Главная страница
Навигация по странице:

  • Геометриялық пішініне қарай Координациялық саны 2

  • Координациялық саны 3

  • Координациялық саны 4

  • Координациялық саны 5

  • Координациялық саны 6 ( е

  • КҚ химиялық байланыстың табиғаты

  • Валенттік байланыс әдісі (ВБӘ)

  • [ Co(NH

  • Кешенді қосылыстарды теория б.ша түсіндіру. Валентік байланыс теориясы, кристалл ріс теориясы. Молекулы орбиталь теориясы, лигандтар ріс теориясы


    Скачать 475.48 Kb.
    НазваниеВалентік байланыс теориясы, кристалл ріс теориясы. Молекулы орбиталь теориясы, лигандтар ріс теориясы
    Дата26.11.2019
    Размер475.48 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаКешенді қосылыстарды теория б.ша түсіндіру.docx
    ТипДокументы
    #97177
    страница1 из 5
      1   2   3   4   5

    Валентік байланыс теориясы, кристалл өріс теориясы. Молекулық орбиталь теориясы, лигандтар өріс теориясы
    Қазіргі кезде молекулада түзілетін химиялық байланыстарды екі теория түсіндіре алады. Оның бірі – валенттік байланыс теориясы ( ВБТ) , ал екіншісі молекулалық орбитальдар теориясы (МОТ). Валенттік байланыс теориясы молекуладағы атомдардың арасындағы химиялық байланыс бір немесе бірнеше жұп электрондар арқылы түзіледі деп үйретеді. Бұл теория бойынша əрекеттесетін атомдардың дара электрондарының бұлттары бір – бірімен қаптасып екі ядроның арасында жататын молекулалық электрон бұлты екі химиялық байланысқа сəйкес келеді.

    Валенттік байланыс теориясы бойынша ортақ жұп электрондар түзуге қатыспайтын электрондардың бəрі жеке атомдардағы сияқты əрбір атомның өзіне ғана тəн болып есептеледі.

    Молекулалық орбитальдар теориясы бойынша молекула өзінің құрамына кіретін ядролар мен электрондардан тұратын тұтас жүйе деп есептеледі жəне əрбір электрон басқа барлық ядролар мен электрондар өрісінде қозғалып жүреді деп түсіндіріледі.

    Молекулалық орбитальдар теориясында атомдарға қолданылатын кванттық механиканың заңдылықтары күрделірек жүйеге – молекулаға да қолданылады. Молекулалық орбитальдар теориясы валенттік байланыс теориясына қарағанда кеңірек қолданылады. Өйткені молекулалық орбитальдар теориясы химиялық байланыстар жұп электрондар арқылы ғана емес, сонымен қатар тақ электрондар арқылы түзіледі деп тұжырымдайды.
    IV.Геометриялық пішініне қарай

    • Координациялық саны 2комплекстерде орталық атом мен екі лиганда бір түзудің бойында орналасады. Құрылысы түзу сызықты болады

    • Координациялық саны 3 сирек комплекс кездеседі.

    Бұл комплекс тең қабырғалы үшбұрыш сияқты



    • Координациялық саны 4 болғанда комплексті ионның құрылысы тэтраэдр немесе квадратты болып келеді.




    • Координациялық саны 5 болып келетін комплекстер онша көп емес. Мұндай комплексердің құрылысы үшбұрышты бипирамида немесе квадратты пирамида сияқты болады.

    • Координациялық саны 6 ( ең жиі кездеседі)

    Мұндай комплекстердің құрылысы октаэдр сияқты


    Кесте Гибридтену типі мен кеңістіктік конфигурациясының арасындағы байланыс


    Молекула типі

    Гибридтену типі

    Орталық атомның валенттілік электрондары

    Кеңістік конфигурациясы

    Мысалдар

    Байланыс-тырушы

    Байланыстыр-майтын жұп

    AB2

    sp

    2

    0

    Сызықтық

    CO2, CS2, BeCl2

    AB3

    sp2

    3

    0

    Үшбұрышты

    BCl3, CO32-

    AB4

    sp3

    4

    0

    Тэтраэдрлі

    CCl4, CH4

    AB3





    3


    1


    Тригональды пирамида

    NH3, PH3


    AB2




    2

    2

    Бұрыштық

    H2O

    AB5


    sp3d

    5


    0


    Тригональды бипирамида

    PCl5


    AB3




    3

    2

    Т – тәрізді

    ClF3

    AB6

    sp3d2

    6

    0

    Октаэдрлік

    SF6

    AB5




    5


    1


    Квадратты пирамидалық

    IF5


    AB4




    4

    2

    Квадратты

    XeF4

    AB7

    sp3d3

    7

    0

    Пентогональды бипирамида

    IF7


    КҚ химиялық байланыстың табиғаты

    Қазіргі кезде комплексті қосылыстарда байланыстың табиғатын қарастыратын үш теориялық әдісі бар:

    • Валенттік байланыс әдісі

    • Кристалдық өріс теориясы

    • Молекулалық орбитальдар әдісі

    Валенттік байланыс әдісі (ВБӘ)бойынша орталық атом мен лиганд донорлы-акцепторлы жол мен байланысады. Орталық атом байланыс түзуге бос орбитальдарын, ал лиганд пайдаланылмаған электрон жұбын жұмсайды.
    Мысалы: [ Co(NH3)6 ] 3+

    Кобальт катионының валенттік қауызында төрт бос орбиталі бар.

    Кобальт катионының қоздыру арқылы деңгейшесіндегі жалқы электрондарды өзара жұптастырып, бос орбитальдар санын алтыға дейін жоғарылатуға болады.

    Қозған күйіндегі кобальт катионының алты бос орбиталдары бар.

    Аталған бос орбитальдар байланыс түзуге қатыспастан бұрын гибридті орбитальдарға айналады. Кобальт катионының аталған орбиталі молекуласының құрамындағы азот атомының екі электронды орбиталімен жұптасқанда комплексті катион түзіледі.

    Кобальт катионының гибридті орбитальдары октаэдр төбесіне бағытталған. Түзілген комплекстің құрылысы октаэдр болады.



      1   2   3   4   5


    написать администратору сайта