Главная страница
Навигация по странице:

  • Дәріс - ақпарат

  • Екілік дәріс

  • тезисі дегеніміз

  • Әріптік-дыбыстық аббревиатура

  • Дыбыстық аббревиатура

  • Аббревиатураларды жазуда қолдану

  • Дәйексөз (лат. Сііо - келтіремін, шақырамын)

  • 2. Мәселені қалыптастыру қызметіндегі дәйексөздер

  • 3. Құралдық немесе бағдарлық қызметтегі дәйексөздер

  • 4. Ғылыми ұғымдарды нақтылау қызметіндегі дәйексөздер.

  • 5. Дәйектеу қызметіндегі дәйексөздер.

  • 6. Болжау қызметіндегі дәйексөздер.

  • Дәйексөздерді рәсімдеу ережелері Қандай тыныс белгілерін қою керек 1.

  • МӘТІНДЕ Сілтемелердің рәсімделуі.

  • Семинар-сұхбат

  • Библиографиялық сілтемелер. Күрделі библиографиялық сілтемелерді құру Сілтеме дегеніміз

  • АЖ Экзамен толықтырылған. Академиялы жазу пнінен емтихан сРАтары iдегей Академиялы жазу


    Скачать 6.76 Mb.
    НазваниеАкадемиялы жазу пнінен емтихан сРАтары iдегей Академиялы жазу
    Дата22.02.2022
    Размер6.76 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАЖ Экзамен толықтырылған.docx
    ТипДокументы
    #370435
    страница2 из 6
    1   2   3   4   5   6

    Дәріс түрлері:

    Кіріспе лекцияда курспен жұмыс істеудің жалпы әдістерін әңгімелеу, курсқа ұсынылған оқулықтар мен оқу құралдарының сипаттамасын беру, қажетті әдебиеттер тізімімен таныстыру, емтихан талаптары мен басқа да курсты толықтыратын оқу түрлері туралы әңгімелеу пайдалы болады. Осындай кіріспе студенттердің курстың жалпы мазмұны мен құралымын пайымдауына көмектеседі, оларды лекциямен және арнайы әдебиеттермен жұмыс істеуге бағыттайды, курспен жұмыс істеу әдістерімен таныстырады.

    Дәріс - ақпарат жалпы ақпараттық сипатта болады. Ақпаратты түсінуге және есте сақтауға жатады. Дәрістердің көп бөлігі осыған ұқсас түрде өткізіледі.

    Шолу дәрісі тақырып туралы мәліметтерді жинақтайды. Әдетте бұл дәрістер қысқа сағаттарға арналады.Шолу жасау лекцияларында емтихан билеттеріне енгізілген күрделі, өте қиын сұрақтарды нақтылап қарау және бөліп көрсету пайдалы.

    Проблемалық дәрісті оқытушы дайындайды және белсенді студентті (студенттерді) тартады. Дәріс диалогтық сипатқа ие, студент мәселені өз бетінше қоюға және талқыланатын мәселелер бойынша әртүрлі көзқарастарды салыстыра отырып, оның шешімін табуға тырысады.

    Дәріс-визуализация (бейне-дәріс) ақпараттық технологиялардың қазіргі заманғы шарттарын жүргізудің ең танымал түрлерінің бірі. Жұмыстың бұл формасы оқытушы көрнекі материалды қолданып, оның мәнін түсіндіріп, құбылыстың, процестің, оқиғаның белгілі бір сипаттамаларын баса көрсетсе тиімді болады. Көрнекілік есте сақтаудың қалыптасуына әкеледі, көрсетілген суреттерді, суреттерді, кестелерді және т.б. материалдарды салыстыру кезінде ассоциативті ойлауды қалыптастырады.

    Екілік дәріс - бұл даулы ғылыми мәселе бойынша оқытушы мен студент арасындағы диалог түрінде дәрістің сирек қолданылатын түрі.

    Дәріс-кеңес беру "сұрақ-жауап" типі бойынша, әсіресе студенттерді емтиханға дайындамас бұрын жүзеге асырылады.

    Баяндаманың, мақаланың немесе басқа да көлемді материалдың тезисі дегеніміз - логикалық жағынан бір-бірімен байланысты жекелеген ережелердің жиынтығы.

    Кез келген тезисті жазудың негізгі мақсаты - қолдағы бар материалды жинақтап қорыту, оның негізгі ойын қысқаша беру, көлемі жағынан үлкен баяндаманың немесе мақаланың мазмұнын ашу; мәселеге терең бойлап, оған талдау жасау және басқалардың ойына өз ойын қарсы қоя білу не өзгенің ойын толықтыра білу.

    Басқа ғылыми мәтіндерден тезистің айырмашылығы оның көлемінің аздығында (1 -2 бет), соған қарамастан, тезисте баяндаманың (мақаланың) барлық негізгі идеясы берілуі керек. Оқырман сапалы жазылған тезистен тұтас жұмыс туралы мәлімет алады және толық көлемдегі материалмен танысудың қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.

    Әдетте, тезистің көлемі 1-2 бет болып белгіленеді. Кейде сөз немесе таңба санымен белгіленеді. Тезистерді ресімдеудің жиі кездесетін талаптары Times New Roman, 12 шрифт, бір интервал, Word форматты құжатта, басылған мәтіннің 1 бетінде шамамен 45 қатар немесе 5-7 абзац болады.

    Тезис жазу алгоритмі

    1.Сіздің тезисіңіз қандай типке жататынын анықтаңыз және тиісті құрылымды таңдаңыз.

    2.Сіздің жұмысыңыздың негізгі нәтижесі немесе тұжырымы не болатынын анық белгілеңіз.

    3.Тезиске тақырып таңдаңыз.

    4. Тезис құрылымын құрыңыз. Әр бөлімде не айтатыныңызды, тезистің негізгі идеясын бір сөйлеммен беріңіз. Әдетте, тезис мәтініндегі бір бөлімге (нақтырақ айтқанда, әрбір идеяға) бір абзацтан сәйкес келуі керек. Егер сіздің бір бөліміңізде бірнеше идея болса, бұл бөлім бірнеше абзацтан тұрады. Осылайша, сіз тезистің жоспарын түп-түгел жасап аласыз.

    5. Жазған тезисіңізді мұқият оқып шығыңыз, тақырыптың толық ашылуына бөлімдер мен абзацтар жеткілікті ме, тағы бір рет тексеріңіз.

    6. Тезисті ресімдеу талаптарын мұқият оқыңыз. Тезистің көлеміне мән беруді ұмытпаңыз.

    7. Дайын болған тезисті ғылыми жетекшіңізге, танысыңызға көрсетіп, тезистің мазмұны, жаңалығы, жұмыстың стилі туралы олардың ой-пікірін тыңдаңыз. Егер айтарлықтай түзетулер мен толықтырулар қажет десеңіз, енгізіңіз.

    8. Дайын тезисті конференцияның ұйымдастыру комитетіне жіберіңіз


    1. Аббревиатура


    Аббревиатура (итал. abbreviatura, ab - қысқару, brevio - қысқа сөзінен) - негізгі сөз тіркестеріне енетін бастапқы сөздер дыбыстарынан немесе бастапқы әріптерден жасалған сөз.

    Аббревиатура ежелден жазба тілі бар барлық халықтың жазба материалдарында қолданылды. Қысқартудағы басты мақсат мәтіндік ақпаратты тасымалдаушыларда (керамикалық тақтайшалар, жарғаққа жазылған жазулар, т.б.) орынды үнемдеумен және жиі қолданылатын сөздер мен сөз оралымдарын жазуда шапшаңдық танытумен байланысты болған. Алғашқы деген қысқартулар қатарында антикалық жазбалар танылады, кейіннен қолжазбаларда да тарала бастады. Ежелгі римдік аббревиатуралар немесе «тиротандық таңбалар» жүйесі римдік тахиграфияның негізі болып табылады. Кейіннен латын тілімен бірге орта ғасырларға жетіп, ең алдымен қолжазбалар мен тиындарда көрініс тапты. ХІ ғ. бастап мадақтамаларда көрінген аббревиатуралар XVI ғ. дейін өз қолданысын жойған жоқ. Бұл кезеңдегі латын қолжазбалары мен тиындарындағы аббревиатуралар негізінен сөз қалдырудан, әсіресе әріптер қосылысынан тұрады. Ал соңғы римдік қаріптерде аббревиатуралардың барлық түрі дерлік кездесіп отырған. Орта ғасырларда өз жалғасын заң, медицина және діни мәтіндерде тапты.

    Әріптік аббревиатура — негізгі сөз тіркестеріне енетін сөздердің бастапқы әріптер әліпбилік атауларынан жасалған аббревиатура (Мысалы: қаз. ҚР - Қазақстан Республикасы, ГФР - Герман Федеративтік Республикасы, ҰҒА - Ұлттық Ғылым Академиясы).

    Әріптік-дыбыстық аббревиатура - негізгі сөз тіркестеріне енетін жартылай сөздердің бастапқы дыбыстарынан, жартылай бастапкы әріптерінен жасалған аббревиатура (Мысалы: ҚазҮУ- Қазақ Үлттық Университеті); Күрделі-қысқартылған сөз.

    Дыбыстық аббревиатура - негізгі сөз тіркестеріне енетін сөздердің бастапқы дыбыстарынан жасалған аббревиатура (Мысалы: қаз. ұжымишр - ұжымдық шаруашылық).[2]

    Инициалдық - қысқартылып жазылған сөз тіркесіндегі басқы әріптерден немесе дыбыстардан ғана құралады. Мыс., ҚР (Қазақстан Республикасы), ҰFA (Ұлттық ғылым академиясы). Сондай-ақ, т.б. (тағы басқалары), т.с.с. тағы сол сияқты қолданылады;

    'Буындық - сөз тіркесіндегі сөздердің бастапқы буындарынан немесе алғашқы сөздегі бастапқы буын мен соңғы сөздің түтастай тіркес тірілуінен құрылады. Мысалы, Қазақиарат (Қазақ акпарат агенттігі), ұжымшар (ұжымдық шаруашылық). Аббревиатура ғылымда. әдебиетте, баспасөзде, ресми құжат- тарда көп қолданылады. Арабтік көр­кем әдебиетте де кездесіп отырады.

    Аббревиатураларды жазуда қолдану:

    Аббревиатура дербес сөз, бір ұғымның біртұтас дыбыстық айтылуы болып табылады. Оны жазуда қолдану кезінде соңғы әріптің мәнін ашудың қажеті жоқ, өйткені аббревиатураға дұрыс жалғау жалғанбауы мүмкін.

    Егер аббревиатураның бір әрпінің мәні ашылса, онда толық атауы қолданылуы қажет, бұл жағдайда қалған әріптердің де мәні ашылуға тиіс. Аббревиатураға септік жалғауын бүтін сөзге қолданатындай жалғау қажет, сол кезде үндестік заңының ережесін қолданған жөн: ұяң дыбыстан соң - ұяң, қатаң дыбыстан соң – қатаң, жіңішке дыбыстан соң - жіңішке, жуан дыбыстан соң жуан жалғау жалғануы қажет және т.с.с.

    Әріптік аббревиатураларда дауыссыз дыбыстардың атауы [ы] жуан дауысты дыбыс арқылы айтылады, мыналардан басқа: «к», «г», бұлар әрқашан жіңішке [кі], [гі] болып айтылады.

    Мысалы: ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ТОО – товарищество с ограниченной ответственностью) бұл әріптік аббревиатура үш буынмен оқылады [жы шы сы]. Осы аббревиатураны сөйлемде қолдану кезінде оған жуан жалғау жалғанады, өйткені әріпті атау үшін қатаң [с]-мен қолданылатын соңғы [ы] дыбысы, жуан болып айтылады. Мысалы: «Сұңқар» ЖШС-нан, «Бүркіт» ЖШС-ның.

    Толық атауларды пайдалану кезінде септік жалғауы соңғы сөзге жалғанады. Мысалы: «Сұңқар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен, «Бүркіт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері.



    1. Дәйексөз. Дәйексөздерді рәсімдеу ережелері

    Дәйексөз (лат. Сііо - келтіремін, шақырамын) -түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянақтау, біреудің _ пікіріне сын айту, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады. Дәйексөздің қайдан алынғаны толық көрсетілуі керек.Дайексөз негізінен баспасөзматериалдарында, ғылыми еңбектерде, кітаптар мен әртүрлі қолжазбаларда, баяндамалар және сөйлеген сөздерде келтіріледі. Дәйексөздерді ғылыми еңбектерде пайдаланғанда, сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды одан әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғана ол өз міндетін атқарады. Әдетте, зерттеу еңбектерінде ғалымдар мен әдебиет, мәдениет, өнер қайраткерлерінің пікірлерінен дәйексөздер алынып отырады. Мұның өзі үлкен талғаммен, орынды алынса, еңбектің сапасын арттыруға септігін тигізеді.Дәйек сөз көбінесе ықшам түрде алынады. Сөйлем ұзақ болған жағдайда керекті жерін алып, қысқартылған сөздер орнына көп нүкте қою шарты бар. Дәйек сөз, әдетте, тырнақшаға алынып жазылады. Міндетті түрде дәйек сөз алынған еңбек, оның авторының аты-жөні сілтемелерде анық, нақтылы көрсетілуі тиіс. Эпиграф та дәйек сөздің бір түріне жатады.

    Дәйексөздің танымдық қызметін оның қолданысына байланысты бірнеше

    топқа саралап көрсетеміз. Олар:

    1. Шолу қызметіндегі дәйексөздер. Мұндай қызметтегі дәйексөздер

    белгілі бір ғылыми мәселенің, идеяның, я болмаса теорияның қарастырылу

    тарихын жеткізу үшін пайдаланылады, ғылыми білімнің қаншалықты өсу

    динамикасын бейнелейді, ғылыми-тарихи, хронологиялық, биографиялық

    сипаттағы ақпаратты жеткізеді, қарастырылып отырған саланың қазіргі ахуалын

    (мәтіннің жазылу кезіндегі) көрсетеді.

    2. Мәселені қалыптастыру қызметіндегі дәйексөздер. Дәйексөз зерттеу

    мәселесі бойынша түйінді мәселені алға шығарып немесе қалыптастырып,

    соның мазмұнын ашуға қызмет етеді, бұрыннан бар білімді талдаудың негізінде

    жаңа білімнің аумағын нақтылайды.

    3. Құралдық немесе бағдарлық қызметтегі дәйексөздер. Бұл

    дәйексөздер ғылыми айналымдағы бар зерттеудің әдістемесі мен әдістері,

    оларды бағалау және сол арқылы зерттеушінің жаңа білім алудағы танымдық ісәрекетінің қалыптасуын көрсетеді.

    4. Ғылыми ұғымдарды нақтылау қызметіндегі дәйексөздер. Дәйексөз

    алдыңғы зерттеушілердің пайдаланған ұғымдарын түсіндіруді мақсат етеді, сол

    ұғымдардың мазмұнын ашып, дәйексөз келтіруші автор мен басқа да ғалымдар

    оларды бағалайды.

    5. Дәйектеу қызметіндегі дәйексөздер. Дәйексөз дәйектеуші құрал

    ретінде жаңа білімді негіздеу барысында дәлелдеу тетіктерін пайдалана отырып

    қолданылады, сөйтіп, зерттеу нысаны туралы жаңа ғылыми білімнің мазмұнын

    қалыптастырады

    6. Болжау қызметіндегі дәйексөздер. Дәйексөздер автордың тың

    тұжырымдарын бейнелеу мақсатында зерттеу саласының перспективаларын

    көрсетуге қатысады. Мұндай қызметтегі дәйексөздер алдыңғы түрлеріне

    қарағанда аз ұшырасады, солай бола тұра, ғылыми мәтіндерде кездесіп тұрады.

    Дәйексөздерді рәсімдеу ережелері

    Қандай тыныс белгілерін қою керек

    1.Егер бастапқы дәйексөз кезеңмен аяқталса,дәйексөзден кейін үтір мен сызықша қойылады.

    Мысалы:

    Дерек көзі

    Қысқасы, іс қағаздары - каррион. Ол көркем әдебиетке де, күнделікті өмірге де, ауызша сөйлеуге де енеді.

    Дәйексөз мәтіні (керегі)

    «Кеңсе - бұл каррион», - деп ойлады Нора Гал.


    1. Сілтеме. Сілтеменің рәсімделуі

    Сілтеме - бұл құжатты немесе оның бір бөлігін анықтайтын жазба. Құжатта басқа құжатқа сілтеме жасау үшін, сондай-ақ құжаттың бір бөлігін екінші бөлімімен байланыстыру үшін қолданылады. Құжатты толық сәйкестендіру библиографиялық жазба түрінде кітапхана ісінде қолданылады.

    МӘТІНДЕ Сілтемелердің рәсімделуі.Сіздің жұмысыңыздың мәтінінде сілтемелер библиографияда келтірілген жұмыстың толық библиографиялық сипаттамасының қысқаша көрсеткіші ретінде қызмет етеді. Әдетте сілтеме сіздің жұмысыңыздың мәтініне қосылады. Егер сілтеме қиындау болып шықса яғни егер бірнеше жұмыс көрсетілген болса немесе сілтеме қосымша түсініктемелермен қоса берілсе, оны ескертпеге орналастыруға болады.Егер сіз белгілі бір жерді көрсетпей немесе сілтеме жасамай-ақ дереккөзді көрсетсеңіз, онда жақшаның ішінде автордың аты-жөні және шығарманың шыққан жылы (Arendt, 2012) көрсетілсе жеткілікті. Егер бірнеше мәтіндер көрсетілсе, оларға сілтемелер нүктелі үтірмен бөлінеді (Арендт, 2012; Мартарт, 2010).Егер сіз шығармадағы белгілі бір орынға сілтеме жасасаңыз, онда сілтеме сонымен бірге жұмыстың сәйкес парағын (парақтарын) көрсетеді, мысалы: (Arendt, 2012, 56) немесе (Marchart, 2010, 23-24).Хронологиядағы дұрыс бағдар үшін тарихи сипаттағы мәтіндерге сілтеме жасау кезінде шығарманың алғашқы жарияланған күні (есепті оқу немесе қолжазбаны аяқтау) көрсетілуі керек. Бұл жағдайда төртбұрышты жақшаға сіздің мәтініңізде келтірілген басылымның шыққан жылымен бірге, шығарманың алғашқы жарияланған жылы, есепті оқуы және т.б. Мысалы: (Гуссерл, 2009 [1911]).


    1. Ескертпе(сноска). Ескертпенің рәсімделуі.

    Ескертпе - жолақтың төменгі жағында немесе мәтіннің соңында орналастырылған жазба. Тағы бір анықтамасы - бұл парақтың төменгі жағында, оны негізгі мәтіннен бөліп тұрған жолдың астына орналастырылған мәтін. Ескертпе мәтіні негізгі мәтінмен ескертпе белгісі арқылы байланыстырылады.

    Ескертпелер әдетте қаріп өлшемінде негізгі мәтіннен төмен жазылады және одан бос орын немесе сызық арқылы бөлінеді.

    Ескертпелер, әдетте, ол ескертпе жасаған негізгі мәтіннің фрагменті сияқты бір жолақта (сол бағанда) орналасқан. Алайда келесі тәсілдерді қолдануға рұқсат етіледі:

    • өте ұзын ескертпе кезінде оның мәтінін беттер ішінде, арасында бөлуге болады және төтенше жағдайда оның шеңберінен шығуға болады;

    • барлық ескертулерді тек оң жақтағы жолдың төменгі жағындағы екі бас жолақтарына орналастыра аласыз

    • таңдауларда ескертулерді бір-біріне орналастыруға болады, бұл әсіресе қысқа ескертулер үшін пайдалы.




    1. Электрондық ресурстарды рәсімдеу Қашықтан қол жеткізу режимі

    Квициния М.Б. Архаические словесные формы рефлексирования [Электронный ресурс] //«Гуманитарные исследования в Восточной Сибири и на Дальнем Востоке». -2016- № 2. URL:https://cyberleninka.ru/a rticle/.../arhaicheskie-slovesnye-formy-refleksirovaniya-abhaz (дата обращения:19.03.2019)



    1. Газеттер мен журналдардан дәйексөздердің рәсімделуі



    1. Семинар. Семинар сабақтарын ұйымдастыру












    1. Семинар түрлері. Семинар өткізу кезінде қолданылатын технологиялар


    Семинар дегеніміз: Меңгеріліп жатқан мəселелер, баяндамалар мен
    рефераттарды ұжымдық талқылау формасында өтетін оқу дəрісі. Семинарлардың басқа сабақтардан өзгешелігі - оқушылардың оқутанымдық іс-əрекеттері көбіне олардың өзіндік
    жұмыстары негізінде ұйымдастырылады.

    Семинар түрлері:

    Семинар-сұхбат - оқытушының қысқа кіріс сөзі жəне қорытындылауымен жоспарға сəйкес кең əрі ашық сұхбат-əңгімелесу формасы.

    семинар-сөз-жарыс - қандай да бір проблеманың шешілу жолдарын айқындау мақсатындағы ұжымдық талқыға арналады
    Семинар сабағын өткізудің тиімділігінің негізгі техникалары:

    • дәріс курсы мен семинар сабағының бірізділікте болуы;

    • семинар сабағының жоспарының болуы;

    • студенттің белгілі бір тақырыпты терең игеруіне қатысты кеңес беру үшін оқытушының әдебиеттерді көп білуі;

    • семинар сабағында студенттер жұмысына қатаң бақылау жасау;

    • уақытты орынды пайдалану;

    • студенттердің жауабын толықтырып, әр сұрақтан кейін қорытындылап отыру.














    1. Библиографиялық сілтемелер. Күрделі библиографиялық сілтемелерді құру

    Сілтеме дегеніміз - жұмыс жазу барысында қолданылған, бұрын жарияланған немесе жарияланбаған, қағаз немесе электронды түрдегі мәтіндер. Қандай түрдегі мәтін болса да, оқырманыңыз оны қалаған кезінде қиындықсыз тауып алатындай етіп, дереккөздің толық библиографиялық сипаттамасын беру немесе жолын көрсету қажет.

    Жұмысты жазу кезінде автор материалды немесе жеке нәтижелерді алған дереккөзге библиографиялық сілтемелер жасауы керек.

    Библиографиялық сілтеме-құжатты жалпы сипаттау, сәйкестендіру және іздеу үшін қажетті және жеткілікті, мәтінде келтірілген, қаралатын немесе аталатын құжат туралы библиографиялық мәліметтердің жиынтығы.

    Библиографиялық сілтеме жұмыстың нақты дұрыстығын растайды. Ол жұмыс мәтінінде келтірілген, қарастырылған, аталған құжат туралы оны анықтау және іздеу үшін қажетті және жеткілікті библиографиялық ақпаратты көрсетеді.

    Кез келген сілтемелерде жарияланған және жарияланбаған құжаттардың барлық түрлері (оның ішінде жергілікті немесе қашықтан қол жеткізудің электрондық ресурстары), сондай-ақ олардың құрамдас бөліктері немесе құжаттар тобы библиографиялық сілтемені жасау объектілері болып табылады.

    Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің талабы бойыңша-сілтеме мәтін ішінде төртбұрышты жақшаның ішінде беріледі, мысалы, [1,47]. Нүктежақшанын сыртына қойылады. Мұндағы бірінші сан дереккөздің библиографиялық тізімдегі реті, екінші сан - мәтіннің нақты фрагменті алынған бет нөмірі. Егер бір мезгілде бірнеше дереккөзге сілтеме жасасаңыз, олар үтір- нүкте арқылы ажыратылып беріледі. Мысалы: [1, 2-3]; [2, 37]; [3] немесе [1, 2-3; 2, 37; 3].
    Библиографиялық сипаттаманың құрылымы мынадай элементтерді қамтиды: автордың тегі мен аты-жөні, атауы, кімнің редакциясымен шыққандығы, томы, бөлімі, шығарылымы, басылып шыққан орны, баспасы, жылы. Автордың тегі атау септігінде көрсетіледі. Аты-жөні тегінен кейін жазылады. Егер авторлар екеу немесе үшеу болса, барлық авторлардың тектері мен аты-жөндері дереккөздегі нұсқасымен беріледі. Басылып шыққан орны қысқартылып жазылады. Басылып шыққан жылы «ж.» әрпінсіз, толық көрсетіледі. Журналдар мен газеттерден алынған дереккөздерді сипаттау кезінде авторлардың тектері мен аты-жөндері, мақаланың атауы, содан соң екі қиғаш сызық (//), журналдың немесе газеттің атауы, нүкте, сызықша, жылы, сызықша, журналдың нөмірі немесе газеттің шыққан мерзімі, нүкте жазылады.
    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта