Главная страница

ҚМЖ. 6-сынып 130 бұйрық. Тексерілді дожжо


Скачать 0.94 Mb.
НазваниеТексерілді дожжо
Дата01.02.2023
Размер0.94 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҚМЖ. 6-сынып 130 бұйрық.docx
ТипДокументы
#916118
страница24 из 97
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   97


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 25


Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

6 «А»

6 «Ә»

6 «Б»

6 «В»

6 «Г»

Күні
















Қатысушылар саны:
















Қатыспағандар саны:
















Бөлім

3. Құрал жабдықтар арқылы гимнастика дағдыларын арттыру

Сабақтың тақырыбы

Қауіпсіздік ережесі. Саптағы жаттығулардың элементтері

Оқу мақсаттары

6.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне білу

Сабақ мақсаттары

Денсаулықт ы нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелері кезінде туындауы мүмкін қауіп- қатерді басқара білу стратегиясы н құру және қолдану

Бағалау критерийі

Берілген жүктемелерді орындауда нормалары мен техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: копозициялық дайындық кезінде жеке, жұптық және топтық гимнастикалық тапсырмаларын көрсете алады

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: топтастыру, домалау, тепе теңдік, алға домалау, артқа домалау, қадам , ұзындыққа домалау, гимнастикалық снаряд, көтеру орнына қою, мақсат, тәуекел, қауіпсіздік, басқа тұру, жылдамдық алу, көпірше жасау, аяқпен серпілу, ұшуға дейінгі қолмен серпіліс, қолмен итерілу, қонуға дейінгі қолмен интеріліп ұшу.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Егер сіз сабақ кезінде өзіңізді нашар сезінсеңіз, қолыңыздың терісі немесе жаралардың қызаруы, пайда болса қандай әрекет жасайсыз?

- акробатикалық жаттығулардың денеге әсері қандай?

- белгілі бір снаряд қандай бұлшық ет топтарын дамытады?

- снарядтарда жаттығулар орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Командалық жұмыста көшбасшылық дағдысын дамыту.

Спорттық және қозғалмалы ойындар. Баскетбол ойыны: Допты бір қолмен ұстау әдісін үйрету. Допты екі қолмен ұстау әдісін үйрету.

ӨҚН. Жер сілкінісі.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Саптық жаттығулардың оқыту әдістемесі. Баженова Н.А., 2012

http://marisoft.ru/load/tb/tekhnika_bezopasnosti_pri_provedenii_zanjatij_po_gimnastike/14-1-0-188

http://nashol.com/2015080285987/gimnastika-stroevie-uprajneniya-s-metodikoi-prepodavaniya-bajenova-n-a-2012.html

Сабақтың

ортасы

25 минут

Гимнастика бойынша қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы талаптар.

(С) Оқушылар саптық жаттығуларды орындайды - орындарын араласу арқылы бір қатардан екі, үш, төрт қатарға тұру; екі немесе төрт қатардан бір қатарға тұру.

Түсіндіріңіз гимнастика күрделі элементтерді қамтиды, мәселен: секіру, тұрыс, аунау, снарядтағы жаттығулар т.б. Сыныпта жарақаттанудың алдын алу үшін нақты қозғалыстар мен тірек-қимыл жүйесінің оқытуын қамтамасыз етудің маңызы - қыздыру болып табылады.

Сұраңыз: Егер сіз сабақ кезінде өзіңізді нашар сезінсеңіз, қолыңыздың терісі немесе жаралардың қызаруы, пайда болса қандай әрекет жасайсыз?

(С, Т, ҚБ) Оқушылар топта бір орындағы және қозғалыстағы саптық жаттығуларды орындайды. Саптық жүріс. Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа тұру.

Саптық пәрмендерді нақты әрі дауыстап жеткізіңіз. Жаттығу орындау кезінде арақашықтықты және аралықты қадағалаңыз.

Пәрменге сай саптағы қозғалыстарды орындаңыз:

Түзел!

Тіктел!

Айнал!

Залдың жоғарғы ортасынан төменгі ортасына 1(2,4)-лекпен жүріп бас!

Бір лектен екі лекке саптан!

Бір қатардан екі қатарға саптан!

Мұғалімге қарсы қарап бір қатарға саптан!

Дескриптор

- үлкен топта саптық жаттығулардың қажеттілігі жөнінде айтады;

- жаттығуларды пәрмендерге сай орындайды;

- аз уақыт ішінде қатарға немесе лекке бой түзейді.




Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________

1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   97


написать администратору сайта