Тексерілді К. М. Жумырова
Скачать 23.99 Kb.
|
Тексерілді: К.М.Жумырова (оқу ісі орынбасары)
Қосымша материялдар: Күй — тарихтың өткені мен бүгінін көз алдына әкелетін ерекше қаcиеттерімен сипатталады. Бұл — өнерді өмір салты еткен елдің ортасында болатын табиғи жағдай. Ол сонымен бірге адалдар арасындағы карым — қатынасқа дәнекер болып, салт — дәстүрлерді орнықтырып, қоғамдык өмірді реттеп отыруға тікелей араласады. Күй өнері — шексіз өнер. Күйдің өз тыңдаушысы, оны жанымен ұғып бағалайтын өнер сүйер кауымы баршылық және олардың көкжиегі кеңейе түсуде. Қазак күйлері казір өз отаны Қазақ елі шеңберінен шығып, Еуропа мен Американың, шырайлы Шығыс елдерінің салтанатты сахналарынан да естілуде. Қазақ күйінің тарихы әріде жатыр. Күйді ел тарихынан бөліп қарау мүмкін емес. Кешегі замандарда күйлерде халықтың қайғы-қасіреті, азат өмірге ұмтылысы, әділетсіздікке күресі өрнек тапты. Күйді жай ғана музыкалық жанр десек қателесеміз. Ол сан қырлы, сан сырлы күрделі шығарма. Оның мазмұнына, сипатына қарай тарихи, лирикалық, аңыз, қаралы, арнау секілді тақырыптарға да бөлінетіні содан. Идеялық-көркемдік жағынан да сан алуан. Күйлерде тек көңіл-күй ғана емес, жер-су аттары, жануарлар, құстар, табиғат құбылыстары және басқалар суреттеледі. Нағыз қазақ күйсіз өмір сүре алмайды. Күй – қазақтың жансерігі, мұңдасы, сырласы. Күйдің ғажаптығы сол – ол өзің бастан кешіріп отырған өмірдің мән-маңызын ұқтырады. Күй ойға жетелейді. Адам боп өмір сүруге, жақсылыққа, ізгілікке ұмтылдырады. Күй тыңдап, күйді түсінген пенде жамандыққа, арамдыққа бара алмайды. Күй құдыреті деген осы. Ақсақ құлан“ күйін алғаш рет А.В.Затаевич жазғызып, „қазақ халқының 1000 әні“ жинағына енгізген. Күймен танысқан француздың ұлы ақыны Ромен Ролан Затаевичке жазған хатында былай деп жазған: „Мен де сіз сияқты „Ақсақ құлан“ аңызындағы көңіл-күйдің әсеріне таң қалдым“. „Ақсақ құлан“ күйі – лиро- эпикалық поэма, композиция жағынан өте күрделі. Күйдің бағдарламалы мазмұнын ашу үшін, автор әр түрлі әдістерді қолданады. Күйдің негізгі тақырыбы – эпикалық мінезде кең әуеннің болуы. Бұл тақырып әр түрлі тональдіктерде бірнеше рет үнделеді. Негізгі тональдік– ля минор,дорийск. Шығарма онымен басталып,аяқталады. Құландардың секірмелі ырғағы әуенде мәнерлі де маңызды рөл атқарады. Шағын кіріспеден кейін, негізгі тақырыптың мазмұндамасы басталады. Тақырып ызалы құланды суреттейтін үрейлі мінезде үнделеді. Құланның бейнесі ырғақты үзіндімен құрылған. Бұл эпизодтан кейін тақырып,бірінші кульминация сәтінде, жоғарғы регистрде жұмсақ әрі нәзік үнделеді. Соңында тақырып ақырын, қайғылы үнделеді. Күйдің мазмұны терең және алуан түрлі. Секірмелі ырғақ Жошы ханның қайғы-мұңын көрсетеді. Бұл жерде „Ақсақ құлан“күйі мен Ф.Шуберттің „Лесной царь“ арасындағы сәйкестікті байқауға болады. Осы екі шығармада да негізгі кейіпкерлердің қайғы- қасіретін секірмелі ырғақ әсерлі етеді. Күйдің әуені хан баласының бейнесін, өлімге әкелген сәтсіз аңшылықты суреттейді. Күйдің түп негізінде Жошы ханның қатыгез мінезін өз өнерімен саябырлатқан,қайғылы оқиғаны баяндаған даналы күйші бейнесі тұр. „Ақсақ құлан“ күйі халық аспаптық музыкада қайталанбас шығармалардың бірі. Шығарманы Е.Брусиловский „Қыз Жібек“ операсында бас кейіпкер Төлегеннің қайғылы қаза тапқанын көрсету үшін,сондай-ақ „Сары-Арқа“ симфониясында қолданды, ал Ғ.Жұбанова „Ақсақ құлан“ симфониясында күй мазмұнын негізге алды. Аңызда Жошы ханның баласы құлан аулауға шығып,құландардың көсемін жаралайды. Жараланған құлан аңшыны қос өкпеден қос аяқпен теуіп,айдалада өлтіреді. Ұлы хабар- ошақсыз кеткен соң, бір сұмдықты сезген хан жаман атты естуге дәті бармай былай деп жар салады: „Кімде кім баламның өлгенін естірер болса, аузына қорғасын ерітіп құямын “. Мұндай сөзді естіген соң жаман хабарды барып айтуға кімнің батылы жетсін?! Ешкім тіс жармайды. Бір күні тақта отырған ханның алдына қызметшісі жүгіріп келеді:„Алдияр тақсыр,ханзаданыңм хабарын білем деп есік алдына бір кісі келіп тұр“ дейді ол. Хан „кірсін“ деп әмір етеді. Ішке қолында домбырасы бар бір кісі кіреді. Хан: „Жолаушым,білгеніңді жасырмай түгел айт“,- дейді. Сонда күйші олына домбырасын алып:„Менің білгенімді екі шек пен бір тиек айтып береді“,-деп күмбірлетіп жөнеледі. Хан ұлының қаза тапқанын түсінеді. Сөзіне берік хан, домбыраның көмейіне қорғасынның ерітіндісін құяды. |