз бетімен зерттеу жұмысын орындау әдістемесіне үйретудін бір нысаны болып табылады. Оқу жоспарында курстық жұмысты орындау:

    - студенттің өз бетімен ғылыми зерттеу жұмысын жұргізу қабілетін дамытуды;

    - ұсынылған зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттермен жұмыс жүргізу әдістемесін қалыптастыруды;

    - курстық жұмыс жазу кезінде зерттеу мәселесі бойынша қойылған міндеттерді орындау барысында зерттеу әдісі және мүмкіндігі бойынша эксперименттер жасауды меңгеруді;

    - студенттің өзекті мәселелерді іздеу қабілетін дамыту жэне алынған нәтиженің теориялық және тәжірибелік маңызын түсіне білуін;

    - жүргізілген зерттеуді негізге ала отыра объективті, негізді қорытындылар жасай білу шеберлігін дамытуды қамтамасыз етеді.
    Курстық жұмысты дайындау, орындау жэнс оны қорғау процесі бірнеше кезеңнен тұрады:

    1. курстық жұмыстың тақырыбын тандау және бекіту;

    2. акпарат көздерін тандау және зерттеу;

    3. курстық жұмыстың мазмұны мен оны рәсімдеуге қойылатын талаптарды зерттеу;

    4. курстық жұмысты жазу;

    5. курстық жұмысты жазуды аяқтау және оны кафедраға ұсыну;

    6. қорғау үшін баяндама тезистерін дайындау;

    7. курстық жұмысты қорғау.
    Курстық жұмыстың түрлері: Есептеу және графикалық; ғылыми зерттеу; есеп беру жұмысы; кешендік

    Есептеу және графикалық курстық жұмыстың сипаты: мұндай жұмыс оқу үдерісіндегі алынған дағдыларды бекітуге және қолдануға арналған

    Ғылыми-зерттеу курстық жұмыстың сипаты: алған білімдерін қолдану, тақырыпты іздеу және зерттеу. Жұмыс студенттің бастамасы бойынша жасалады.

    Есеп беру курстық жұмыстың сипаты: негізінен арнайы күшті қажет етпейтін жұмыс - өткен материалдан немесе тәжірибеден кейін студент курстық жұмыс түрінде есеп жасайды

    Кешендік курстық жұмыстың сипаты:бұл екі немесе одан да көп пәндер бойынша орындалатын жұмыс
    Кіріспе

    Кіріспеде зерттелетін мәселенің қазіргі кездегі жағдайына қысқаша сипаттама беріледі және курстық жұмыстың тақырыбының көкейкестілігі талданады, студентгің тақырыпты тандау себебі, жұмыстың зерттелу деңгейі, мақсаты көрсетіледі, курстық жұмыс тақырыбын ашу мақсатында негізгі міндеттер койылады. Сонымен қатар жұмыстың кұрылымы көрсетіледі.

    Негізгі болім

    Курстық жұмыстың бұл кұрылымдық элементін тарауларға, бөлімдерге және пункттерге бөлу қажет болып табылады. Бір тараудан екіншісіне көшу курстық жұмыстың мазмұнымен анықталады. Алайда барлық тараулар бір-бірімен тығыз байланысты жэне қисынды кезектілікпен берілуі қажет.

    Қорытыңды

    Қорьггындыда зерттеу нәтижесінде жасалған негізді түйіндер мен ұсыныстар беріледі, сонымен қатар қойылған міндеттердің шешілу деңгейі көрсетіледі. Түйіндер курстық жұмыстың мазмұнын, маныздылығын жэне жұмыстың тиімділігін толық сипаттайтын қысқа әрі нақты болуы керек. Қорытындыда жүмыстың мазмұнында бірде-

    бір рет айтылмаган жаңа ақпараттар болмауы керек. Қорытынды мэтіні 2-3 бетте мазмүндалады.


    1. Курстық жұмысты қорғауға дайындық. Курстық жұмысты қорғау процедурасы


    Курстық жұмыс ғылыми жетекшіге оның рәсімделуінің дұрыстығын соңғы рет қарауына және сынақ аптасынан 10 күн бұрын ұсынылуы қажет.

    Егер ғьшыми жетекші курстық жұмысты тексеру барысында ескертулер табылса, жұмыс студентке ондағы ескертулерді жоюға кайтарылады. Егер студент ескертулерді түсінбесе ғылыми жетекшіге сұрақтар қоюы қажет. Студент жұмысқа түзетулер енгізгеннен кейін оны тағы бір рет оқып, ондағы түзетулерден пайда болған қисынсыздықтарды жойып, грамматикалық қателерін тексеру кажет.

    Курстық жұмыстың соңында пайдаланылған қайнар көздер тізімінен кейін студенттің қолы, жұмыстың аяқталу мерзімі көрсетіледі (күні, айы және жылы).

    Курстық жұмыс папкаға тігіліп бір данада кафедраға тапсырылады. Ғылыми жетекші курстык жұмыстың соңғы нұсқасын тексергеннен кейін титульдік бетке курстық жұмысты қорғауға жіберетінін немесе жібермейтінін бекітетін қолын қояды.

    Курстық жұмысты корғаудың мақсаты болық автордың жұмыстың тақырыбын ашу денгейін, мәселені зсргтеудің өздігінен жүргізілуі мен терендігін, түйіңдер мен ұсыныстардың негізділігін аиықтау табылады.

    Курстық жұмысты қорғауға студент мұқият дайын болуы керек: ол баяндама тезисін кұрастырады, қажеттігінше илюстрациялық материалдарды (кестелер, сызбанұсқалар, диаграммалар жәнс т.б.) дайындайды; жеке қағаз бетінде курстык жұмыста мазмұндалған, теориялық және тәжірибелік маңызы бар жұмыстың ерекше мәнді ережелерін мазмұндайды. Баяндама тезистерін дайындауды студент курстық жұмысты кафедраға ұсынғаннан бірден бастауы қажет.

    Баяндама жасауға студентке 5-7 минуттан аспайтьш уақыт беріледі.

    Студентке ғьшыми жетекші мен қорғауға қатысушы кез келген адам сұрақтар қоюы мүмкін. Қойылған сұрақтарға студент қысқа, бірақ дәл жауап беруі керек. Курстық жұмысты қорғаудьщ нәтижесін ғылыми жетекші «өте жаксы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» деп бағалайды.

    1. Плагиат. Плагиатқа тексеру


    Плагиат деп (өзгелерден алу) дипломда қағазда немесе электрондық түрде жарияланған басқа жұмыс мәтіндерін, оларға сілтеме жасамай пайдалануды және алынған материалдар көлемі жұмысты немесе оның бөлімдерін автордың өзі жазғаны туралы күмән тудырған кездерді айтады. Плагиат деп негізгі мәтінді сөзбе-сөз көшіруді немесе алынған мәтіннің сөздерін алмастырғанмен, мағынасын өзгертпей қолдануды да айтуға болады. Плагиат дипломдық жұмысты (жобаны) студенттің өзі орындамай жазғандықтан, оқу тәртібін бұзған болып саналады. Дипломдық жұмысты (жобаны) «Антиплагиат» жүйесі арқылы тексеру нәтижелері қорытынды баға қою кезінде есепке алынады. Студент дипломдық жұмысты (жобаны) өз өтінішімен бірге оған "Антиплагиат" жүйесі жөніндегі тексеру нәтижесін қоса отырып, кафедраға МАК (Мемлекеттік аттестациялау комиссиясы) емтихандарының жұмысы басталғанға дейін 2 аптадан бұрын кешіктірмей табыс етуі керек.

    Жоғары оқу орнында реферат жазу студенттердің алған білімдерін көрсету үшін курс қорытындысы бойынша есеп беру сипатында жиі қолданылады. Интернеттің дамығаны соншалық, Қазақстанда және бүкіл әлемде білім-ғылымның түрлі салалары бойынша дайын рефераттардың таралуына кең жол ашылды. Кейбір интернет-ресурстар дайын жұмыстарды ақшаға немесе ақысыз жүктеп алуды ұсынады. Желілерден дайын рефераттарды жүктеп алуға көп күш жұмсалмайды. Тек сыртқы бетін өзгертсе, жетіп жатыр, алайда мұндай көшірулер білім сапасының нашарлауына әкеліп соғуда.
    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта