Главная страница
Навигация по странице:

  • Медициналық биотехнология

  • Медициналық практикада келесі биотехнологиялық процестер қолданылады

  • Бірінші генді-инженериялық дәрі

  • Бірінші рекомбинанты вакцина В гепатитке қарсы

  • Медициналық биотехнология жетістіктері. Тексерген Топ бт 1711


    Скачать 1.92 Mb.
    НазваниеТексерген Топ бт 1711
    Дата10.09.2020
    Размер1.92 Mb.
    Формат файлаpptx
    Имя файлаМедициналық биотехнология жетістіктері.pptx
    ТипДокументы
    #137496

    Медициналық биотехнология жетістіктері

    орындаған:Адилбаева.М,Нуртанай.а, кошимбаева.Д,Серикхан.д,райымбек.а Қайырханова.А,Серикхажина.З

    Тексерген:

    Топ:бт 17-11

    Жоспар:


    Кіріспе
    Негізгі бөлім
    Медицинада қолданылатын биотехнологиялық процестер
    Медициналық биотехнологияның негізгі мақсаты

    Кіріспе


    Медициналық биотехнология – бұл адамның аурулар диагностикасында, емдеуіне және профилактикасында тірі жүйелер (организм, тіндер, клеткалар, олардың компоненттері мен метаболиттері) қолдануына негізделген технологиялар.
    Микробтық клеткалар және олардың метаболиттері, фитопрепараттар, жануар текті клеткалар мен тіндер медициналық практикада, оның дамуы мен жетілдірілуіне аса маңызды орын алады. Егер бұрын медициналық препараттар толық микробтық клеткалар (вакциналар, диагностикумдар, пробиотиктер) және олардың туындылары (антибиотиктер, ферменттер, аминқышқылдар, дәрумендер) негізінде жасалған болса, ал бүгін, рекомбинантты ДНҚ технология жетістіктерімен микроорганизмдер адамның гормондары мен цитокиндерін түзеді (инсулин, интерлейкиндер, интерферондар және т.б.), ДНҚ-вакциналар өнделуде.


    Медициналық практикада келесі биотехнологиялық процестер қолданылады:
    - ферментациялық – антибиотиктер, дәрумендер, ферменттер, аминқышқылдар және т.б. өндіру; биосинтез және биотрансформация;
    - иммунобиотехнология – вакциналар, диагностикумдар, аллергендер, антиденелер, соның ішінде моноклонды антиденелер (гибридомды технология);
    - клеткалық технологиялар – клеткалы терапия, тіндік инженерия, in vitro-да ұрықтандыру;
    - рекомбинантты ДНҚ технологиясы – гендік терапия, адамның рекомбинантты нәруыздар өнімі;
    - нанобиотехнологиялар, аналитикалық биотехнологиялар биочиптер мен биосенсорлар;
    - фармбиотехнологиялар – дәрілік өсімдіктер негізіндегі биопрепараттар.


    Биотехнология зерттеулері мен алынған нәтижелерінің 70%-тен астам фармацевтикалық және биомедициналық препараттарын алумен байланысады. Биотехнологиялық әдістердің көмегімен алынған медицинада пайдаланатын заттардың түрлері жыл сайын қарқынды кенейеді
    Бірінші генді-инженериялық дәрі, генді-инженериялық әдіспен алынған рекомбинанты инсулин. Адам инсулинді кодтайтын генді бактерияға енгізіп ақуыздық дәрі препаратты өндірісте 1982 жылдан бастап көп мөлшерде алу мүмкіндік туды. Бірінші рекомбинанты вакцина В гепатитке қарсы жасалды. Қазірге күнде 100 астам рекомбинанты дәрі препараттар мен вакциналарды медицина пайдаланады. Бұл препараттардың тиімділігі жоғары, қаупсіздігі мен бағасы төмен.

    Медициналық биотехнологияның негізгі мақсаты:


    - биотехнологиялық әдістерді қолданып тиімді жаңа дәрі препараттарды алу;
    - аурудың түрін анықтау мен ауруды емдеу үшін жаңа тәсілдерді жасау;
    - адамдың барлық жұқпалы аурулардың профилактикасын іске асырту үшін жаңа тиімді вакциналарды құру және иммуномодуляторларды шығару;
    - әр түрлі заттарға қарсы моноклоналды антиденелерді алу; - генотерапияға қажет векторларды жасап алу;
    - түқым қуалайтын және вирустық аурулардың генодиагностикасын іске асырту, халықты генетикалық паспорттандыру;
    - ауруларды емдеу үшін жаңа әдістерді шығару, соның ішінде бағаналы клеткаларды қолданатын әдістерді;
    - жаңа диагностикалық жүйелерді шығару (биосенсорларды, биочиптерді).



    написать администратору сайта