Главная страница

РЕФЕРАТ Хайрол Динас. Тексерген Тойбол араат


Скачать 14.05 Kb.
НазваниеТексерген Тойбол араат
Дата24.10.2021
Размер14.05 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаРЕФЕРАТ Хайрол Динас.docx
ТипРеферат
#254511



РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Лексика және лексикология

Орындаған: Хайрол Динас

Тексерген: Тойбол Қарақат

Тобы: ШФҚ-33

Нұр-Сұлтан 2021


Лексика (грекше лексикос — сөз дегенді білдіреді) тілдегі сөздердің жиьштығы деген ұғымды білдіреді. Кейде лексика жеке ақын-жазушылардың шығармаларында қолданылған сөздер жиынтыгы деген ұғыммен де жұмсалады. Мысалы, Абай шыгармаларының лексикасы дегенде, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде қолданылған сөздер жиынтығы дегенді, қазақ тілінің лексикасы дегенде, қазақ тілінде қолданылатын барлық сөздің жиынтығы деген ұғымды түсінеміз.
Лексика лексикология, семасиология, этимология және лексикография деген салалардан тұрады.
1. Лексикология — сөз туралы ілім (лексикос — сөз және логос — ілім), тілдің сөздік құрамын, байлығын зерттейді.
2. Семасиология (гректің семантикос — білдіру, мән және логос — ілім деген сөздерінен алынған) сөз мағынасын, сөздің ішкі мәнін, сөздің мағыналық ерекшеліктерін қарастырады.
3. Этимология — сөздер мен жекеленген тұлғаларының тарихын, шығуын, дамуын зерттейтін тіл білімінің саласы. Мысалы, қазіргі тілімізде қолданылып жүрген кітап, дос, бөкебай, биыл, сексен сияқты сөздерінің мән-мағынасы бізге түсінікті, бірақ ол сөздердің қалай шыкқандығына көз жүгіртіп, мән бере бермейміз. Кітап — китабун деген араб сөзі, дос — дост деген парсы сөзі, бөкебай — пуховый деген орыс сөзі, ал биыл — бұл+йыл (жыл), сексен — сегіз+он деген түбірден құралған біріккен сөздер.
4. Лексикография (гректін лексикос — сөз және графос — жазу деген сөздерінен алынған) тілдегі сөздерді жинастырып, сөздік жасау деген үғымды білдіреді. Сөздік максаты мен мәні жағынан түрлі-түрлі болып келеді. Сөздіктегі сөздер алфавит тәртібімен беріледі.
Сөздіктердің негізгі түрлері мынадай:
Түсіндірме сөздік тілдегі барлық сөздерді қамтып, білдіретін мағыналарды мысалдар арқылы талдап, саралап береді. Қазақ тілінде 1956—1961 жылдары екі томдық, кейін 1974—86 жылдары он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» жарық көрді.
Аударма сөздік бір тілдің сөздерін екінші тілге аударып береді. Қазақ тіліне қатысты аударма сөздіктер; «Орысша-қазақша сөздік», «Қазақша-орысша сөздік». «Парсыша-қазақша сөздік», «Ағылшынша-қазақша сөздік» т. б. Сондай-ақ кене түркі ғалымы Махмүд Қашғаридың «Дивану лұғат-ит түрік» (Түркі тілдері сөздігі, яғни түрікше-арабша, 1072 ж.), «Кодекс Куманикус (қыпшақша-немісше, 1303 ж.), академик В. В. Радловтың төрт томдық «Опыт словаря тюркских наречий» (түркі тілдерінің сөздері орыс және неміс тілдеріне аударылып беріледі, демек көп тілді сөздік, 1897—1911 ж.) осы сөздіктер қатарына жатады.
Терминологиялық сөздік тілдегі әр түрлі ғылым мен техника саласы бойынша қолданылып жүрген арнайы термин сөздердің мәнін ашып беретін немесе екінші тілге аударып көрсететін сөздіктің түрі болып табылады. Қазақ тілінде әр түрлі терминологиялық сөздіктер бар.
Этимологиялық сөздік — тілдегі сөздердің шығу төркіні мен тарихын, қалай пайда болғанын көрсететін сөздік. Қазақ тілінде алғаш рет 1965 жылы «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі» жарық көрді.
Орфографиялық сөздік — тілдегі сөздердің дұрыс жазылу қалпын, емлесін көрсетіп береді. Қазақ тілінде бірнеше рет басылып шыққан үлкен орфографиялық сөздіктерден басқа мектепке арналған да орфографиялық сөздік бар.
Орфоэпиялық сөздік — тілдегі сөздердің дұрыс айтылуын көрсетеді: өйткені тілдегі сөздер бірдей жазылып, бірдей айтыла бермейді.
Сөздіктің баска да түрлері бар. Олар: энциклопедиялық сөздік, жиілік сөздік, синонимдер сөздігі, фразеологиялық сөздік, белгілі бір ақын-жазушының сөздігі, мысалы, Абай тілі сөздігі т. б.

Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады. Ал пассив сөздерге қолданылу өрісі шектеулі көнерген сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер, терминдер жатады. Қазақ Лексикасы шығу тегі жағынан төл сөздер мен кірме сөздерден (араб-парсы, орыс, т.б.) тұрады. Сөздер стильдік қызметіне байланысты бейтарап Лексика, сөйлеу тілінің Лексикасы, жазба тіл Л-сы деп бөлінеді. Бейтарап Лексикаға барлық стильде қолданылатын жалпыхалықтық сөздер жатады: дала, еңбек, көл, таза, екі, жаңа, т.б. Сөйлеу тілінің Лексикасына тұрмыстық қарапайым сөздер, варваризмдер, әдеби тілде сөйлеу Лексикасы жатады. Жазба тіл Лексикасына көне дәуір кітаби Лексикасы мен қазіргі кітаби Лексика жатады. Мазмұнына қарай Л.: 1) есім және шылау сөздер; 2) абстракт сөздер; 3) синонимдер; 4) антонимдер болып бөлінеді. Сипаты мен көрінісі жағынан Лексика былайша сараланады: 1) омонимдер; 2) омографтар; 3) омофондар; 4) омоформдар. Л. атауы тілдің сөз байлығы деген ұғыммен қатар қаламгер тілі, көркем шығарма тілі деген ұғымды да білдіреді. Мыс., Абай тілінің Лексикасы, Сұлтанмахмұт тілінің Лексикасы, батырлар жырының Лексикасы, т.б. Лексика деген сөз жер жүзіндегі халықтар тілінің көпшілігінде термин болып қалыптасып кеткен. Біздің тілімізге ол орыс тілі арқылы келіп орнықты.


написать администратору сайта